Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет699/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   695   696   697   698   699   700   701   702   ...   877
СӘТС

СЕГР


487

институттарда  орнығады,  симво- 

ликамен  кодталып,  баса  көрсетіледі 

(ерекшелік белгілері, киім, табу, дәс- 

түрлер, жоралар).

Қоғам  тарихы  сегрегацияның  әр 

алуан  түрлерінің  көп  болғандығын 

көрсетеді.  Сегрегацияның  негізі 

адамдардың  арасында  нақты  бар, 

ерекше  түрде  ұғынылған  айырма- 

шылықтар  болуы  мүмкін:  жыныс  – 

жыныстық  сегрегация,  жас  –  жасқа 

қарайғы  сегрегация,  антропология- 

лық тип – нәсілдік сегрегация, этнос- 

тық қатыстылық – ұлттық сегрегация.

Оған  сондай-ақ  белгілі  бір  страти- 

фикацияланған  топтарға,  сословие- 

лерге,  касталарға  (сословиелік,  кас- 

талық  С.)  қатыстылық,  діне  құпия 

жораларға  қатыстылық  негіз  болуы 

мүмкін.  Әлеуметтік  қауымдастық 

деңгейінде  идеологияда,  саясатта, 

этикетте  көрінеді.  Тұлғааралық  қа- 

тынастар деңгейінде С. Басқа санат- 

тың  адамдарын  және  өзін-өзі  ұғы- 

нудағы  әлеуметтік  ұстанымдар  мен 

стереотиптер түрінде болады. С. уа- 

қытша сипатта болуы мүмкін, мыса- 

лы,  жасөспірімдердің  инициация 

ғұрыптары  кезінде  өзінің  бұрынғы 

тобынан ажырап жаңа топқа қосыла 

қоймаған  кезінде  олар  әлеуметтік 

статусынан айырылып, қоғамнан тыс 

қалғандай  болады.  Бұл  мәжбүрлік 

оқшаулану  олардың  өмірінде  бет- 

бұрыс  кезең  болып,  оның  тұлғалық 

құрылымына әсері болуы мүмкін.

СЕзГІШТІК – 1) организмнің түй- 

сіне  аларға  қабілеттілігі.  Ол  фило- 

генезде  тірі  организмдер  қоршаған 

ортаның  факторларын,  тікелей  био- 

логиялық мәні бар әсерлерге қатысы 

жөнінен сигналдық функция атқара- 

тын  осы  факторларға  жауап  әрекет 

білдіре бастаған кезде пайда болды; 

2)  дифференциалдық  психология 

мен  мінезтануда  –  аффектілік  реак- 

цияларға көтеріңкі дайындық; 3) пси- 

хофизикада – түйсіну табалдырығы- 

на  кері  пропорционал  шама.  Осы- 

ған  сәйкес,  абсолюттік  және  диф- 

ференциалдық (айырымдық) сезгіш- 

тік сараланады. Сезгіштік түрлерінің 

таптастырылуы түйсінулердің қазіргі 

таптастырылуларына сәйкес келеді.

Мысалы, жасалатын сенсорлық тал- 

даудың  егжей-тегжейлілігі  дәрежесі 

бойынша  ерекшеленетін  сезгіштік 

түрлерін ажыратады. Тітіркеңдіргіш- 

тің сипатын ескере отырып, механи- 

калық, оптикалық, химиялық, темпе- 

ратуралық  және  басқадай  стимул- 

дардың  әрекетін  сезгіштік  туралы 

айтуға  болады.  Организмнің  сез- 

гіштігін  түйсінулердің  негізінде  ға- 

на емес, әртүрлі психологиялық-фи- 

зиологиялық  процестердің  өтулері- 

нің  өзгерулеріне  қарап  бағамдауға 

болады. Нәтижесінде, әдетте, әртүрлі 

бірнеше  көрсеткіш  келіп  шығады. 

Мысалы, мидың интегралдық ырғақ- 

тарының  өзгеру  реакциясы  бойын- 

ша анықталатын көрушілік сезгіштік 

сыналушының  сөзбен  айтып  берген 

себебі  негізінде  бағаланатын  сез- 

гіштіктігі  жоғары  болып  шығады. 

Соңғы жылдары жаңа теориялық тү- 

сініктердің  (сигналды  байқау  тео- 

риясы)  пайдаланылуы  арқасында 

психофизикада сезгіштіктің «түйсіну 

табалдырығы»  ұғымынан  тәуелсіз 

неғұрлым  қорытылған  анықтамала- 

ры пайда болды.

С. (түйсік) – 1) жалпы алғанда – сти- 

муляциядағы  сезгіштік;  2)  арнайы 

мағынасы  –  әлсіз  (нашар)  стимулға 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   695   696   697   698   699   700   701   702   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет