506
ты жағдайларды ауытқуға ұшырата-
ды, ол бейберекет қимыл-қозғалыс-
тар жасайды. Адамның психикалық
үрдістері – қабылдау мен ес, зейін
әдеттен тыс қателіктер жібереді.
Адам ашушаң, қызба болады. Мұн-
дай жағымсыз көріністер дистресс
деп аталады. Дистрестік күй адам-
ның күш-қуатын, ақыл-ойын қожы-
ратып, оған теріс ықпал етеді. Стрес-
тік күйді жеңу үшін адам өзінің бо-
йындағы ерік-жігерін шыңдап, та-
бандылық пен ұстамдылығын, өмір
тәжірибесін молайтуға машықта-
нуы қажет. С. (титықтау) (ағыл. stress
күш) – кез келген күшті әсерден адам-
да пайда болатын психофизиоло-
гиялық күй. С. ұғымын 1936 ж. кана-
далық физиолог Г. Селье енгізді. Ол
эустресс – қалыпты С. және дистресс –
потологиялық С. деп бөлді. Пато-
логиялық С. ауру симптомдарында
көрінеді.
Селье стресті тіршілік әрекетінің
ажырамайтын атрибуты деп санады.
Адамның сезім мүшелеріне тітір-
кендіргіштердің жеткілікті саны әсер
етпесе, ол функциясын толық атқара
алмайды. Егер бала кезден бастап
адамның миына сенсорлық, эмоция-
лық және әлеуметтік тітіркендіргіш-
тердің белгілі бір саны әсер етпесе,
психикалық процестер үйлесімді
дами алмайды және жеке адамның
әлеуметтенуі болмайды. Әсіресе, бұл
толық психикалық депривация мы-
салында айқын көрінеді. Қарқынды-
лығы жоғары немесе шамадан тыс
мөлшерде пайда болатын тітіркен-
діргіштер дистресс туғызуы мүмкін.
Бұдан психика өзгеріске ұшырап,
кейде адам өліп кететін жағдайлар
болады. Дистрестік күй адамның
күш-қуатын, ақыл-ойын қалжыра-
тып, оған теріс ықпал етеді. Стрестік
күйді жеңу үшін адам өзінің бойын-
дағы ерік-жігерін шыңдап, табанды-
лық пен ұстамдылығын, өмір тәжіри-
бесін молайтуға машықтануы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: