СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ – Дене
шынықтыру және жаттығу әреке-
тіндегі адам психикасының түрлі
өзгерістермен қалыптасу зандылық-
тарын зерттейтін психология ғылы-
мының саласы. С.п.-ның қазіргі уа-
қыттағы негізгі міндеттері – спорт-
шылардың спорттық жоғары нәти-
желерге жетуіне жағдай жасау ғана
емес, сонымен қатар спортшы тұлға-
сын жан-жақты дамыту, оның жал-
пы және психологиялық мәдениетін
көтеру болып табылады.
Спорттық жарыстардың алдында
спортсмендердің психикасын сол
үрдіске бейімдеп жаттықтыру жә-
не бәсекелестік мәселесінен жеңім-
паз ететіндей нұсқалармен қару-
ландыру. Жарыс барысында өзін-
өзі билеп, басқара алатын дәрежеге
машықтандыру. С.п. – жарыс және
жаттығу жағдайларында адам пси-
хикасының білінуі мен дамуының,
сондай-ақ топтық өзара әрекеттестік
заңдылықтарын зерттейтін психоло-
гия ғылымының бағыты.
Психологияның басқа да көптеген
бағыттары секілді С.п. XX ғасырдың
60-70-жылдарында қауырт дамыды;
бастапқыда бұл саладағы негізгі зерт-
теулер спортшылардың қабілеттері
мен мүмкіндіктерін, спорттық жат-
тығулардың нәтижелілігін арттыру
амалдарын зерттеге жұмылдырыла-
ды. Қазіргі уақытта С.п. зерттейтін
мәселелер анағұрлым көбейді. Спорт-
тың әр түріне орай, жалпы, педаго-
гикалық, жастық және әлеуметтік
психологияның жетістіктері ескеріле
отырып арнаулы жаттығу кешендері-
нің бағдарламалары жасалуда. Олар
спортшылардың физикалық, сондай-
ақ психикалық жаттыққандығын,
эмоциялық – еріктік, этикалық, мо-
ральдық-адамгершілік және ұжым-
дық дайындалғандығын кемелден-
діруге бағытталады. Спорт психоло-
гиясында қозғалыс дағдылары мен
біліктерін нәтижелі қалыптастыру-
дың заңдылықтары, күш, төзімді-
лік, ептілік көрсеткіштерін жетіл-
дірудің әдістері біршама егжей-
тегжейлі зерттелген. Бұл зерттеу-
лерде спортшылардың арнаулы қа-
былдауларының, Мысалы, уақытты
сезіну, аралық қашықтықты сезілу,
қас қағым сәттік оқиғаларды бол-
жау, «допты сезіну», «суды сезіну»
секілді қасиеттерінің қалыпасу жол-
дары мен әдістері анықталады.
Бұған қоса байқағыштықты, елесте-
туді, стратегиялық және тактикалық
ойлауды, топтық ойындарда үйлесім-
ді өзара әрекеттестікті жақсарту
әдістеріне назар аударылады. Бұл
зерттеулер спортшылардың әр жас-
тағы қабілеттерін және оларды ар-
Достарыңызбен бөлісу: |