580
не жанама объективтік қарым-қаты-
настары жоқ адамдардың қауым-
дастығы. Бұл қауымдастықты құ-
райтын адамдар бір-бірімен ешқашан
кездеспеуі мүмкін екендігі былай
тұрсын, бір-бірі туралы ештеңе біл-
меуі де мүмкін. Бірақ бұл орайда, олар
өздерінің нақты топтарының басқа
мүшелерімен белгілі бір азды-көпті
бірдей қатынастарда болады. Мыса-
лы, мектепке дейінгі баланың, шарт-
ты жастық топтың психологиясын
зерделеу үшін мектепке дейінгі тиісті
жастағы біраз баланы олардың нақ-
ты топтарында зерттеу қажет.
ШАРШАУ – қажу жағдайының да-
муымен астасатын субъективтік се-
зінулер кешені. Босаңсу, болбырлық,
дәрменсіздік сезімдерімен, физио-
логиялық қолайсыздық түйсігімен,
психикалық процестердің өту бары-
сында кінәраттардың ұғынуымен,
жұмысқа деген ынтаның болмай қа-
луымен, қарекетті тоқтатуға деген
түрткі себептің дендеуімен, жағым-
сыз эмоциялық реакциялармен си-
патталады. Ш. бірсарынды әрекетті
ұзақ уақыт орындау кезінде де пай-
да болуы мүмкін. Алайда қажумен
байланысты емес оғаш шаршау, сон-
дай-ақ объективтік тұрғыдан қажы-
ған адамның шаршамауы секілді жағ-
дайлар да болады.
ШЕШЕНДІК – халқымыздың жай-
саң психологиясын аса биіктен көр-
сететін ұлттық ерекшеліктерінің бірі.
Бейнелі, астарлы, тұспалдап айтатын
шешендік сөзге аса үйір халық екен-
дігіміз жайлы ғұлама ғалым Шоқан
Уәлиханов: «Қазақ шешендікке құ-
мар, сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты
жаны сүйеді», – деп, кезінде айтқан
еді. Халқымыз «Тіл тас жарады, тас
жармаса бас жарады», «Жылы-жылы
сөйлесең, жылан інінен шығады» –
деп, сөз құдіретінің психологиялық
астарын жақсы аңғарған. Шебер де,
шешен сөйлей білу – адамның асыл
қасиеттерінің бірі есептелініп, мұны
олар өзгелерге психологиялық
жағынан әсер етудің ерекше құралы,
тәсілі деп те санаған.
Шешендік өнер дарыған кісі отан-
шыл, елінің салт-санасын, әдет-ғұр-
пын жетік білетін «ұшқыр ойлы, орақ
ауыз, от тілді, күміс көмей» болып
келеді. Ол халқының бастан өткізген
«тар жол, тайғақ кешулерін», арман-
тілегін, мұң-зарын, өмірлік құнды-
лықтарын бірер тіркеспен ғана «мірдің
оғындай», «тайға таңба басқандай»
етіп, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобық-
тай түйінін» ғана айтады. Халқымыз-
дың осынау тамаша қасиетін кезінде
тіпті бізге оң қабақпен қарамайтындар
да көре білген. Мәселен, неміс саяхат-
шысы А.Брем (1829-1884): «Қазақтар
сөз өнеріне жетік келеді. Бұл қасиет
жұрттың бәріне де: оқыған білімділер-
ге де, әліпті таяқ деп білмейтіндерге
де, байға да, жарлыға да тән қасиет»
десе, шығыстанушы П. М. Мелиоранс-
кий (1868-1906): «Қазақтар шешен, әрі
әдемі сөйлеудің шебері»... дейді.
Ал көне түркі жазбаларын зерттеген
С.Е.Малов (1890-1957) осы ойды бер-
мен қарай былайша жалғастырады:
«Түркі халықтарының ішіндегі ең
суретшіл, образды тіл – қазақ тілі».
Қазақтар өзінің шешендігімен,
әсем ауыз әдебиетімен даңқты. Ра-
сында да, батыр Бауыржан ағамыз
айтқандай, біздің туған тіліміз – өзінің
өткірлігімен «бой балқытып, тамыр
Достарыңызбен бөлісу: