Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет26/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   90

ЕЛЕС

ЕЛЕС

174

кес  бейнелер  жасау.  Кеңістіктік  Е. 

сызбаларды зерделеу және т.б. жағдай- 

да  қолданылады.  Тұлғаның  даму 

деңгейі  көбіне  оның  құрылымында 

елестетудің қай түрі басым болуына 

байланысты.  Егер  жасөспірім  жет- 

кіншекте  нақты  әлеуметтік  маңызы 

бар қарекетке жүзеге асатын шығар- 

машылық  Е.  құрғақ  қиялдардан  ба- 

сым  болса,  тұлғаның  неғұрлым  жо- 

ғары  деңгейде  дамуын  көрсетеді. 

Баланың елестетуі оның қарекетінің 

әр  алуан  түрлерінде  қалыптасады. 

Мектепке дейінгі балалық кезең бо- 

йынша баланың елестетуі сыртқы ті- 

ректі (ең алдымен, ойыншықты) ке- 

рексінетін қарекеттен өз алдына іш- 

кі  қарекетке  біртіндеп  ауысады  да, 

қарапайым сөздік (ертегі, тақпақ шы- 

ғару) және бейнелеу (сурет) шығар- 

машылығын жүзеге асыруға мүмкін- 

дік береді.

Е. сөйлеуді меңгерумен байланысты. 

Демек,  үлкендермен  қарым-қатынас 

процесінде дамиды. Сөйлесу балалар- 

ға өз тәжірибесінде ешқашан болма- 

ған  заттарды  елестетуіне  мүмкіндік 

береді.  Баланың  сөйлесуіндегі  кінә- 

раттар,  кешеуілдеу  елестетуінің  да- 

муына әсер етіп, оны азайтады. Мек- 

тепке  дейінгі  жаста  елестету  қоғам- 

дық  тәжірибені  меңгерудің  ең  ма- 

ңызды  шарттарының  бірі  болып  та- 

былады. Ересек адамның Е. арқылы 

айналадағы  дүниені  игеруіне  себеп- 

теседі.  Оқу  процесінде  балалардың 

елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріле- 

ді.  Баланы  оқуға,  жазуға  анық,  дәл 

елестерсіз үйрету мүмкін емес. Елес- 

тер қабылдаудың негізінде қалыпта- 

сып отырады. Оқушы өзі байқап отыр- 

ған нәрсенің кейін қажет болатынды- 

ғын сезінетін болса, оның елесі де тия- 

нақты қалыптасады. Мектеп жасына 

дейінгі балалардың елестерін дамы- 

тып  отыру  олардың  оқу  әрекетіне 

дайындалуының негізгі шарты екен- 

дігі  ата-аналардың  естерінде  болуы 

тиіс.


ЕЛЖАНДЫЛЫҚ – тарихи тамыры 

терең әлеуметтік, саяси, психология- 

лық  құбылыс.  Ол  ұлттардың  ара- 

сындағы  демократиялық  дүниета- 

нымға, адамгершілікке, бөтенді жатыр- 

қамайтын қазақы ұлттық менталитет 

пен  дәстүрге  негізделген.  Қазақ  же- 

рін барлық ұлттардың шынайы Ота- 

нына  айналдыру,  тілін,  дінін  дамы- 

тып, өркениет жолына салатын идео- 

логия мен саясат.

ЕЛІГУ  –  бұл  түрткілердің  әлде  де 

аңғарылмаған  айқын  емес,  бұлдыр 

түрі. Нақты көзқарасы тұрақсыз, сенімі 

жоқ  адамдар  осындай  жағдайға  жиі 

тап  болады.  Яғни  олар  кез  келген 

нәрсеге еліге кетіп, соған имандай се- 

ніп жүреді. Сондықтан да елігу адам- 

ның тұлғалық қасиеттерінің келеңсіз 

түрлерінің бірі болып есептеледі.

ЕЛІКТЕУ (лат. imitatio – еліктеу) – 

басқалардың мінез-құлқын өзіне кө- 

шіру  процесі.  Е.  ерікті  және  еріксіз 

болуы мүмкін. Өз әрекетін басқаның 

үлгісімен  модельдеуге  тырысу.  Бұл 

терминді  «мимикрия»  терминінен 

ажырата білу керек. Бұл термин, сон- 

дай-ақ имитациялық әрекет механи- 

калық  түрде  орындалады  деп  түсін- 

діріледі. Бұлай сипаттау қате. Мыс., 

бала  анасының  әрекетіне  немесе 

топтағы  құрбыларымен  ойнаудағы 

өзара әрекет тәсілдеріне тек еліктеп 

қана  қоймайды,  мұндағы  мінез-құ- 



ЕЛЖА

ЕЛІК

175

лық  өте  күрделі,  оған  механикалық 

процесс деген түсінік беруге болмай- 

ды. Еліктеудің мұндай түрі бала оның 

топтағы әлеуметтік моделін реттейтін 

негізгі  ережелерді  білуі  керек  деп 

түсіндіреді. Бұл терминді жеңілдету 

үшін  көбінесе  «үлгілеу»  термині 

қолданады. Е. үлгі тұтатын объекттің 

қылықтарын  тікелей  қайталау  нә- 

тижесінде болатын үйрену түрі.

ЕНЖАРЛЫҚ (лат. passivus – әрекет- 

сіз)  –  адамның  белсенділікке  қара- 

ма-қарсы  қасиеттерінің  бірі.  Енжар 

адамда әрекетсіздік, немқұрайдылық, 

ынтасыздық, еріксіздік сияқты және 

т.б. қасиеттер көрінеді. Е-қа жетелей- 

тін  әртүрлі  объективті  және  субъек- 

тивті себептер болуы мүмкін. Ондай 

себептердің  мәнін  игеріп  Е-ты  же- 

ңуге  болады.  Мұндай  мәселелермен 

тәжірибелік психология айналысады.

ЕҢБЕК  ПСИХОЛОГИЯСЫ  –  ең- 

бек  қарекетінің  нақты  нысандары- 

ның  және  адамның  еңбекке  деген 

көзқарасының  қалыптасуының  пси- 

хологиялық  заңдылықтарын  зерт- 

тейтін  психология  ғылымының  са- 

ласы. Еңбек психологиясының объек- 

тісі – индивидтің өндірістік жағдай- 

ларындағы және оның жұмыс күшін 

ұдайы өндіру жағдайындағы әрекеті. 

Қазіргі  заманғы  Е.п.  өндіру  және 

тұтыну деген ажырамас екі цикл бо- 

лады,  адам  оларда  кезекпен  және 

тәуелсіз  түрде  әуелі  өндіруші,  одан 

кейін  тұтынушы  ретінде  көрінеді 

деген  түсініктерден  бас  тартты.  Ең- 

бек  психологиясының  тұрғысынан 

индивидтің  жұмыс  уақыты  мен  бос 

уақыты  еңбек  және  жұмыс  күшін 

ұдайы өндіру жағдайларымен тығыз 

байланысты.

Е.п-ның  негіздері  медицинаның, 

физиологияның, техниканың, социо- 

логия  мен  саяси  экономиканың  ық- 

пал-әсерімен  қалыптасты.  Қайсыбір 

пәннің  еңбекті  жетілдіру  мәселеле- 

рін шешуге қатыстырылуы үшін бас- 

тау-негіз  мынадай  қағиданың  таны- 

луы  болды:  еңбектің  ұйымдастыры- 

луы  оның  өнімділігін  еңбекті  қар- 

қындатудан гөрі көбірек арттырады, 

ал  жұмыскерге  жұмсалатын  (оның 

білім алуына, медициналық қызмет- 

пен  қамтуға,  тұрғын  үй-тұрмыстық 

және экологиялық жағдайларын жақ- 

сартуға)  экономикалық  шығындар 

өндіріс  саласындағы  пайда  түрінде 

қайтады. Бұл орайда, әрбір пән еңбек 

психологиясын дамытуға, оның мін- 

деттерін тұжырымдауға өз үлесін қос- 

ты.  Е.п-ның  өз  алдына  ғылыми  пән 

ретінде  қалыптасуының  бастамасы 

деп  Г.Мюнстербергтің  «Психология 

және өндіріс тиімділігі» (1913) және 

«Психотехника негіздері» (1914) ат- 

ты еңбектерінің шығуын есептеу қа- 

былданған. Еңбекті зерттеуге И.М.Се- 

ченов өз үлесін қосты.

Осы арқылы еңбекті ұтымды ұйым- 

дастыру  және  еңбек  қарекетін  жо- 

балау  мәселелері  зерттеле  бастады. 

Алайда  еңбек  психологиясының  эк- 

лектикалықтан арылып, өзінің пәнін 

саралап  алуына  дейін  ұзақ  уақыт 

өтті.  Еңбекті  зерттеудің  инженерлік 

психология,  авиациялық  және  ға- 

рыштық  психология,  эргономика, 

басқару  психологиясы  секілді  жаңа 

бағыттары  қалыптасты.  Е.п-ның  қа- 

зіргі уақыттағы басты-басты міндет- 

тері  өндірістік  қатынастарды  жетіл- 

ЕНЖА

ЕҢБЕ


176

діру, еңбектің сапасын жақсарту, апат- 

тық жағдаяттарға жол бермеу, еңбек 

ұжымының  (тобының)  психология- 

лық  кейпін  анықтап,  реттелуге  ба- 

ғыттау т.б. Еңбек (бейнет, қам) пси- 

хологияда  іс-әрекеттің  түрі  ретінде 

сипатталады. Е. – адам тіршілігіндегі 

бірінші қажеттілік.

Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбие- 

нің  өзекті  мәселесі  –  адамды  еңбек 

ету  қажеттілігіне  баулу.  Жастарды 

еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр- 

лау – жалпы гуманистік тәрбиенің түп- 

кі мақсаты. Е. – адамның іс-әрекеті- 

нің негізгі түрі және барлық материал- 

дық игіліктерді өндірудің қайнар көзі.

ЕРІК – адамның мінез-құлқын мең- 

геру  қабілеті.  Ол  мақсат  қоюдан 

басталады.  Е.  –  қимылдарының  ал- 

ғашқы  көріністерінің  бірі  тілек.  Ол 

келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. 

Мәселен,  «газетке  мақала  жазсақ», 

«өзенге барып шомылсам», «домбыра 

тартып үйренсем», т.б. деген сөйлеу- 

де адамның түрлі тілегі бейнеленген. 

Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көз- 

делген, бірақ оны орындау жолдары 

әлі де болса көмескі, яғни оның нақ- 

ты  жоспары  сызылмаған.  Тілекте 

еріктік амалға тән, аздап талғамалы- 

лық сипат бар.

Е. – актісінің келесі бір буыны қалау. 

Бұл  мақсаттың  айқындығын,  санаға 

жеткізетін нақты жоспарлардың жа- 

салуын,  ойдың  бекілгендігін  білді- 

реді, бірақ тілек те, қалау да ерік қа- 

сиетін толық көрсете алмайды. Өйтке- 

ні  бұлар кейде бір-біріне үйлесе ал- 

май,  біріншісі  екіншісіне  қайшы 

келеді.  Адам  ылғида  шамасы  келе- 

тін,  күші  жететін  мақсатты  қойып, 

осы  жолда  кездесетін  ішкі  кедергі- 

лер – жалқаулық, адам өзіне жұмыс 

істеу  қиынға  соғатын,  алдында  тұр- 

ған  міндетке  ешқандай  қатысы  жоқ 

басқа  бірдеңелермен  шұғылдануға 

құштарлық ететін, белгіленген мәсе- 

лелерді орындауға кедергі жасайтын 

субъективтік,  жеке  ниеттен  туатын 

жат әдеттер сияқты кедергілер жата- 

ды (төсектен тұрғың келмейді, бірақ 

сабаққа  кешікпеу  үшін  тұру  керек), 

сыртқы кедергілер деп сол істің объек- 

тивтік  қиындықтарын,  оның  күрде- 

лілігін, әрқилы бөгеттерді, басқа адам- 

дардың  қарсылықтарын  жұмыс 

жағдайындағы  шынайы  қиыншы- 

лықтарды т.б. есептейді, ол (біреудің 

қарсылығы,  жағдай  болмау  т.б.) 

қиыншылықты  жеңіп  отыру  қажет. 

Белгілі дүниетанымы мен сенімі, мі- 

нез-құлқының принципі бар, өз ісінің 

дұрыстығына көзі жететін адам ғана 

дұрыс тоқтамға келе алып, оны қайт- 

кен  күнде  де  орындау  жолын  таба- 

ды.  Кейбіреулер  өзінің  алдына  кө- 

мескі  мақсат  қояды  да,  сөйтіп  мақ- 

сатын  орындай  алмай  қалады.  Ал  

ой  жұмысын  керек  етпейтін  жеңіл 

мақсатта, адамның еркін енжар, әлсіз 

етуі  мүмкін.  Еріктік  амалдың  ең 

шешуші  кезеңі  мақсаттың  орында- 

луы.  Адамның  ерік  сапалары  сан 

алуан. Олардың ұнамды жанға жара- 

сымды түрлерімен қатар нашар жақ- 

тары аз кездеспейді.

Еріктің негізгі функциялары: мотив- 

тер мен мақсаттарды таңдау; іс-әре- 

кет мотивациясы жеткіліксіз не басы 

артық болғанда іс-әрекетке деген ниет; 

ынтаны реттеу, психикалық үрдістер- 

ді  адам  атқаратын  іс-әрекетке  бара- 

бар жүйе етіп ұйымдастыру; қойыл- 

ЕРІК

ЕРІК


177

ған  мақсаттарға  жетуде  кедергілер- 

ден өтетіндей жағдаятқа жұмылдыру. 

Іс-әрекеттер  мен  психикалық  үрдіс- 

терді өзінің саналы шешімдеріне ба- 

ғындырып, реттеу мүмкіндігі де ерік- 

тің  болуымен  түсіндіріледі,  бұл  да 

адамның  іс-әрекетінде  табандылық, 

шешімділік,  ұстамдылық,  батылдық 

және т.б. қасиеттердің көрінуі сияқты.

Еріктік реттеуді талап ететін барлық 

жағдаяттардың сан алуандығын (ке- 

дергілерді  жеңу,  болашақ  қамында- 

ғы  іс-әрекет,  түрткілер  қақтығысы, 

әлеуметтік нормаларға бағыну тала- 

бы мен адамның қалаулары арасын- 

дағы  кереғарлық  т.с.с.)  келесі  үш 

шынайылыққа сай болады:

1.  іс-қимыл  мотивациясы  жеткілікті 

болмағанда оған деген ынта-ниет ол- 

қылығын толтыру;

2.  өзара  қақтығысы  болғандай  жағ- 

дайда іс-қимылдың түрткілерін, мақ- 

саттарын, түрлерін таңдау;

3.  сыртқы  және  ішкі  іс-қимылдар 

мен  психикалық  үрдістерді  ырықты 

реттеу.

Еріктік  акт  –  адамның  өзін-өзі  бел- 



сенді түрде реттеуі мен ынталанды- 

руы.  Ерікті  психологияда  арнайы 

зерттейтін сала Е. психологиясы адам- 

ның  өз  мінез-құлқын,  қылықтарын, 

жүріс-тұрыстарын саналы түрде иге- 

ре алу мүмкіндіктерін қарастырады. 

Е.п.  мақсатты  қимыл-қозғалыстар- 

да  кездесетін  кедергілер  мен  қиын- 

шылықтарды жеңу механизмдері мен 

заңдылықтарын  зерттейді,  сонымен 

бірге  әрбір  жеке  адамның  ерікті  іс- 

әрекеттерінің  өзіндік  сипатын  тал- 

дайды.

Е.п.  еріктің  келесі  амал-кезеңдерін- 



де талдайды:

1. мақсат және оған жетуге ұмтылу;

2. мақсатқа жету мүмкіндіктерін түсіну;

3. ниет, тілектердің пайда болуы;

4. ниеттер тартысы және оның бірін 

қалау;


5. тоқтамға келу үшін мүмкіндіктер- 

дің бірін қалау

6.тоқтамға келген шешімді орындау.

ЕРІК  ТУРАЛЫ  ТЕОРИЯЛАР. 

Психологияның  өзіндік  гуманитар- 

лық, адамзаттық ерекшелік мәселеле- 

ріне жалпы қызығушылықтың тууы- 

на байланысты соңғы жылдары ерік 

меселесіне де ерекше көңіл бөлу бай- 

қалады.  Бір  кезде,  ХVІII-ХІХ  ға- 

сырлардың өзінде бұл проблема пси- 

хологиялық  зерттеулерде  ең  негіз- 

гі  мәселелердің  бірі  болды.  XX  ға- 

сырдың бас кезінде жалпы тоқырау- 

ға  байланысты  психология  ғылы- 

мында  ерік  мәселесі  кейінгі  орынға 

ығыстырылады.  Ол  көптеген  проб- 

лемалардың ішінде ең қиын жағдай- 

ды басынан кешірді, оны жаңа әдіс- 

намалық негізде қарастыру және ше- 

шу қажет болды. Оны толықтай жоқ- 

қа шығару, оның жағымды жақтарын 

ескермеу мүмкін емес еді, себебі ерік 

адам  өмірінде  орны  ерекше  атқара- 

тын  психикалық  құбылыстардың 

қатарына  жататындығын  дәлелдей 

берудің қажеті болмас.

Осы  себепке  байланысты  XX  ға- 

сырдың басында және содан кейінгі 

онжылдықтарда  ерікті  зерттеу  жал- 

ғасты, шынында, өте белсенді емес, 

өзін-өзі бақылаудың негізгі әдісі ре- 

тінде жүргізілді. Бірақ ерік үрдістері- 

нің  жалпы  зерттелу  жағдайының 

қанағаттанғысыз  жүргізілуі  салда- 

рынан өткен ғасырдың алғашқы он- 

ЕРІК

ЕРІК


178

жылдықтарында  осы  ұғымнан  жал- 

пы  бас  тартуға  ұмтылды,  оны  қан- 

дай да болмасын басқа, демек, бақы- 

лау  және  бағалауға  болатын  мінез-

құлық  сапаларымен  ауыстыру  көз- 

делді.  Мысалы,  Американың  мінез- 

құлық  психологиясында  ерік  ұғы- 

мының  орнына  «мінез-құлықтың 

табандылығы»  ұғымын  қолдана 

бастады.  Қазіргі  кезде  ерік  туралы 

психологиялық  зерттеулер  әртүрлі 

ғылыми бағыттар арасында бөлінген 

болатын:  бихевиористік  бағыттағы 

психологияда мінез-құлықтың сәйкес- 

ті  түрлері  зерттелуде.  Көптеген  ға- 

лымдар  ерік  туралы  ілімді  қайта 

жандандыру,  оған  құбылыс  ретінде 

бірігушілік сипат беру үшін бағыттал- 

ған  қадамдар  жасауда.  Кеңестік  ке- 

зеңде  ерік  туралы  психологиялық 

зерттеулерде бұл проблемаға ерекше 

мән  берген  В.А.Иванников  адам  мі- 

незін реттеуде екі бір-біріне қарама-

қарсы тұжырымдамалардың күресін 

жатқызады:  реактивті  және  активті. 

Бірінші  тұжырымдама  бойынша, 

адамның барлық мінез-құлқы әртүр- 

лі  ішкі  және  сыртқы  стимулдарға 

негізінен  жауап  болып  табылады, 

оны  ғылыми  зерттеудің  міндеті  осы 

стимулдарды іздестіре отырып, оның 

реакцияларымен  байланысын  анық- 

тауға  алып  келеді.  Адамзат  мінезін 

осылай түсіндіру үшін еріктің қаже- 

ті жоқ. Рефлекс оның дәстүрлі түсі- 

нігінде әруақытта да белгілі бір стимул- 

ға реакция ретінде қарастырылады.

Екінші  тұжырымдама  бойынша  бұл 

соңғы  жылдары  күш  алып,  әрі  оны 

жақтаушылар  бірте-бірте  арта  түсу- 

де,  адамның  мінез-құлқы  белсенді, 

ал  оның  түрлері  саналы  таңдауға 

берілген  қабілеттілік  ретінде  қарас- 

тырылады.  Мінез-құлықты  осылай 

түсіну үшін ерік және еріктілікті реттеу 

қажет.  Ол  тек  психологияның  бұ- 

рынғы атын қайтаруды талап етпей- 

ді, сонымен қатар адамзат мінез-құл- 

қын ғылыми зерттеулерде ерік проб- 

лемасына  лайықты  көңіл  бөлуді  қа- 

жет деп есептейді. Жоғары жүйке қыз- 

метінің жаңа физиологиясында көр- 

некті  ғалым-физиологтар  Н.А.Берн- 

штейн мен П.К.Анохин бұл көзқарас- 

ты  орынды  бекітеді  және  жараты- 

лыстану  жағынан  қолдайды.  Бұл 

тұрғыдан  үлкен  үміт  қазіргі  сана 

психологиясына  және  когнитивтік 

психологияға, адам психикасын экс- 

перименттік зерттеулердің жаңа әдіс- 

намасы мен әдістеріне жүктеледі. Ерік-

жігер  іс-әрекеттерінің  табиғатына, 

соған  сәйкес  адамның  мінез-құлқы- 

на  жаңаша  қарау  туралы  талпыныс- 

тар да баршылық. Еріктің белсенділі- 

гіне  байланысты  оған  жаңа,  қазір- 

гіше  анықтама  беру  туралы  айты- 

лады.  Мінез-құлықты  ерікті  реттеу 

санамен  байланысты,  мінез-құлық- 

тың  алғашқы  түрткісін  күшейтуге 

немесе  бәсеңсітуге  қабілетті.  Осын- 

дай  түрткінің  күшеюі  мен  бәсеңсуі 

орындалатын әрекеттің тұлғалық мә- 

нінің  өзгеруі  арқылы  іске  асады. 

Балаларда  еріктің  дамуы  олардың 

адамгершілік  түрткілер  саласының 

дамуымен және баюымен тығыз бай- 

ланысты.

Адамның  белсенділігі,  жауапкерші- 

лігі, ұйымшылдығы, тәртіптілігі сияқ- 

ты  қасиеттері  дәстүрлі  түрде  әруа- 

қытта  да  жеке  тұлғаның  еріктік  са- 

паларына  жатады.  Сонымен,  ерік 

мәселесі  қазіргі  кезде  жаңа,  өзекті, 

практикалық мәнге ие болуда, демек, 

осы  мәселенің  теориялық  негіздері- 

ЕРІК

ЕРІК


179

не деген қызығушылықтың күшейіп 

отырғандығын аңғаруға болады. Ерік 

ұғымы – психологиядағы ертеде қа- 

лыптасқан  ұғымдардың  бірі.  Соңғы 

онжылдықтарда  ерік  ұғымының 

болашақ тағдыры туралы мәселе тал- 

қылана бастады: Ескерте кетуіміз ке- 

рек,  кеңес  психологтарының  арқа- 

сында ерікті түсінуде біршама ғылы- 

ми-зерттеу  жұмыстары  жүргізілді. 

Ерік  проблемасына  қызығушылық 

және  оның  құлдырауы  психология- 

лық мектептер мен бағыттардың жал- 

пы  тұжырымдамасымен  тығыз  бай- 

ланысты. Белгілі бір ерікті зерттеу жұ- 

мыстарында бірінші орынға субъект- 

тің  белсенділігі  проблемасы  қойыл- 

ды, екінші бағыттағы зерттеулерде мі- 

нез-құлықтың  «реактивтік»  тұжы- 

рымдамалары  басым  болды.  Міне, 

осы себептерге байланысты көптеген 

шетел  бихевиористік  бағыттарды 

түсіндіреді.  Психологиядағы  ұғым- 

дардың жүйесіне ерік ұғымын енгізу 

неге  қажет  болды?  Аристотель  оны 

психологияға  енгізгендегі  мақсаты 

адамның  мінез-құлқы  қалай  іске 

асатындығын түсіндіру еді.

Декарттың  жүйесінде  ерік  адамның 

кез келген әрекетін тудыру үшін қа- 

тысады  және  шын  мәнінде  қазіргі 

психологияда  түрткінің  орнын  ала- 

ды.  Өткен  ғасырдың  20-жылдары- 

ның аяғына дейін көптеген ғалымдар 

еріктен адамның белсенділігінің бас- 

тамасын  көрген  болатын.  Мінез-құ- 

лық  себептілігі  мәселесі  еріктің  ер- 

кіндігі  үшін  негізгі  мәселе  ретінде 

философтардың,  психологтардың 

және  физиологтардың  еңбектерінде 

өз  дамуын  жалғастырды,  олардың 

бірлескен  күш-жігерімен  адам  мен 

жануарлардың мінез-құлқының негіз- 

гі детерминизм қағидасы анықталды 

және  мінез-құлықты  ерікті  таңдау 

мәселесін шешудің ғылыми негізде- 

рін ұсынды.



ЕРІКТІК  АМАЛДЫ  ТАЛДАУ  – 

ерік  қимылы  адамның  даму  проце- 

сінде  біртіндеп  жетіліп,  қалыптаса- 

тын  күрделі  процесс  екендігін  тө- 

мендегі  структурасынан  да  жақсы 

көруге болады. Адамның еркі алдына 

мақсат қоюдан басталады. Мәселен, 

орта  мектепті  бітіретін  оқушының 

арнаулы  оқу  орнына  түсуге  талабы 

бар дейік. Оқушының бұл мақсатты 

алдына  қоюына  оның  мәдени  қаже- 

ті, білім алуға тырысуы себеп (мотив) 

болады. Кез келген адамнан «сен не 

үшін  оқисың?»  деп  сұрасаң,  оның 

нендей болса да бір дәлел айтатыны 

түсінікті.  Адам  осылай  өзінің  келе- 

шекте белгілі бағытта істейтін ісінің 

мәнін,  жоспарын  белгілейді.  Мұны 

еріктік  амалдың  бастамасы  –  тілек 

немесе  ниет  деп  атайды.  Тілек  – 



келешекте  істейтін  ісіміздің  ойға 

бекуі.

Мәселен,  «газетке  мақала  жазсам», 

«өзенге барып шомылсам», «домбыра 

тартып үйренсем» т.б. деген сөйлем- 

дерде  адамның  түрлі  тілегі  бейне- 

ленген.  Бұларда  белгілі  бір  қажетті 

өтеу  көзделген,  бірақ  оны  орындау 

жолдары  әлі  де  болса  көмескі,  яғни 

оның жоспары сызылмаған. Дегенмен 

осы секілді тілектерде еріктік амалға 

тән талғамалылық сипат бар. Ал тал- 

ғау  ниетке  ой  әрекетінің  араласуын 

қажет  етеді.  Ой  тезіне  салу  арқылы 

адам өзіне қажетсіз тілектерді тежей- 

ді  де,  қажеттілерін  орындау  үшін 

тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс 

қарастырады.

ЕРІК

ЕРІК


180

«...Тілектің алды-артын тексеріп үй- 

ренген адам балалықта ебедейсіз ер- 

келіктен,  қияңқылықтан,  есейгенде 

есерліктен аман болмақшы» (М.Жұ- 

мабаев).  Соңғы  жағдай  ғана  адам- 

ның  тілегін  нақтылы  кесімді  түрге 

келтіреді. «Жақсы ниет жарым ырыс» 

деп халық тегін айтпаған. Адамның 

алдындағы  мақсаты  осылайша  ай- 

қындалғаннан кейін, әрекеттің орын- 

далу жолын қарастырады, оны жос- 

парлайды. Егер адам мақсат қояр кез- 

де өзіне «Не істеу керек?» деп сауал 

қоятын  болса,  әрекетті  жоспарлау 

үстінде «Қалай істеу керек?», «Қандай 

жолдармен  мақсатқа  жетуге  бола- 

ды?» деген сұрақтар қояды. Осы ара- 

да  адам  мақсатқа  жетудің  ыңғайлы 

жолын  іздестіреді,  айналасына  көз 

тастап, алда тұрған қиыншылықтар- 

дың сыр-сипатын, оны жеңудің жол- 

дарын белгілейді. Мәселен, біреудің 

стол  жасап  алғысы  келді  дейік.  Ол 

алдымен бұған қандай материалдың 

жарайтындығын,  оны  қайдан  алуға 

болатындығын, қандай құрал-сайман 

керектігін,  жұмыстың  көлемін  т.б. 

топшылап  алады.  Қандай  болмасын 

іс-әрекеттің  жоспарын  жасау  –  күр- 

делі процесс.

Ол  –  адамның  белгілі  білімін,  өмір 

тәжірибесін,  ойының  орамдылығын 

қажет етеді. Мақсатқа жетудің жолда- 

ры  белгіленіп,  жоспар  жасалғаннан 

кейін адамның тілегі оның нақтылы 

қалауына көшеді. Қалау – мақсаттың 

айқындығы, оған жеткізетін тиісті 

жоспардың жасалуы, ойдың бекем- 

дігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өз- 

дігінен  адамның  ерік-жігерін  толық 

көрсете алмайды. Өйткені бұлар кей- 

де  бір-біріне  үйлесе  алмай,  қайшы 

келіп отырады. Мәселен, орта мектеп- 

ті  бітірген  оқушы  бірде  педагогтық 

институтқа түсіп, мұғалім болып шық- 

қысы  келеді.  Ол  сондай-ақ  өзінің 

ауыл  шаруашылығы  маманы  болға- 

нын да жақсы көреді.

Бұл арада оған осы екі мамандықтың 

біреуін  қалау  қажет.  Ал  осы  маман- 

дықтар  жөнінде  толық  түсінігі  бол- 

маса,  ол  өз  ойынан  тайқақтайды, 

бұлардың қайсысын қалауын білмей, 

әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай 

жағдайда  тілек  пен  қалаудың  ара- 

сында  үйлеспеушілік  туады.  Мұны 

психологияда  мотивтер  күресі  деп 

атайды.  Мұндай  түрлі  мотивтердің 

ішінен  ақылға  қонымдысы  –  нақты 

жағдайға тура келетін біреуі жеңеді, 

тек содан кейін ғана адам белгілі бір 

тоқтамға келе алады. Мотивтер күре- 

сін  Н.В.Гоголь  «Үйлену»  комедия- 

сында жақсы көрсеткен. Некесі қиы- 

лайын деп тұрған надворный совет- 

ник  Подколесин  аяқ  астында  үйле- 

нудің тиімді-тиімсіздігін ойлап басы 

қатады.  «Үйленбей  жүрген  жұрт- 



тың  шетінен  есуас  екеніне  көзім 

тек енді ғана жетіп отыр. Қыруар 

жұрттың,  көрер  көзге,  адасып 

жүргені-ай  десейші.  Алда-жалда 

бір елге патша бола қалдым ғой, қол 

астымда  жалғыз  бойдақ  қоймай, 

жұрттың  бәрі  түп-түгел  үйленсін 

деп әмір берер едім...». Ол осы арада 

ойланып,  ақылға  салып  үйленген 

жөн  шығар,  өмір  бойы  бойдақ  болу 

ақылсыздық болар деген ойға келеді. 

Бұл  оның  үйлену  жөніндегі  бірінші 

мотиві.


Екінші мотив – семья бақыты. «Шы- 

нында  ойлап  тұрсам,  мінеки,  әне-

міне дегенше, әйелді боп шыға келге- 

лі  отырмын.  Сөйтіп  енді,  тілмен 

айтып  жеткізе  алмайтын,  тіпті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет