Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет697/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   693   694   695   696   697   698   699   700   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

СӘБИ

СӘБИ


486

құлағы  естігеннің  бәрін  сұрап,  ты- 

ныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан 

құмары, білсем екен, көрсем екен, үй- 

ренсем екен деген».

Үш жастан жеті жасқа дейінгі кезең- 

де  сәбилердің  ақыл-ой  белсенділік-

тері, түрлі нәрселерді ұғынулары мо- 

лайып,  мектепте  көрінетін  қабілет 

пен  қасиеттердің  біразы  нақ  осы 

шақта  қалыптасатындығын  психолог- 

тардың  зерттеулері  жақсы  көрсетіп 

отыр.  Осы  шақтың  бір  ғажап  ерек-

шелігі  –  баланың  оқуға  өте  құштар 

келетіндігі.  Бала  кез  келген  нәрсені 

тез, әп-сәтте ұғынып алып отырады. 

Бұл  жайды  әрбір  ата-ана,  балалар 

бақшасы тәрбиешілері тез байқайды. 

Кейбір  жанұяда,  тіпті,  балалар  бақ- 

шасында да сәбиге шамадан тыс қам- 

қорлық жасалады, оларға көптеген мә- 

ліметтер тек баяндау түрінде беріледі 

де, құбылыстар  арасындағы ең қара- 

пайым  байланыстарға  бала  назары 

аударылмайды.  Мұның  өзі  баланың 

ақыл-ойын  дамытуға  қолайсыз  әсер 

етіп, оның жа сына лайықты мәлімет- 

терді ұғынуына бөгет жасайды. Бұл – 

ескеруді қажет ететін нәрсе.

Бала  үлкендердің  айтқанына  қарай 

өздерінің  теріс  істеріне  ұяла  бастай- 

ды да, мақұлдаған іске масаттанатын 

болады. Бұл – онда жоғары сезімдер- 

дің  (моральдық,  интеллектік,  эстети- 

калық) пайда бола бастағанын көрсе- 

теді. Моральдық сезімдер балада ерте 

оянады. Мәселен, 3 жасар сәби өзінің 

шешесін, әжесін, атасын жақсы көріп 

құшақтайды,  оларға  қолындағысын 

береді,  жағымсыз  істері  үшін  қысы- 

лады,  «екіншіде  бұлай  жасамаймын» 

деп уәде береді. Баланың сезімі – кір-

шіксіз  таза  сезім.  Бірақ  бұл  –  әлде 

де  тұрақсыз,  өрісі  тар  сезім.  Төрт-

бес  жастағы  сәбилерде  психикалық 

қасиеттердің  (қабілет,  мінез,  темпе-

рамент  т.б.)  белгілері  көріне  бастай-

ды.  Мәселен,  олар  үлкендердің  тілін 

алып, өздерінің тілектерін тия алады, 

«жаман»,  «жақсы»,  «болады»  деген 

сөздердің  мәніне  түсінеді.  Осы  кезде 

бұлар  әке-шешесін,  туған-туыстарын 

жақсы  көрумен  қатар,  басқа  кісілер-

ге  де  ізеттілік  білдіреді,  өздерімен 

бірге  ойнайтын  жолдастарының  мі-

нез-құлқына,  жүріс-тұрысына  қарай 

бастайды,  өзінше  «баға»  беруге  ты-

рысады. Мұндай қасиет алты-жеті жа-

сар  балаларда  жақсы  байқалғанмен, 

үш-төрт  жасар  сәбилерде  жөнді  кө- 

рінбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   693   694   695   696   697   698   699   700   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет