СУФИЕВ ЕЛЕШ (1918-1980). Қазір-
гі Батыс қазақстан облысының Фур-
манов ауданында туған. Е. Суфиев
Оралдың А.С.Пушкин атындағы пе-
дагогикалық институтының химия-
биология факультетін бітірген (1937).
Ол біраз жыл мектептерде мұғалім-
дік қызметте болады. 1946-80 жылдар
арасында Ақтөбе, Алматы, Шым-
кент қалаларындағы жоғары оқу
орындарында психологиядан сабақ
береді. Өмірінің соңғы жылдары
Қазақ қыздар педагогикалық инсти-
тутында психология кафедрасының
меңгерушісі болды.
Е. Суфиев психология саласында
жазылған біраз еңбектердің авторы.
Ол көп жылдар бойы қазақ шәкіртте-
рінің орыс тілін меңгеруінің пси-
хологиялық негіздерін зерттеп кел-
ді. Оның 1952 жылы ҚазМУ-дің ғы-
лыми кеңесінде қорғаған «Қазақ
мектептерінің бастауыш кластарын-
дағы оқушылардың орыс тілін мең-
геруінің психологиясы» атты дис-
сертациясында қазақ балаларының
орыс тілі сабағында ақыл-ойы мен
ауызекі сөйлеуінің даму ерекшелік-
тері психологиялық тұрғыдан тал-
дауға алынды. Автор оқушылардың
ұғынуына қиындық келтіретін кей-
бір орыс тіліндегі атауларға тоқта-
лып, мұның табиғи-ғылыми жағын
И.П.Павловтың жоғары жүйке жү-
йесі қызметі туралы іліміне негіздей
отырып түсіндіреді, оқушылардың
кейбір психикалық функцияларын
(қабылдау, зейін, ойлау, т.б.) дамыта
түсу, орыс тілін оқыту әдістерін же-
тілдіру жөнінде біраз ұсыныс-ке-
ңестер береді. Оның қаламынан пси-
хологияның әртүрлі тақырыптарын-
да жазылған бірнеше еңбектер туын-
дады. Олардың кейбірі: «Баланың
дамуы және оның мектепке әзірлен-
уі (1965), «Психология оқулығының
Достарыңызбен бөлісу: |