ТАНЫМДЫҚ ЕСЕП – танымдық
қызығушылық – ғылым жаңалықта-
рын; қоғамда болып жатқан өзгеріс-
терді танып білуге деген қызығушы-
лық. Танымдық есеп – жаңа білім із-
деуге, оқудағы байланыс, дәлелдерді
белсенді пайдалануға түрткі бола-
тын оқу тапсырмасы. Танымдық есеп
жүйесі бүкіл оқыту процесінде оқу-
дың мазмұны мен іс-әрекет амалда-
рын біртіндеп күрделендіре беретін
бірізділікке негізделеді. Сондықтан
мұғалім оқушының білімді меңгеруі-
мен қатар, оның оқу-танымдық іс-
әрекетін белсендіру жағына да баса
назар аударуы керек.
ТАХИСТОСКОП (грек. tachis – тез,
жылдам, skорео – қараймын) – қысқа
уақытта көру стимулдарын көрсете
алатын аспап. Т.-тың механикалық
түрін неміс психологі В. Вуңдт (1832-
1920) жасады. Т.-тың электронды тү-
рі де бар. Проекциялы тахистоскоп
арнайы диапроекторлармен жұмыс
жасайды, оның каналдары ақпарат-
тарды береді. Ес, қабылдау процес-
терін зерттеуде қолданылады.
ТАЯҚШАЛАР – көзің түнде көруге
көмектесетін анатомиялық аппарат
(шамамен 130 миллиондай). Олар
торлы қабықтың шет аймақтарына
орналасқан.
ТӘЖІБАЕВ ТөЛЕГЕН (1910-1964) –
Кеңес өкіметі жылдарында қазақ пси-
хология ғылымының дамуына Ж.Ай-
ауытовтан кейінгі елеулі үлес қосқан
ғұлама ғалым, белгілі мемлекет қай-
раткері және дипломат болған Төлеген
Тәжібаев Шымкент педтехникумын
үздік бітіргеннен кейін, көп ұзамай
Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы
тәрбие академиясына жолдама алып,
оны 1935 жылы бітіріп шығады.
Сол жылы психология кафедрасына
аспирантураға қалдырылады. Осы
жылдары ол әлемдік психологтардың
еңбектерімен тыңғылықты танысады.
Солардың бірі – Л.С.Выготскийдің
(1896-1934) психологиялық мұрасы-
на арналған көлемі 80 беттік қолжаз-
ба. Ол 1938 жылы «К.Д.Ушинский –
Ресейдегі педагогиканың негізін қа-
лаушы» деген тақырыпта кандидат-
тық диссертация қорғаған соң, ке-
шікпей Алматыға келіп, Абай атын-
дағы Казақ педагогикалық институ-
тында, Қазақ университетінде психо-
логиядан қазақ тілінде дәріс береді,
психология кафедрасын басқарады.
ТАНЫ
ТӘЖІ
514
Ол бірнеше монография мен жүзден
аса ғылыми мақалалардың авторы.
Бұл еңбектерінде психология мен
педагогиканың теориясы мен тарихы,
ұлттық мінез бен этнопсихология,
халықтық педагогика, мораль, этика
мәселелері сан қырынан сөз болды.
Т.Тәжібаевтің ғылыми ізденістері
негізінен екі бағыттың төңірегінде,
атап айтқанда, ұлт тілінде психоло-
гиядан оқу құралдарын құрастыру
мен халқымыздың педагогикалық
және психологиялық ой-пікірлерінің
даму, қалыптасу жолын зерттеу ісіне
бағытталды.
Төл тіліміздегі ғылыми психология
Ұлы Отан соғысынан бұрынғы жыл-
дардың өзінде-ақ өркен жая бастаған
еді, деп жоғарыда айттық, өйткені
1938 жылдардан бастап «Халық мұ-
ғалімі» журналының беттерінде Тә-
жібаевтің осы ғылым төңірегінде
жазған біраз мақалалары жарық көр-
ді. Ғылыми жағынан мазмұны терең
осынау дәрістер мен мақалалар сту-
денттер мен мұғалімдердің психо-
логия саласында тиянақты да жүйе-
лі білім алуына кезінде біраз көме-
гін тигізді. Осы еңбектерінде Т.Тәжі-
баев бұрын әр жерде шашырап, бел-
гілі жүйеге түспей жүрген ұлттық
психологиялық терминдерді саралап,
бұл ғылымның төл тілімізде тамыр
жая түсуіне жағдай жасады. Т.Тәжі-
баевтің «Жалпы психология» деген
атпен «Қазақ университеті» баспасы-
нан жарық көрген еңбегінде (1992)
психология ғылымының теориялық
негіздері баяндалады. Бұл 1940, 1946
жылдары жарық көрген проф. С.Л.Ру-
бинштейннің «Основы общей пси-
хологии» (1990 жылы орыс тілінде 2
том болып басылып шықты. – Қ.Ж.)
атты кітабын ғылыми принциптері-
мен астарлас дүниежүзілік класси-
калық психологияны іргелі теория-
лық қағидаларынан мол мағлұмат
беретін Ж.Аймауытов кітаптарынан
кейінгі кесек психологиялық еңбек.
Мұнда осы ғылымның екі жарым
мың жылдық тарихына қатысты біраз
мәселелер бар, оның негізгі бағытта-
ры мен ағымдары жайлы келелі сөз
қозғалады. Мәселен, осы айтылған
жайт «Психология ғылымының пәні»
атты бөлімде баяндалса, кітаптың
қалған тарауларында «Жеке адам»
(кісі, тұлға), оның іс-әрекетінің түрле-
рі, бұлардың өзіндік психологиялық
астарлары, соңдай-ақ адамның бас-
ты-басты жан қуаттары: түйсіну мен
қабылдау, елестету мен ес, зейін мен
дағды, ойлау мен сөйлеу, қиял мен
сезім, ерік-жігер, т.б. ғылыми талдауға
алынады. Мұнда сондай-ақ адамның
жеке дара қасиеттері: темперамент,
мінез, қабілет, қызығу, т.б. мәселелер
баяндалады. Бұлардың бәр-бәрі өмір-
ден алынған нақтылы мысал, факті-
лермен тәптештеліп түсіндіріледі.
Әрине осы кітаптың негізгі желісі
бұдан 50 жыл бұрын түзілген. Сон-
дықтан мұнда психология ғылымы-
ның соңғы жетістіктерін баяндайтын
кейбір тақырыптардың орын алмаға-
ны түсінікті. Осы айтылғанға орай
психология дәрістерімен оқулықтар-
ға соңғы кездері енгізіліп жүрген
жаңа тақырыптар («Ұжым мен топ
психологиясы», «Қарым-қатынас пси-
хологиясы», т.б.) оқу құралдарында
кездеспейді. Бірақ, бұлар жөнінде
басқа тарауларда аз да болса, мағлұ-
мат беріліп отырады. Мәселен, «Қа-
рым-қатынастың түрлері» жайлы
«Сөйлеу» тарауында, ал, «Ұжым топ
ТӘЖІ
ТӘЖІ
515
психологиясы» туралы «Жеке адам-
ға» арналған тарау ішінде баяндал-
ған. «Дағды мен әдеттің» психоло-
гиялық астарлары туралы мәлімет
қазіргі кітаптардағыдай «Іс-әрекет
психологиясы» атты тарауда беріл-
мей, өз алдына жеке тақырып ре-
тінде берілгені автордың өзіндік ғы-
лыми позициясының сонылығын
байқатады.
Бірақ осы айтылғандар психология-
лық категорияларды ұғынып, түсі-
нуге онша кедергі келтірмейді, өйт-
кені ғылымның іргетасты мәселелері
кітаптан толық орын алғаны белгілі.
Бір есте боларлық жәйт, психология-
дан түрлі ұлт тілдерінде жарық көр-
ген оқу құралдары мен оқулықтар-
дың негізгі құрылымы соңғы елу
жыл ішінде онша өзгеріске түсе қой-
ған жоқ. Психология дәрісі де көп уа-
қыт бойына өзгеріске түсе қоймай-
тын математика, физика, лингвисти-
ка секілді дәстүрлі классикалық пән-
дермен үндес екендігі есте болғаны
абзал. Әрине, кітапта психологияның
40-шы жылдардағы қазақша бала-
маларының бірен-сараны қазірде
өзгеріске түскенін оқырман ескере-
тін жайт екені белгілі. Т.Тәжібаев
еңбектерінің біразы халқымыздың
ғұлама перзенттері Шоқан Уәлиха-
нов, Ыбырай Алтынсарин, Абай
Құнанбаевтардың психологиялық
және педагогикалық көзқарастарын
зерттеуге арналған. Әсіресе, Абайдың
психологиялық көзқарастарын көп
жылдар бойына сарыла зерттеп, бір-
неше еңбектер жазды.
Абайдың саяси-әлеуметтік, пәлсәпа-
лық көзқарасына жан-жақты талдау
жасай келіп, оның психологиялық
ойлары мен пайымдауларына кең
тоқталады. Ғалымның тұжырым-
дауынша Абай тек асқан кемеңгер,
ойшыл-ақын ғана емес, ол сонымен
бірге қазақтан шыққан ірі философ,
психологиялық білімдер жүйесін на-
сихаттаумен айналысқан. Байырғы
қазақ тілінің сарқылмас бұлағынан
сусындай отырып, Абай ұлттық пси-
хологиялық ұғымдардың негізін қа-
лады. Ол қазақтың жазба әдеби тілі-
нің негізін қалаумен шектелмей, со-
нымен қатар ұлттық психологиялық
білімдер саласына қатысы бар ұғым,
түсініктерді саралап түсіндірген еді.
Бар өмірін туған халқының игілігіне
сарп еткен Тәжібаев еңбектерінің
қазіргі жас буынға ғылыми-тәлімдік
тағылымы аз болмаса керек.
ТЕМІРБЕКОВ АБДОЛЛА (1904-
1972). Темірбеков 30-40 – жылдары
Орал, Қызылорда пединститутта-
рында директордың орынбасары,
Абай атындағы КазПИ-де факультет
деканы, Өскемен пединститутының
ректоры қызметін атқарады, 1962-
72 жылдары, Алматы шет ел тілдері
институтының педагогика және пси-
хология кафедрасының меңгерушісі
болып істейді. Студенттерге қазақ,
орыс тілдерінде психологиядан са-
бақ береді. Ол 1968-70 жж. Қазақстан
психологтар қоғамының төрағасы
болды, пединституттар мен универ-
ситеттер үшін С.Балаубаевпен бірле-
сіп «Психология» оқулығын (Алматы,
1966), сондай-ақ мектеп оқушыла-
рының отаншылдық сезімін қалып-
тастыру туралы бірнеше еңбектер
(«Советтік патриотизм және оқушы-
ларды тәрбиелеудің кейбір мәселе-
ТӘЖІ
ТЕМІ
516
лері», Алматы, 1953) жазып, осы та-
қырыпта кандидаттық диссертация
қорғады.
ТӘРБИЕЛЕУ ПСИХОЛОГИЯСЫ.
Тәрбие ісі – ой-шұңқыры, қыры мен
сыры мол неше түрлі тәсіл, әдістерді
қажет ететін аса күрделі процесс.
Бұл жерде, осы айтылғанның бір жа-
ғына, яғни тәрбие әдістерінің бірі –
тәрбиеленушілерге талап қоя білу,
оның нәтижесін қадағалап отыру мә-
селесіне тоқталмақпыз. Адамға дұ-
рыс талап қойылмаса, тапсырылған
іс уақытында қадағаланбаса, біртін-
деп берекесіздік пайда болады. Сон-
дықтан балаға кішкентай кезінен бас-
тап, шамасы келетін талаптар қойып,
міндеттер жүктеп, олардың орында-
луын бақылап отырмаса, жас өскінді
жауапкершілікке, өз борышын дұрыс
түсіне білуге машықтандыру қиын.
Талап қою, міндет жүктеу – бала мек-
тепке барғаннан кейін ерекше мәнге
ие болады. Мұнсыз оқудың, оны ми-
ға тоқудың өзі мүмкін емес.
Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің
үйге берген тапсырмаларын орындап
тұруға біртіндеп машықтануы қажет,
ұстаздың талап-тілектерін орындау
оқушы үшін – заң. Оқушыға міндет
алу, тәрбиешінің талабын мүлтіксіз
орындап шығу – үлкен жауапты әрі
жанды жадырататын іс. Бұл жайт
шәкірттің психикасына зор салмақ са-
лып, бала психологиясын күрт өзгер-
туге себепші болады. Өйткені, мек-
тепке дейінгі тербиеде шын мәніндегі
талап қоюшылық міндет алушылық
болмайды, белгілі міндет жүктеу,
белгілі талап, ережелерді орындат-
қызу – мектеп режимінің бұлжымас
заңы. Балаға талап қоюдың түрлі
жолдарын шәкірттің жеке-дара, жас,
жыныс және ұлттық ерекшеліктеріне
қарап, әркез нақтылы жағдайға орай
үнемі түрлендіріп отыру қажет.
Мәселен, шәкіртке қойылатын та-
лаптың қарапайым түрі – оған өз мін-
деті туралы жайлап ескерту болса,
ал мұның жоғары түрі – кесімді түр-
де бұйыру. Адамға талап қою оны
бір нәрседен сақтандыру, тиым салу
түрінде де қолданылады. Дұрыс та-
лап қоя білудің тиімділігі, тәрбие-
лік мәні ұстаздың байсалды, байып-
тылығына да байланысты. Адамға
талап қоя білу – үлкен өнер. Оқушы-
ларға жөндеп талап қоя алмайтын,
қойса да оны орындауды аяғына дейін
қадағаламайтын, тіпті оған қалай
болса солай қарайтын мұғалімдер
де кездеседі. Осындай мұғалімнің
сынып ұжымын ынтымақтыққа, бі-
рауыздылыққа тәрбиелей алуы қиын.
Шәкіртке дұрыс талап қоя білумен
қатар оның іс-әрекетін оқтын-оқтын
қадағалап отыру да қажет. Бақылау
жүргізу оқушының іске жауапкер-
шілігін арттырады, өзіне деген сенімін
күшейтеді, іс-әрекетінің қоғамдық
маңызын аңғара білуге, сөз бен істің
арасындағы алшақтықты біртіндеп
жойып отыруға мүмкіншілік береді.
Оқушыларға талап қоюмен олардың
іс-әрекетіне бақылау жүргізуде мына
төмендегілерді ескеріп отырған аб-
зал. Біріншіден, әр уақытта орында-
луы күмәнсіз нәрселерге ғана нақты
талап қойылуы қажет. Кісіге ауыр
талап кою, сондай-ақ, оның шама-
сы келетін-келмейтінін ескермеу
жақсы нәтиже бермейді. Сондықтан,
талап дәл, анық, нақтылы келіп,
одан қайшы пікірлер орын алмауы
тиіс. Екіншіден, ол өте қысқа, ықшам
ТӘРБ
ТӘРБ
517
сөздермен тұжырымдалып, оның
орындалу жолын шәкірт жақсы тү-
сінсе ғана нәтижелі болып орында-
лады, үшіншіден, талап барынша
байсалдылықпен, оқушының ар ож-
данын сыйлау жағдайында қойылға-
ны жөн.
Ең негізгісі – оның орындалғаны жө-
нінде адамнан есеп алуды ұмытып
кетпеу керек. Осы айтылғандарды ре-
тіне қарай жүзеге асырып отыру тә-
лімгерлік шеберлік пен ұстаздық так-
тіні қажет етеді. Шәкірт тәрбиесінде
кісінің қол жеткен табыстарын уа-
қытында көре біліп, оны ретімен ма-
дақтап отырудың да маңызы зор. Мұ-
ның ең қарапайым түрі – мақұлдау.
Егер шәкірттің іс-әрекеті әркез ма-
құлданып отырса, ол еңбек етуге онан
сайын ынталана түседі. Мәселен, «бә-
рекелді», «дұрыс», «жақсы», «тама-
ша», «мынауыңнан нәтиже шығады»,
т.б. осы секілді сөздер оның жігеріне
жігер қосып, үлкен демеу болады.
Оқушының әрбір ісіне әділ баға бе-
ріп отыру ұстаздың беделін онан са-
йын арттыра түседі. Шәкірттерді ай-
қай-ұйқаймен басқарғысы келетін
мұғалімдер көп сөйлейді, кісіні ығыр
қылатын сөзді шәкірт жаратпайды,
ол «ұстазының» қай сөзін тыңдарын
білмей, басы қатады. Ұстаз шәкірттің
теріс істері мен қылықтарын дер ке-
зінде көре біліп, ретті жерінде оған
түрлі жазалау шараларын да қолда-
нып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы
негізгі мақсат – теріс жолға түскен ба-
ланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой
ұсындыру. Мұның мәні де осында.
Жазалауды да мадақтау сияқты аса
ептілік, ерекше байсалдылықпен пай-
далану қажет.
Тіпті төменгі сынып оқушыларының
да өздерінің тәртіпсіз істерінен ұя-
латын, жапа шегіп, қапаланатын кез-
дері болады. Адамның кінәсі үшін
әділ жазалау кісіні қатты ойланды-
рып, бұл оның мінез-құлқын түзете
бастауға себепші болады.
Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жа-
заланғанда ғана босқа зәбірленбей,
қолайлы көніл-күйін басынан кеші-
реді. Егер ол теріс жазғырылса бұл
оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді.
Егер мұндай жағдай қайталана бер-
се ол әділеттік, шындық деген ұғым-
ға жөнді мән бермейтін, тіпті пыс-
қырып та қарамайтын болады. Орын-
сыз жаза оны ашушаң, ызақор, кек-
шіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз,
әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге
түсіруі де мүмкін. Кейде оқушының
теріс қылықтарын көре-тұра оны
жазаламаудың да кесір-кесапаты аз
болмайды. Шәкірт оқыс қылықтар-
ды кейде әдейі жасамай, оны бала-
лығымен, білместік, аңғарымсызды-
ғынан да жасайды. Ал, енді бір
оқушы мұны орынсыз батылдығы
мен сотқарлығына, қасарыспалығына
қарай істейді. Мәселен, бір бала те-
резенің желдеткішін ашамын деп
оның әйнегін сындырып алса, екін-
ші бала оны жолдасымен алысып
жүріп сындырады. Бұл жерде осы екі
балаға бірдей шара қолдануға бол-
майтыны белгілі. Өйткені, екеуінің
кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне
екі түрлі жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенің түпкі себе-
бін іздеуден басталуы қажет. Өйтке-
ні, әр уақытта да себепсіз ештеңе
болмайды. Сондай-ақ кісінің теріс
қылықтарын айыптап тиісті жаза
қолданып отыру белгілі талаптарға
сәйкес жүрізілуі тиіс. Бұлардың кей-
бірі мына төмендегілер: біріншіден,
жазалау әр уақытта әділ, адамның
ТӘРБ
ТӘРБ
518
кінәсіне лайықталып берілуі қажет.
Екіншіден, жаза әр уақытта оқушы
санасында із қалдырып, оны жақсы
жолға итермелейтіндей етіп беріле-
тін болсын. Үшіншіден, жаза жеңіл
түрден ауырға қарай, әр бұзақылық-
тың өзіндік ерекшелігіне қарай қол-
данылуы қажет. Төртіншіден, шә-
кірттің теріс қылығының ақ-қарасы
нақты тексеріліп, оның бұрыннан
белгілі ерекшеліктері (білімі, қабіле-
ті, жалпы мінез-құлқы, т.б.) ескерті-
ліп отырылсын. Бесіншіден, мұғалім
бұл шараны аса байсалдылықпен,
оның жеке басын тәлкек етпейтін (он-
дай жағдайлар да кездесіп отырады)
формада ұйымдастырылғаны абзал.
Тәрбие тәсілдері мен тетіктерінің
осы айтылғаннан басқа да сан алуан
түрлері болатыны – әркез ұстаз бен
шәкірттің есінде болуы тиіс.
ТӘРБИЕДЕГІ СЕНІМ – тәрбиеші
мен тәрбиеленушінің кәміл сыйлас-
тыққа, шын сенімге негізделген қа-
рым-қатынасы. Өз тәрбиеленушіле-
рінде жағымды белгі болғанда тәр-
биеші сенім білдірсе, олар сенімді
ақтауға тырысып, өзін-өзі тәрбие-
леуге ұмтылады. Тәрбиелей оқыту –
1) оқушының білімі, білігі және
дағдысымен бірге оның дүниеге
көзқарасын, мінез-құлқын, еркін, та-
ным қабілеттерін және басқа да қа-
сиеттерін қалыптастыру; 2) оқушы-
лардың қоршаған ортаға, бір-бірі-
не деген эмоциялық қатынастарын
қалыптастыру. Оқыту принциптерінің
бірі. Бұл терминді педагогикаға неміс
философы, психологі және педагогі
И. Ф. Гербарт ( 1776-1841) енгізді.
ТӘРБИЕЛІК ЖАҒДАЯТ – шәкірт-
тердің оқудан тыс іс-әрекеттерінің
көрінісі. Т.ж. шәкірттердің оқудан
тыс әрекеттерінің арнайы ұйымдас-
тырылуын да қамтиды. Т.ж. – бала-
ны дамытуға, яғни оның өзін-өзі тәр-
биелеуіне, өздігінен білімін жетілді-
руге бағытталған қарым-қатынас.
Т.ж. – адамзат тәжірибесінің алма-
суы мен меңгерілуі, пайдаланылуы.
Тәрбиенің нәтижелілігі – іс-шаралар-
ды дұрыс ұйымдастыру мен атқару
арқылы жүзеге асады. Т.ж. – тұлға
үшін маңызды сапалар және қасиет-
тердің әлеуметтік қалыптасуының
өлшемі, тәрбиелеуші үрдістің нәти-
жесін сипаттайды.
ТӘРТІП ПЕН ТӘРТІПТІЛІК –
адамдардың белгілі бір қауымдас-
тығындағы, тіршілік қарекеті сала-
сындагы реттілікпен, жөн-жосықты-
лықтың ұйымшылдықпен жинақ-
талуының сапалық сипаттамасы;
адамдар мінез-құлқының қалыптас-
қан құқық, мораль нормаларына,
жарғылық талаптарына сәйкестілі-
гін бейнелейтін атау. Тәртіп – адам
мәдениетінің ең маңызды өлшем-
дерінің бірі ретінде оның әртүрлі
салаларындағы қоғамдық мінез-
құлқын сипаттайды. Т.-дік – адам-
ның адамгершілік бағыттылығын, өз
тәртібін ойша жобалау қабілетін жә-
не өзіндік күнделікті әрекетін қам-
титын тәртіпке, ұйымшылдыққа
әдеттену. Т. – адамдардың қоғамдық
ортада белгілі бір тәртіп жүйесін
сақтауын және оларды итеруге мін-
детті нормаларды (құқықтық, мораль-
дық, саяси-этностық) берік сақтауын
талап ететін жүйе. Осы жүйені орын-
дау арқылы адамның қоғамдағы
қарым-қатынасы, еңбекке қатысы
айқындалады. Т. нормалары әдет-
ғұрып, дәстүр, қоғамдық дағдылар
ТӘРБ
ТӘРТ
519
арқылы көрініс табады. Ол қоғамдық
орындар мен жеке топтарда, отбасы
бірлестіктерінде іске асырылады.
Тәртіпсіз ешбір қоғамның нәтиже-
лерге қол жеткізуі мүмкін емес. Тәр-
тіпті сақтау саналы түрде іске асы-
рылғанда ғана іс нәтижелі, жемісті
болады. Зорлау, күштеу арқылы орна-
тылған тәртіп іштей ыза, кек туғы-
зып, жұмыста тиісті нәтиже бермей-
ді. Ол өнімнің сапасына да кері әсер
етуі мүмкін. Т.-лік тұлғаның ұстам-
дылығын, іштей ұйымдасқандығын,
жауапкершілігін, өз мақсаттарына
бағыну (өзіндік тәртіп) мен қоғамдық
нұсқауларға (заңдар, нормалар,
принциптер) бағынуға әзірлігі мен
дағдысын қамтиды. Қоғамдық Т.
адамдардың мінез-құлқы мен жүріс-
тұрысына үйлесімді, жөн-жосықты
сипат береді, ұжымдық іс-әрекеттің
өнімді болуының, әлеуметтік инс-
титуттар мен ұйымдардың қалыпты
қызмет атқаруының, тұлғааралық
қарым-қатынастардың дұрыс бо-
луының алғышарты болып табыла-
ды. Тәртіптілік – адамның адамгер-
шілік бағыттылығын, өз тәртібін ой-
ша жобалау қабілетін және өзіндік
күнделікті әрекетін қамтитын тәртіп-
ке, ұйымшылдыққа әдеттенуі.
Т. – адамдардың қоғамдық ортада
белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын
және олардың игеруге міндетті нор-
маларды (құқықтық, моральдық, сая-
си-этностық) берік сақтауын талап
ететін жүйе. Осы жүйені орындау
арқылы адамның қоғамдағы қарым-
қатынасы, еңбекке қатысы айқын-
далады. Т. нормалары әдет-ғұрып,
дәстүр, қоғамдық дағдылар арқылы
көрініс табады. Ол қоғамдық орын-
дар мен жеке топтарда, отбасы бір-
лестіктерінде іске асырылады. Тәр-
тіпсіз ешбір қоғамның нәтижелерге
қол жеткізуі мүмкін емес. Тәртіпті
сақтау саналы түрде іске асырылған-
да ғана іс нәтижелі, жемісті болады.
Зорлау, күштеу арқылы орнатылған
тәртіп іштей ыза, кек туғызып, жұ-
мыста тиісті нәтиже бермейді. Ол
өнімнің сапасына да кері әсер етуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |