СЕЛҚОСТЫҚ – адам мінезіндегі
ұнамсыз қасиеттердің бірі. Бұл әр
нәрсеге немқұрайдылықпен қарай-
тын кісілерде жиі кездеседі. Мұның
себептері көп. Мұндай жағдай кейде
адамдар арасындағы қарым-қатынас
салқындап-суынғанда, мәселеге же-
те түсіне қоймағанда, оған сенім-
сіздік пайда болғанда, жүйке жүйесі
шаршағанда тағы осы секілді объек-
тивтік, субъективтік себептерден
туындап отырады. Берік дүниетаны-
мы мен сенімі бар адамда мұндай
жағдай кездеспейді.
Сенімі жоқ адамда тұрақты мінез-
құлық та болмайды. Мұндайлардың
шындықтың ақ-қарасын айыруға,
жай-жапсарын дұрыстап түсінуте,
өмірден өз орнын таңдай алуына
шамасы жете бермейді. Селсоқ адам-
ды өмір толқыны біресе анда, біресе
мұнда соқтырады да, мінез-құлқын
көлденеңнен кез келген кездейсоқ
жағдайлар билеп кетіп отырады. С –
адамдар арасындағы қарым-қаты-
нас салқындағанда, түсінбеушілік,
сенімсіздік пайда болғанда, жүйкесі
шаршағанда және т.б. жағдайларда
туындайды.
СЕМУ. Психологияда бұл термин
жаттығудың болмауы немесе жағым-
сыз жарақаттаушы әсерлердің сал-
дарынан (ұзаққа созылған эмоция-
лық стресс, жанжал, фрустрация,
интоксикация және т.б.) жекелеген
психикалық функцияның бұзылуы
мағынасында қолданылады.
СЕзІ
СЕМУ
494
СЕНДІРУ (Иландыру) – бір адамның
мағынасыз түрде басқа адамның
психологиясы мен қылығын белгілі
дәрежеге өзгерту. С. адамда қажетті
қасиеттерді дамыту мақсатында, оның
санасына, еркіне және сезіміне жан-
жақты әсер ету. С. – 1) адамның өз
көзқарасын өзгелерге қабылдатуға
бағытталған іс-әрекеті. С. адамның
танымдық, сезімдік және ерік қа-
сиеттерінің деңгейіне тікелей тәуел-
ді; 2) бір нәрсеге сенімділік; 3) бала-
ның сана, сезім, тәжірибесіне бағыт-
талған тәлімдік әсер әдісі; 4) ақпарат-
тық қабылдаудың белгілі бір кезеңі.
СЕНзИТИВТІК КЕзЕҢДЕР (лат.
sensus – сезімталдық, түйсіну) – ор-
ганизмнің қоршаған ортаға өте жо-
ғары сезімталдығын көрсететін ке-
зеңдер. Мысалы, 5 жастағы бала фо-
нетикалық дыбыстарға өте бейімді
келеді, ал осы кезеңнен өте бере бұл
сезімталдылық бәсеңдейді. С.к. – ба-
ла психологиясының ең жоғары ке-
зеңі болып саналады, яғни бұл кезең
барлық психикалық процестер мен
психикалық құбылыстардың күшті
дамитын кезеңдері. Осыған орай,
баланы тым ерте бір нәрселерге үй-
рету оның психикасына қолайсыз
жағдайлар туғызуы мүмкін, бірақ
үйретуді өте кеш бастаған да жақ-
сы нәтижелерге жеткізбейді. Соң-
дықтан С.к. мен балалардың жас
ерекшеліктерінің арасында айтар-
лықтай айырмашылықтар бар екенін
ескеру керек.
СЕНзИТИВТІЛІК (лат. sensus – се-
зім. түйсік) адамның мінезтанулық
ерекшелігі; өзіне қатысты оқиғаларға
көтеріңкі сезімталдықтан көрінеді,
әдетте, барынша алаңдаушылықпен,
жаңа жағдаяттардан, адамдардан, әр
алуан сындардан және т.б. қорқумен
астасады. Сензитивті адамдарға қор-
ғаншақтық, ұялшақтық, әсершілдік,
өткен немесе алда тұрған оқиғалар-
ды ұзақ уақыт ойлап-толғануға бе-
йімділік, өзін олқысынып тұрушы-
лық сезімі, өзіне көтеріңкі мораль-
дық талап қоюшылық және талап-
тілегін төмендетуге бой ұрушылық
тән. Жас ұлғая келе С. бәсеңдеуі
мүмкін, бұған, атап айтқанда, тәрбие
және өзін-өзі тәрбиелеу процесінде
алаңдататындай жағдаяттарды жай-
ғастыра білушіліктің қалыптасуы
себепші болады. С. органикалық се-
бептермен байланысты (тұқымқуа-
лаушылық, мидың зақымдануы және
т.б.) болуы да, сондай-ақ тәрбиелен-
ген жағдайының ерекшеліктерінен
(мысалы, баланың отбасында эмо-
циялық кемсітілуі) де болуы мүмкін,
шекті көрінісіне жеткен сензитивті-
лік психопатияның бір нысаны бо-
лып шығады. С. – болып жатқан оқи-
ғаларға әсерленгіштікте көрінетін
адамдағы ерекшелік. Әдетте сензи-
тивтік адамдардың жаңа жағдайлар-
дан, сыналулардан, т.с.с. қорқудан
тұрады.
СЕНІМ – адамның белгілі құбы-
лыстармен көзқарастарды, ой түйін-
дерді еш күмәнсіз қабылдап, мо-
йындауында көрінетін психиканың
ерекше күйі. С. – адамның белгілі бір
түсініктеріне сәйкес қажеттілікте-
рін қанағаттандыру жүйесі. Адам
қажеттіліктерін қанағаттандыру жо-
лында дүниетанымын қалыптасты-
рып табиғат пен қоғам жөніндегі
түсініктерін, өмір тәжірибесіне қол-
СЕНД
СЕНІ
495
данып отырады. Адам алдына мақсат
қойып, оның нәтижелі орындалуына
сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен
кезде ғана ол жоғары нәтижелерге
же-те алады. С. – адамның ақыл-ойын,
күшін, еркін, қабілетін жоғарылата-
тын жағымды, адамның, жігерін арт-
тырып, болашаққа құлшындыратын
құбылыс (болашаққа еңбегінің нә-
тижесіне, жақын адамдарына сену,
т.б.). С. үміттен басталады. Адамның
алдына қойған мақсатының айқын
болуы дүниетанымының өмірмен
байланыстылығы берік сенімнен туа-
ды. Адамның дүниетанымына берік
сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибе-
сіне байланысты, сеніммен бекімеген
дүниетаным берік болмайды.
Сенім мен дүниетаным қатарласып
жүрсе ғана адам санасы нұрлана тү-
седі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос
қанатындай адамның ең асыл қасиет-
тері болып табылады. Берік сенім жоқ
жерде тыңғылықты дүниетаным да,
тұрақты мінез-құлық та болмайды.
Сенімі қалыптаспаған адамның шын-
дықтың жай-жапсарын дұрыстап
айыруға, өмірден өз орнын дұрыс
таңдай алуына да шамасы жете бер-
мейді. Оны өмір толқыны біресе ан-
да, біресе мұнда соқтырады да, мі-
нез-құлықты көлденеңнен кез келген
кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп
отырады. Қай адамның болса да өзін-
ше бір түсінігі болады. Бірақ осының
бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек
ғылымға негізделген түсінік қана,
адамның сенімімен, іс-әрекетімен
тығыз ұштасқан дүниетаным ғана
бірден-бір дұрыс дүниетаным бола-
ды. Мұндай дүниетанымды қалып-
тастыру үшін адамға бәрінен бұрын
білім негіздерін меңгеру қажет. Бі-
лімсіз дүниетаным қорланбайды.
Өйткені сапалы білім – дүниетаным
мен сенімнің негізі еңбек.
СЕНСИБИЛИзАЦИЯ (лат. sensibi-
lis – сезімтал, сезгіш) тітіркендіргіш
әрекетінің ықпалымен жүйке орта-
лықтары сезгіштігі артуын көрсете-
тін психикалық құбылыс. Адамның
барлық стимулдарға сезгіштігі бір-
дей емес, тек белгілі бір оқиға неме-
се жағдаятқа сезімтал келеді. Сезім
мүшелерінің біреуінің әсерінен бас-
қаларының сезгіштігі артып отыра-
ды. Мұны былайша түсінуге бола-
ды: әлсіз тітіркендіргіштер өзімен
бірге әсер етіп тұрған басқа тітір-
кендіргіштерді, сезгіштікті арттыра-
ды. Мысалы, көзге жеткілікті мөл-
шерде түскен жарық оның көру қа-
білетін арттырумен қатар, есту түй-
сігінің сезімталдылығының артуын-
да себепші болады.
Қызыл түс адамның ақ, қара түстер-
ді дұрыс ажыратуына көмектеседі.
Мысалы, ұшқыштар түнгі ұшуға да-
йындық кезінде 20-30 минут қызыл
көзілдірік киеді. Егер адаптация құ-
былысы талдағыштар сезгіштігінің
түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуі-
нің көрсеткіші болса, ал С.- сезгіштік-
тің тек артуын ғана көрсететін құ-
былыс. Сезім мүшелерінің біреуі-
нің әсерінен басқаларының сезгіш-
тігі артып отырады, Әлсіз тітіркен-
діргіштер өзімен бірге әсер етіп тұр-
ған басқа тітіркендіргіштердің сез-
гіштігін арттырады. Психологиялық
зерттеулерде адамның таза ауада
жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қи-
мылдарын жасауы, беті-қолын сал-
СЕНІ
СЕНС
496
қын сумен сүртінуі көру сезгіштігін
арттыратындығы анықталған. Қара-
ма-қарсы процесс – десенсибилизация.
СЕНСОРЛЫҚ ЕС – сезім органда-
рына түсетін ақпаратты сенсорлық
өңдеудің өнімдерін өте қысқа уақыт
бойыңда (әдетте, бір секундтан азы-
рақ) есте ұстауды қамтамасыз ететін
гипотезиялық ес жүйесі стимулдар-
дың түрлеріне қарай: көру, есту есте-
рі және т.б. сараланады. Сенсорлық
есте ақпараттың физикалық белгілері
ұсталады деп ұйғарылады; оның тиі-
сінше вербалдық-акустикалық және
сематикалық кодтау тән болатын қыс-
қа уақыттық ес пен ұзақ уақыттық
естен айырмашылығы осы. Алайда
бұл айырмашылықтың шартты си-
паты бар, өйткені физикалық (пер-
цептивтік) белгілердің ұзақ уақыт
сақталуы мүмкін, семантикалық си-
паттамалардың материалды өңдеу-
дің біршама ерте кезеңдеріңде-ақ
саралануы мүмкін.
СЕНСОРЛЫҚ ПСИХОФИзИО-
ЛОГИЯ – физиологиялық психоло-
гия саласының сенсорлық жүйелер
мен олардың функция атқару әдісте-
ріне қатысы бар аспекті. Сенсорлық
бөлік, жалпы мағынасы, орталық
жүйке жүйесінің өрлеме сенсорлық
нейрондардың ұштары болып та-
былатын бөлігі. Ерекше бөліктер,
әдетте
;
сенсорлық модальдылықпен
анықталады, мысалы, көру аймағы,
соматосенсорлық бөлік және т.б.
СЕНСОРЛЫҚ ИзОЛЯЦИЯ (оқ-
шаулану) – адамның ұзақ уақыттық,
толық немесе жартылай сенсорлық
әсерлерден айырылуы. Осы тұрғы-
дан сенсорлық ақпарат алуды шек-
теу бойынша жүргізілген экспери-
менттік зерттеулердің нәтижелері
өте көрнекті болып табылады. Бұл
эксперименттерде зерттелушіні ар-
найы камераларға орналастырып,
толық сенсорлық изоляцияға дейінгі
жағдайға жеткізген. Бірнеше сағаттан
кейін-ақ зерттелуші мазасыздық кү-
йіне жетіп, экспериментті доғаруды
сұраған.
Ал ұзақ мерзімдік эксперимент жағ-
дайына түскен зерттелушілер, ал-
дымен, уақыттық бағдардан, ал одан
кейін, тіптен, ойлау қабілетінен айы-
рылған. Олар тіпті оңай есептерді
шеше алмай, көбісінде ес процесі-
нің бұзылысы байқалған. Зерттелу-
шілердің 80% жуығында көру гал-
люцинациялары пайда болған. Осын-
дай эксперименттерге адамдар 2-3
күннен артық шыдамаған. Осы және
басқа да мысалдар адамның түйсіну
түріндегі қоршаған дүние жөнінде
ақпаратты алу қажеттілігінің күшті
екендігін көрсетеді.
СЕНСУАЛИзМ (лат. sensus – сезім,
түйсік) – психикалық өмірдің негізі –
сезімдік әсерлер деп түсінетін ілім.
Антика заманында бұл ілімді бірқа-
тар философиялық мектептердің
өкілдері (киренаиктер, эпикурийлік-
тер, стоиктер т.б.) дамытумен айна-
лысқан. Мәселен, стоиктер ақылды
«таза тақта» деп қарастыруды ұсын-
ды. Бертін келе осы қағидаларды Қай-
та өрлеу және Жаңа заман дәуірле-
рінде бұл көзқарасты жакқтаушылар
ақ болмағаны анық.
С.-нің ықпалымен ассоциациялық
психология ерте алды тиісті психи-
калық нәтижелер тудыратын қара-
СЕНС
СЕНС
497
пайым түйсіктердің байланысы. С.
идеялардың психологиядағы алғаш-
қы эксперименттік жұмыстарға ық-
палы зор болды. Өйткені экспери-
менттің басты міндеті – бастапқы
сезімдік қабылдауды (түйсіктер)
анықтау; бұлар арқылы жан құбы-
лысының бүкіл күрделі архитекто-
никасы жасалатын болды. Экспери-
менттік психологияның одан арғы
дамуы адам санасының аса күрделі
екенін, мұның ойлау актілерінің
қарастыруға мүмкіндігі келмейтінін,
ойлау процесінде сезімдік бейнелер-
ге үйлеспейтін мазмұн болатынды-
ғын, сондай-ақ мінез-құлық моти-
вациясы мен іс-әрекеттің ролін тү-
сіндіруге сенсуалистік көзқарас дәр-
менсіз екені байқалады.
СЕРГЕКТІК – адамның белгілі бір
іс-әрекеті жүзеге асыру жағдайын-
дағы жүйке жүйесі белсенділігінің
не функциялық күйінің мінез-құлық-
тық көрінісі. С. мезгіл-мезгіл ұйқымен
орын ауыстырып, сергектік-ұйқы
циклін құрайды. С.-тің мынадай дең-
гейлері сараланады: ширығудың
шекті деңгейі белсенді сергектік,
байсалды сергектік. С.-тің әрбір дең-
гейі вегетациялық. моторлық және
электроэнцефалографиялық көрсет-
кіштер кешенімен ажыратылады.
СЕЧЕНОВ ИВАН МИХАЙЛОВИЧ
(1829-1905). Әлемдік физиология,
психология ғылымдарының тари-
хында Сеченовтың орны ерекше. Ол
Мәскеу университетінің медицина
факультетіне түсіп оның сол кездегі
атақты ғалымдар Грановский мен
Кудрявцевтардың лекцияларынан
молынан сусындауы, сондай-ақ сол
кездегі аты шулы орыс дәрігері
С.П.Боткинмен танысуы Сеченов-
тың ой-өрісін әрмен қарай кеңейтіп,
ерекше ықпал етіп, оның ғылыми
жұмыспен айналысуына зор түрткі
болады.
И.М.Сеченов 1856 жылы универси-
тетті бітіргеннен кейін ғылыми жұ-
мысқа даярлану үшін шетелге кетеді.
Онда жаратылыстану ғылымының
алдыңғы қатарлы өкілдерімен кезде-
сіп, олардың зерттеу практикасымен
танысады. Сол уақыттың өзінде-ақ
оның «Алкогольден қатты уланудың
организмге әсері» деген еңбегі ғалым
жұртшылықтың назарын бірден өзі-
не аударады. 1860 жылы ол Ресейге
қайтып оралып Медико-хирургия-
лық академияның профессоры бо-
лып орналасады.
Сеченов бұрын ешкім зерттеуге ба-
тылы бармаған миға лаборатория
жағдайында зерттеу жүргізді. Ол мы-
надай қарапайым тәжірибе жасады:
құрбақаның үлкен жарты шарларын
аралық мидың тұсынан тіліп алып
тастап, оның аяғын қышқылмен ті-
тіркендіріп, оған жауап беретін реф-
лекстің қандай жылдамдықпен та-
райтынын анықтады. Мидың тілінген
жеріне ас тұзының кристалын салған-
да рефлекс тежелуге ұшыраған.
Бұл құбылыс рефлекстік реакцияның
пайда болуын мидың бөгей алатын-
дығын айқын көрсеткен. Сеченовтың
ми қабығында қозумен қатар теже-
лу процесі қызмет атқарады деген
пікірді психиканың табиғатын ғы-
лыми тұрғыдан түсіндірген тұңғыш
пікір еді. Сеченов өз еңбектерінің
бірінде адамның жұмыс істеу қа-
білеті мен шаршауына байланысты
физиологиялық мәселелерді зерттеп,
СЕРГ
СЕЧЕ
498
жұмысшылардың 8 сағаттық жұмыс
күнін енгізу керек деген талабын
физиология ғылымы негізінде дә-
лелдеді. Орыстың революционер-
демократы Н.Г.Чернышевскиймен,
оның отбасымен тығыз байланысты
болды. Чернышевский өзінің «Не іс-
теу керек?» деген романында Кирса-
нов пен Вера Павлованың бейнесі
арқылы Сеченовпен оның әйелі Бо-
кованың іс-әркеттерін суреттейді.
И.П.Сеченов өз өмірінің ең соңғы
минуттарына дейін орыс ғылымы-
ның озат өкілдері – Тимирязев, аға-
йынды Ковалевскийлер, Мечников,
Менделеевтермен бірге Ресейдегі
реакцияның қара күшіне қарсы,
материалистік көзқарастың жеңісі
үшін бар күш-қуатын жұмсады.
Оның асқан қарапайымдылығы, та-
маша лекторлық қабілеті мен ұстаз-
дық өнегесі тек өз замандастарының
арасында ғана емес, бүкіл орыс
қауымына ерекше әсер етті.
Сеченовтың ғылымдағы дәстүрін
академик И.П.Павлов ілгері қарай
дамытты. Ол Сеченовтың еңбегін
жоғары бағалап, оны «орыс физио-
логиясының атасы» деп атады.
СИГНАЛ (лат. signum – белгі). Ана-
лизаторлардың т.б. қабылдаушы
жүйелердің сипатына қарай: оп-
тикалық, акустикалық, тактильдік,
электромагниттік, химиялық, био-
ритмдік және т.б. сигналдар болады.
Бұл айтылғандар психофизиология
мен нейропсихологияда, психофизи-
када, ииженерлік және жалпы пси-
хологияда перцептивтік процестерді
зерттеу кезінде, әлеуметтік психоло-
гияда коммуникация процестерін
зерттеуде кеңінен пайдаланылады.
СИНЕРГЕТИКА (грек. synergia –
ынтымақтастық) – күрделі жүйелер-
дің бей-берекет күйден реттелген
күйге өту процесін зерттейтін және
осы жүйе элементтерінің арасында-
ғы белгілі бір байланыстарды аша-
тын ғылым. Мұндай байланыстар ке-
зінде элементтердің жүйе шеңберін-
дегі жиынтық әрекеті нәтижелілігі
жөнінен элементтердің әрқайсысы-
ның әрекеттерінің қарапайым қо-
сындысынан асып түседі. Дербес
ғылым ретінде XX ғасырдың 70-
жылдарының ортасында пайда бол-
ды. Педагогика үшін әдіснамалық
принциптердің бірі болуға бет алды.
Өйткені педагогикалық процесте
мақсаткерлік өзара әрекеттестік шең-
берінде нақ осы ғылым зерттейтін
нәтижелер шығатыны білініп отыр.
СИНЕСТЕзИЯ (грек, synaisthe-
sis – қосарласқан түйсік) – тітіркен-
діргіштер сезім мүшелерінің біреуін
тітіркендіргеңде оған тән түйсіктер-
мен қатар басқа сезім мүшелеріне
де тән түйсіктердің пайда болуы.
Мысалы, кейбір адамдар бір дыбыс
естігеңде бұған қоса әртүрлі дәм
мен түстерді де сезінуі мүмкін. Ен-
ді басқалары сары түсті заттарды
көргенде жылылықты қоса сезінеді
де, ал көк, жасыл түсті көргенде –
суықты сезінгендей болады. Есту,
көру, сипай сезу, иіс, дәм түйсікте-
рінде кездесетін бұл құбылыс өмір-
де жиі кездеспейді. С. – түйсіктердің
өзара байланысының мөлшерден тыс
дамыған бір көрінісі болып табыла-
ды. Мысалы, кейбір адамдарда есту
түйсіктерімен қатар көз алдарына
көптеген бейнелер пайда болады, бұл
патологияға жатады.
СИГН
СИНЕ
499
СИНТЕз (жинақтау). Талдау нәти-
жесінде айқындалған белгілер мен
қасиеттерді біріктіру – синтез деп
аталады. Ойлаудың операциясы.
Біріктірудің физиологиялық негі-
зі – мидың жүйке жүйесіндегі уақы-
тына байланыстардың түйісіп қо-
сылуы. Ойлау әрекетінде біріктіру
(синтез) келесі талдау, салыстыру,
абстракциялау, нақтылау, жүйелеу
тәсілдері (операциялары) сияқты жиі
қолданылады.
СИПАЙ СЕзУ ТҮЙСІКТЕРІ. Зат-
тардың теріге үйкелуінің нәтижесін-
де олардың тегіс немесе кедір-бұдыр,
жұмсақ немесс қатты құрғақ не дым-
қыл екенін және т.б. қасиеттерін
түйсінуге болады. Заттар теріге сүй-
келгенде жүйкелер қозса ғана түйсіну
пайда болады, қоздыруға шамасы
келмейтін сүйкелу түйсінуді туғыза
алмайды. Тері түйсіктерінің адамға
тән белгісі бар. Бұл, ең алдымең,
адамның тері түйсіктеріне сипаудың
елеулі орын алуымен байланысты.
Сипау мүшесі – қол. Ол – адамның
ең сезгіш мүшесінің бірі. Жас нәрес-
телердің айналасындағы дүниені та-
нуында сипау үлкен рөл атқарады.
Сипау сезімі – мылқауларды оқыту-
дың, оларды түрлі мамандыққа ақыл-
ой өрісін дамытудың күшті құралы.
СКАУТИзМ (ағылш. scout – бар-
лаушы) – балаларды, жасөспірімдер
мен бозбалаларды тәрбиелеу жүйе-
сі. С. скаутинг принциптеріне – ба-
лаларды мектептен тыс тәрбиелеуді
ұйымдастырудың педагогикалық
әдістемелеріне негізделген. Қоғам-
дық балалар және бозбалалар қоз-
ғалысында көрінеді. С. – әлеуметтік
тегіне және дініне тәуелсіз, барлық,
жастар үшін ашық ерікті мемлекеттік
емес, саяси емес тәрбиелеуші қоз-
ғалыс. С.-нің негізгі мақсаты – жас-
тардың зияттық, қоғамдық және ру-
хани әлеуеттерінің дамуына, олар-
дың жеке тұлға және азамат ретінде
қалыптасуына көмескілеу. С. – көп-
теген халықаралық балалар және
жасөспірімдер қозғалыстарының бі-
рі. 1907 жылдан бастап, оған 250 млн-
нан астам адам қатысты. Қазіргі кез-
де скауттық ұйымдар 160-тан астам
елде бар және 16 млн-нан астам
адамды біріктіреді.
СКИННЕР БЕРРЕС ФРЕДЕРИК
(1904-1990) – америкалық психолог,
негізгі ұғымы «операнттық ескер-
ту» – спонтанды түрде пайда болатын
бейімделуші реакцияларды бекіту
болып табылатын операнттық би-
хевиоризм концепциясының авторы
(«Организмдердің жүріс-тұрысы»,
1938). С. концепциясының теориялық
жорамалдары бағдарламалық оқыту-
ды ұйымдастыруда қолданыс тапты.
СМИРНОВ АНАТОЛИЙ АЛЕК-
САНДРОВИЧ (1894-1980) – орыс
психологі. Психология ғылымдары-
ның докторы, КСРО педагогикалық
ғылымдар академиясының толық
мүшесі, Мәскеудегі психология инс-
титутының директоры. Жалпы және
педагогикалық психология саласы-
ның өкілі. Ес процесін зерттеуші.
Негізгі еңбектері: «Есте қалдыру пси-
хологиясы» (1948), «Ес психикасы-
ның мәселелері» (1966), «ССРО-да-
ғы психология ғылымының қазіргі
жағдайы және дамуы» (1975) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |