СТРУМИНСКИЙ ВАСИЛИЙ
ЯКОВЛЕВИЧ (1880-1967) – Орын-
бордағы қазақ ағарту институтының
тұңғыш директоры. 1923 жылы
«Психология» – «Диалектикалық
материализм тұрғысынан баяндал-
ған ғылыми психологиялық мәселе-
лері» деп аталатын кітаптың авто-
ры. Бұл еңбек психология ғылымы-
ның марксизмге бетбұрыс жасау-
дағы тұңғыш зерттеу болды. Оның
методологиялық олқылықтары тура-
лы сол кездері ғылыми жұртшылық-
тың сан қилы кереғар пікірлері бол-
ды. Струминский Қазақстанда оқу-
ағарту жұмысына біраз үлес қосты.
Оның қаламынан «Еңбек мектебі-
нің қызметкері үшін үстелдік кітап»
«Жан сыры» (Орынбор, 1923)., «Орын-
бордағы 1-ші басқыш мектеп шә-
кірттерінің сөйлеу ерекшеліктері»
(Орынбор, 1924) т.б. еңбектері туын-
дады. Кейіннен ол педагогика ғы-
лымдарының докторы, РСФСР Пе-
дагогика ғылымдары академиясы-
ның корреспондент-мүшесі дейтін
ғылыми атаққа ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |