Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет1/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90

Қ.ЖАРЫҚБАЕВ

О.САҢҒЫЛБАЕВ

Алматы


2011

  

Жоба авторлары: 

 

 

 



 

Қ.Б. Жарықбаев

 

 

 



 

 

 



 

О.С. Саңғылбаев

Пікір жазғандар: 

 

Психология ғылымдарының докторы, профессор Н.С. Ақтаева



 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.С. Оспанов

Ж 32  Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы:  

 

«Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б.



 

ІSBN 9965-893-71-3

 

Төл тілімізде тұңғыш рет жарық көргелі отырған энциклопедиялық сөздік- 



ке  психология  ғылымының  сан  түрлі  салалары  бойынша  қазіргі  кезде  жиі 

қолданылып жүрген негізгі атаулары еніп отыр. Осынау әмбебап сөздік жал- 

пы оқырман қауымға, сондай-ақ орта, арнаулы және жоғары оқу орындарының сту-

денттеріне, бакалаврларына, магистранттарына, докторанттарына, оқытушы- 

ларына,  сондай-ақ  барша  ғылыми  қызметкерлер  мен  зиялы  қауым  өкілде- 

ріне, бұқаралық баспасөз қызметкерлеріне арналған.

Қазақстан Республикасы 

Мәдениет министрлігінің

Тіл комитеті

«Мемлекеттік тілді және 

Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»

бағдарламасы бойынша шығарылды

УДК 159.9(031)

ББК 88.3я2

Ж 32

УДК 159.9(031)



ББК 88.3я2

ІSBN 9965-893-71-3  

                                              © «Қазақ энциклопедиясы», 2011


3

АЛҒЫ Сөз

Соңғы жылдары әр алуан ғылым саласында оқу құралдарымен қатар 

пәндік сөздіктер құрастыру, ғылыми атаулардың қазақша баламаларын 

тауып, орнықтыру жолында біршама іс тындырылды. Осынау игілікті 

істің бастамасы ретінде 50–60 жылдары қазақ тілінде шыққан кейбір 

психологиялық әдебиеттерге қосымша ретінде берілген жекелеген термин 

сөздердің тізімі беріліп жүрді. Мәселен, 1960 жылы Қазақ ССР Ғылым 

Академиясының  баспасынан  «Педагогика-психология  терминдерінің 

орысша-қазақша сөздігі» (құрастырушылар: Қ.Қойбағаров, Ғ.Рахымбеков) 

жарық көрді. 1976 жылы Қ.Жарықбаев пен А.Әбдірахмановтың «Пси- 

хология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі», 2005 жылы Ж.Намаз- 

баева  мен  О.Саңғылбаевтың  «Орысша-қазақша  психология  сөздігі» 

жарияланды. 2006 жылы Қ.Жарықбаев пен О.Саңғылбаевтың «Жантану 

атауларының  түсіндірме  сөздігі»  жарыққа  шықты.  Қырықтан  астам 

саласы бар қазіргі психология ғылымына соңғы кездері жаңадан көпте- 

ген терминдердің қазақша баламалары күні бүгінге дейін тұрақталып, 

саралануы да кемшін. Ал осы саладағы ұлттық терминдердің жағдайы 

өз алдына бір төбе.

Осыған  орай,  авторлар  қазақ  тілінде  қолданыста  жүрген  кейбір 

терминдердің баламаларын қайтадан қарастырып, олардың ғылыми мә- 

нін саралап, ширата түсу қажет деп санайды. Осы жайттарды ескере ке- 

ліп, психология терминдерінің энциклопедиялық сөздігін тұңғыш рет 

оқырман қауымға ұсынып отырмыз.

Сөздікті дайындауда авторлар осы ғылым саласында өздерінің көп 

жылғы жиған-тергендерін іріктеп, пайдаланумен қатар, басқа әріптесте- 

рінің  де  іс-тәжірибелерін  барынша  ескерді.  Мұнда  ТМД  елдерінде 

алыстағы шетел тілдерінде психологиялық сөздіктер жасау тәжірибесі 

мұқият еске алынды.

Оқырмандарға ұсынылып отырған осы сөздікте жалпы психология 

ғылымының терминдерімен қатар оның жеке салаларының (әлеуметтік, 

педагогикалық,  медициналық,  этникалық  т.б.)  1000-ға  жуық  негізгі 

ұғымдары қамтылып отыр. Бұлардың біразы кезінде Қазақстан Республи- 

касы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік терминологиялық 


4

комиссияның талқысына түсіп бекітілген де болатын. «Сөздікте» алғаш 

рет халқымыздың психология ғылымына қатысты төл ұғымдары мен қа- 

зақ халқының психологиялық ой-пікірлері орын алып отыр. Басылым- 

ның ендігі бір ерекшелігі – қазақ халқының сан ғасырлық тарихында жан 

мен тән мәселелері жайлы сөз қозғаған ғұлама ғалымдары мен ақын-

жырауларының  тағылымды,  тәлімгер  ғалымдарының  түйінді  ойлары, 

сондай-ақ еліміздегі психология ғылымының қалыптасып даму ісіне ша- 

ма-шарқынша ат салысқан, қазірде арамызда жоқ Қазақстан психологта- 

рының қысқаша өмірбаяны мен шығармашылық қызметі туралы дерек- 

тер берілуінде. Мұнда ұлттық психология ғылымы саласында азды-көпті 

қол  жеткен  жетістіктерімізді  оқырман  қауымға  паш  ету,  сөйтіп,  хал- 

қымыздың жантану ілім-біліміне қосқан өзіндік үлесін көрсету, ұлттық 

мақтаныш сезімімізді оята түсу жағы да көзделген.

Әлемдік психологияның сегіз мыңдай ұғым, түсініктері бар. Оның 

барлығын осы сөздікке енгізу мүмкін емес. Сондықтан бұған тек пси- 

хология ғылымының іргелі, басты-басты психология ұғымдары, әсіре- 

се, қазақша психологиялық ұғымдар қамтылды.



5

АБАзИЯ  (грек.  а-тepic  бөлшек  + 

basis-жүріс  (көбінесе  жүйке  ауруы 

салдарынан жүру  қабілетін  жоғал- 

ту) истерия немесе ұстамалы жүйке 

ауруы күйінде жиі кездеседі.



АББРЕВИАТУРА    шартты  қыс- 

қартылған  сөздер,  мысалы:  т.т.  – 



тағысын тағылар; т.б. – тағы бас- 

қалар; т.с.с. – тағы сол сияқтылар. 

қысқартылған  атаулар;  мысалы:  пс. 



ғ.к. – психология ғылымдарының кан- 

дидатыпс.ғ.д. – психология ғылым- 

дарының докторып.ғ.к. – педагоги- 

ка ғылымдарының кандидаты; п.ғ.д. – 

педагогика  ғылымдарының  докто- 

ры; х.ғ.к. – химия ғылымдарының кан- 

дидаты; х.ғ.д. –  химия ғылымдары- 

ның докторы; Ж.ж.ж. – жоғары жүй- 

ке жүйесі.

АБДИКАЦИЯ  –  лауазымдықтан, 

басшылықтан  безу,  іс-әрекет  жүйе- 

сінде  белгілі  бір  әлеуметтік-психо- 

логиялық статусқа бейімделіп қалу.

АБЕРРАЦИЯ  (лат. aberratio – қаз. 

қашу, аулақ болу, алжасу) – тұрақты 

қалыптан ауытқу; ағзаның дағдылы 

қалыптан  ауытқуы.  Көздің  оптика- 

лық жүйесінің нәрсені күңгірт бейне- 

леуін түсіндіруде қолданылады. Жа- 

рық сәулесінің линзадан шағылысып 

өткенде бір нүктеде қиылыспай, бұр- 

маланған  кескінді  көрсетуден  тұра- 

тын құбылыс. Сфералық және хрома- 

тикалық А. болады: Сфералық А. жағ- 

дайында  жарық  сәулелері  линзаның 

перифериялық нүктелері арқылы өт- 

кенде,  оның  ол  нақ  орталық  бөлігі- 

нен  өткен  сәулелерге  қарағанда  жа- 

қын бipiгеді. Хроматикалық А. жағда- 

йында спектрдің қысқа толқынды сәу- 

лелерінің  (әcipece,  көк  күлгін  түсті) 

фокусы ұзын толқынды сәулелерінің 

(қызғылт,  сары-қызғылт)  фокусына 

жақын  орналасқан.  А.-ның  түйсіну 

мен қабылдау процестеріне әсері бар.

АБИОТИКАЛЫҚ  ФАКТОРЛАР 

(а...+ грек. bios  қаз. өмір) – адамның 

функционалдық  күйіне,  оның  еңбек 

қабілетіне,  мінез-құлқы  мен  психи- 

касына әсер ететін сыртқы орта жағ- 

дайларының  жиынтығы.  Атмосфе- 

ралық қысымның толқуы, жердің маг- 

ниттік  өрісінің  өзгеруі,  күн  сәулесі- 

нің  артуы  организмнің  физиология- 

лық және психикалық тұрақтылығын 

төмендетеді, жұмыс барысында стрес- 

тің пайда болуына әкеледі.



АБСОЛЮТТІК  ЕСТУ  –  индивид- 

тің  полифониялық  дыбыстарды  жо- 

ғарылығы белгілі басқа дыбыстармен 

қатаң  салыстырмай,  олардың  жоға- 

рылығын дауыспен дұрыс қайта жаң- 

ғыртып, анықтай алуы. А.е. – бұл му- 

зыкалық естудің абсолютті модальды- 

ғы, оның сипаттамасы емес, ол дыбыс- 

тарды қабылдаудың айрықша түpi. A. 

e. жоқ адамдар белгілі бip дыбыстар- 



АБАз

АБСО

6

ды  өз  дауысының  ең  жоғарғы  және 

ең  төменгі  дыбыстың  ырғақтарын 

салыстырып, жақсы қабылдап, дұрыс 

ажыратып, тани алатын индивидтер- 

дің  ecтуі  квазиабсолюттік  есту  деп 

аталады. А.е. бар адамдар eшбip қо- 

салқы  акустикалық-жоғарылатқыш 

байланыстарды  қолданбай  музыка- 

лық тондарды дұрыс қабылдап, тани 

және  нақты  тауып  ала  алады.  А.е., 

әдетте, балалық-жасөспірімдік кезең- 

де жақсы анықталады.

АБСОЛЮТТІК  ШКАЛА  –  сандар 

мен  объектілердің  төрт  типті  арақа- 

тынасының 1) эквиваленттік, 2) рет- 

тік, 3) интервалдарының теңдігі жә- 

не 4) қатынастарының теңдігі негізін- 

де объектілердің үздіксіз қасиеттерін 

өлшеуге арналған шкалалардың бipi 

(варианты).  Мыс.,  психофизикада  – 

брилдік светлоттың шкаласы.

АБСОЛЮТТІ ТАБАЛДЫРЫҚ (лат. 

absolutus – қаз. шектелмеген– А.т.- 

түйсік  табалдырығының  шегі.  Ол 

тітіркендіргіштің  болмағаны  түйсік 

тудыратын  шамасы  азайған  сайын 

адамның абсолют сезгіштігі арта тү- 

седі.  Әpбip  түйсік  түрлері  үшін  өзі- 

нің А.т. болады.

Мәселен, қараңғыға бейімделген көз 

жарықтың 7 квантына жауап береді. 

Көру арқылы адам қараңғыда көзден 

48  км  қашықтықта  тұрған  балауыз 

шамның  жарығын  қабылдайды,  со- 

нымен  қатар,  қолсағаттың  жүрісін 

тыныш бөлмеде 6 м қашықтықта ажы- 

рата алады. Дәмді сезуде өзінің ерек- 

шелігі  бар.  Иіс  сезу  –  бөлмеде  бip 

тамшы әтіp сепкенде оның иісі сезі- 

леді. А.т. жүйке жүйесінің сезімтал- 

дығының модальдығы ретінде пайда- 

ланылады.

А.т.  тітіркендіргіштің  жауап  беру 

реакциясын  тудыратын  шамасының 

көрсеткіші болып танылады. Жануар- 

ларда А.т. тек ағза өмірінің биология- 

лық жағдайларының ықпалымен ға- 

на дамиды. Мыс., құстардың көздері 

көргіш, ит иісшіл және естігіш келеді. 

Адамның  сезгіштігі  –  биологиялық 

дамудың  ғана  нәтижесі  емес,  соны- 

мен қатар адамзаттың әлеуметтік та- 

рихының  нәтижесі.  Адамға  әртүрлі 

тітіркендіргіштер әсер етеді, бipaқ со- 

ның бәpi түйсік туғыза бермейді. Біз 

түнде  аспандағы  жұлдыздардың  кө- 

бін  көрмейміз,  бipaқ  олардан  сәуле 

шығып жатады, көрші бөлмеде жай- 

лап сөйлесіп жатқанды естімейміз, өйт- 

кені онан біздің, есту аппаратымыз- 

ға  келіп  жатқан  дыбыс  толқындары 

бізге түйсік туғыза алмайды.



АБСТИНЕНЦИЯ (лат. abstinentia – 

қаз. ұстамдылық– шараптық ішім- 

діктерін немесе еcipткi заттарын қол- 

дануды кенет үзу кезінде осы заттар- 

дың  әсерінің  тоқтауынан  туындай- 

тын  күй.  А.  өзіне  тән  көріністері  – 

бас ауруы, бас айналуы, ауыздағы құр- 

ғақтық,  тахикардия,  кейде  жүректің 

айнуы, көбінесе өзін-өзі кінәлау, ке- 

шірім сұраумен бipге жүретін күйре- 

ген көңіл күй, кенет болатын физика- 

лық әлсіздік, жоғары сезгіштік, нарко- 

тикке қажеттілік және т.б. Сонымен 

қатар, бұл жағдайда ұйқының бұзы- 

луы,  шошу,  мазасыздық,  суицидтік 

тенденция, алкогольдік қояншық ау- 

руы  пайда  болуы  мүмкін.  Сонымен 

қатар, психологияда адамның жыныс- 

тық А-сы да бөліп көрсетіледі. Ол – 

АБСО

АБСТ


7

жыныстық  қарым-қатынастан  айы- 

рылудан немесе бас тартудан көріне- 

тін күй. Жыныстық А. екі түрлі бола- 

ды: тоталды – жыныстық белсенділік- 

тің барлық түрлерінің жойылуы жә- 

не парциалды – ұзақ уақыттық үзіліс- 

пен болатын жыныстық күй.



АБСТРАКЦИЯ  (лат.  abstractio  – 

қаз. бұру, аудару) – ойлаудың негізгі 

операцияларының бipi. 1) А. (дерек- 

сіздендіру) – нақты заттар мен құбы- 

лыстардың  қасиеттерін  ой  арқылы 

ажырататын тәсіл. А. нәрселер бейне- 

сін тікелей сезім арқылы танып білу 

сатысында қолданыла бастайды. Мыс., 

заттың  түрі  мен  тұрпаты  оның  түсі 

мен  реңінен  бөлек  қарастырылады. 

А.  ең  жоғары  сатысы  заттар  мен 

құбылыстардың белгі қасиеттерін та- 

нып білуде олардың айрықша мәнді 

және жалпы белгілерін атап көрсету. 

А.  нақтылау  сияқты  ой-әрекеттері- 

мен тығыз байланысты. Затты, құбы- 

лысты белгісінен, қасиетінен ажыра- 

ту  ой  операциясының  функциясы; 

2) А. (дерексіз түсінік). А. деп ой опе- 

рациясын, заттардың бірқатар қасиет- 

терін ойша дерексіздендіріп, қандай 

да болса бip бiзгe керек қасиетін бө- 

ліп қарауды айтады.

Мыс., «күш – сападан маңыздырақ» 

дейміз, бipaқ нақты қай күш туралы 

әңгіме болып отырғанын: адамның кү- 

ші ме, жануардың, автокөліктің күшi 

ме, жерге тартылу күші ме т.с.с. ол жа- 

ғын түciндіріп жатпауымызға болады.

Бұл  жерде  өзіндік  қасиеті  бар  бip 

нәрседен алшақтап жалпы қасиет ту- 

ралы айтамыз. A. eкі түрге бөлінеді: 

а)  дифференциалды  А.  заттардың 

автономды қасиеттерін, күйін немесе 

предикаттарын салыстырмалы бөліп 

көрсететін;  б)  ресми  (формалды)  А. 

заттан тәуелсіз әртүрлі қасиеттері-пре- 

дикаттары-параметрлері арқылы көр- 

сететін. А. – шындықтағы заттар мен 

құбылыстарды жалпылау арқылы оның 

елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға 

мүмкіндік беретін ой-тәсілдерінің бipi.

А. – адам менталдығының субстантив- 

ті үрдістерінің бipi. Ол адамға объект- 

тің қасиеттерін, аспектілерін, күйле- 

рін дербес заттарға, объектіге рефлек- 

сивті түрде бөліп, ауыстыру. Бұл үр- 

дістің нәтижесі – А. терминмен атау- 

ға болатын, ойлау өнімінің (ұғымдар, 

теориялар  және  т.б.)  қалыптасуы. 

Абстракциялау деп – заттардың бірқа- 

тар  қасиеттерін  ойша  дерексізден- 

діріп, қандай да болса бip бiзгe керек 

қасиетін бөліп алып қарауды атайды. 

Мыс.,  адамның  көзіне  жақсы  әсер 

ететін түс ретінде жасыл түс туралы 

айтып, жасыл түспен боялған нақты 

затты айтпауымызға болады.



АБУЛИЯ  (грек.  аbulia  –  қаз.  тар- 

тыншақтық, ерікті жоғалту) – жүй- 

ке ауруынан туындайтын ерік кеміс- 

тігі. А. – әрекетті психикалық реттеу- 

дің патологиялық бұзылуы. Іс-әрекет- 

ке  қызығушылығы  және  нақты  ше- 

шім қабылдауға қабілеті болмағанда 

көрініс береді. Психиканың басқарып 

реттеуші функциясын анықтау арқы- 

лы  А.  дәрежесін  білеміз.  Себебіне 

байланысты А. қысқа мерзімді неме- 

се тұрақты күй болуы мүмкін. А.-ның 

ауыр түрі – шизофренияның катато- 

никалық түрінің қасиетінен көрінеді.

Мидың  маңдай  бөлімінің  ауқымды 

зақымдануынан  пайда  болады.  А. 

психоневроз күйінде де жиі кездеседі. 

А.  ауру  адамның  іс-әрекетке  ынта- 

сының жоқтығымен, қажеттігін сезсе 



АБСТ

АБУЛ

8

де,  шешімді  қабылдай  алмауы  және 

әрекетті дұрыс жасай алмауында кө- 

рініс  табады.  А.  тәрбиенің  дұрыс 

болмауынан  қалыптасатын  ерік-жі- 

герсіздік сияқты мінез бітісінен ажы- 

рату  қажет,  себебі  ондай  тұлғалық 

қасиет өзін-өзі реттеуді жүзеге асыру 

арқылы  қайта  шынықтыруға  келеді. 

Психопатологияда  терең  дәрежедегі 

олигофрения жағдайында кездесетін 

туа  біткен  А.  және  мидың  маңдай 

бөліктерінің  қатты  зақымдануының 

немесе  психикалық  аурудың  ауыр 

түрлерінің  (депрессия,  шизофрения, 

психоздар, наркоманияның асқынған 

түрлері және т.б.) нәтижесі болып та- 

былатын А. болады.



АБЫРЖУ  –  адамның  қарапайым 

сезімдерінің жағымсыз бір түрі. Бұл 

түрлі үрейге бірден сене кететін, ерік- 

жігері осал, өзінің жан дүниесін дұ- 

рыс басқара алмайтын, білімі де, өмір 

тәжірибесі де кемшін адам. Мұндай- 

лардың жүйке қызметі де баяу, көбін- 

де  тежелуінен  қозуы  басым  келетін 

индивид.

АВИАЦИЯ ПСИХОЛОГИЯСЫ (лат. 

avis – қаз. құс) – авиация мамандары- 

ның іс-әрекеттерінің психологиялық 

заңдылықтарын зерттейтін психоло- 

гия ғылымының саласы. А.п. ұшқыш- 

тарды оқыту мен ұшу кезінде орын- 

далатын істердің жай-жапсарын жал- 

пы адам психикасының әуе кеңістігі- 

не бейімделудегі ерекшеліктерін зерт- 

теп, жоғары дәрежеде ысылған маман- 

дарды даярлап шығару мақсаттарын 

қарастырады.  А.п.  ұшудың  қауіпсіз- 

дігіне, апаттардың алдын алуға, ұш- 

қыштардың, сондай-ақ, басқа да авиа- 

ция мамандарының еңбегі мен демалы- 

сын тиімді етуге, олардың кәсіби жә- 

не психологиялық даярлығына назар 

аударады.

А.п. мақсаты – ұшқыштардың, штур- 

мандардың, жер үстіндегі қызмет ма- 

мандарының  іс-әрекеті  мен  дайын- 

дығының психологиялық ерекшелік- 

терін зерттеу, ұшу экипажының тиім- 

ді  және  қолайлы  қызметін  қамтама- 

сыз ету, авиацияда жұмыс істеуге кан- 

дидаттарды  іріктеу,  ұшқыштардың 

психикасына жағымсыз әсерлерді, апат- 

тарды болдырмауға бағытталған. А.п. 

ғылыми-практикалық  бағыт  ретінде 

XIX  және  XX  ғасырлар  тоғысында 

адамзаттың  ұшқыш  аппараттарды 

ойлап табуына және оларды ұтымды 

да қауіпсіз басқарудағы адам факторы 

рөлінің арта түсуіне байланысты пай- 

да болды. А.п. негіздері физиология- 

ның, жалпы психологияның, эргоно- 

миканың,  инженерлік  психология- 

ның, еңбек психологиясының, меди- 

цинаның әдіснамалық және әдістеме- 

лік ережелерінің ықпалымен қалып- 

тасты.


Қазіргі заманғы А.п.-ның өзекті мә- 

селелері: авиация мамандары іс-әре- 

кетінің  психологиялық  құрылымда- 

рын;  адамның  авиациялық,  техни- 

калық  өзара  әрекеттестігінің  психо- 

логиялық  заңдылықтарын  зерттеу; 

ұшу факторының психикалық жағда- 

йын, ұжымдағы тұлғааралық қарым-

қатынастардың дамуына әсерін зерт- 

теу;  кәсіби  жарамдылықты,  экипаж 

мүшелерінің өздерінің іс-әрекет жағ- 

дайларына бейімделуін қалыптасты- 

ру; апаттылық жағдайларын талдау жә- 

не т.б. А.п. теориялық және практика- 

лық міндеттерін шешу үшін психоло- 

гия мен физиологияда (сұхбат, бақы- 

лау, құжаттарды зерттеу, зертханалық 

АБЫР

АВИА


9

және табиғи сараптаулар) қарастыры- 

латын  әдістемелер  кешені  қолданы- 

лады.  Сонымен  қатар,  қазіргі  кезде 

А.п. іс-әрекетті талдаудың алгоритм- 

дік әдістемесі, психологиялық модель- 

деу және т.б. әдістемелері дамуда.

АВТОМАТИзМ  (грек.  automatus  – 

қаз. өз бетінше әрекет етуші, өздігі- 



нен қозғалатын) – психологияда сана- 

ның (бақылауынсыз) тікелей қатысуын- 

сыз іске асатын әрекет. А. «алғашқы» 

туыла берілетін шартсыз-рефлектор- 

лық бағдарлама негізінде, және «екін- 

ші» өмір тіршілігінің барысында қа- 

лыптасады.

А. адамның өміріндегі қажеті, мүдде- 

сі  мен  күш-жігерінің  белсенділігіне 

сәйкес туып, дамып отырады. А. көбі- 

не әдет пен дағдыға тән. Қимыл-әрекет- 

ті  автоматтандыру  адамның  жүйке, 

бұлшық ет қызметін жеңілдетеді, күш-

жігерін үнемдеп, шаршап-шалдығуын 

бәсеңдетеді.

Шартты  рефлекс  байланыстарының 

(динамикалық стереотип) тұрақты жү- 

йесінің  пайда  болуы  автоматизмнің 

физиологиялық  негізіне  айналады. 

Сөйтіп, екінші сигналды жүйенің бір- 

қатар байланыстарының орнын бірін- 

ші сигналды жүйе байланыстары ием- 

денеді. Қалыпты жағдайда А. саналы 

түрде реттелетін әрекеттің компонен- 

ті болып табылады. А.-нің бөлектенуі 

патологияға  меңзейді.  Олар  мотор- 

лық, тілдік және интеллектуалдық ав- 

томатизмдерге бөлінеді.

А.  жалпы  психологияда  да  (дағды- 

лардың қалыптасуын зерттеуде), сон- 

дай-ақ  қолданбалы  психологияда  да 

(медициналық,  инженерлік)  зертте- 

леді. Мыс., ол жестикуляцияда, жүрісте, 

соматопиялық қалыптардың пайда бо- 

луында көрініс табады. Генетикалық 

туа  біткен  факторлармен  себептене- 

тін шартсыз-рефлекторлық бағдарла- 

малардың  іске  асуы  болып  табыла- 

тын «алғашқы ретті» А. және адам- 

ның ортада тіршілік іс-әрекеті нәти- 

жесінде қалыптасатын «екінші ретті» 

А.  ажыратылады.  «Екінші  ретті»  А. 

нәтижесінде  жағдайлар,  эпизодтар, 

жағдаяттар мен саналы бағдарлауды 

қажет ететін операция-әрекеттер ие- 

рархиясы арасында байланыс тұрғы- 

зылады.  Осылайша,  болмыста,  жағ- 

даятта және әрекеттерді орындаудың 

өзінде  бағдарлау  қажеттілігінің  өзі 

элиминацияланады.

Мыс.,  мәнді  оқиғалардың  пайда  бо- 

луы немесе белгілі бір жағдаяттарда 

сигналды-стимулдық  қасиеттердің 

пайда болуы тура сол сәтте адамда опе- 

рациялардың  бүкіл  ретін  жібереді. 

Алайда қандай да бір қате жіберілген 

күнде  немесе  бөгеттердің  пайда  бо- 

луына  деавтоматизация  (операция- 

ның өздігінен орындалмауы) жүзеге 

асады. Аадамның өміріндегі қажет- 

тілігі, мүддесі және күш-жігерінің бел- 

сенділігіне сәйкес туып, дамып оты- 

рады. А. көбінесе әдеттер мен дағды- 

ға тән. Қимыл-әрекетті автоматтанды- 

ру адамның жүйке, бұлшық ет қызме- 

тін  жеңілдетеді,  күш-жігерін  үнем- 

деп, шаршап-шалдығуын бәсеңдетеді.

Шартты  рефлекс  байланыстарының 

тұрақты жүйесінің пайда болуы (ди- 

намикалық  стереотип)  А.  физиоло- 

гиялық негізіне айналады. Әдетте, мо- 

торлық, вербалдық және интеллектуал- 

дық А. деп бөліп көрсетеді. Бірақ, со- 

нымен қатар, сезімдік-эмотивті А. бө- 

ліп шығаруға болады. Олар коммуни- 

кация,  қарым-қатынас  жағдайында 

(әсіресе,  әйел  мен  еркектің  кездесуі 

АВТО



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет