Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев


СӘТСІзДІКТЕРДЕН  ҚАШУ  МО-



Pdf көрінісі
бет72/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90

СӘТСІзДІКТЕРДЕН  ҚАШУ  МО- 

ТИВІ – адамның кез келген жағдай- 

да сәтсіздікке ұшырамауға ұмтылуы, 

әсіресе оның жасаған еңбектері мен 

нәтижелерін  басқа  адамдар  бағалап 

қабылдағанша  кез  келген  жағдайда 

адамның  сәтсіздіктен  құтылуға  ты- 

рысуы. С.к.м. түрткісіне бой алдырған 

адам сол үшін өзінің бастапқы мақ- 

сатынан  толық  не  белгілі  мөлшерде 

бас тартуға дейін барады. С.қ.м. үл- 

герімі  нашар  балалардың  тапсырма 

орындамау себебін түсіндіргенде жиі 

байқалады.

СЕГРЕГАЦИЯ  (лат.  segregatio  – 

бөліну) – адамдардың қоғамда әлеу- 

меттік статустарының айырым белгі- 

сі бойынша санаттарға бөлінуі; мұн- 

да топтар арасындағы байланыстар- 

ға,  ішінара  не  толық  тыйым  салы- 

нып,  өмірлік  қарекет  салаларының 

шектелуі  талап  етіледі.  Мұндай  бө- 

ліну  әлеуметтік  нормаларда,  жүріс- 

тұрыс  стереотиптерінде,  қоғамдық 



СӘТС

СЕГР

487

институттарда  орнығады,  симво- 

ликамен  кодталып,  баса  көрсетіледі 

(ерекшелік белгілері, киім, табу, дәс- 

түрлер, жоралар).

Қоғам  тарихы  сегрегацияның  әр 

алуан  түрлерінің  көп  болғандығын 

көрсетеді.  Сегрегацияның  негізі 

адамдардың  арасында  нақты  бар, 

ерекше  түрде  ұғынылған  айырма- 

шылықтар  болуы  мүмкін:  жыныс  – 

жыныстық  сегрегация,  жас  –  жасқа 

қарайғы  сегрегация,  антропология- 

лық тип – нәсілдік сегрегация, этнос- 

тық қатыстылық – ұлттық сегрегация.

Оған  сондай-ақ  белгілі  бір  страти- 

фикацияланған  топтарға,  сословие- 

лерге,  касталарға  (сословиелік,  кас- 

талық  С.)  қатыстылық,  діне  құпия 

жораларға  қатыстылық  негіз  болуы 

мүмкін.  Әлеуметтік  қауымдастық 

деңгейінде  идеологияда,  саясатта, 

этикетте  көрінеді.  Тұлғааралық  қа- 

тынастар деңгейінде С. Басқа санат- 

тың  адамдарын  және  өзін-өзі  ұғы- 

нудағы  әлеуметтік  ұстанымдар  мен 

стереотиптер түрінде болады. С. уа- 

қытша сипатта болуы мүмкін, мыса- 

лы,  жасөспірімдердің  инициация 

ғұрыптары  кезінде  өзінің  бұрынғы 

тобынан ажырап жаңа топқа қосыла 

қоймаған  кезінде  олар  әлеуметтік 

статусынан айырылып, қоғамнан тыс 

қалғандай  болады.  Бұл  мәжбүрлік 

оқшаулану  олардың  өмірінде  бет- 

бұрыс  кезең  болып,  оның  тұлғалық 

құрылымына әсері болуы мүмкін.

СЕзГІШТІК – 1) организмнің түй- 

сіне  аларға  қабілеттілігі.  Ол  фило- 

генезде  тірі  организмдер  қоршаған 

ортаның  факторларын,  тікелей  био- 

логиялық мәні бар әсерлерге қатысы 

жөнінен сигналдық функция атқара- 

тын  осы  факторларға  жауап  әрекет 

білдіре бастаған кезде пайда болды; 

2)  дифференциалдық  психология 

мен  мінезтануда  –  аффектілік  реак- 

цияларға көтеріңкі дайындық; 3) пси- 

хофизикада – түйсіну табалдырығы- 

на  кері  пропорционал  шама.  Осы- 

ған  сәйкес,  абсолюттік  және  диф- 

ференциалдық (айырымдық) сезгіш- 

тік сараланады. Сезгіштік түрлерінің 

таптастырылуы түйсінулердің қазіргі 

таптастырылуларына сәйкес келеді.

Мысалы, жасалатын сенсорлық тал- 

даудың  егжей-тегжейлілігі  дәрежесі 

бойынша  ерекшеленетін  сезгіштік 

түрлерін ажыратады. Тітіркеңдіргіш- 

тің сипатын ескере отырып, механи- 

калық, оптикалық, химиялық, темпе- 

ратуралық  және  басқадай  стимул- 

дардың  әрекетін  сезгіштік  туралы 

айтуға  болады.  Организмнің  сез- 

гіштігін  түйсінулердің  негізінде  ға- 

на емес, әртүрлі психологиялық-фи- 

зиологиялық  процестердің  өтулері- 

нің  өзгерулеріне  қарап  бағамдауға 

болады. Нәтижесінде, әдетте, әртүрлі 

бірнеше  көрсеткіш  келіп  шығады. 

Мысалы, мидың интегралдық ырғақ- 

тарының  өзгеру  реакциясы  бойын- 

ша анықталатын көрушілік сезгіштік 

сыналушының  сөзбен  айтып  берген 

себебі  негізінде  бағаланатын  сез- 

гіштіктігі  жоғары  болып  шығады. 

Соңғы жылдары жаңа теориялық тү- 

сініктердің  (сигналды  байқау  тео- 

риясы)  пайдаланылуы  арқасында 

психофизикада сезгіштіктің «түйсіну 

табалдырығы»  ұғымынан  тәуелсіз 

неғұрлым  қорытылған  анықтамала- 

ры пайда болды.

С. (түйсік) – 1) жалпы алғанда – сти- 

муляциядағы  сезгіштік;  2)  арнайы 

мағынасы  –  әлсіз  (нашар)  стимулға 

СЕзГ

СЕзГ


488

жауап  қайтару,  сезгіштіктің  төменгі 

табалдырығы; 3) басқа біреудің сезі- 

мін түсіну. Талдағыш рецепторлары- 

на  әсер  еткен  тітіркендіргіштердің 

бәрі  бірдей  түйсік  тудыра  бермейді. 

Түйсік тудыру үшін тітіркендіргіштің 

белгілі бір дәрежеде мөлшері мен кү- 

ші болуы қажет. Бұл – түйсіну про- 

цесінде  түйсік  табалдырығына  бай- 

ланысты.  Түйсік  табалдырығының 

шегі  –  абсолют  табалдырық.  Абсо- 

лют  табалдырықтың  күші  адамның 

абсолюттік  сезгіштігін  сипаттайды, 

абсолют табалдырық күші неғұрлым аз 

болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым 

өткір  болғаны.  Басқаша  айтқаңда, 

абсолюттік сезгіштіктің мөлшері түй- 

сіктің  абсолют  табалдырығы  мөл- 

шеріне  кері  пропорциялы  болады. 

Белгілі талдағыштардың абсолюттік 

сезгштігі  әр  адамда  әртүрлі  болуы 

мүмкін. Мысалы, бір бала сыбырла- 

ған  сөзді  алыстан  естиді,  ал  екін- 

шісі  естімейді.  Бұдан  бірінші  ба- 

ланың  абсолюттік  сезгіштігі  екінші 

баланыкінен  жоғары  екендігі  бай- 

қалады.  Адам  талдағыштарының 

абсолюттік  сезгіштігі  шынында  да 

жоғары болады.



СЕзІМ  –  адамдардың  бір-бірімен 

қатынас  жасау  қажеттігінен  туын- 

дайтын  және  біртіндеп  дамып  қа- 

лыптасып  отыратын  жан  қуаты. 

Мәселен, достық, адалдық сезімдері, 

адамда бірден қалыптаса қоймайтын 

белгілері. Ал, эмоция болса, адамның 

түрлі  органикалық  қажеттіліктеріне 

байланысты оқтын-оқтын туып оты- 

ратын,  кейде  шағын,  кейде  қүрделі, 

ситуациялы  көріністері.  Мәселен, 

адам  қуанғаннан  немесе  қамыққан- 

нан  көзіне  жас  алады,  не  болмаса 

бір  нәрсеге  мәз  болып  ішек  сілесі 

қатқанша  күледі,  әрине,  мұндай 

жағдайдың  ұзаққа  созылмайтыны 

белгілі.  Бұл  сезім  мен  эмоцияның 

бірінші  ерекшелігі,  сезімдерде  мә- 

нерлі  қозғалыстар  (мимика,  панто- 

мимика) жөнді байқалмайды, тұрақ- 

ты  терең  әсерлі  сезім  адам  психо- 

логиясындағы  басты  белгілердің  бі- 

рі,  ал  эмоция  болса  мәнерлі  қоз- 

ғалыстарға  бай  келеді,  мұнда  адам 

өзін  тек  организм  тұрғысынан  көр- 

сете алады.

Адамның  жоғары  сезімдері  –  иман- 

дылық,  интеллектілік,  эстетикалық. 

Жоғары  сезімдердің  қалыптасуына, 

адамның өскен ортасы, отбасы, ұжы- 

мы елеулі әсер етеді, әсіресе халқы- 

мыз  айтқандай  «Сөз  сүйектен  өте- 

ді  ...»  т.б.  мәтелдері  сезімді  тәрбие- 

леу қажет екеніне дәлел болады. Осы 

тұрғыдан алғанда, С. ми қабығының 

жұмысынан,  ондағы  динамикалық 

стереотип жасалып отыратындығынан 

тәуелді. Ал эмоцияға келсек, мұның 

физиологиялық  негізі  ретикулярлық 

формацияның  лимби  жүйесінің, 

сондай-ақ,  ондағы  гипоталамус  бө- 

лігінің  (дененің  зат  алмасуы,  тем- 

пературасын  реттестіретін  жүйке) 

орталығымен  ұштастырамыз.  Мә- 

селен,  осы  жүйке  қызметінің  орта- 

лықтарына зақым келсе, адам тойға- 

нын білмейтін, немесе шөлі қанбай- 

тын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде 

де  сезімдер  мен  эмоцияның  бір-бі- 

рінен  айырмашылығы  байқалады. 

Адамның  сезімдері  ылғи  да  қоғам- 

дық-тарихи  сипатта  болады.  Мәсе- 

лен, адамның адамгершілік сезімдері 

(жолдастык,  борыш,  жауапкершілік, 

адалдық, шыншылдық, т.б.) қоғамда- 

ғы  өзгелерге  байланысты  өзгеріп 



СЕзІ

СЕзІ

489

отыратыны  белгілі.  Меселен,  нарық 

экономикасына  көшкенде,  жастар- 

дың сезімдерінде әртүрлі көріністер- 

ді байқаймыз.

С.  –  адамның  өзіне,  өзге  адамдар- 

ға, айналасындағы заттар мен құбы- 

лыстарға  көңіл  күйінің  қатынасын 

білдіретін және оларды бейнелейтін 

психикалық  үрдіс  екендігін  білдіре- 

тін тағы бір ерекшелігі – оның адам 

көңіл  күйіне  байланысты  әрбір  үр- 

діске белгілі бір түрде рең беріп тұ- 

ратындығы.  С.-нің  сан  алуан  көрі- 

ністері  мен  олардың  пайда  болуы 

әлеуметтік-қоғамдық  жағдайларға, 

әсіресе, материалдық, рухани-мәдени 

қажеттіліттерді  қанағаттандырудың 

мақсат-мүдделеріне  байланысты. 

С.  мен  эмоцияның  адам  іс-әрекеті 

мен  көңіл  күйіне  ұнамды  әсер  етуі 

стеникалық, – күшті сезім тудырса, 

ал  ұнамсыз  не  теріс  әсер  етуі  ас- 



теникалық  –  әлсіз,  жағымсыз  сезім 

тудырады.  Стеникалық  сезім  жүйке 

жүйесіндегі  қозуды  күшейтсе,  ас- 

теникалық  сезім  жүйкеге  тежелу 

жасап,  адамның  әрекетшілдігін  әл- 

сіретеді.  Адам  сезімінің  қайнар  бұ- 

лағы – бізді қоршаған болмыс, объек- 

тивтік  шындық.  С.  адамның  табиғи 

және  әлеуметтік  қажеттіліктерінің 

қанағаттандырылу  не  қанағаттан- 

дырылмауы  салдарынан  туындап 

отырады.


СЕзІМДІЛІК  –  адамның  айқын 

білінген заттық сипаты бар және бір- 

шама  орнықтылығымен  ерекшеле- 

нетін  эмоциялық  күйіну-сүйінулері- 

нің айрықша түрі. Қалыптасқан нақ- 

ты жағдайлардағы заттардың субъек- 

тивтік  маңызын  бейнелейтін  жағ- 

даяттық  эмоциялар  мен  аффекті- 

лерден өзгеше, сезімдер тұрақты мо- 

тивациялық  маңызы  бар  құбылыс- 

тарды  саралайды.  Тұлғаға  оның 

қажетсінулеріне сай келетін заттарды 

ашып  және  оларды  қанағаттандыру 

жөніндегі қарекетке ынталандырып, 

сезімдер  бұл  қажетсінулердің  бо- 

луының нақты – субъективтік ныса- 

ны болып табылады. С.-дің қалылта- 

суы – адамның тұлға болып дамуы- 

ның қажетті шарты.

Мінез-құлқының  түрткі-себептерін, 

мұраттарын, нормаларын білудің бір 

өзі адамның оларды басшылыққа алу 

үшін жеткіліксіз. Орнықты сезімдер 

заты болғаннан кейін ғана бұл білім- 

дер  қарекетке  нақты  түрткі  болады. 

Адам  сезімдерінің  қоғамдық  шарты 

қоғамның дамуы барысында өзгеріп 

отырады. Онтогенезде сезімдер жағ- 

даяттық  эмоциялардан  гөрі  кейін 

пайда болады; олар отбасының, мек- 

тептің,  өнердің  және  өзге  қоғамдық 

институттардың  тәрбиелік  әсерінің 

ықпалымен индивидтік сананың да- 

муына орай қалыптасады. Эмоциялық 

тәжірибені қорыту нәтижесі ретінде 

пайда  болып  қалыптасқан  сезімдер 

адамның эмоциялық саласының же- 

текші түзілімдеріне айналады да, өз 

кезегінде жағдаяттық эмоциялардың 

динамикасы мен мазмұнын анықтай 

бастайды.  Мысалы,  жақын  адамына 

деген  сүйіспеншілік  сезімінен  жағ- 

дайға  байланысты  ол  үшін  алаңдау, 

айырылып қалса қайғыру, жүздескен- 

де  қуану,  сүйген  адамы  сенімді  ақ- 

тамаса ыза болғанда дамуы мүмкін. 

Мұндай  жағдаяттық  эмоциялар  қа- 

лыптасқан  жағдайларға  қатысты  се- 

зімнің  мазмұнын  нақтылайды  да, 

белгілі  бір  әрекетке  ынталандырып, 

сезімнен  өрбіген  қарекеттің  дамуы- 

СЕзІ

СЕзІ


490

на  септеседі.  Кейде  сезімдер  мен 

оларға  ілеспе  эмоциялар  олардың 

объектілеріне  қайшылықты  қатынас 

тудыруы мүмкін.

Тұлғаның  қалыптасу  процесіне  се- 

зімдер  иерархиялық  жүйеде  ұйым- 

дасады;  онда  бір  сезімдер  жетекші 

орында, басқалары әлеуеттегі, жүзеге 

аспайтын  беталыстар  болып  қала 

берсді.  Үстем  сезімдердің  мазмұны 

тұлғаның  бағыттылығының  ең  ма- 

ңызды  сипаттамаларының  бірін 

анықтайды.  Сезімдерді  топтастыру- 

дың  ең  көп  тараған  бір  түрінде 

олардың  жекелеген  түрлері  өздері 

көретін  қарекет  салалары  бойынша 

сараланған.  Адамның  әлеуметтік 

болмысқа  эмоциялық  қатынасының 

бүкіл  байлығы  қамтылған  биік  се- 

зімдер айрықша топ құрайды. Адам- 

гершілік  сезімдер  саласына  адам- 

ның  әлеуметтік  мекемелерге,  мем- 

лекетке,  басқа  адамдарға,  өзіне-өзі- 

нің  көзқарасын  айқындайтынның 

бәрі  жатады.  Танымдық  қарекет 

адамда  танымдық  немесе  ақыл-ой- 

лық  сезімдерін  туғызады.  Олардың 

пәні білім алу процесінің өзі, сондай-

ақ  оның  нәтижесі  болады;  ақыл-ой 

сезімдерінің шыңы адамның ақиқат- 

қа  деген  жалпылама  сүйіспеншілік 

сезімі  болып  шығады.  Биік  сезім- 

дердің  арасында  қарекетпен  байла- 

нысты:  еңбекпен,  оқумен,  спортпен 

байланысты  практикалық  сезімдер 

маңызды  орын  алады.  Пәндік  маз- 

мұнның  жалпыламалық  дәрежесі 

бойынша  сезімдер  нақты  (мысалы, 

балаға,  өнер  туындысына  қатысты 

сезімдер), жалпылама (жалпы алғанда 

балаларға, музыкаға деген сезімдер) 

және  абстрактілі  (әділеттік  сезімі) 

болып бөлінеді.



СЕзІМНІҢ АМБИВАЛЕНТТІГІ – 

екіжақтылық,  қайшылық,  қарама-

қарсылық.  Сезім  психологиясында 

адамның  ішкі  жан  дүниесінде  бір 

мезгілде бір объектіге қарама-қарсы 

сезімдердің тууы немесе бір кезеңде 

организмде  екі  түрлі  эмоцияның 

қатарласа пайда болуын эмоциялардың 

А.  деп  атайды.  Мәселен,  адамның 

эмоциялық  сезімдерінде,  бір  кезде 

біреуге  деген  сүйіспеншілік,  махаб- 

бат  туындай,  соған  қосарлана,  қыз- 

ғаныш  эмоциясы  да  бір  елі  қалмай 

еріп  жүреді.  Бұл  көбінесе  ой-өрісі 

төмен,  өзіндік  санасы  жан-жақты 

қалыптаспаған  адамдарда  жиі  кез- 

деседі.

СЕзІМ  МҮШЕЛЕРІ  –  сыртқы  дү- 

ниені  адам  санасына  жеткізетін  ка- 

налдар. С. м. адамның сыртқы ортада 

және  өз  ішкі  күйінде  бағдарлай 

алуына  мүмкіндік  береді.  Адамда 

қоршаған  дүниеден  ақпаратты  алу 

тепе-теңдікте  немесе  баланста  бо- 

луы  кджет.  Ақпараттық  балансқа 

қарсы  ақпараттық  салмақ  түсу  мен 

ақпараттық  жетіспеушілік  (сенсор- 

лық  изоляция)  сияқты  құбылыстар 

кездеседі.  Бұл  екі  келеңсіз  жағдай- 

лар  организмнің  күрделі  функцио- 

налдық  бұзылысына  алып  келеді. 

Секемшілдік – адамның өзінің және 

өзіне  жақын  адамдарының  денсау- 

лықтарының  ахуалына  қорқыныш- 

пен,  қауіптілікпен,  үрейленулермен 

қарауға бейімділігі.

СЕзІМ  САЛАСЫНДАҒЫ  ДА- 

РА   А Й Ы Р М А Ш Ы Л Ы Қ ТА Р. 

Психикалық  эмоциялық  жақтарын- 

дағы  айырмашылықтардың  адам 

психологиясын  сипаттау  үшін  зор 



СЕзІ

СЕзІ

491

маңызы  бар.  Адамды  толық  білу 

үшін  тек  оның  қалай  ойлайтынды- 

ғын, қалай әрекет ететіндігін ғана бі- 

лу жеткіліксіз, оның қалай сезетінді- 

гін де білуіміз керек.

Адамдарды  бір-бірінен  айыратын 

оның  сезімдеріндегі  өзгешеліктер 

нендей екен?

Сезімнің  бағыттылығы.  Сезім  сала- 

сындағы  ең  басты  айырмашылық- 

тар – адам сезімдерінің қандай нәр- 

сеге бағытталғандығына, осы сезім- 

дердігі мазмұнына байланысты бола- 

ды. Лермонтов «Ой» деген өлеңінде 

былай деп жазды: «Біздің жек көруі- 

міз  де,  сүюіміз  де  кездейсоқ».  Егер 

сезімдер кездейсоқ объектілерге пар- 

шаланып,  кездейсоқ  себептерден 

пайда болса, онда олар адамның шы- 

ғармашылық  жұмысында  да,  тірші- 

лік күресінде де мықты қозғаушы күш 

бола алмайды. Қайта ондай сезімдер 

адамды өмірінің негізгі міндетін бас- 

қа жаққа аударып, таңдап алған тура 

жолынан адастырып жіберетін кедер- 

гі болуы мүмкін.

Адамның  эмоциялық  өмірін  талдай 

білу үшін, ең алдымен, оның өмірін- 

де ең үлкен роль атқаратын сезімдер- 

дің оның дүниеге көзқарасымен және 

алдына  қойған  негізгі  мақсаттары- 

мен қаншалықты байланысты екеніп 

ұғыну керек. Оның бір нәрсені жақ- 

сы  көруі  жек  көруі,  рухтануы,  қуа- 

нуы,  қамығуы  кездейсоқ  па,  жоқ 

принципиальды ма, соны білу қажет. 

Оның  сезімдері  жеке  басының  ба- 

ғытталуын көрсететін сенімінен туа 

ма немесе олар осы минуттағы әсер- 

лерден туа ма, осыларды жақсы ұғы- 

ну керек.

Мәселен,  өшпенділік  сезімі  бағыт- 

талған  нәрсесіне  қарай  жоғары  не- 

месе төмен болуы мүмкін. Отан жау- 

ларына  деген  өшпенділік  –  адамды 

ерлікке рухтандыратын және батыр- 

лықты  тудыратын  ең  жоғарғы  се- 

зімі.  Жарыста  өзінен  озып  кеткен 

адамды жек көріп, оны күндеу сезі- 

мі  –  бұл  ұсақтық,  төмен  сезімдер 

өсек  туғызады,  жаман  қылықтар  іс- 

теуге бастайды.

Сезімнің  тереңдігі.  Адамның  эмо- 

циялық  өмірін  сыпаттауда  оның  се- 

зімдерінің  тереңдігі  зор  орын  ала- 

ды. Терең сезім деп әр адамның тір- 

шілігінің ең маңызды жақтарын қоз- 

ғайтын  сезімді  айтады;  ол  адамның 

ойы,  талаптары,  тілектерімен  жан-

жақты  байланысты  болып,  барлық 

рухани тұрмысына әсерін тигізеді.

Тез өтетін және сыртқы көрінуі ашық 

күшті  сезімдердің,  барлығы  бірдей 

терең сезім бола бермейді. Әуестену 

күшті  сезім  болғанымен,  терең  се- 

зім  емес.  Шын  сүйіспеншіліктің 

әуестенуден өзгешелігі – ең алдымен 

оның  тереңдігінде.  Аффектілердің 

барлығы  күшті  сезімдерге  жатады, 

бірақ  олардың  көпшілігі  тіпті  терең 

болмайды. Ызаның қызу сыртқа шы- 

ғуы күшті және тайыз сезім болады. 

Адамның сенімінен туатын және оның 

өмірлік  күресінің  жолын  айқындай- 

тын принципиальды жек көру терең 

сезім болады.

Сезімнің  тереңдігі  көңіл күйдің қы- 

зу, тез болуымен, ондай көңіл күйінің 

сыртқа тез шығуымен қажетті түрде 

байланысты емес «Сабырлылық бой- 

да  жасырын  жатқан  ұлы  қуаттың 

белгісі; сезімнің, ойлардың толық жә- 

не терең болуы ұстамсыз қылықтар- 

ды болдырмайды» (Лермонтов, «Біз- 

дің заманның геройы»). 

Адамның  эмоциялық  өмірінің  бай- 

лығы  мен  мазмұндылығы,  оның  се- 

зімінің  күшінен  гөрі  тереңділігіне 

СЕзІ

СЕзІ


492

байланысты.  Адамдармен  де  және 

іспен  де  қатты  әуестенетін  адамдар 

болады. Бірақ қандайлық та әуестену 

болмасын тек терең сүйіспеншІлікке 

айналғанда ғана оның терең өмірлік 

маңызы болады. Тек құмарлыққа ға- 

на салынып, сүйіспеншілік қолынан 

келмейтін адамдар үстірт, қуыс кеуде 

болып қала береді.

Сезімнің тұрақтылығы. Сезімнің те- 

реңдігі  оның  тұрақтылығымен  өте 

тығыз  байланысты;  сезім  терең 

болса, тұрақты және берік те болады. 

Ал  тайыз  сезім  күшті  сезім  болған 

күнде де, аз уақыттық, өткініш сезім 

болады.

Сезімнің  тұрақсыздығы  бір-біріне 



ұқсамайтын екі түрлі болуы мүмкін.

Біреулерде  сезімнің  тұрақсыз  бо- 

луы көңілі тез құбылып өзгеру фор- 

маларында  көрінеді.  Мұндай  адам- 

ның сезімі барлық нәрсеге тез әсер- 

ленеді,  бірақ  олар  терең  болмаған- 

дықтан,  басқа  сезімдерге,  тіпті  қа- 

рама-қарсы  сезімдерге  де,  тез  ауы- 

сып  отырады.  Мұндай  адамдар  бо- 

лымсыз  қатерден  сескенеді,  бірақ 

оларды  бір  жақсылық  хабар  айтып 

тыныштандыруға  да  болады;  сонда 

қайтадан  қамсыз,  бейқам  қалпына 

келеді.  Ондай  адамдар  қайғыны  өте 

уайымдағыш  болғанымен,  қызықты 

бір  нәрсеге  алданып,  қайғысын  тез 

ұмытып кетеді. Бұлардың көңілі кез 

келген  әсерден  құбылып,  алмасып 

отырады.

Басқа  бір  жағдайларда  ссзімнің  тұ- 

рақсыздығы  –  эмоциялық  шапшаң 

мұқалу  формасында  болады.  Сезім- 

нің көп түрі осы сезімдерді тудыра- 

тын  әсердің  жиі  қайталауы  себепті 

әлсіреп, ең ақырында өшетін болады. 

Бірақ өзін тудырған әсерге әдеттеніп 

алған  сол  сезімнің,  барлығы  да  әл- 

сізденеді  деу  мүлдем  қателескендік 

болар еді. Адамның жеке басына те- 

рең  әсер  ететін,  оның  әралуан  мүд- 

десіне  байланысты  сезімдер  қай- 

талағанда  әлсіремейді.  Мұндай  се- 

зімдер ешуақытта мұқалмайды. Егер 

адам бір істі шын көңілімен сүйетін 

болса,  ол  іске  адам  шын  көңілімен 

сенсе,  онда  ол  іспен  адам  әрдайым 

шұғылданып отырған күнде де одан 

зерікпейді, қайта бұрынғыдан да сү- 

йе түседі. Жақсы музыка тыңдағанда 

туған  сүйсіну  қайта  тыңдағанда  кү- 

шейе береді. Көркем әдебиетті сүйе- 

тін  және  оны  түсінетін  адам  оқы- 

ған  таңдамалы  шығармаларын  қай- 

талап  оқи  береді,  оған  қарап  оның 

қызғылықты  жойылмайды,  шығар- 

маның әсері де кемімейді.

Ықыласы  тайыз,  тұрлаусыз  адам 

өмірден  тек  күлкі-думан  іздеп  те 

қажиды,  барлығынан  тез  суынады, 

өйткені оның қандайлық сезімі бол- 

са  да  жай  ғана,  үстірт  болады.  Бұл 

сықылды  адамдарда  эмоциялық 

сезімдердің,  мұқалғыштығы,  жасып 

кетуі  қатты  күшейеді,  мұның  нәти- 

жесі  зерігу  болады.  Бұл  категория- 

дағы  адамдарға,  мәселен,  Онегин 

мен  Печорин  жатады.  Печорин  өзі- 

нің  тез  жасуын  өмірдегі  ең  бақыт- 

сыздық нәрсе деп мойындайды. «Ма- 

ған бәрі аз, мен қызық тәрізді уайым-

қайғыға  да  тез  көндігіп  кетем,  күн 

санап кұрып барамын».

 Сезімнің әсерлілігі. Сезімнің адам- 

ды  іскерлікке  жұмылдыратын,  ұм- 

тылатын сыпаты ете күшті. Бұл жа- 

ғынан  адамның  эмоциялық  күйлері 

сан  алуан  болуы  мүмкін.  Кейбір 

адамдарда сезім әсері қозғау беретін 

зор  қуат  болса,  басқа  біреулердің 

СЕзІ

СЕзІ


493

мінез-құлқынан  оның  әсері  жоққа 

тән болады. Бұл соңғы категорияда- 

ғы адамдар бір сезімге қатты берілуі 

мүмкін,  бірақ  іс,  қылығына  сезімі 

әсер  етпейді.  Сезімдерінің  іскерлік 

мәніне  қарап  адамдардың  арасын- 

дағы көп айырманы көруімізге бола- 

ды,  өйткені  сезім  адамның  мінез-

құлқы үшін қозғаушы күш болады.

Әсерлік мәні орасан күшті, берік жә- 

не  терең  сезім  адамның  ойын  тура- 

лап,  барлық  ісіне  белгілі  бір  бағыт 

береді, оның әрекетіне белгілі әсерін 

тигізеді. Сезімнің осы сыпатын – құ- 

марлық деп атаймыз. Құмарлық адам- 

ның бойын билейді, сондықтан оны 

зор  күш  деп  бағалаймыз.  Отанын, 

өзінің халқын сүю, ғылым мен көр- 

кем өнерді сүю – адамды ерлік істер- 

ге  құмарттырады,  ұлы  шығармалар 

жасауға жол ашады. Бірақ ұсақ, мар- 

дымсыз,  адамшылыққа  жатпайтын 

нәрселерге,  лайықсыз  іске  әуестік 

адамның  кісілігін  жоюы  мүмкін. 

Осындай, адамды жаман әдетке бас- 

тап,  нәпсіге  құл  етіп  жіберетін  құ- 

марлықтың  сипаттарын  Пушкиннің 

көп  шығармаларынан  «Қарғаның 

мәткесінен»  (Байлықка  құмарлану), 

«Сараң серіден» (сараңдық), «Моцарт 

пен  Сальериден»  (құмарлыққа  ай- 

налған  күншілдік)  кездестіруге  бо- 

лады.


«Құмартып  сүю»,  «Құмартып  жек 

көрушілік»,  «Іске  құмарлық»  деген 

сөздер  –  сезімнің  әсерінің  өте  те- 

реңдігін, тұрақтылығын сипаттайтын 

сөздер.

Сезімнің  әсерлігі  жөнінен  бір-бі- 



ріне қарама-қарсы бір жағынан сен- 

тименталдық адамдар, екінші жағы- 

нан,  құмарлы  адамдар  болады.  Бі- 

ріншілер, өз сезімдеріне өздері сүй- 

сініп,  содан  ләззат  алатындар,  оны 

іске  асыру  жағын  аз  ойлайтындар; 

екіншілері, сезімдерін көп білдірмей- 

ді, бірақ өмірі соның соңында бола- 

ды, оларды іске асыруға тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет