Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет86/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90

ШЕШІ

ШИзО

582

бет-әлпетін  өзгертіп  сөйлейді,  күле- 

ді.  Қарапайым  Ш.  көбіне  жасөспі- 

рімдерде  жиі  байқалады.  Бұл  кезде 

баланың  себепсізден  себепсіз  сабақ 

үлгерімі  нашарлайды,  мінез-құлқы 

өзгереді,  бұрын  байқалмаған  қиял, 

арман  пайда  болады.  Кейде  ерекше 

көңілденіп, ретсіз сөйлеп, бет пішінін 

өзгертеді.  Ауру  кейде  ұзақ,  кейде 

ұстамалы түрде өтеді. Жалпы алғанда 

шизофрениямен 15-25, 40-60 жас ара- 

лығындағы адамдар жиі ауырады.

ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ (1818-

1881).  Түркістан  қаласы  маңында 

дүниеге келген. Суырыпсалма ақын. 

Оның  шығармаларында  ХІХ  ғасыр- 

дың  орта  тұсындағы  патша  өкіметі- 

нің  қазақ  даласын  отарлау  саясаты- 

нан  туындаған  әлеуметтік  өмір  шы-

найы суреттеледі. Шортанбай еңбек- 

ші  бұқараның  азапты  ауыр  тұрмы- 

сын, шынжыр балақ, шұбар төстердің 

әділетсіздігі мен зұлымдығын, озбыр- 

лығы мен парақорлығын әшкерелей- 

ді. Бұрынғы өткен игі жақсылардың 

іс-әрекетін  аңсайды,  орыс  патшасы 

әкелген  «жаңалықтан»  жерінеді. 

Тәлім-тәрбиелік  мәселелерді  көбіне 

ескі салт-жоба, шариғат тұрғысынан 

қарастырады. 

Шортанбай  шығармалары  өткен  ға- 

сырдың 70-жылдарында «Бала зары» 

деген атпен Қазанда бірнеше рет ба- 

сылады.  Кеңес  өкіметі  жылдарында 

«ХVIII-XIX  ғасырдағы  қазақ  ақын- 

дарының шығармалары» (1962), «Ай- 

тыс» (1965) атты жинақтарда жария- 

ланды.

ШПЕТ  ГУСТАВ  ГУСТАВОВИЧ 

(1899-1940)  –  орыс  философы.  Ре- 

сейде тұңғыш жарық көрген «Этно- 

психологияға  кіріспе»  (1927)  дейтін 

кітаптың  авторы.  Ол  этнопсихоло- 

гияны халықтың ұжымдық көңіл кү- 

йінің  жиынтығын  зерттейді  деп  тү- 

сіндірді.  Мұнда  эксперимент  жасау 

мүмкін емес, өйткені көңіл күйді тек 

сөзбен суреттеуге болады, – дейді.



ШТЕЙНТАЛЬ  ХЕЙМАН  (1823-

1889) – халық психологиясы деп ата-

латын ілімнің негізін салушылардың 

бірі.  Ол  «Халықтар  психологиясы 

және тіл білімі» атты журнал шыға- 

рады.  Психологияға  «халық  рухы» 

деген  ұғым  енгізіп,  этнопсихология 

ғылымының ілкі бастауы – халықтық 

педагогиканы ғылыми айналысқа тү- 

сіруге Лацарус, В.Вундтпен бірге аса 

белсенділік танытқан ғалым. Бұлар- 

дың пікірінше, халық психологиясы- 

ның  құрамдас  бөлігіне  кіретін  сол 

халықтың  тілі,  діні,  мәдениеті,  әде- 

биеті, мифтері мен аңыздары, фоль-

клоры,  эстетикалық  ерекшеліктері 

кіретіні  бұлардың  эмпирикалық, 

ұжымдық  түсініктердің  жиынтығы 

ретінде көрініс беріп отырады.

ШОРТ

ШТЕЙ


583

ЫҚПАЛ –  әлеуметтік әрекеттестік- 

тің  біртұтас  процесінде  тәрбиеле- 

нушінің  психикасы  мінез-құлқы 

мен  сана-сезімінің  қайсыбір  аспек-

тілерін  өзгертетін  психологтың  іс-

әрекеті,  педагогтың  функциялары- 

ның  жүзеге  асырылу  нысаны.  Дәс- 

түрде  ықпалдың  сендіру,  иландыру, 

еліктіру және еліктеу секілді негізгі-

негізгі  түрлері  сараланады;  адами 

өзара  әрекеттестіктің  әрбір  аспекті- 

сінде  бұлардың  бәрі  қабаттаса  жү- 

реді.  Сендіру  –  ұсынылатын  қалау-

тілекті, ұсынысты негіздейтін дәлел- 

демелер жүйесін қамтиды.

Әдетте,  сендіру  арқылы  тәрбиеле- 

нушінің  көзқарастары,  демек  оның 

жүріс-тұрыс, мінез-құлқының себеп-

тік  негіздері  біршама  өзгереді.  Бұл 

орайда, қорытынды өз алдына не сен-

дірушіге ілесе жасалуы мүмкін, әйтсе 

де  дайын  күйінде  игерілмей,  адам- 

ның қайсыбір мәліметтерді не идея-

ларды ұғынып қабылдауына, оларды 

талдау мен бағамдауға негізделеді.

Өзін-өзі  бағалауы  төмен  және  әлеу- 

меттік ортаға бейімделуге бағдарлан- 

ған адамдарды сендіру неғұрлым оңай. 

Керісінше, басқаларға дұшпандықпен 

қарап, айналасындағыларға үстемдік 

жүргізгісі келіп тұратындарды сенді-

ру анағұрлым қиын. Иландыру (суг- 

гестия) – сендіру секілді жаңа дерек- 

тердің жолында тұрған және адамды 

шатасулар  мен  қателерден  сақтан- 

дыратын өзіндік бір үлгілердегі сүз- 

гілерді  болғызбауға  бағытталады. 

Иландырушы  тәрбиеленушіде  тіке- 

лей  оның  өзі  алатындай  түсінікке 

ұқсас  нақ  сондай  іс-әрекетті  талап 

ететін  түсініктер  қалыптастырады. 

Сендіру  негізінен  тәрбиеленушінің 

білімі  мен  тәжірибесіне  жүгінетін 

болса,  иландыру  эмоциялық-еріктік 

сипатта болатындықтан сенуге негіз-

деледі. Адамның иланғыштығы оның 

жеке тұлғалық даму деңгейіне, сана-

сезімі мен өзін-өзі бағалауына, ерік-

жігеріне, сондай-ақ топтағы тұлғалар 

арасындағы  қарым-қатынастың  ере-

кшеліктеріне,  соның  ішінде,  илан- 

дырушыға деген көзқарасына байла-

нысты анықталады.

Көбіне  белгілі  бір  деректерге  сену- 

шілік тәрбиеленуші үшін беделді адам 

айтқандай орнығады. Елігу феномені 

көбіне  өздерінің  мінез-құлқында 

эмоциялық  күйді  басшылыққа  ала-

тын,  тиісінше  талдау  жасап  алмай 

қабылданған  деректер  негізінде  іс-

әрекет  жасайтын  не  басқа  адамдар- 

дың  іс-әрекетін  қайталайтын  адам-

дар  тобында  жиі  болады,  алайда 

иландыруда  иландырушының  сезімі 

айналасындағылардың сезімімен бір-

дей болуы міндетті болмаса, елігуде 

бір топ адам нақ сол бір ғана ортақ 

сезімде болады. Иландыру мен елік- 

тірудің  арасындағы  тағы  бір  айыр- 

машылық  –  елігу  ішкі  себептерден, 

өздігінен  болса,  иландыру  әркез  де 

дерлік  күні  бұрын  ойластырылады. 



ЫҚПА

ЫҚПА

584

Иландыру, әдетте, сөзбен, сөйлеп әсер 

ету  болса,  еліктіру  вербальды  емес 

құралдардың  қолданылуынан  (Мы- 

салы, ым-ишара, қимыл, музыка жә- 

не т.б.) болады. Еліктеу – бір адамның 

басқа  біреудің  жүріс-тұрысын,  ым-

ишарасын  қайталауынан,  тіпті  мі- 

незінің кейбір көріністерін айнытпай 

қолдануынан  білінетін,  мысалға  не 

үлгіге еру. Еліктеу ықтиярлы не ерік- 

тен тыс болуы мүмкін. Жас тұрғысы- 

нан  әр  түрлі  кезеңдерде  еліктеудің 

адам өміріндегі рөлі түрлі болады.

Мысалы, бала 1 жастан 3 жасқа дейін 

ересектердің сыртқы әрекеттері мен 

сөз реакцияларын қайталайтын бол- 

са, мектепке дейінгі жаста-ақ үлкен- 

дердің әрекеттеріне еліктеу алынған 

үлгілерді іштей күрделі өңдеуді қам- 

тиды. Кіші сыныптар оқушысы тұл- 

ғалық  қасиеттерін  қабылдап  қайта- 

лай  бастайды.  Жеткіншек  жаста  үл- 

кендерге еліктеуді бір-біріне еліктеу 

біртіндеп  ығыстырады.  Жасөспірім 

кезде еліктейтін үлгіні таңдауда адам- 

ның  құндылық  бағдарланулары  не-

гізгі рөл атқара бастайды. Бұл орайда 

еліктеу  қосалқы  функция  атқарады. 

Жоғары  сыныптар  оқушыларында 

номалар мен құндылықтарды меңге- 

ру негізінен өзі үшін бедел саналатын 

адамдардың өмірлік ұстанымын ұғы- 

на отырып талдау арқылы жүреді.

Өсе келе еліктеудің рөлі азаяды. Кіш-

кентай  бала  үшін  еліктеу  үйренудің 

негізгі әдісі болса, мектеп оқушысы 

үшін ақпарат, әдетте, сөзбен беріледі. 

Еліктеудің мазмұны да өзгереді. Ме-

тепке дейінгі шақта бала үлкендерге 

қарап, заттар дүниесінде дұрыс әре- 

кет  жасауды  үйренеді.  Мектеп  оқу- 

шысы  үшін  мұғалім  мен  ата-аналар 

мінез-құлықтың әлеуметтік үлгілері- 

нің  иегерлері  болады,  яғни  сүйікті, 

құрметті  адамның  сыртқы  әдеттері 

емес, оның басқаларға қалай қарай- 

тыны  қабылданады.  Педагогикалық 

ықпалдың  әр  түрлі  әдістерін  талап 

ету  және  бағалау  дейтін  негізгі  екі 

әдіске  саюға  болады.  Біріншісін-

де  педагогтың  міндеті  –  оқушыға 

қоятын  талаптардың  оның  өзіне-өзі 

қоятын  талаптарға  айналуына  жету. 

Педагогикалық  талаптар  әрекетке 

ынталандыратын  және  әрекетке 

тыйым  салатын  болып  бөлінеді.  Ба- 

ғалаулар жағымды (көтермелеу) және 

жағымсыз  (жазғыру)  деп  ажыраты-

лады.  Тым  үзілді-кесілді  талаптар 

еңсені басып, бастамашылдықты те-

жейді.  Жағымсыз  бағамдаулар  жеке 

іс-әрекетке  емес,  адамға  қатысты 

болғанда да еңсені басады. Жағымды 

баға адамды ынталандырады. Әйтсе 

де,  үнемі  мақтай  бергеннен  оқушы- 

ның өзін-өзі асыра бағалауына себеп 

туындайды.  Қазіргі  психиолгиялық-

педагогикалық ғылымда бағытталған 

және бағытталмаған ықпалдар қарас- 

тырылады.

Сендіру,  әдетте,  бағытталған  Ы.,  ал 

еліктеудің нәтижелері көбіне бағыт- 

талмаған  ықпалдың  нәтижесі.  Ба- 

ғытталған ықпалда педагог өзінің ұс- 

танымын және оған байланысты та-

лаптарын  оқушыға  анық  білдіретін 

тура  ықпал  және  тікелей  Ы.  объек-

тісіне  емес,  оның  айналасындағы 

ортаға  бағытталған  жанама  ықпал 

болады.  Жанама  ықпал  жағдайында 

педагогикалық  ұстанымның  мәні 

және  мұғалімнің  мақсаты  оқушыға 

беймәлім  болады.  Педагогикалық 

қызметте даралық-тән сипатты және 

функциялық-рөлдік  Ы.  саралана-

ды.  Шын  мәнінде  бұл  екі  нысан 

ЫҚПА

ЫҚПА


585

ажырағысыз  байланысты.  Алайда 

мұғалімнің  жеке  басының  сипатта- 

малары  жарқын  болуымен  байла-

нысты болатын даралық-тән сипатты 

ықпал деңгейі төмен болса, бұл бір- 

лік бұзылады. Оқушыларға мұғалім 

ресми  рөлі  тұрғысынан  ғана  ықпал 

жасап, даралық-тән сипатты ықпал- 

дың  есесін  толтыру  өктемшілдік 

әдістері  көбірек  қолданумен  жүзеге 

асырылады.



ЫМЫРА (келісім) – адамдар арасын-

дағы  бір  нәрсеге  байланысты  бір-

біріне көну арқылы болатын келісім. 

Ымыраласу – келісу, пікір бірлестігін 

білдіру  мағынасында  қолданылатын 

ұғым. Ы. достасу, татуласу мағынасын 

да білдіреді. Ал ымырашылдық – айт- 

қанға көне салушылық, кез келгенмен 

келісе кетушілік, өзіндік берік пікірі 

жоқтықтың белгісі. Ымырашыл адам, 

негізінен,  кеңпейіл,  ақкөңіл  болады 

да, өзінің қателескенін кейде байқа- 

май қалады.

ЫНТА  –  адамның  белгілі  бір  іске 

ықыластана  кірісіп,  нәтижелі  орын- 

дауға  тырысуы.  Ы.іске  қызығу-шы- 

лықтың  негізгі  ұйытқысы.  Бұл  туа 

біткен  ерекшелік  қасиет  емес.  Ол 

жақсы  тәрбиенің,  адамның  өзіндік 

санасының  ықпалынан  қалыптаса- 

тын қасиет. Қажеттілік адам бойын-

да  қоғамның,  қоршаған  ортаның 

ықпалынан пайда болады. Адамның 

жұмысқа  ынталылығы  қалыптасқан 

әдетке байланысты. Ы. іс-әрекет ке- 

зінде  қалыптасады.  Оның  ойынға, 

оқуға,  еңбекке  байланысты  түрлері 

бар.  Ы.  істі  ойдағыдай  орындаудың 

шарты.  Сондықтан  баланы  кішкен- 

тай  кезден  бастап  пайдалы  іске  қа- 

сиетті тәрбиелеу – мектептің, отбасы- 

ның ең басты міндеті.

ЫНТЫМАҚ  –  бірлесіп  тірлік  жа- 

саудың көрінісі, татулықтың белгісі. 

Ынтымақтастық – адамның бір-біріне 

көмектесіп,  қолдау  көрсетіп,  ортақ 

жауапкершілік  танытуы  жағымды 

жағдайда  жұмыс  істейтін  адамдар- 

дың  жақсы  қасиеті.  Ынтымақтас- 

тық  –  жақсылыққа  құштарлықпен 

жасалған әрекет. Ынтымақтастықтың 

тәрбиелік  мәні  зор.  Ол  адамдарды 

игілікті  істерді  нәтижелі  орындауға 

жетелейді.  Қазақ  психологі  А.  Асы-

лбеков  өзінің  «Қазақ  мектебінің 

V-VII  сынып  оқушыларының  ын-

тасын  қалыптастыру»  атты  диссер-

тациясында  (Ташкент,  1972)  осы 

психологиялық феноменді егжей-те-

гжейлі  қарастырып,  психологиялық 

талдауға арнаған болатын.

ЫМЫР

ЫНТЫ


586

ІзЕТТІЛІК  –  адамның  әдептілігін, 

сыпайылығын, өнегелілігін, қарапай-

ымдылығын білдіреді. Жақсы тәрбие 

алып,  оны  іс  жүзіне  қолданатын 

адамды  ізетті  адам  дейді.  I.  белгілі 

бір тапсырманы саналы атқарудан да 

көрінеді. I. иманды, инабатты адам- 

ның  қадірлі  қасиеті.  I.  –  халқымыз- 

дың ұлттық қасиеті. Үлкенді сыйлау, 

кішіге  ілтипат  білдіру  –  ізеттілікке 

жатады. Әр нәрсеге ықылас қою, үл- 

кеннің  сөзін  тыңдай  біліп,  құрмет 

көрсету,  жақсы-лық  жасаған  адамға 

ризашылық,  әдептілік  көрсету.  Хал- 

қымыз  өз  ұрпағын  ілтипатты,  ізетті 

болуға қаршадайынан баулыған. Қа- 

зіргі  жас  ұрпақтың  бойында  осы-

нау  тамаша  адами  қасиетті  дарыту 

тәрбиешілердің асыл парызы.

ІРГЕЛЕСТІК  АССОЦИАЦИЯСЫ – 

Аристотель  енгізген  ассоциацияның 

бір  түрі.  Бір  нәрсе  жөніндегі  емес, 

өзімен бірге оған іргелес жатқан ерік- 

ті ойға елес қосуды туғызады. Мәсе- 

лен, Мәскеудегі Кремльде орналасқан 

Қызыл алаң туралы елесті туғызады. 

ІС-ӘРЕКЕТ – Саналы І.-ә тек адамға 

ғана  тән,  оның  үш  негізгі  түрі  бар. 

Олар:  ойын,  оқу  және  еңбек.  І.ә.  – 

сыртқы дүниені танып-білуінде адам- 

дармен  қарым-қатынасқа  түсуінде 

ерекше орын алатын, көп мәнді кате-

гория. Мұның психологиялық аспек-

тілері де сан алуан. Ол алдымен мақсат 

қоюдан басталып, операцияны орын-

дау  мен  шешумен  аяқталады.  Оның 

құрамында  мотивтер  (түрткілер), 

оның сан алуан түрлері, операция т.б. 

жатады.  Адам  іс-әрекетінің  жануар- 

лар  іс-әрекетінен  түбегейлі  айыр- 

машылықтар бар. Олар формасы жа- 

ғынан  ұқсас  болғанмен,  мағынасы, 

мазмұны жағынан жер мен көктей.

Адам іс-әрекетінің басты белгілері:

1)  адамның  іс-әрекеті  негізінен,  са- 

налы іс-әрекет, әрине, онда бейсана- 

ның,  сансыздықтың  элементтері  де 

кездеседі, ал жануарлардың іс-әреке- 

ті  негізіне,  биологиялық  инстинткі 

іс-әрекет;

2) адамның іс-әрекеті әркез жоспар-

лы,  белгілі  бір  мақсатты  көздейтін, 

әрекет болса, жануарларда бұл жағы 

көрінбейді,  тіпті,  жоғары  сатыдағы 

жануарлардың  бірі  болып  санала- 

тын  маймылдарда  да  осындай  жағ- 

дай  Келердің  эксперименттік  тәжі- 

рибелерінде анықталған;

3)  адамның  і.ә.  әркез  шығармашы- 

лық сипатта болады, мәселен, тіпті 1- 

сынып  оқышысының  х-тің  шешімін 

табуының  өзі  шығармашылықтың 

элементі екені хақ. Ал лабиринттегі 

тышқандардың  шытырман  жолды 

тауып  сыртқа  шығуында  ешқандай 

шығармашылықтың  иісі  байқал- 

майды;

4)  адамның  і.ә.  келшекке,  алдағы 



жағдайда  бюолжауға  бағытталған. 

Халқымыздың  «Үш  жылдығын  ой- 

ламаған  еркектен  без,  үш  күндігін 

ІзЕТ

ІС-ӘР


587

ойламаған  әйелден  без»  деген  ма- 

қалда  үлкен  психологиялық  астар 

жатыр.  Бұл  адамның  і.ә  келешекке 

бағытталғандығын көрсететін түйін. 

Адамдық  І.ә.  терең  психологиялық 

сыр-сипатын  белгілі  психологтар 

С.Л.Рубинштейн  мен  А.Н.Леонтьев 

өз еңбектерінде баяндап берген.

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ_БАҒДАРЛЫЛЫҚ__НЕГІзІ'>ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАҒДАРЛЫЛЫҚ 

НЕГІзІ  –  ақыл-ой  әрекетінің  жос-

парлы және сатылай даму теориясына 

байланысты  ұғым.  Бұл  адам  алғаш 

пайда  болатын  оны  дұрыс  орындау 

мүмкіндігімен  алғашқы  танысу  үр- 

дісі.  І.-ә.-тің  бағдарлық  негізі  бала 

қандай да болмасын бір мәселеге ой- 

дағыдай  танып-білуге  оның  мәнісін 

ұғынуға жетелейді. І.-ә.жетекші түр- 

лері – адамның жас шамасының бел- 

гілі  бір  кезеңінде  бағдарлық  негіз 

адам үшін маңызды қасиетті саты бо- 

лып  есептеледі.  Ол  кісіге  үйренуге 

қызығушылық тудырады, оның пси- 

хикасына әсер етеді. Адам іс-әрекеті- 

нің  түпкі  нәтижесі  бағдарлық  негізі 

деп аталатын мотивациядан ақыл-ой 

әрекетінің  бастапқы  сатысының  дұ- 

рыс  ұйымдастырылмауынан  тәуелді 

болатыны хақ. 



ІШТЕЙ СөЙЛЕУ – ойлау процесі-

нен  туындайтын  тілдік  материалдар 

негізінде  дамымай-ақ  өз  ойлауын 

нақты  мақсатына  орай  пайда  болып 

отырады. мұны ауыз қуысындағы ды-

быс шығаратын сөйлеу аппаратының 

жасырын  жұмысы  деуге  болады. 

Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді 

еленбейді.  Тек  тиісті  аспаптармен 

зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрі- 

нің  де  кинестезиялық  тітіркендір-

гіштерге  орай  туып  отыратындығы 

анықталған.  Ішкі  сөйлеу  жөнінде 

И.М.Сеченов былай дейді: «Бес жас- 

тағы  баланың  ойы  сөзбен  немесе 

сыбырлап  сөйлеумен  немесе  тіпті 

тілдің  қозғалуы,  еріннің  жыбырла-

уымен айтылады. Мұның өзі ересек 

адамдарда да (тек түрлі дәрежеде бо- 

луы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіп- 

ті өзімнен де білемін: ойымның ауыз- 

дың  жабық,  қозғалмайтын  күйінде 

тілсіз сөйлеумен қоса қабаттасуы өте 

жиі болады. Барлық жағдайда да бас- 

қалардың алдында бір ойға баса на- 

зар  аударғым  келсе,  оны  алдымен 

дереу  сыбырлап  айтып  аламын». 

Ішкі  сөйлеу  өте  қысқа,  икемді  бо-

лып  келеді.  Өйткені  адам  әркез  өз 

ойлауының  мазмұнын  жақсы  біліп 

отырады,  сондықтан  ішкі  сөйлеуге 

ұзақ тұжырым жасап жатудың қаже- 

ті де болмайды.

ІС-ӘР

ІШТЕ


588

ЭББИНГАУз  ГЕРМАН (1850-1909) – 

ес  (жады)  психологиясына  қатысты 

эксперименттік зерттеулерімен әлем- 

ге танымал неміс психологі. «Шек фа-

торын» анықтап, ұмытшақтық қисы- 

ғын шығарды, сақтау мен ұмытудың 

бірқатар заңдылықтарын бекітті, са-

налы есте сақтаудың артықшылықта- 

рын анықтады, жадты зерттеудің эк-

сперименттік  әдістемелерін  жасады 

(«Жад  туралы»,  1885),  балалардың 

зерделі қабілеттерін зерттеу үшін тест 

(оның  есімімен  аталатын)  жасаған. 

Негізгі еңбектері: «Ес туралы», «Пси-

хология мәселелері» т.б.

ЭГОЦЕНТРЛІК  СөЙЛЕУ – мектеп 

жасына дейінгі баланың ойын үстін- 

де  өзімен  өзінің  сөйлеуі.  Эгоцентр-

лік  сөйлеу  коммуникативті  сипатта 

болғанымен,  баланың  қасиетіне,  та- 

лап-тілегіне  қызмет  етеді.  Кей  жағ- 

дайда  мұның  құрылымы  іштей  сөй- 

леуге ұқсайды. Эгоцентрлік сөйлеуді 

баланың автономды (өзіндік) сөйле- 

уі деп те атайды. Э.с. сөйлеу сыртқы, 

ауызекі сөйлеуге өтудің аралығында 

тұрған  көпір  іспеттес  психология- 

лық  акт.  Мұның  сыр-сипатын  бала 

психологиясының  белгілі  Ж.Пиаже 

жан-жақты қарастырған. 

ЭЙДЕТИзМ  (грек.  eidos  –  нақты 

бейне) – бұрын қабылдаған заттар мен 

құбылыстарды нақты объекті көзден 

таса жағдайын оны көріп тұрғандай 

қабылдайтын ерекше психологиялық 

құбылыс.  Осындай  бейнелер  жайлы 

ілімді  психологияда  Э.,  ал  осындай 

қасиеті  бар  адамдарды  эйдетиктер 

деп атайды. Эйдетика ес елестері мен 

көру  түйсігіндегі  ілеспе  бейнелер- 

ге  ұқсас  келеді.  Бұлардың  қай-қай- 

сысында  болсын,  қасында  тұрмаған 

адам  мен  нәрсені  көріп  тұрғандай 

сезінеді,  сол  кісі  бейнесінің  ұсақ-

түйектеріне  дейін  түйсіне  алады. 

Мұндай  бейнелер  өте  айқын  және 

тұрақты,  сондай-ақ  объекті  кезден 

таса  жағдайда  да  елестеп  тұрады. 

Э.б. ересек адамдарға қарағанда ба- 

лаларда жиі кездеседі. 



ЭКзИСТЕНЦИЯЛЫҚ  ПСИХО-

ЛОГИЯ  –  гуманистік  психология 

бағыттарының  бірі.  Э.п.-ның  зерт-

теу  еңбектері  өмір  кезеңдері,  өлім 

проблемалары; 2) бостандық, жауап-

кершілік  пен  таңдау  проблемалары; 

3) достық, махаббат пен жалғыздық 

жағдайындағы  қарым-қатынас  про-

блемалары; 4) тіршіліктің шын мәнін 

ұғыну мәселелері. Э.п. адамның жеке 

өмірлік  тәжірибесінің  бірегейлігіне 

баса  назар  аударады.  Мұнда  жеке 

адамның болмыстағы қазіргі заманғы 

экзистенциялық  психологиялық  өз 

зерттеулерінде  психоанализдің  көп- 

теген  когнитивтік  жетістіктері  пай- 

даланылады.



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ   ПСИХОЛОГИЯ – 

қоршаған  ортаның  адам  психоло-



ЭББИ

ЭКОЛ

589

гиясына  қалай  әсер  ететіндігін,  яғ- 

ни  оның  әртүрлі  психологиясын, 

қарым-қатынастың  психологиялық 

аспектілері  туралы  білім  аспекті- 

лерін зерттейді. Мұнда проблемалар 

қарастырылады:  1)  адамның  өзін 

қоршаған  ортаны  қабылдауының 

жағымды қасиетін осы арқылы оның 

санасының  ерекшеліктерін  саралау; 

2)  мінез-құлықтың  экологиялық 

мотивациясын анықтау; 3) экология- 

лық дағдарыстың психологиялық зар- 

даптарының  заңдылықтарын  талдау 

(психикалық денсаулықтың бұзылуы, 

қылмыстың  көбеюі,  демографиялық 

өзгерісте)  және  т.б.  4)  экологиялық 

насихатқа қажет психологиялық әде- 

биеттерді құрастыру т.б.

ЭКСПЕРИМЕНТ  жасауда  зертте-

уші  өзіне  қажетті  психикалық  құ- 

былыстардың  көлденеңнен  кез  бо- 

луын  күтіп  тұрмай,  сол  процестің 

тууына өзі жағдай жасайды. Психо-

логияда  эксперимент  лаборатория- 

лық  және  табиғи  болып  екіге  бөлі- 

неді. Енді бұларға жеке-жеке тоқта- 

лып  өтейік.  Лабораториялық  экспе- 

римент  XIX  ғасырдың  ортасынан 

бастап, жеке психикалық процестерді 

зерттеу үшін эксперимент (тәжірибе) 

кең түрде қолданыла бастады. Неміс 

ғалымы В.Вундт (1832-1920) психо- 

логияның  эксперименттік  жолмен 

зерттеудің  негізін  салды,  тұңғыш 

рет  лаборатория  ашты  (1879).  Пси-

хологтар  алғаш  рет  көру,  есту,  иіс 

түйсіктерін  зерттеу  үшін  экспери- 

ментті пайдаланды.

Кейін  келе  олар  секундтың  1/1000 

үлестеріне  дейін  дәл  өлшейтін  құ- 

ралдар  ойлап  шығарып,  кейбір  пси- 

хикалық  процестердің  пайда  болу 

тездігін өлшеудің жолын тапты. Сек-

сенінші  жылдары  ес  құбылыстарын 

зерттеу лабораторияда тұңғыш жүр- 

гізіле бастайды. Арнаулы әдістер қол- 

дану  арқылы  жаттап  алудың  тездігі 

мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы 

т.б. өлшенді. Орыс психологы Н.Лан- 

ге (1858-1921) эксперимент әдісімен 

зейін  мен  қабылдауға  зерттеу  жүр- 

гізді.  Тоқсаныншы  жылдарда  фран- 

цуз  психологы  А.Бине  (1857-1911) 

алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе 

жасады.  Осы  зерттеулердің  нәтиже- 

лері психологтардың I дүниежүзілік 

конгресінде  (Париж,  1889)  талқы- 

ланды.  XX  ғасырдың  басында  пси-

хология  ғылымының  қарамағында 

бірнеше  ондаған  лабораториялар 

болды.  Осындай  жақсы  жабдықтал- 

ған  психологиялық  лабораториялар- 

дың  бірін  XX  ғасырдың  басында 

орыс психологы Г.И.Челпанов (1862-

1936) ұйымдастырды.

Қазірде  СССР  Педагогикалық  Ғы- 

лымдар академиясына қарасты Пси- 

хология  ғылыми-зерттеу  институты 

(Мәскеу)  жоғарыда  аталған  лабора- 

торияның  негізінде  құрылған.  Осы 

күндері  институт  лабораториялары 

ең  жоғары  техникамен  жабдықтал- 

ған  үлкен  ғылыми-зерттеу  мекемесі 

болып  отыр.  Киев,  Тбилиси  қалала- 

рындағы психология институттарын- 

да да осындай лабораториялар бар.

Ғылыми психология психикалық құ- 

былыстардың  физиологиялық  негіз-

дерін  ашуды  басты  мәселенің  бірі 

деп қарайды. Бұл міндетті академик 

И.П.Павлов  ашқан  әйгілі  шартты 

рефлекстер  әдісі  бойынша  шешуге 

болады.  Көптеген  физиологиялық 

және  психологиялық  лаборатория- 

ларда  И.П.Павловтың  шәкірттері 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет