Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет80/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   90

ТҰЛҒА – 1) дербес әрекетпен айна- 

лысаын субъект ретіндегі нақты же- 

ке адам. Ол оның өзіндік бағыт-бағ- 

дары, көзқарасы мен сенімі, қызығу, 

қажеттерінен көрініс береді. Т. әлеу- 

меттік тіршілік ету жағынан дара бо- 

лады,  оның  өзіндік  дүниесі  ерекше 

өмір жолын белгілейді және ол маз- 

мұны  жағынан  әлеуметтік  жағдай- 

лармен анықталады. Ал тегі, құрылы- 

мы  және  нысаны  жағынан  даралық 

сипатта болады. Тұлғаның мәні нақ- 

ты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, 

оның  әлеуметтік  жүйе  шеңберіндегі 



ТҰҚЫ

ТҰЛҒ

540

өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады.

Табиғи  таланттардың,  туа  біткен 

ерекшеліктердің  маңызды  рөлін  Т. 

дамуында әлеуметтік факторлар жа- 

ңаша  түрде  көрсетеді.  Дара  өмірдің 

тіршілік  ету  әдісі  дегеніміз  –  адам 

өмірінің  (неғұрлым  ерекше  немесе 

неғұрлым жалпы) көрінісі, адамның 

бірегей және бесаспап қасиеттерінің 

бірлігі,  тұтас  жүйе:  2)  адамдар  ара- 

сындағы  өзінің  ұстаным-орнын  ер- 

кін және жауапкершілікпен анықтай- 

тын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. 

Қоршаған  ортамен,  қоғамдық  және 

адами қарым-қатынастар жүйесімен, 

мәдениетпен  өзара  әрекеттестікте 

қалыптасады.

Адам  тұлға  болып  туа  қаламайды, 

әлеуметтену процесінде тұлға болып 

шығады. Т. ұғымы – отандық психо- 

логияда  негізгі  ұғымдардың  бірі. 

Тұлғалардың әртүрлі топтастырылып 

саралануын  білу  мұғалімнің  өз  шә- 

кірттерінің ерекшеліктерін тез аңға- 

руына көмектеседі. Т. психологиясы- 

ның  дамуына  сонымен  бірге  оның 

өзі кіретін әлеуметтік топтың психо- 

логиясы да әсер етеді. Т. -ны білу – 

оның  іс-әрекетін  тиімді  басқарудың 

алғышарты.  Т.  туралы  теориялар: 

биологиялық,  биоәлеуметтік,  әлеу- 

меттік,  психодинамикалық  (Фрейд), 

гуманистік (Маслоу), психоаналити- 

калық (Юнг), әлеуметті – когнитивтік 

(Бандура), бихевиористік (Скиннер), 

тұлғалық типтік (Айзенк), психоәлеу- 

меттік  (Эриксон),  даралық  (Адлер), 

феноменологиялық (Роджерс) т.б.

Жеке  адамның  кұрылымы  (структу- 

ралары): биологиялық (жасы, жыны- 

сы, темпераменті, дене бітімі, физио- 

логиясы  т.б.);  психологиялық  (зейіні 

танымдық әрекеттері, қабілеті, міне- 

зі, еркі, сезімі, т.с.с); әлеуметтік (қо- 

ғамдағы орны, қарым-қатынасы, т.с.с); 



бағыттылығы  (ниеттері,  тілектері, 

ұмтылыстары,  құндылықтары  т.с.с). 

Т. негізгі белгісі – оның дара өзгеше- 

лігі. Тұлға немесе жеке адам психо- 

логия ғылымында зерттелетін негізгі 

категориялардың бірі. Т. (жеке адам) 

психологиясы  адамтану  ғылымдары 

жүйесінде ерекше орынға ие. Бұл са- 

ла адамның даралық сипаттарын қа- 

растырып,  оның  іс-әрекетіне  сәйкес 

қадір-қасиеттерінің  қалыптасуының 

психологиялық  механизмдері  мен 

заңдылықтарын зерттейді.

Сонымен  бірге  адамның  құрылымы 

мен адамдардың типтік мақсаттары- 

мен  байланысты  теориялық  мәселе- 

лерді де зерттейді. Ондай мәселелер 

осы замандағы психологияда айрық- 

ша  маңызды  деп  саналатын  биоло- 

гиялық және әлеуметтік факторларға 

негізделе отырып қарастырылады. Т. 

психологиясы  адамның  қажеттілігі, 

мұқтаждығы,  іс-әрекетінің  түрлері, 

ептілігі,  дағдысы,  әдеттері,  қызығу- 

шылығы,  сенімдері,  ұмтылыстары, 

құмарлықтары, жеке бағыт-бағдары, 

арманы,  кісілік  сипаттары  мен  пси- 

хологиялық құрылымдарын зерттей- 

тін психологияның саласы. Т. белсен- 

ділігі – тұлғаның сыртқы ортаға, бас- 

қа адамдарға және өзіне-өзі ынталы 

әсері.  Т.  статусы  –  адамның  тұлға- 

аралық қарым-қатынастар жүйесінде- 

гі  орны  мен  оның  топ  мүшелеріне 

психологиялық  ықпалының  мөлше- 

рін білдіретін ұғым.



ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАС – эт- 

нопсихологияда әрбір тайпаның, ха- 

лықтың  ұлттық  дәстүрлерге  байла- 

нысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүр- 



ТҰЛҒ

ТҰЛҒ

541

лері  және  т.б.  Т.қ.  әрбір  халық  пен 

ұлттың  этностық  қарым-қатынас 

ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мы- 

салы,  қарым-қатынастың  абысын-

ажын  арасындағы  сақина-жүзік,  бі- 

лезік алмасу; ер-азаматтар арасында 

ер-тоқым  алмасу;  сауға  тарту,  сә- 

лемдеме  жолдау  және  т.б.  түрлері 

болған.  Сол  сияқты,  ізет,  құрмет, 

сыйластық сезімдері де адамдар ара- 

сындағы қатынастың бір түрі болып 

саналады.

ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЛГІЛЕР – адамның 

даралық  ерекшеліктерін  көрсететін, 

психологиялық және физиологиялық 

элементтерін және оның ойлауы мен 

қылығын  сипаттайтын  өмір  бойы 

қалыптасатын  психофизиологиялық 

жүйе.  Т.б.  теориясы  –  негізінде 

«тұлғаның  ерекшелік  белгілері» 

деген  ғылыми  анықталған  терминді 

қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға 

қасиетінің теориясы тұлға дамуының 

құрылымын

;

 шығу тегін, қалыптасуын 



қарастырады.

ТҰЛҒАНЫҢ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ – 

тұлғаның  іс-әрекетін  бағдарлайтын 

және нақты бар жағдаяттан біршама 

тәуелсіз,  орнықты  түрткі-ниеттер 

жиынтығы. Т.б. оның мүдделерімен, 

бейімдерімен,  сенімдерімен,  мұрат- 

тарымен  сипатталады  және  бұлар 

арқылы  адамның  дүниетанымы  бі- 

лінеді. Тұлғаның дамуы – білім беру 

міндеттері тұрғысынан екі мағынаға 

ие:  1)  тұлғаны  қоғамдық  өмірдің 

әртүрлі  саласына  жауапкершілікпен 

қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адам- 

ның  жан-жақты  үйлесімді  дамуы, 

зияты,  ақыл-ойы,  еркі,  сезімі  мен 

оңтайлы логикалық-эмоциялық-пси- 

хологиялық  сапалары  мен  көзқа- 

растары.


ТҰЛҒАНЫҢ  ИМПЛИЦИТТІ 

ТЕОРИЯСЫ – белгілі бір адамның 

даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақ- 

ты  қалыптасқан,  типтік  жағдайлар- 

дағы  сыртқы  белгілердің  негізінде 

бір-бірімен адамдардың психология- 

сы  мен  қылығының  үйлесімділігі 

ретінде  түсінігін  белгілейтін  ғылы- 

ми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. 

Т.и.т. – адамдар туралы мағлұматтар 

жеткіліксіз  болған  жағдайда,  олар- 

дың  сыртқы  пішіні,  қылығы  және 

тұлғалық  қасиеттеріне  байланысты 

өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер 

туралы теория.



ТҮзЕТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ – заң 

психологиясының саласы; құқық бұ- 

зушыларды  көбіне  еңбекпен  түзеу 

мекемелерінде  түзеу  мен  қайта  тәр- 

биелеудің  жағдайлары  мен  ерек- 

шеліктерін  (бұл  адамдардың  зият- 

тылық  және  тұлғалық  қасиеттерін, 

олардың  түзеу  мекемелеріне  бейім- 

делу процесін, бостандығынан айы- 

рылудан  болған  психикалық  күйін, 

еңбекке  дұрыс  көзқараспен  қарауға 

тәрбиелеу әдістерін, түзелуге ден қою- 

шылықтың  қалыптасуын)  зерттейді. 

Т.п. жекелеген құқық бұзушылардың 

психологиясын,  сондай-ақ  қамау 

орындарындағы ресми және бейрес- 

ми топтардың құрылымын, олардың 

құралу  және  қарекет  механизмдерін 

зерделейді.  Т.п.  бойынша  ғылыми 

зерттеулердің  нәтижелері  құқық  бұ- 

зушыларды  қайта  әлеуметтендіруге, 

олардың  бостандықтағы  қалыпты 

өмірге  психологиялық  дайындығын 

қалыптастыруға, сондай-ақ қылмыс- 

керліктің қайталануына жол бермеу- 

ТҰЛҒ

ТҮзЕ


542

ге  бағытталған  практикалық  психо- 

логиялық-педагогикалық  ұсыныстар 

белгілеуде пайдаланылады.



ТҮЙСІК  –  материалдық  дүниедегі 

белгілі адамның тиісті сезім ағзала- 

рына  әсер  ететін  заттар  мен  құбы- 

лыстарлың  жеке  сапаларын  бейне- 

лейтін қарапайым психикалық үрдіс. 

Термин 4 түрлі мағынада қолданыла- 

ды: 1) берілген биологиялық түрге тән 

алынбаған реакция; 2) белгілі бір түр- 

ге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара 

алуға бейімділік. Бұл бейімділік ба- 

қыланатын  мінез-құлықтың  негізі 

болып табылады; 3) дамудың белгілі 

бір шартында, әуестену күйінде, сти- 

мулды  жағдайларда  пайда  болатын 

күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына 

көбінесе  этологияда  қолданылады, 

мысалы, белсенділіктің тіркелген пат- 

терндері; 4) алынбаған, тұқым қуалау 

арқылы  берілетін  тенденциялар,  мі- 

нез-құлықтың күрделі модельдерінің 

мотивациялық  күштерінің  функция- 

ларын орындайды.

Бұл  мағына  классикалық  психоана- 

лизде  қолданылады.  Фрейдизм  мек- 

тебі  үшін  Т.  негізгі  термин.  Фрейд 

алғашқы  еңбектерінде  түйсіктің  екі 

класын  көрсетті:  эготүйсік  немесе 

өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныс- 

тық  немесе  репродуктивті  түйсік. 

З.Фрейд  кейінгі  еңбектерінде  бұл 

термиңді Танатос (өлім түйсігі) мен 

Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді.

Алайда  бұл  екі  сұлбада  да  Фрейд 

түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мо- 

тивациялық  күші  екенін,  бірақ  мі- 

нез-құлықтың ерекше көрінуін анық- 

тамағанын айқын көрсетті. Яғни түй- 

сіктің 1), 2), 3) мағыналары ескеріл- 

меді.  Ағылшын-американ  психологі 

У.Мак-Дугаллдың  (1871-1938)  гор- 

микалық психологиясында Т. ұғымы 

1), 2) және 4) орталық теориялық тұ- 

жырымдама  ретінде  қолданылды. 

Барлық  мінез-құлық  мақсатты  ба- 

ғытталған  және  мотивацияланған  Т. 

деп қарастырылды. Алдымызда тұр- 

ған  бір  затты,  мысалы,  үстелді  кө- 

руіміздің  арқасында  біз  оның  түсін, 

формасын,  көлемін  белгілейміз;  си- 

пай сезіну арқылы оның қатты, тегіс 

екенін;  қолымызбен  қозғап  көріп 

оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның 

бәрі – сол материалдық заттың жеке 

қасиеттері, олар туралы мәліметтерді 

бізге Т. хабарлайды. Т. материалдық 

дүниедегі заттар мен құбылыстардың 

жеке сипаттары мен қасиеттерерінің 

біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, 

миымызда бейнеленуі.

Т- біздің айналамызда, ішкі жан дү- 

ниемізде не болып жатқанын хабар- 

лап  отыратын  қарапайым  педагоги- 

калық  үрдіс.  Т.  адамды  қоршаған 

шындықты бейнелеуден пайда бола- 

ды. Т. таным үрдістеріне жатады, өйт- 

кені  адам  соның  арқасында  дүниені 

таниды. Т. басқа психикалық үрдістер- 

ге – қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға 

материал жеткізеді. Т.-тің табиғи фи- 

зиологиялық негізі ағзаның арнаулы 

жүйкелік  механизмі  –  талдағыштар 

арқылы  жүзеге  асады.  Мыс.  көз  то- 

рына түскен жарық сәулесі қызу ту- 

ғызады, ал ол жүйке талшығы арқы- 

лы үлкен ми сыңарларының қырты- 

сына келген кезде адамда көру түйсі- 



гі пайда болады. Адамда пайда бола- 

тын Т.-терді үш топқа бөлуге болады. 



Бірінші  топқа  біздің  денеміздің 

сыртқы  жағында  болатын  сезім  ағ- 

заларының  қозуынан  туатын  Т.-

тер  (экстроцепторлар  –  сыртқы 



ТҮЙС

ТҮЙС

543

қабылдаушы  дегенді  білдіреді)  жа- 

тады. Бұл Т.-тер бізден сырт заттар- 

дың  қасиеттерін  бейнелейді.  Бұған 

көру, есту, иіскеу, дәм, тері және си- 

пай сезу Т.-тері жатады. Екінші топ- 



қа  рецепторлары  ішкі  ағзалардағы 

сезім  органдарының  қозуынан  туа- 

тын Т.-тер (интероцепторлар) кіреді. 

Органикалық түйсіктер (ашығу, шөл- 

деу)  дейтіндерді  осыған  жатқызуға 

болады.  Үшінші  топқа  қозғалыстар 

мен дененің кеңістікте орналасуымен 

байланысты  болатын  қозғалыс  (не- 

месе кинестетикалық) Т.-тері кіреді. 

Қозгалыс анализаторларының рецеп- 

торлары (проприоцепторлар) бұлшық 

еттерде және сіңірлерде болады.



ТҮЙСІКТІҢ  АБСОЛЮТТІ  ТА- 

БАЛДЫРЫҒЫ – кез келген модаль- 

дықтағы  тітіркеңдіргіштің  сәл  ғана 

сезгіштікті  тудыратын,  минимальды 

шамасын  (сәулелік,  дыбыстық  т.б.) 

білдіреді. Тітіркендіргіштердің бай- 

қалар, байқалмас түйсік туғызатын 

ең аз мөлшерін түйсіктің абсолюттік 

табалдырығы деп атайды. Бейнелеп 

айтқанда,  анализаторлар  –  бұл  адам 

миының  «ашық  тұрған  есігі»,  бұл 

арқылы  оған  қозулар  барады.  Бірақ 

өте әлсіз тітіркендіргіштер түйсік ту- 

ғызбайды.  Түйсіктер  табалдырығы 

неғұрлым төмен болса, қандай да бір 

ағзаның сезгіштігі соғұрлым жоғары 

болады.  Адамның  анализаторлары- 

ның сезгіштігі өте жоғары және бұ- 

дан  да  әрі  дами  алады.  Егер  ауада 

көруді төмеңдететін су буы, тозаң жә- 

не  басқа  қоспалар  болмаса,  біз  жа- 

нып тұрған шамды (әдеттегі мөлшер- 

дегі) 25 километр жерден көрер едік.

Адамның ми түйсігінің соншалықты 

сезінгіш  екенін  1  л  ауаға  0,000  000 

005  г  мускусты  (ерекше  күшті  иісі 

бар,  хош  иісті  зат)  ерітсе  адамның 

оның иісін түйсінетінін білуге бола- 

ды.  Түйсіктің  абсолюттік  табалды- 

рығынан басқа, айыру табалдырығы 

да болады. Тітіркендіргіштің түйсік 

мөлшерін  байқалар-байқилмас  етіп 

өзгертетін ең аз өзгеруін айыру та- 

балдырығы деп атайды. Жарық сәу- 

лесі үшін бұл табалдырық бастапқы 

тітіркеңдіргіштің  1/100-не  тең;  ды- 

быс үшін – 1/10; қысым үшін – 1/30. 

Біздің көруіміздің тітіркендіргіштер- 

дің айырмашылығын сезінуі өте зор. 

Адамның көзі түстердің жарты мил- 

лионға жуық реңкін айыра алады.

Кейбір мамандықтар үшін айыру та- 

балдырығының төмен болуы маңыз- 

ды. Мысалы, әртүрлі тамақ өнімдері- 

нің  дәмдік  сапасын  белгілейтін  ма- 

ман  (дегустатор  –  лат.  degustare  дә- 

мін тату деген сөзінен) түйсігінің жо- 

ғары  сезімталдығының  арқасында 

шайдың, шараптың, кофенің сан алуан 

сорттарын айыра біледі және дәміне 

қарай олардың қай жерде өскенін жә- 

не қашан даярланғанын біледі.

ТҮРКІ  ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ 

(VI-VIII  ғғ.)  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ИДЕЯЛАР.  VI  ғасырда  Жетісу,  Ал- 

тай,  Орта  Азияны  мекен  еткен  ру-

тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты дей- 

тін  үлкен  мемлекет  құрды.  Зерттеу- 

шілердің  айтуынша,  «түрік»  деген 

халықтың аты 542 жылдан белгілі бол- 

са  керек.  Түрік  қағанатының  қоғам- 

дық-экономикалық, саяси-әлеуметтік 

өмірінде сол кездері жаугершілік дәс- 

түр  маңызды  орын  алады.  Олардың 

алғашқы көсемдерінің бірі – Бумын 

қаған  айналасындағы  көрші  елдерді 

өзіне қаратады. Қағанаттың орталығы 

Орхон өзенінің (Қазіргі Монғолияда) 



ТҮЙС

ТҮРК

544

жағасында болды. Истеми қағанның 

тұсында  (VI  ғ.)  елдің  территориясы 

бұрынғыдан  да  ұлғайып,  әскери 

қуаты  арта  түсті.  Көп  ұзамай,  өзара 

қырғын  соғыстар  басталады  да, 

қағанат екіге (бірі Орталық Азиядағы 

Шығыс  түрік,  екіншісі  –  Жетісу, 

Шығыс Түркістан, Орта Азия Батыс 

түрік  қағанаты)  бөлінеді.  Батыс 

түрік  қағанаты  (астанасы  Шу  өзені 

алқабындағы Сүяб қаласы) аварлар- 

ды батысқа ығыстырып, Еділ, Жайық 

бойын өзіне қаратты. Білге қаған мен 

оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр 

қағанаттың тәуелсіздігін Таң (Қытай) 

шабуылынан үнемі қорғап келді. Ба- 

тыс түрік қағандығын құраған әртүр- 

лі  тайпалар  кейіннен  қазақ  халқы- 

ның құрамына енгені тарихтан белгі- 

лі. Осы кезеңнің саяси-қоғамдық, әде- 

би  өмірін  баяндайтын  жазба  ес- 

керткіштер бізге жетіп отыр. Солар- 

дың бірі – «Күлтегін», «Білге қаған», 

«Тоныкөк» дастандары.

Құлпытасқа  жазылған  осы  ескерт- 

кіштер  Орхон-Енисей  жазбалары 

деп  те  аталады.  Бұлардың  авторы 

Иолығ-Тегін  дейтін  шежіреші  екен- 

дігі белгілі болып отыр, бірақ қайда 

туып,  қашан  өлгендігі  жөнінде  еш 

мағлұмат жоқ. Шамамен VIII ғасыр- 

дың  орта  шенінде  өмір  сүрген  болу 

керек.  Жазба  ескерткіштердің  маз- 

мұнына қарағанда оның өз заманында 

білімді  адамдың  бірі  болғаны  бай- 

қалады.  Білге  қаған  інісі  Күлтегін 

қайтыс болғаннан кейін (731 ж.) оны 

өмірлік есте қалдыру үшін шетжұрт- 

тан  шеберлер  алдырып,  Қожа-Сай- 

дам  ойпатына  үлкен  ескерткіш  ор- 

натады  да,  мұндағы  өсиет  сөздерді 

өз  ағайыны  Иоллығ-Тегінге  жазды- 

рады.  Кейіннен  Білге  қаған  қайтыс 

болып,  інісінің  қасына  жерленеді. 

Осы  ескерткіштің  мәтіні  жазған  да 

Иоллығ-Тегін. «Күлтегін» («Түркі қа- 

ғанаты  туралы  сөз»)  ескерткішіне 

дейін  де  халық  жадында  сақталған 

ежелгі бабаларымыздың ерлік істерін, 

тұрмыс-салтын  жалпы  жұртқа  паш 

ететін шежірелер болуы ықтимал.

Бірақ  ол  жөнінде  әзірше  мәлімет 

жоқ. Автор түркілер тарихын олрдың 

саяси  аренаға  шыққан  кезі  – VI  ға- 

сыр ортасынан бастайды, яғни түркі 

ордасын  құрған  дәуірден  бергі  200 

жылдық  тарихты  сөз  етеді.  «Күлте- 

гін»  ескерткіші  желісі  жағынан  екі 

бөлімнен  («Кіші  Күлтегін»,  «Үлкен 

Күлтегін» тұрады. Біріншісі – жазы- 

лу мерзімінің кейін тұрғанына қара- 

май – түркі тарихының кіріспе бөлі- 

мі іспеттес те, екіншісі мемлекет та- 

рихының  негізгі  бөлімі,  «ел  өсиеті» 

болып есептеледі.

Күлтегін – ежелгі түркілердің тама- 

ша  ерлік  сипаттарын  бойына  жан-

жақты  дарытқан  жаужүрек  батыр, 

ұлан-ғайыр  кең  даланы  еркін  биле- 

ген дала халқының қайсар жауынге- 

рі.  Ал  Тоныкөк  болса  талай  қанды 

жорықтардың  куәгері,  үлкен  өнер 

иесі,  ойшыл,  философ,  халық  дип- 

ломатиясының білгірі. Тас жазуларда 

ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітші- 

лік,  құлдық  пен  тәуелсіздік,  тәлім-

тәрбие, тұрмыс-салт мәселелері әсем 

айшық  өрнектермен,  жанды  бейне- 

лерге толы сезім толғаныс тебіреніс- 

терімен баяндалады.

Мәселен,  «Бізге  жеңіс  әперген  жер-

суымыз – Отанымыз деп білу керек... 

қандай қағанат болмасын, оның хал- 

қының  арасында  пәтуасыз  (жалқау, 

оңбаған) табылса, онда сол халықтың 

қанша  соры  бар  десеңізші.  –  Құлақ 

ТҮРК

ТҮРК


545

қойып тыңдаңыздар, тереңнен, ойлап 

толғаныңыздар... Су ағысы тартылса, 

жас  жапырақ  қурайды,  адамдардан 

күш  кетсе  –  жат  кісіге  бағынады... 

«Менің  ағам  мені  адам  етті...  Аш- 

тықта  тоқтықты  түсінбейсің...  «Жа- 

қын  отырған  сыйдың  құрметтісін 

алады,  алыс  отырған  сыйдың  нем- 

кеттісін алады», деп келетін сөз тір- 

кестерінің  психологиялық  мәні  зор. 

Құлпытастарда  осы  іспеттес  жас 

жеткіншектерді  елін,  халқын  сүюге, 

жақсы, ұнамды әдет-ғұрыптарға бау- 

лу, үлкенді сыйлау, зеректік пен ой- 

шылдыққа,  батылдық  пен  тапқыр- 

лыққа  үйретіп,  тәрбиелеу  жайында- 

ғы мәселелер сөз болады. Бұлардың 

қазіргі  жастарымыз  үшін  тәлімдік 

мәнін жоймайтыны хақ.



ТҮРТКІ  (мотив;  франц.  тotif,  лат. 

тoveео  –  қозғаймын)  –  субъекттің 

өмір  сүру  жағдайы  ықпалымен  қа- 

лыптасатын және оның белсенділігі- 

нің  бағыттылығын  анықтайтын  әре- 

кетті туғызушы. Т. термині субьекттің 

белсенділігін туғызатын түрлі құбы- 

лыстар  мен  күйлерді  білдіру  үшін 

қолданылады.  Т.  –  адамды  түрлі  іс- 

әрекетке итермелейтін себеп. Кісінің 

өз  қажетін  өтеуі  оның  түрткілеріне 

байланысты.  Мысалы,  бір  оқушы 

өзінің  тиянақты  білім  алуын  келе- 

шектегі  өміріне  орайластырады, 

екінші  бір  оқушыда  түрткі  тек  баға 

алуға  бағытталады.  Мұндайда  екі 

түрлі  түрткінің  нәтижесі  екі  түрлі 

болады. Мақсат анықталмаса, түрткі 

дәрменсіз келеді, тек қиялын қозғап 

қана қояды.

ТҮРТКІЛЕР КҮРЕСІ – бұл термин 

ерік-жігер, қажыр-қайрат, сезім-эмо- 

ция,  жан  қуаттарының  деңгейінде 

айтылады.  Кез  келген  түрткі  мақсат 

қоюдан басталады да алдымен тілек, 

одан  соң  қалау  және  бұлардың  ішкі 

күресімен  (тілек  пен  қалаудың  бір-

бірімен  сәйкес  келмегеніне  байла- 

нысты жағдайда ) көрінеді.

ТҮС  КөРУ  –  субъекттің  көбінесе 

көрініс түрінде болатын елестетулері; 

ұйықтаған кезде, негізінен «тез» ұй- 

қы фазасында жүйелі түрде көрінеді. 

Түстің мазмұны мең эмоциялық рең- 

кі, тұлғаның өз түсіне «қатысуының» 

дәрежесі «тез» ұйқыдағы физикалық 

қозғалыстардың  қарқындылығына 

байланысты.  «Тез»  ұйқыға  тән  ми 

қыртысының белсендірілуі оң жарты 

шарда  біршама  білінеді,  мұның  өзі 

түсте кеңістік-бейнелік ойлаудың ба- 

сым бояуына орайласады.

Бұл түс көруде сананың тән сипатта 

өзгеруімен тығыз байланысты: объек- 

тивті болмыстың бейнеленуі және өзін 

таным субъектісі деп білу бұзылады, 

адам түс көріп жатқанын ұғынбайды, 

сондықтан  қабылданатын  құбылыс- 

тар қисынсыз болса да сыни тұрғы- 

дан қарау болмайды. Осының өзінде 

өзін тұлға ретінде бағамдау мен эмо- 

циялар (кінәлі сезіну, ұялу және т.б.) 

сақталады.  Түстің  сюжеті  бейнелі, 

символдық  нысанда  субъекттің  не- 

гізгі  мотивтері  мен  ұстанымдарын 

білдіреді.

Түсті есте сақтау тұлғаның ерекше- 

ліктеріне  және  ұйықтар  алдындағы 

эмоциялық күйіне байланысты. Т.к.-

дің  негізгі  функцияларының  бірі 

эмоциялық тұрақтандыру болып та- 

былады.  Т.К.  –  психологиялық  қор- 

ғаныш  жүйесіндегі  маңызды  буын, 

психикалық  қақтығыс  шиеленісін 

ТҮРТ

ТҮС


546

уақытша  бәсеңдетеді,  ізденім  бел- 

сенділігінің  қалпына  келуіне  септе- 

седі.  Т.к.-дің  шығармашылық  про- 

цесіне оң ықпалы болатыны осыған, 

сондай-ақ  онда  бейнелі  ойлаудың 

басым болуына байланысты. «Тез ұй- 

қы – түс көру» жүйесінің функция- 

лық  толымсыздығы  невроздар  мен 

психоматикалық  аурулардың  пайда 

болуының  елеулі  факторы  болып 

табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет