ҰҒЫМ
ҰҒЫМ
560
дігінше дәлірек бейнелеу үшін өңдел-
ген, икемді, қозғалғыш, салыстыр-
малы, өзара байланысты, дүниені
қамтитындай, қарама-қарсылықтарда
біртұтас болуға тиіс. Бұл қағида диа-
лект, логиканың Ұ. жайлы ілімінің
ең маңызды жақтарының бірі. Ұ. -да
тек жалпылық бейнеленгенімен бұл
оның жекеше мен ерекшеге қарама-
қарсылығы деген сөз емес. Жалпының
өзі жекеде ғана өмір сүреді. Жеке
нәрселердің сапалық ерекшеліктері-
нің негізін құратындықтан ол жеке-
ше мен ерекшені түсіндіруге мүмкін-
дік береді. Тұтас алғанда класс жай-
лы жалпы Ұ. негізінде ғана нәрселер-
дің ерекше топтарын, түрлерін және
сондай-ақ бұл кластың жеке нәрселе-
рін ажыратып, танып білуге болады.
Ұ. жайлы диалект.–логикалық түсі-
нік қазіргі ғылымдардың даму бары-
сында айқындалады, сөйтіп ғыл. та-
ным әдісінің қызметін атқарады.
ҰҒУ – адамның білімді, іскерлікті,
дағдыны меңгеріп дүниені тануы.
Мысалы, мектепте оқушылардың
оқу материалдарын әртүрлі дәреже-
де ұғынуы олардың жас және қабі-
лет ерекшеліктеріне байланысты. Ұ.
адамның ақыл-ой әрекетін дамыта-
ды. Нәрсенің ерекшеліктерін, сипа-
тын, қасиеттерін ұқпай тұрып, адам-
да ойлау процесі дамымайды. Ұғым
болмыстағы нәрселер мен құбылыс-
тардың жалпы, мәнді және белгі-
қасиеттерін бейнелейтін ойлау фор-
масы. Ұ. – заттар мен құбылыстар-
дың мәнді белгілері мен ерекшелік-
терін бейнелейтін жалпылаушы ой-
лау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі
ұғымдар жүйесінен құралады. Кез
келген ұғымның мазмұны мен көле-
мі болады және ол қолдану ретіне
қарай өзге ұғымдармен түрліше бай-
ланыста болады. Ұ. дерексіз ойлау
нәтижесі арқылы жасалып, оның маз-
мұны мен көлемі анықталады. Ұғы-
ну – адамның білімді, іскерлікті, дағ-
дыны меңгеру арқылы дүниені тануы.
ҰЖЫМ (коллектив) – топтың ең жо-
ғары деңгейде қалыптасқан түрі. Ұ.
ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақ-
сатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге
асып, әрбір адамның мақсаты қоғам-
дық мақсат-мүддемен ұштасады. Ұ.
бір мақсатқа бағытталған мекемелер-
де жұмыс істейтін аламдардың не-
месе білім беру орындарында оқи-
тын студенттердің, оқушылардың
және т.б. тобы болып та танылады.
Ұ. – қоғамдық пайдалы іспен шұ-
ғылданатын жоғары деңгейде дамы-
ған адамдардың ұйымдасқан тобы.
Ұ.-дағы адамдардың өзара қарым-
қатынасы олардың бірлесіп атқара-
тын қоғамдық істері мен мақсат-
мүддесінің бірыңғай болуында. Ұ. –
бір мақсатқа бағытталған мекемелер-
де жұмыс істейтін адамдардың неме-
се білім беру орындарында оқитын
студенттердің, оқушылардың және
т.б. тобы. Әрбір ұжымның – заман-
ның ағымына қарай дамып, қалып-
тасқан өз дәстүрлері бар (қауымдасу,
көмектесу, қоғамдық іс атқару, той
өткізу, т.б,). Ұжымның дәстүрлері
ұйымдастыруға байланысты жаңа-
рып, толысып отырады. Мысалы, мек-
тепте «Алғашқы қоңырау», «Соңғы
қоңырау», «Ана тілің – арың бұл»
кештерін ұлттық тәрбиемен байла-
ныстырып жаңаша өткізуге бола-
ды. Ұ.-ның дәстүрлері ұжым мүше-
лерінің өз ықыластарымен ұйым-
ҰҒУ
ҰЖЫМ
561
дастырылып, дәстүр болып қалып-
тасады. Ұжымшылдық (лат. collec-
tivus – жинақтаушы) – ұжымның мақ-
саты мен мүддесін жеке бастың ұм-
тылыстарынан жоғары қоятын және
топтық ұйымдастырушылық, деңгей-
дің жоғарылылығымен сипаттала-
тын адамгершілік қағида. Адамзат-
тың рухани-адамгершілік дамуының
тәжірибесі адамдардың біріккен әре-
кеті қана емес, сонымен қатар адам-
заттық бауырластықтың биік мұра-
тына сай өзін-өзі ұйымдастыру және
өзін-өзі басқаруда екенін айқын көр-
сетуде. Адам мен қоғамның өзара
жауапкершілігі адамдар арасындағы
сенім, құрмет, талапшылдық, қағи-
дашылық қатынастарға негізделеді.
ҰЖДАН – адамның өз мінез-құлқын
бақылау, қадағалау, оған белгілі бір
шек қойып, мүлтіксіз орындау қа-
білетін бейнелейтін әдептану сана-
ты. Ұ. адамның халық пен қоғам
немесе жеке адамдар алдындағы әз
әрекеті, іс-қимылы үшін моральдық
жауапкершілігін сезініп, саналы түр-
де ұғынуын, өз ойы мен іс-әрекетін
адамгершілік ұжданымен бағалай
білуін бейнелейді. Ар-ұждан намыс
деген ұғыммен тығыз байланысты.
Ар-ұждан – адамның өз тәртібін өзі-
нің қадағалауына негізделген тұлға-
ның эстетикалық қарым-қатынасы-
мен байланысты қарастырылатын
мінез-құлықтық категория.
ҰзАҚ УАҚЫТТЫҚ ЕС – білімдер-
ді ұзақ уақыт есте ұстауды, сондай-
ақ біліктер мен дағдыларды және
орасан зор ақпарат көлемін есте сақ-
тауды қамтамасыз ететін ес жүйеше-
сі. Мәлімет-деректерді ұзақ уақыт-
тық еске енгізу мен бекітудің негізгі
механизмі, әдетте, қысқа уақыттық ес
деңгейінде жүзеге асырылатын қай-
талау деп есептеледі. Алайда таза ме-
ханикалық қайталау орнықты ұзақ
мерзімдік есте сақтауға жеткізбейді.
Бұған қоса вербалдық не оңай вер-
балданатын ақпарат жағдайында ға-
на қайталау мәліметтерді ұзақ уақыт-
тық есте орнықтырудың қажетті шар-
ты болады. Жаңа материалды ұғынып
түсінудің жаңа материал мен субъек-
тіге бұған дейінгі мәлімнің арасын-
дағы байланыстарды анықтаудың ше-
шуші мәні бар.
Мұндай есте сақталатын хабардың
сыртқы беткі нысаны елеусіз болып,
бірақ оның есесіне хабардың мәні
ұзақ уақыт есте қалады. Ұ.у.е.-те ора-
сан зор деректер сақталатынын ес-
кергенде, бұл деректер барынша
дұрыс ұйымдастырылса ғана қажет
ақпарат оңай табылатыны анық. Экс-
перименттік деректерге қарағанда,
ұзақ уақыттық есте білімдерді ұйым-
дастырудың бірнеше нысаны бір
мезгілде жұмыс атқарады. Олардың
бірі – семантикалық ақпаратты не-
ғұрлым абстрактілі, тектік және не-
ғұрлым сипатты, түрлік ұғымдарға
бөлу принципі бойынша иерархия-
лық құрылымдарға ұйымдастыру ны-
саны жекелеген ұғымдарды санат-
тың бір не бірнеше типтік өкілдерінің
айналасына топтастыру. Мысалы,
«үстел», «жиһаз» санатындағыларды
топтастыруға «хатшы» не «софа»
дегендерге қарағаңда анағұрлым
қолайлы. Ү.у.е-тегі семантикалық
ақпарат ұғымдық жайттарды ғана
емес, субъекттің қайсыбір деректер-
ге көзқарасын білдіретін эмоция-
лық-бағамдаушылық жайттарды
ҰЖДА
ҰзАҚ
562
да қамтиды. Ұ.у.е.-тегі ақпараттың
ұйымдастырылуын зерттеудің та-
нымдық сала мен тұлғаның диог-
ностикасының маңызды құралы бо-
латыны да сондықтан.
ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНДАРЫ –
әр оқушының мүмкіндігіне орай
өзіндік тапсырмалар беру арқылы
оқытуды кемелдендіру. Ұйымдасты-
рудың топтық нысаны – белгілі бір
тапсырмаларды орындау үшін оқу-
шыларды топқа бөліп жүргізетін жұ-
мыс. Ұ.н. лабораториялық жұмыс-
тарда, шығармашылық тапсырма-
ларда және т.б. қолданылады. Ұйым-
дастырудың тұтастық нысаны – пе-
дагогтің бүкіл оқу тобымен бір мез-
гілде жүргізетін жұмысы.
Мысалы, үй тапсырмасын сұрау, бар-
лық оқушылармен әңгімелесу, бақы-
лау және т.б. Ұйымдастырудың ұжым-
дық нысаны – оқушылардың сабақ-
тағы өзара әрекеттестігіне негізде-
ле олардың бірін-бірі бақылауы, өз-
ара пікірлесуі және т.б. Ұйымдас-
тырғыштық қабілет туралы да айта
кету абзал. Бұл қандай да істі ұйым-
дастыруға бағытталған қасиет. Ұйым-
дастырушылық басқару мен ұйым-
дастыру саласындағы әрекетті жұ-
мылдыруды, тәлімгер мен оқушы-
лардың өзара әрекеттестігін қамта-
масыз ететін практикалық қабілет.
ҰЛТТЫҚ АССИМИЛЯЦИЯ – кі-
шігірім басқа бір этностың ықпалы-
на түсіп нәтижесінде, өзінің дербес
этностық санасын жоғалтуы, этни-
калық бірігулердің көрінісі. Мұндай
жағдайда әлсіз этностардың тілі мен
діні, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-
ғұрпы ұзақ деформацияға ұшырай-
ды, ол дербес халық болудан қалады.
ҰЛТТЫҚ КөҢІЛ КҮЙ – қоғамдық
ахуалдың затты бағдарланған жеке
жағдайы (эмоционалдық мінез – им-
пульсивтік және динамикалық қа-
сиеттердің көрініс беруі). Ұлттық құн-
дылық – атамекен, тіл, тарих, өнеге,
әдебиет. Ұлттық лидер – белгілі ұлт
пен этностың басын біріктіруде ерек-
ше көзге түскен, топ жарған тұлға.
Ұлттық мақтаныш – өз ұлтының ру-
хани құндылықтарын ерекше қастер-
леуден көрінетін жоғарғы сезім.
ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ. Ұлт деге-
німіз – адамдардың тарихи қалып-
тасқан әлеуметтік-этностық қауым-
дастығының жоғары түрі. Ұлттың
құрамына кірген адамдардың мате-
риалдық тұрмыс жағдайының, ау-
мағы мен экономикалық өмірінің,
тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік
психологиясындағы кейбір этностық
ерекшеліктерінің ортақтығы негізін-
де қалыптасады. Ұлт мүшелерінің
тұрмыс-салтының, тілі мен дінінің,
кәсібінің бірлігі нәтижесінде олар-
дың жалпы мүддесі де ортақ болады.
Ұлт болып топтасқан адамдар өз ұл-
тының мүддесін қорғаушы атақты
адамдарды мақтан тұтады. Оларды
халық батыры, халық мүддесін қор-
ғаушы ер, азамат деп ардақтайды.
Ұлттық мақтаныш сезімі отансүй-
гіштік, елжандылық, отаншылдық
сезіммен ұштасып келеді. Ұлттық
мақтаныш пен ұлттық намыс – егіздің
сыңарындай ұғым. Бұл сол жігерлі
сана-сезімің, саналы іс-әрекетін ұлт-
шылдық пен ұлтжандыққа келер
пайдалы нигилизмге кереғар, ұлттың
ҰЙЫМ
ҰЛТТ
563
намысына кір келтірмеу жолында
тәрбиелеу – тәрбиешілердің қасиетті
міндеті.
ҰЛТТЫҚ өзІНДІК САНА – белгі-
лі ұлт өкілі жеке тұлғаның, ивдивид-
тің өзі туралы сана-сезімі. Қоғамдық
процестерді этностық тұрғыдан қа-
былдап, оны салт-дәстүр, ұлт тілі,
ұлттық өнер арқылы салыстырмалы
түрде тұрақты, ұғынылған және қай-
таланбайтын жүйе ретінде көрінуі.
Ұ.ө.с. – ұлттық қоғамдық шындықты
өзінше қабылдап, оны салт-дәстүр,
ұлт тілі, ұлттық өнер арқылы білдіруі
Ұ.ө.с. – ұлттық идеологиямен объек-
тивті дүниені және өзінің жеке бол-
мысын ой елегінен өткізуге белсене
қатысатын адамның психикалық
процестерінің бірлігін көрсетеді. Ол
адамның еңбек, қоғамдық-өндірістік
қызметі барысында пайда болады жә-
не сананың өзі сияқты тілмен тығыз
байланысты.
Ұлттық өзіндік сана
жалпы ұлттық сананың ықпалымен
қалыптасады.
ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ – бүкіл
халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік
нормаларды жан жүйесі тұрғысынан
баяндау – ғылыми этнопсихология-
ның ілкі бастауы болып табылатын
халықтық психологияның зерттеу ны-
саны болып табылады.
Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жи-
нақталып, жүйеге түскен ұлттық дәс-
түр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-
ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адам-
гершілік, ақыл-ой, эстетикалық, ең-
бек, дене, т.б. тәрбие түрлеріне қа-
тысты таптаурынды нормалар мен
принциптер, яғни белгілі бір этностың,
жалпы мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі
астарлары сөз болады. Халықтық
психология – психика мен мінез-құ-
лықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп,
не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі,
мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дә-
уірдің жемісі.
Халықтық психология – адамдардың
қоғамдық және жеке тәжірибесінен,
өмірдегі пайымдауларынан туын-
дайтын қарапайым психологиялық
білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез-
құлқының көптеген жақтарын қам-
тып, белгілі этностың өзіне тән пси-
хикасы жөнінде біршама мәнді
мағлұматтар беретін ілім-білімдер-
дің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы
ғылыми жүйеге негізделмегендіктен,
адам психологиясын ажыратуға жөн-
ді жарай бермейді. Мұндай жағдайда
біз тек ғылыми психологияның тео-
риялық мәселелерін зерттеумен этно-
графиямен астарласа дамыған этно-
психология атты ғылым саласы шұ-
ғылданады. Этнопсихология – әрбір
халықтың рухани әрекетін (миф,
фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-
ғұрып, діл, дін, т.б.), жемісін сол ха-
лықтың психологиясын, сана-сезімін
көрсететін негізгі өлшемдер деп
есептейді. Этнопсихология жеке ғы-
лым ретінде ХІХ ғасырдың орта ше-
нінде Ресейде, кейінірек Батыс Еу-
ропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь,
Вундт, т.б.) пайда болды. Қазақ то-
пырағында бұл мәселемен көбірек
айналысқан Шоқан Уәлиханов еді.
Оның еңбектерінде «халық рухы»
дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны
«халықтық психология» ұғымының
синонимі деуге болады. Бұдан бір-
туар ғұлама ғалымның еуропалық
этнопсихологтардың еңбектерінен
біршама хабардар болғаны байқала-
ҰЛТТ
ҰЛТТ
564
ды. Этнопсихология зерттейтін проб-
лемалар (этностереотип, этноцент-
ризм, ұлттық тұрпат, халық рухы,
ұлттық намысалы, ұлттық сана, дәс-
түр, салт, т.б.) сан алуан.
ҰЛТТЫҚ САНА – ұлтты бір-бірінен
ажырататын саяси-экономикалық,
рухани-әлеуметтік және психология-
лық қасиеттер жиынтығы. Ұлттық
сананың қалыптасуы мен оның да-
муына екі тұрғыдан қарауға болады:
1) сезімдік, түйсіктік; 2) теориялық
сана. Біріншісі – өз елін, халқын,
ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы
ыстық сезімнен туса, екіншісі – өз
елінің, халқының, ұлтының өткенін,
қазіргісін, келешегін толық біліп,
тексеріп, халық тағдырына, ұлт мә-
селелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті
әлемдік тұрғыдан теориялық бағыт-
бағдарлама тұрғысынан қараудан
байқалады. Ұлттық сананың қалып-
тасуына, қолдап қорғауға ұйтқы бо-
латын әр кезде де ұлттық зиялы қа-
уым. Ұлттық сана мазмұны мен фор-
масы жағынан ұлттық өзіндік сана-
дан әлдеқайда күрделі, өрісі кең кө-
лемді келеді.
ҰМТЫЛУ (талаптану). Ұ. – адам-
ның іс-әрекетті атқаруға талапта-
нып, белсенділігін қуаттайтын ние-
ті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағ-
дайын нақты болжамдап, көз алды-
на елестете алмаса да, көздеген мақ-
сатына жету үшін күш-қуатын жұм-
сап талаптанады. Талаптанудың (ұм-
тылудың) нақты түрі – арман. Бұл
қалаған нәрсенің бейнесін қиял ар-
қылы жасау әрекеті.
ҰМЫТУ (ұмытушылық). Ұ. – қабыл-
дағанды, есте қалдырғандарды қа-
жет болған кезде еске түсіре алмау,
танымау немесе еске түсіру мен тану-
дың қателесіп жаңылысуы. Ұ. жүйке
қызметінің күйіне байланысты. Жүй-
ке жүйесі әбден шаршағанда не ау-
руға ұшырағанда, адамда ұмытшақ-
тық басым болады. Ұ. қабылданған
материалдардың нашарлығына да
байланысты. Жүйке жүйесінің на-
шарлауына орай ұмытшақтық қар-
тайған адамдарда жиі кездесе бере-
ді. Мысалы, әлемге әйгілі табиғат
зерттеушісі, ғалым Карл Линней
әбден қартайғанда өзінің 40-50 жыл
бұрын жазған шығармаларын оқып
отырып: «Шіркін-ай, мен осындай
шығарманың авторы болсам», – деп
таңырқапты.
Ұ.ес үрдісі ретінде бұрынғы әсер-
лерді және оларды қайта бейнелеу
мүмкіндіктерін жоғалтумен бай-
ланысты. Адамның ішіп жүрген ке-
зінде ұмытқандары бір кезде жаңғы-
рып, еске түсуі мүмкін. Уақытша
ұмытуды сақтық тежелу деп атай-
ды. Ұ.– жүйкедегі тежелу үрдісінің
дамуы. Адамның бұрынғы істеген
қызметі қазіргі есте сақтау жұмысы-
на бөгет болса, оны проактивтік
тежелу, ал бұрыннан есінде сақтал-
ған материалына кейінгі қызметтері
бөгет болса, ретроактивтік теже-
лу дейді. Мысалы, мұндай жайттар
мағынасы бір-біріне жақын мате-
риалдарды үйренуде жиі кездеседі.
Оқу-тәрбие істерінде әсіресе сабақ
кестесін жасауда осы мәселені ай-
рықша ескеру қажет, яғни біртектес
пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі
болып келетін пәндерді араластырып
отырған жөн.
Ұмытуды алғаш рет Г. Эббингауз
зерттеп (1885), мағынасыз вербалдық
материалдың жадта сақталуының
ҰЛТТ
ҰМЫТ
565
уақытқа тәуелділігін эксперименттік
тұрғыда анықтады. Бұдан кейінгі
зерттеулер ұмыту қарқынының есте
сақталатын материалдың көлеміне,
оның мазмұны мен ұғынылу дәре-
жесіне, есте сақталатын және интер-
ференттелетін материалдың ұқсас-
тығына, есте сақталатын материал-
дың мәнділік дәрежесі мен оның
субъектісінің қарекетіне қамтыла-
тындығына және т.б. байланысты.
Қайсыбір материалды еске түсірудің
мүмкін еместігі оның мүлдем ұмы-
тылғандығын білдірмейді: мате-
риалдың нақты нысаны ұмытылады,
бірақ оның субъект үшін мәнді маз-
мұны сапалық өзгерістерге ұшырап,
субъекттің тәжірибесіне қосылады.
Интерференциялық теорияларға
сәйкес ұмыту проактивтік және
ретроактивтік ентерференцияның
ықпалымен жад ізінің өшірілуінің
салдары болып табылады. Р. Аткин-
сон бойынша ұзақ мерзімдік жад
мәңгі, ал ұмыту былайша болады:
еске түсірудің кілті сынама ақпарат
болып табылады, осының арқасында
ұзақ мерзімдік жадтың қоймасында
тиісті іздеу жинағының белсенділігі
күшейеді: сынама ақпараттың лайық-
ты таңдалмауы және одан кейінгі сәт-
сіз қайта жанғырту ұмытуға әкеп
соғады. Бірақ бұл теория да осал,
өйткені ұмытудың барлық феномен-
дерін түсіндірмейді.
Қазіргі уақытта жадтың ұмыту фено-
менің түсіндіретін психологиялық
теориясының жасалу келешегі дәс-
түрлі іздер доктринасымен байла-
нысты емес, жад туралы осы сөздің
өз мағынасындағы іс-әрекет ретінде-
гі түсінікпен байланысты.
ҰМЫТШАҚТЫҚҚА ҚАРСЫ
КҮРЕС. Біздің әдейі немесе әлде-
қалай жаттап алғанның барлығы
бірдей мәңгі есімізде қала бермейді,
көбін ұмытамыз.
Ұмытшақтық – біртіндеп дамитын,
ұзақ процесс. Ұмытшақтыққа қарсы
ойдағыдай күресу үшін мынадай не-
гізгі ережелерді ескеру керек:
1)Ұмытшақтықпен күресте қолданы-
латып негізгі шара – қайталап отыру.
Қайталап нығайтылмаған білімдер-
дің қандайы болса да бірте-бірте
ұмытылады; 2) Ұмытшақтық жатта-
ғаннан соң-ақ кешікпей басталады,
әсіресе бастапқы кезде тез ұмытыла
бастайды. Егер жаттап алғаннан соң
5 және 10 күнней кейін еске түсіріп
көрсе, бастапқы 5 күнде ұмытылғаны
кейінгі бес күнде ұмытылғанынан
едәуір артық болады; 3) Жатталған
нәрсені ұмытып кеткең соң қайталау
пайдасыз, ұмытпай тұрып қайталау
керек. Орыс халқының белгілі педа-
гогі және психологі Ушинскийдің ай-
туы бойынша «үйді құлаған соң оң-
дамай, үйдің негізін нығайтып отыру»
керек. Ұмытпау үшін жеңіл-желпі пы-
сықтаған жеткілікті, ал ұмытылғанды
қайта жаңғыртуға көп жұмыс керек.
Екінші және үшінші пункттерде ай-
тылғанды еске ала отырып, мынадай
қорытынды жасауға болады: оқыған-
нан соң көп уақыт жібермей өткенді
қайталау керек, өйткені жаттаған
нәрсе жаттағанның соңынан іле-ша-
ла тез естен шығады.
Жаттаған нәрсе жаттағанның соңы-
нан іле-шала тез ұмытыла бастайды
дедік. Бірақ мұны әрқашан жаттап
болысымен іле-шала ұмытыла бас-
тайды деп ұғынбау керек. Тәжірибе-
ҰМЫТ
ҰМЫТ
566
лерге қарағанда, жаттағанды жаңғыр-
ту кейде жаттай салысымен емес, ара-
да бір-екі күн, кейде үш күндей өт-
кеннен кейін толығырақ болатын-
дығы байқалған. Бұл уақыттың ішін-
де жаттаған нәрсе ұмытылмай, қайта
есте «беки» береді. Әсіресе, бұл кұ-
былыс көлемдірек материалды жат-
тап алу кезінде жақсы байқалады.
И.П.Павлов өзінің тәжірибелерін
жүргізуде осы сияқты кұбылыстарды
кездестірген. Кейде өзінің жүргізген
тәжірибесінің нәтижесі, сол тәжіри-
бе біте салып көрінбей, әлдеқайда
кейінірек барып көрінетін болған.
Мұндай жағдайды И.П.Павлов бы-
лайша түсіндіреді: өте ауыр мәселені
шешерде осыған сәйкес адамның ми
қабығы клеткалары шаршайды. Тек
біраз уақыт өткеннен кейін, ми дем
алғаннан кейін ғана, жүйке система-
сы болған нәтижені көре адады. Қай-
та жаңғыртудың жоғарыда айтылған
ерекшелігі де жаттау процесінен пай-
да болған шаршау-шалдығудың жо-
йылуынан деп жорамалдауға болады.
Осыдан мынадай бір практикалық
қорытынды туады: емтиханда немесе
сабақта тек солардың алдында ғана,
мәселен, сол күні таңертең біліп ал-
ған материалды ғана, бәрінен жақсы
айтуға болады деп ойламау керек;
біліп алған материал біраз уақыт
«сүрленгенде» ғана жауап беру үшін
едәуір жақсы жағдай туады.
Біліп алған материалды есте сақтау
көбінесе оқылған материалдан кейін
іле-шала істейтін жұмыс түріне бай-
ланысты.
Кейде алдыңғы ойдың нәтижесін
кейінгі әрекет «жуып-шайып» кетуі
де мүмкін. Мысалы, тарих сабағын
оқып болып, соның артынша әдебиет
сабағын дайындаса, соңғы сабақ бі-
ліп алған тарих сабағының материа-
лын адамның есінен ығыстырып шы-
ғуы мүмкін. Осындай теріс әрекет-
тер ұқсас материалдар бірінен соң
бірі қатарласып отырғанда ерекше
күшті болады.
Осылардан мынадай практикалық
корытындылар жасауымызға болады:
1.Бір материалды оқып біліп алған-
нан соң екінші материалға шешуде
әрдайым 5-10 минут үзіліс жасап, өзін
қандай да болмасын ой қызметінен
тынықтырып алған жөн.
Жұмысты ұйымдастыруда ұқсас ма-
териалдар бірінен соң бірі қатар кел-
мейтін ету керек. Егер бір кеште ал-
гебра, тарих, әдебиет сабақтарын
әзірлеу керек болса, онда мына тәр-
тіп: 1) тарих, 2) алгебра. 3) әдебиет,
мына тәртіптен: 1) тарих, 2) әдебиет,
3) алгебра, нәтижелі болу тұрғысы-
нан қарағанда әлдеқайда пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: |