Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет88/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90

ЭМОЦ

ЭМОЦ

597

тижесінде У. Кеннон эмоцияның пай- 

да  болуының  баламалы  теориясын 

ұсынды.


У. Кеннонның айтуынша, эмоциялық 

көңіл  күйлер  және  оған  сәйкес  ор- 

ганикалық  өзгерістер  бір  уақытта 

дүниеге  келеді  және  бірдей  қайнар 

көзден пайда болады.

Осындай қайнар көз – эмоциогендік 

орталық,  У.  Кеннонның  көзқарасы 

бойынша, таламус болып табылады, 

негізгі органикалық үрдістерді және 

перифериялық, ішкі рецепторлардан 

бас мидың қыртысына және кері бе- 

ріп отыратын импульстарды реттеу- 

де негізгі рөл атқарады,

У.  Кеннонның  айтқан  қағидаларын 

одан  әрі  дамытқан  П.  Бардо  болды. 

Шындығында,  денедегі  өзгерістер, 

онымен  байланысты  эмоциялық  кө- 

ңіл күйлер бір уақыт пайда болады. 

Бас мидың барлық құрылымдарының 

ішінен  эмоциямен  байланысы  тала- 

мустың өзі емес, ал гипоталамус жә- 

не  лимбикалық  жүйенің  орталық 

бөлімі.

Жануарлармен  жүргізілген  экспе- 



рименттерде  дәлелдегендей,  осы 

құрылымдарға  электр  арқылы  әсер 

ету  нәтижесінде  белгілі  дәрежеде 

эмоциялық  жағдайларды,  мысалы, 

қорқыныш және ашу сияқты, басқару 

мүмкін екендігін көрсетіп берді.

У.  Кеннонның  тұжырымдамасын 

жетілдіру нәтижесінде жаңа атқа ие 

болды, оны Кеннон – Бардоның эмо- 

ция  тарихы  деп  атады.  Мынаны  ес- 

керуіміз  керек:  адамда  эмоциялық 

үрдістер  мен  жағдайлардың  дина- 

микасында  органикалық  және  дене 

ықпалына  қарағанда  когнитивтік 

факторлардың  атқаратын  қызметі 

ерекше.  Осыған  байланысты  соңғы 

жылдары  адамдағы  эмоциялардың 

жаңа  тұжырымдамасы  ұсынылған 

болатын,  когнитивтік  факторлар  бі- 

рінші орынға қойылады.

Алғашқылардың бірі болып табыла- 

тын  Л.  Фестингердің  когнитивтік 

диссонанс  теориясы.  Бұл  теорияны 

американдық психолог Л. Фестингер 

ұсынған (1957 ж.) және адамнын мі- 

нез-құлқына когнитивтік элементтер 

(сенімдер, пікірлер, құлықтар, ниеттер 

және  т.б.)  жүйесін  түсіндіретін  ба- 

тыс әлеуметтік психологиясы тұжы- 

рымдамаларының  бірі.  Бұл  теория 

бойынша  адамда  жағымды  эмоция- 

лық көңіл күй сол уақытта пайда бо- 

лады, егер оның күткені дәделденсе, 

айталық елестетулер өмірге енгізіле- 

ді,  жоспарлар  орындалады,  яғни  іс- 

әрекеттің  нақтылы  нәтижелері  бел- 

гіленген  немесе  күтілген  болжамға 

сәйкес келсе, байланысса болғаны.

Жағымсыз  эмоциялар  сол  жағдайда 

пайда болады және күшейе түседі, егер 

күтілетін және іс-әрекеттің шындық 

нәтижелерінің  арасында  сәйкессіз- 

дік – диссонанс болса. Субъективтік 

когнитивтік  диссонанс  жағдайыңда 

адам  дискомфорт  көңіл  күйде  бола- 

ды (қолайсыздық). Ол қалай болған- 

да да мүмкін болса, тезірек одан құ- 

тылуға  ұмтылады.  Когнитивтік  дис- 

сонанс  жағдайынан  шығудың  жолы 

екі  жақты  болуы  мүмкін:  күтілетін 

нәтижені және жоспарды өзгерту, олар 

шындық  алынған  нәтижеге  сәйкес 

келуі керек немесе жаңа нәтиже алу- 

ға  әрекет  ету,  ол  бұрынғы  күтілген 

нәтижелермен  байланысты  болуы 

дұрыс.


Қазіргі  әлеуметтік  психологияда  Л. 

Фестингердің когнитивтік диссонанс 

теориясы  адамның  қылығын  және 

ЭМОЦ

ЭМОЦ


598

әртүрлі әлеуметтік ахуалдарда оның 

әрекетін  түсіндіру  үшін  қолданы- 

лады.


Эмоциялық үрдістерге ес және адам- 

ның машықтануы (мотивация) ерек- 

ше үлес қосқандығын атап көрсетті. 

С.Шехтердің ұсынған эмоциялардың 

тұжырымдамасы когнивтік – физио- 

логиялық деп аталады.



ЭМОЦИЯЛЫҚ  ЕС  –  Эмоциялық 

ес сезімді есте қалдырып, оны кайта 

жаңғырту  түрінде  сыртқа  шығады. 

Өткен өмірімізде кездескен уақиғаны 

есімізге  түсіргенде,  біз  адамдарды, 

уақиғаның  болған  жерін,  сондағы 

айтылған сөз, ол сөздердің бізге ту- 

ғызған  ойларын  жаңғыртып  қана 

қоймай,  кейде  солармен  қабат  мұн- 

дай  еске  түсірулерде  біздің  бұрын 

бастан кешірген сезімдер де оянады. 

Егерде  өткен  өміріміздегі  бір  қуа- 

нышты  уақиғамен  байланысты  қа- 

зіргі  кезде  бізге  талғаусыз  адамды 

кездестірсек,  күні  бойы  қуанышты 

көңілде болуымыз мүмкін.

Бір кезде қорыққанымыз есімізге түс- 

се, өңіміз қашады, бір кезде қатты ұя- 

лу сезімін туғызған оғаш бір іс істеге- 

німіз  айтылса,  қызарамыз.  Эмоция- 

лық ес – адамның рухани өсуінің өте 

қажетті  шарты.  Кімде-кім  ардақты 

істерге себепші болған қуаныш және 

қанағаттану  сезімдерін,  сол  сияқты 

жаман қылықтан туған ұялу сезімін 

мүлдем  ұмытып  кетсе,  ондай  адам- 

ның жаңа ардақты істерді орындауға 

талаптануын  және  жаман  істерден 

өзін  аулақтауы  әлсіреген  болар  еді. 

Эмоциялық естің тағы бір маңызы – 

ол  адамның  эмоциялық  өмірін  түр- 

лендіріп,  байытады;  адамның  түрлі 

сезімдерінің бұлағы қазіргі өмірі ға- 

на болмай, өткен өмірі де болады.



ЭМПАТИЯ (лат. етрateia – әсерле- 

ну) – сезімнің адам бойында жиі кез- 

десетін,  өзіндік  мән-мағынасы  бар 

ерекшелігі. Э. адамның өзгелер қай- 

ғы-қасіретті  жағдайлар:  мен  қиын- 

дықтарға  ұшырағанда,  оларға  жана- 

шырлық, білдіріп, солардың ауыр ха- 

лінің өз басына түскендей көңіл күй- 

де  болуы.  Э.  өзге  адамдардың  жан 

дүниесінің сыры мен күй-жайын бі- 

лу қабілеттілігі және оған жанашыр- 

лық білдіру. Э.-ның айқын көрінісі – 

идентификация.  Бұл  адамның  өзге 

адамның  психикалық  жай-күйін  өз 

басынан  кешіргендей  халде  болуы. 

Э. – басқа адамдарға жаны ашып се- 

зімін білдіру қабілеті, олардың күйін 

түсініп,  қолынан  келген  көмегін  бе- 

руге  даярлығы.  Эмпатияны  алғаш 

америкалық  психолог  Э.Титченер 

(1867-1927) ашып көрсетті. Ол фило- 

софиядағы  ұнату  сезімінің  теория- 

лық негіздеріне сүйене отырып, жа- 

нашырлық  сезімнің  эмоциялық,  са- 

лыстыру мен ұқсату тәсілдермен тү- 

сіндірілетін танымдық (когнитивтік) 

және  адамның  жан  күйзелісіне  ду- 

шар болу себептерін алдын ала сезе 

білу  сияқты  түрлері  болатындығын 

көрсетті.



ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕзІМДЕР – жо- 

ғары сезімдердің түріне жатады, яғ- 

ни  адамның  шындықтағы  қандай 

болмасын бір сұлулықты түсінуінен 

пайда  болады.  Мұндай  сезімдер  сұ- 

лу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әде- 

мі көріністерді тамашалау немесе та- 

биғаттағы,  көркемөнердегі  әсіресе, 



ЭМОЦ

ЭСТЕ

599

өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден 

ләззат алу кездерінде байқалады.

Э.с. сондай-ақ сурет полотноларынан, 

скульптуралық  (мүсіндік),  архитек- 

туралық,  музыкалық  немесе  сахна- 

лық шығармалардың шебер орында- 

луынан  ләззат  алуға  байланысты  да 

туып отырады. «Адамзатқа тән ерек- 

ше  бір  қасиет,  –  дейді  әл-Фараби,  - 

өзін қоршаған дүниенің әсемдік сыр- 

ларына үңілу, содан рухани нәр алу, 

өзінің  нәзік  сезімін  образдар  арқы- 

лы  паш  ету».  Мәселен,  «жақсы  ән 

мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалы 

әуеннің адамның эстетикалық сезім- 

дерінің  қалыптасуында  ерекше  ма- 

ңыз алатындығын С. Торайғыров бы- 

лайша сипаттайды: «Халықтың арғы-

бергісін  қозғап,  естеріне  түсіріп, 

мұң-мұқтаждарын  зарлап,  кем-ке- 

тігін көрсетіп, әдемі даусымен құй- 

қылжытып тұрғанда, қандай тас кө- 

ңіл  болса  да  жібімеген  еркіне  қой- 

майды.  Халықтың  қайдағы-жайда- 

ғысы ойына қозғалып, түсіп, қандары 

қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. 

Әркімнің  көңіл  көздерінен  жастар 

моншақтап,  бойлары  балқығандай, 

шартта-шұрт қол шапалақтасып... 

тарқайды»

1

.

Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәт- 

ті күйдің қандай тас көңілді болса да 

жібітіп жіберетіні, қанды қайнататы- 

ны,  көзден  жас  ағызатыны,  бойды 

балқытатыны  т.б.  адам  психология- 

сын нұрландырып, байытатындығын, 

адамды ләззатқа бөлейтінін айтады.

Э.с.-дің мазмұнын да әлеуметтік жағ- 

дайлар билейді. Н.Г. Чернышевский 

мұны төмендегідей әсерлі сөздермен 

жақсы түсіндірген: орыс шаруасы өзі- 

нің жұмыстан пайда болған күсті қо- 

лын,  жуан  білегін,  мығым  денесін, 

кең жауырынын мақтан етсе, дворян 

бикештері өздерінің сыңқылдап наз- 

дануын,  ақ  саусағы  мен  бұраң  бе- 

лін, қиылған қасы мен оймақтай ау- 

зын,  ерекше  нәзіктігін,  еңбекті  сүй- 

мейтіндігін  мақтан  етеді.  Н.Г.  Чер- 

нышевскийдің  айтып  отырған  сұлу- 

лық жөніндегі пікірлері қарама-қар- 

сы екі тап өмірге көзқарасы. Сөйтіп, 

өмірдегі  сұлулықты,  көркем  –  бар- 

лық  адам  бірқалыпты  сезінбей,  әр- 

кім өзінің таптық, тарихи дәуірге, нақ- 

тылы тарихи жағдайға сәйкес сезіне- 

ді. Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Сұ- 

лулық сезімдер адамның дұрыс, сұлу, 

ләззат  іздеуіне,  сұлу  нәрсені  сүйіне 

қорғау  немесе  жаман  нәрседен  жи- 

рену,  қатты  жақсылыққа  ұмтылды- 

рады. Жауыздықтың тыйылуына көп 

көмек көрсетеді».

ЭТНОПСИХОЛОГИЯ  (грек.  eth-

nos  –  ру,  тайпа,  халық)  әртүрлі-эт- 

ностардың өзіне тән ұлттық мінезін, 

оларды өзіне тән психологиялық ерек- 

шеліктерін зерттейтін пәнаралық ғы- 

лым. Э. – әрбір халықтың рухани әре- 

кетін  (миф,  фольклор,  тіл,  дәстүр, 

салт, әдет-ғұрып, діл, дін, т.б.) сол ха- 

лықтың психологиясын, сана-сезімін 

көрсететін негізгі өлшемдер. Э. жеке 

ғылым ретінде XIX ғ. ортасында Ре- 

сейде, кейінірек Батыс Еуропада (Ла- 

царус, Штейнталь, Вундт. т.б.) пайда 

болды.

Қазақ  елінде  бұл  мәселемен  Шоқан 



Уәлиханов т.б. айналысты. Оның ең- 

бектерінде «халық рухы» дейтін ұғым 

жиі кездеседі, Мұны «халықтық пси- 

хология»  ұғымының  синонимі  деу- 

ге болады. Этнопсихологияның зерт- 

тейтін  сан  алуан  мәселелері  (этнос- 

тереотип, этноцентризм, ұлттық тұр- 

ЭТНО

ЭТНО


600

пат,  халық  рухы,  ұлттық  намысалы, 

ұлттық сана, дәстүр, салт және т.б.) 

бар. Э. міндеттері: әртүрлі халықтар 

мен мәдениеттер өкілдерінің психи- 

калық ерекшеліктерін, ұлттық дүние- 

таным, ұлттық қатынас мәселелерін, 

ұлттық  мінез  мәселелерін,  ұлттық 

өздік  санамен  этникалық  стерео- 

типтердің  міндеттері  мен  қалыпта- 

су  заңдылықтарын,  ұлттық  қоғам- 

дастықтардың қалыптасу заңдылық- 

тарын зерттейді.

ЭТНОПСИХОЛОГИЯ  МЕН  ИН- 

НОВАЦИЯ  –  этностық  дамудың 

соңғы  кезеңінде  пайда  болған  руха- 

ни құбылысты белгілейтін ұғым. Ин- 

новацияның  келуінде  кездейсоқтық 

пен  сыртқы  ықпалдың  әсері,  күші, 

жаңалық енуі 3 кезеңнен тұрады.

Оның біріншісі – таңдау, талдау, яғни 

сырттан келген ғылыми жаңалықтың 

толық енбей, сұрыпталуға түсуі. Екін- 

шісі  –  сұрыпталу  кезеңі,  мұнда  эт- 

ностағы  психологиялық  ерекшелік- 

тер маңызды рөл атқарады. Үшінші- 

сі – интеграция кезеңі, мұнда сырттан 

келген ғылыми жаңалықтар (ғылыми 

термин, атау т.б.) жаңа жағдайға сіңі- 

сіп, сол этностың дәстүрлі мәдение- 

тімен  үндесіп  отырады  (мәселен 

идентификация, агрессия, адаптация, 

стратегия т.б.).

ЭТНОСТЫҚ  КИКІЛЖІҢ  –  то- 

паралық кикілжіңнің түрі; этностық 

белгілермен,  қызығушылықтармен 

топтардың  қарама-қарсы  топтарға 

бөлінуі. Этностан тыс саяси-әлеуметтік 

және  экономикалық  қайшылықтар 

этностық  кикілжіңнің  қайнар  көзі 

болып  табылады.  Этноцетризмнің 

өсуі мен Э.к. күшейеді. Эгноцентризм 

өзінің этникалық қоғамдастығын бас- 

қа этникалық топтардың жинақтала- 

тын орталығы ретінде қалыптасатын 

елестер.  Өз  халқының  бейнесінің 

нақты қысқартылған түрлері сияқты 

елестер  немесе  иррационалды  елес- 

тердің жалпыға тән жиынтығы (жал- 

пылық  сананың  психологиялық  құ- 

рылымдықтары ретінде) болады.



ЭТНОСТЫҚ МІНЕз-ҚҰЛЫҚ – ру, 

тайпа,  этностық  қауымдастықтағы 

адамдардын ішкі жан дүниесінің ор- 

тақ  бітістері.  Э.м.-қ.  –  тарихи  шын- 

дық және объективті фактор. Ол адам- 

дардың тарихи қалыптасқан бірлесті- 

гі мен ірі топтары болып саналатын 

этностың, ұлттың, халықтың тіршілігі 

мен  әлеуметтік  жағдайының  тұтас- 

тығы арқылы танылады.

Э.м.-к. ерекшеліктері, әр этносқа тән 

мінез-құлық  ерекшелігінің  болуы 

және  оған  жергілікті  географиялық-

климаттық  жағдайлардың  әсер  етуі 

заңды  құбылыс.  Мінез-құлық  біті- 

сі географиялық, жағдаймен, шаруа- 

шылық кәсіппен, тұрмыс-тіршілікпен, 

салт-дәстүр  нормаларымен  байла- 

нысты  қалыптасып  жетіледі.  Э.м.-

қ.  өзгермейтін  құбылыс  емес.  Э.м. 

синонимі  этностық  стереотиптер 

(таптаурындар).



ЭТНО

ЭТНО

601

ЮНГ  КАРЛ-ГУСТАВ (1875-1961) – 

Швейцария  психологі,  «аналитика- 

лық»  психологияны  жасаушысы 

(Фрейдизм).  Ю.  Жеке  адамның  са- 

насыздығымен  қатар  «ұжымдық  са- 

насыздықтың»  неғұрлым  терең  қа- 

баттары болады, онда «бастапқы» пси- 

хикалық  құрылымдар  (архетиптер) 

түрінде  адамзаттың  ең  ежелгі  тәжі- 

рибесі сақталады, ол дүниені қабыл- 

дау мен ой елегінен өткізуге априо- 

рилік әзірлікті қамтамасыз етеді. Ю. 

«индивидтену» процесін – жеке адам- 

ның  өз  мүмкіндіктерін  («өзіндігін») 

толық  жүзеге  асыруға  ұмтылуын 

адамның  психикалық  тіршілігінің 

негізгі  мазмұны  деп  санады.  Егер 

бұған  жеке  немесе  әлеуметтік  өмір 

мәселелері  кедергі  жасайтын  болса, 

санасыздық  архетиптік  құрылымда- 

ры  жанданып,  символдық  бейнелер 

пайда болады, олар түрлі халықтар- 

дың  аңыздарында  қайталанып  оты- 

рады  және  әрбір  адамның  бойында 

түс  беріп,  оны  таңғажайып  күшпен 

баурап  алуы  мүмкін.  Дәрігердің  па- 

циенттерінде  пайда  болатын  архе- 

типтік  бейнелерді  түсіндіруін  Ю. 

«аналитикалық психологияның» мін- 

деті деп есептеді.

Ол ұлы идеялардың бәрі архетиптік 

негізде  жатыр  деп  санады.  Егер  дү- 

ниедегі  дәстүрлердің  бәрі  біржола 

кесіп-пішілген болса, деп жазды Ю., 

келер  ұрпақпен  бірге  барлық  аңыз- 

дар  мен  дін  тарихи  түрде  қайтадан 

басталар  еді.  Ю.  концепциясының 

иррационалистік, мистикалық жақта- 

рын теологиялық жалдаптықтар абс- 

трактілі  өнерді  негіздеу,  өнерді  ар- 

хаизмдендіру,  көркем  шығармашы- 

лықтың  әзәзілдік,  санасыз  сипатын 

дәлелдеу  үшін  пайдаланды.  Соны- 

мен  бірге  Ю.  еңбектері  салыстыр- 

малы аңыздар жөнінде зерттеулердің 

пайда  болуына  жәрдемдесті;  оның 

психологиялық типтері – экстравер- 

тициялық  және  интровертициялық 

типтер  концепциясы  әйгілі  болды. 

Негізгі еңбектері: «Либидо метамор- 

фоздары  мен  символдары»  (1912, 

1952  ж-дан  «Өзгеріс  символдары»), 

«Психологиялық  типтер»  (1921); 

«Мен  және  санасыздық  арасындағы 

қатынастар» (1928).

ЮНГ

ЮНГ


602

ЯКОБСОН  ПАВЕЛ  МАКСИМО- 

ВИЧ  (1902-2009)  –  орыс  ғалымы, 

психология  ғылымдарының  докто- 

ры. 1922 ж. Мәскеу университетінің 

психология-философия  бөлімін  бі- 

тірген.  1942  ж.  ММУ-ды,  1944  ж. 

Психология  институтында  қызмет 

атқарған. Ол Ресей психологтарының 

ең  көп  ғұмыр  кешкен  өкілі.  Оның 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  не- 

гізі  үш  бағытта  өріс  алды.  Олар  – 

өнер  психологиясы,  техникалық  ой- 

лау мен шығармашылық және адам- 

ның  эмоциялық  сезім  дүние-сінің 

мәселелері. Негізгі еңбектері: «Про- 

цесс творческой работы изобретате- 

лей» (1934), «Психология сценичес- 

ких чувств актера» (1936), «Эмоцио- 

нальная жизнь школьника» (1966) т.б.



ЯСПЕРС  КАРЛ  (1883-1969)  –  не- 

міс  ғалымы.  Ол  адамның  психо- 

патологиялық  ауруларға  ұшырау 

себептерін  зерттеп,  өмірдің  мәңгі 

еместігін  ұмытпай  адам  бүкіл  мі- 

нез-құлқын,  іс-әрекетін,  талап-ті- 

легін,  ой-арманын,  сондай-ақ  мо- 

ральдық,  құқықтық,  эстетикалық 

құндылықтарын  анық  білуі  қажет. 

Автор  психопатологиялық  аурулар 

адам  психикасын  ширата  түсуге  өз 

ерекшелігін  танып-білуге,  психика- 

дағы терең күйзелістерді ауру, күнә- 

һарлық т.б.) табиғатын аңғаруға жәр- 

демдеседі  дейді.  Негізгі  еңбектері 

«Жалпыға  бірдей  психопатология» 

(1913),  «Философия»  (1932),  «Атом 

бомбасы  және  адамзат  болашағы» 

(1958) т.б.

ЯКОБ

ЯСПЕ


603

А 

Абазия 5


Аббревиатура 5

Абдикация 5

Аберрация 5

Абиотикалық факторлар 5

Абсолюттік есту 5

Абсолюттік шкала 6

Абсолютті табалдырық 6

Абстиненция 6

Абстракция 7

Абулия 7


Абыржу 8

Авиация психологиясы 8

Автоматизм 9

Авторитарлық 10

Автосуггестия 10

Автостереотип 10

Агглютинация11 

Аггравация 11

Агнозия 11

Аграфия 12

Агрессивтілік 13

Агрессия 13

Агрессивтік мінез-құлық 14

Ағынан жарылу 14

Адалдық пен арамдық 14

Адаптация 15

Адаптациялық синдром 16

Адуын 17


Ажитация 17

Азғындық 18

Айкезбе, (сомнамбулизм) 18

Айқай 19


Айтыс 24

Акалькулия 25

Акинезия 25

Аккомодация 25

Акме 25

Акмеология 26



Акселерация 26

Аксиология 27

Активация 27

Актуаландыру 27

Акцептор әрекеті 27

Ақкөңілдік 27

Ақниет 28

Ақыл 30


Ақылдың сапалары 31

Ақыл-ой әрекетін жоспарлы қалыптас- 

тыру теориясы 32

Аламан 32

Алғашқы балалық шақ 32

Алғыс 33


Алдану 34

Алкоголизм 34

Алыстан көргіштік 39

Альтруизм 39

Амнезия39

Амузия 40

Анализ 40

Анализатор 40

Аналитикалық психология 41

Аналогия 41

Анальгезия 41

Анамнез 42

Андрогиния 42

Анимизм 42

Анкета 

Анонимді маскүнемдер 44



Аномалия 45

Антиципация 45

Антропогенез 45

Антропологизм 45

Антропология 46

Антропоморфизм 46

Антропоцентризм 47

Аңдау 47


Аңқаулық 47

Апатия 48

Апперцепция 48

Араздасу 49



АТАУЛАР  КөРСЕТКІШІ

604

Аралық ми 49

Арамзалық 49

Арлану 50

Арман 50

Арсыздық 51

Архетип 51

Ассимиляция 54

Ассоцианизм 54

Ассоциативті аймақ 54

Ассоциативтік психология 54

Ассоциация 56

Астения 57

Атаққұмарлық 57

Атрибуция 57

Атрофия 59

Аттитюд 59

Аттракция 59

Аура 59

Аутизм 60



Аутогенді машықтандыру 60

Ауызекі сөйлеу 60

Ауырсыну адаптациясы 60

Ауырсыну 61

Ауыру 61

Ауытқыған мінез-құлық 61

Афазия 62

Аффект 63

Афференттік синтез 65

Аффилиация 66

Ахуал 66

Ашу 66


Ә

Әбестік 67

Әдеп және жантану 78

Әдептілік 79

Әдет 79

Әдіс 80


Әдіснама 80

Әдістеменің сенімділігі 81

Әзіл-әжуа 81

Әзіл-оспақ 81

Әлеуметтену 82

Әлеуметтік психология 83

Әлеуметтік стереотип (таптаурын) 85

Әлеуметтік ұстаным 85

Әлсіздік 87

Әңгүдік 87

Әңгімелесу 87

Әрекет 88

Әрекетсіздік 88

Әрекет нәтижелерінің акцепторы 88

Әсершілдік 89

Әскери психология 89

Әуестік 92

Әумесер 92



Б 

Бағдар 95

Бағдарлау рефлексі 95

Байқағыштық 95

Байқау 96

Бақылау локусы 100

Бала сөзінің алғаш қалыптасуы 100

Балалық шақ 101

Басқару психологиясы 109

Бастауыш сыныптағылардың психо-

логиясы 109

Бата 113


Бауырмалдық 113

Бейнелеу теориясы 114

Бейімділік 114

Бейсана 114

Белсенділік 115

Билингвизм 116

Биогенетикалық заң 117

Бихевиоризм 117

Биязылық 119

Бозбала психологиясы 119

Бойжеткен психологиясы 122

Бойкүйездік 125

Болдыру 125

Борыш сезімі 125

Босқындар 126

Бөбек 126

Бугер-Вебер заңы 128


605

Білім 132

Білім беру 132

Білімді меңгеру 132



В 

Валидтілік 133

Вебер-Фехнер заңы 135

Вербалдық үйретулер 135

Вестибулярлық аппарат 136

Вибрация 136

Вюрцбург мектебі 138

Г 

Галлюцинация 140

Гельмгольц үшбұрышы 140

Генетикалық психология 140

Генотип 141

Геронтопсихология 141

Гетеростереотип 141

Гештальтпсихология 141

Гештальттерапия 143

Гипербола 143

Гипертимдік 143

Гипноз 143

Гипоталамус 144

Гормондар 144

Госпитализм 144

Гуманистік психология 145



Ғ 

Ғайбаттау 146

Ғарыштық психология 146

Ғашықтық 146

Ғылым психологиясы 146

Д 

Дағды 148

Дағдылардың автоматтануы 149

Даму психологиясы 149

Даму факторлары 150

Данышпандық 150

Даралық психологиясы 151

Дарындылық 152

Дәм сезу адаптациясы 154

Дәстүр 154

Дедукция 156

Деменция 156

Дерексіздендіру 157

Детерминизм 157

Джеймс-Лангенің  эмоциялар  тео- 

риясы 158

Дидактогения 159

Дистинкция 159

Доминанта 160

Дондерс моделі 160

Достық 164

Дін психологиясы 171




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет