Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет25/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90

ДУЛА

ДУЛА

167

неология  познавших  истин»)  деп 

аталатын еңбегі кезінде сопылардың 

қажетті  құралына  айналған.  Дулати 

Мұхаммед  Қазиға  сопылық  жайын-

да  сұрақ  бергенін,  оның  қайтарған 

жауабын  өз  рисаласында  баяндап 

кеткен. Мұхаммед Хайдар Дулати өз 

пікірлерінде Мұхаммед Қазидің мем-

лекетті  басқарудың  он  түрлі  шарты 

мен он жеті түрлі ауыр күнә болаты- 

ны  туралы  ойын  талдаған.  Бұдан 

оның дін мәселесінің кейбір пікірта-

лас жақтарын көпшілікке түсіндіру- 

ге тырысқаны байқалады.

Сонымен  бірге  дала  ойшылының 

шеиттер  мен  сунниттер  арасындағы 

қайшылыққа  көңіл  бөлуі  де  оның 

дін мәселесіне терең зейін қойғанын 

байқатады.  Мысалы,  «Тарих-и-Ра- 

шидидегі» мына бір оқиғаның си- 

патталуы  көңіл  аудартады.  Исмаил 

шахтың  ғұлама  Шаих  әл-Исламды 

шейттердің құрамына кірмегені үшін 

азаптап өлтіруін Дулати айтқан діни 

танымдағы қарама-қарсылықтың кө- 

рінісі  ретінде  қарастыруға  болады. 

Мұхаммед  Хайдар  Дулати  Моғол- 

стандағы  шеиттер,  сунниттердің  ді- 

ни  өмірі  мен  сопылық  ағымның  іс-

әрекетін көрсетумен бірге Тибет пен 

Кашмирдегі  діни  қозғалыстардан 

да  мәлімет  беріп  отырады.  Кашмир 

жеріне Ирак елінен келген Шамс ат- 

ты ғұламаның діни қағидаларына кө- 

ңіл бөліп, мұның суннит пен шеит ді- 

ни ағымынан бөлек екенін көрсетеді.

Ғұлама ғалым ел басшысына қажетті 

қасиеттерді былайша тұжырымдайды: 

біріншіден,  өзің  ойлап  тапқан  істі 

аяқсыз қалдырмау; екіншіден, анды- 

ған арсыздарға өзіңді алдырмау. Бұл 

кісіден үлкен қажыр-қайратты, асқан 

құдіреттілікті қажет етеді, үшіншіден, 

ел  басшысы  өзінің  жарлығы  мен 

бұйрығының орындалуын қадағалау- 

ға ерекше мән беруі керек.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің пікірін-

ше,  қоғамдағы  аурудың  негізгі  көзі 

адамның  күнәһарлығына  келіп  тіре-

леді.  Күнәһарлық  үйде  де,  түзде  де, 

қоғамда  да  өте  бір  келеңсіз,  сұрқия 

қасиет.  «Күнәһар  адамдарға  кімдер 

жатады?»  деген  сауалға  ғұламаның 

берген  жауабы  тайға  таңба  басқан- 

дай.  Біріншіден,  бұлар  ата-тегі, 

шыққан  діні  мен  ділінен  бейхабар 

адамдар; екіншіден, ар-намысын жо- 

ғалтып,  әділеттік  үшін  күресте  бас 

сауғалап,  бұғып  қалғандар;  үшінші- 

ден,  адамдардың  тыныс-тіршілігіне 

немқұрайдылықпен қарап, жетім-же- 

сірлерді  желеп-жебемейтіндер;  төр- 

тіншіден, көзжұмбайлыққа салынып, 

халық байлығын ысырап етіп, талан-

таражға салатындар; бесіншіден, ата- 

анасының  бетінен  алып,  олардың 

ақыл-кеңесін тыңдамайтындар.

Бүкіл  Шығыс  еліне  аты  мәлім  араб 

ғалымы Әбу-Талип Макки 17 күнәнің 

түрі  барын  айтқан.  Мұхаммед  Хай- 

дар  Дулати  осы  мәселені  қайтадан 

көтеріп,  бұларды  кеңінен  талдауға 

алған. Ғұлама күнәнің 17 түріне си- 

паттама  береді.  Мәселен,  күнәһар- 

лықтың  төртеуі  жүрек  қызметіне 

байланысты  туындайды  дей  келіп, 

оған  көп  құдайға  табынушылықты 

да  жатқызады.  Мұсылман  адам  тек 

бір  құдайға  табынып,  кұдай  бір, 

пайғамбар ақ-хақ деп танығаны абзал. 

Өсек-өтірікті судай ағызу, суайттық- 

қа  салыну,  жалған  ант  беру,  жазық- 

сыз адамға құр бекер айып тағу, дуа- 

лықпен шұғылдану да күнәһарлыққа 

жатады. Қолмен істелетін күнә екеу. 

Бұлар – ұрлықпен айналысу, біреудің 

ДУЛА

ДУЛА


168

қанын  жазықсыз  төгу.  Күнәһарлық- 

тың келесі бір түрі -зинақорлық, яғ- 

ни ойнасқорлыққа салыну.

Күнәнің  үлкен  түрі  жетім-жесірлер- 

дің  мал-мүлкін  иемденіп  кету,  сон-

дай-ақ  қолдағы  барды  ысырап  етіп, 

орынсыз  шашып-төгу.  Соғыс  дала-

сынан қашқан қорқақтар да күнәһар 

болып  табылады.  Пайғамбар  хадис-

терінде «соғыста шейіт болған адам 

бар  күнәсынан  арылады»  делінген. 

Күнәнің  енді  бір  түрі  –  ата-ананы 

тыңдамау,  олардың  тілін  алмай  зар 

қаққызу. Тәнін таза ұстамайтындар да, 

өздігінен  тәртіпке  бой  ұсынбайтын- 

дар да күнәһарлар болып табылады.

Әлеуметтік  психология  тұрғысынан 

Мұхаммед Хайдар Дулатидің ел бас- 

шысына  қоятын  10  шарты  да  ерек- 

ше  көңіл  аударарлық.  Бұлар:  өзін 

басқа  біреудің  көзқарасы  тұрғысы- 

нан байқау, мұсылманшылықты ерек-

ше қадір тұту, сән-салтанатты қумау, 

қарапайым  адамның  өмір  салтын 

ұстану,  халыққа  қатаң  болып  зәбір 

көрсетпеу,  өзіне  деген  халық  наза-

рын  қоздырмау,  елді  қауіп-қатерге 

орынсыз  ұшыратпау,  діндар  адам-

дармен  ақылдасу,  дандайсушылық 

пен жемқорлыққа салынып, халықты 

өзінен  үркітіп  алмау,  әскер  басшы-

лары  мен  уәзірлердің  рахымсыздық 

қасиеттеріне  жол  бермеу,  ылғи  да 

келелі істің түбірі мен түйінін тауып, 

көрегендік көрсету.

Екінші, үшінші шарттар дін өкілдері- 

нің  пікірлеріне  құлақ  түру,  дүние-

мүлікті  ағыл-тегіл  ысырапқа  ұшы- 

ратпау, сән-салтанат қумау, қарапайым 

адамның  тұрмыс-салтын  ұстануға 

келіп тірелсе, төртінші шарт халыққа 

орынсыз қатаң болып, кез келгеннің 

сөзіне ермеу, кедей-кепшікпен пікір-

лесуден  арланбау,  жеңілтектікке  са-

лынбау сияқты этикалық мәселелер- 

ді алға тартады.

Бесінші шартта Дулати «елбасы жар- 

лық шығарарда әділдік пен ақиқатты 

аттап,  шариғатқа  сыйыспайтын  мә- 

селені көтермеуі қажет», – дейді. Осы 

жерде айта кететін бір жайт, Дағыстан 

мен Шешен жұртында күрделі мәсе- 

лелерді  шешуде  шариғатқа  жүгіну 

орын  ала  бастады.  Бірақ  Қазақстан 

секілді  әртүрлі  дін  ағымдары  бар 

елде  мұндай  саясатты  ұстау  қиын. 

Мұсылман  елінің  басшылары  жұрт- 

тың бәріне бірдей жаға бермейді. Сон-

да да болса Аллаға тіл тигізбей, оны 

ылғи ауызға алып отырулары қажет.

Бесінші,  алтыншы  шарттарда  елба- 

сының халыққа қадірлі, құрметті бо-

луы  оның  елді  қатерге  ұшырататын 

нәрселерді  үнемі  таразыға  салып, 

осыған  орай  ішкі,  сыртқы  саясатты 

дұрыс  жүргізе  білуіне  байланысты 

екені айтылады. Осы мәселенің ұлы 

бабамыз  Әбу-Насыр  әл-Фарабидің 

«Азаматтық саясат», «Бақытқа жету 

жолында», «Мемлекеттік қайраткер- 

дің  афоризмдері»  деген  еңбектерін- 

де  де  ерекше  сөз  болғаны  белгілі. 

Мұхаммед Хайдар Дулатидің басшы 

біткенге  қоятын  жетінші  шарты  – 

беделді  кісілерді  тауып,  олардың 

ақыл-кеңестерін  тыңдауды  әдетке 

айналдыру.

Сегізінші шарт бойынша елбасы ба- 

рынша  қайырымды,  әділетті  болып, 

жарлы-жақыбай,  кедей-кепшіктер- 

ге жанашырлық көрсетсе, жұрт ара- 

сындағы қадір-қасиеті артады.

Тоғызыншы,  оныншы  шарттарда 

Дулати  елбасының  мәселенің  түбірі 

мен  түйінін  таба  білу,  бұларды  ту- 

дырған  себептерді  дұрыс  талдай 

ДУЛА

ДУЛА


169

алу,  болашақты  болжау  қасиеттерін 

меңзей  келіп,  карапайым  адамдар-

ды  жамандықтан,  жеңілтектіктен, 

жалақорлықтан, суайттықтан, т.б. ке- 

леңсіз  қасиеттерден  сақтандырады. 

Ол  «тек  жеке  бастың  пайдасын  ой- 

лау, сайып келгенде, адамды жаман- 

дық  пен  бақытсыздыққа  душар  ете- 

ді», – дейді. Ел ішінде жақсы адам- 

дармен қатар жауыздар мен қаскөй- 

лердің кездесетінін еске салады. Яғ- 

ни  үнемі  қатар  жүретін  жақсылық 

пен  жауыздықтың  шайқасында  түп- 

тің түбінде әділдіктің жеңетініне кү- 

мән келтірмейді.

Мұхаммед  Хайдар  Дулати  жақсы 

өнеге қоғамдағы адамдардың бір-бі- 

рімен қарым-қатынасы арқылы олар-

да жақсы адамгершілік қасиеттердің 

қалыптасуына жәрдемдесетінін, діни 

талапқа негізделе жүргізілген тәлім-

тәрбиелік  шаралар  ғана  адамдарды 

имандылыққа  алып  келетінін  айта- 

ды.  Оның  ойынша,  адам  өзі  басқа- 

рып отырған елдің әдет-ғұрпын, салт- 

сана, жөн-жоралғасын сақтай білме-

се,  бұл  оны  қолайсыздыққа  душар 

етеді; ал ел арасындағы достық, жол- 

дастық, іскерлік, бауырмалдық, туыс- 

қандық қасиеттердің болуы адамдар- 

ды  ынтымақ  пен  бірлікке,  бірлесіп 

өмір сүруге, ылғи да бейбітшілік сая-

сатты ұстануға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған шарттардың бә- 

рі де кезінде Мұхаммед Хайдар Ду- 

латидің өз басында болғаны даусыз. 

Оның ел ішінде талас-тартысты, дау-

дамайды  болдырмағаны,  мәселені 

көз жұмбайлыққа салып асығыс ше- 

шуден бойын аулақ ұстағаны байқа- 

лады. Дулатидің ел басқарудағы тап- 

қырлығы  халықтың  салт-дәстүрін, 

әдет-ғұрпын сақтап, шариғатты қас- 

терлеуіне  байланысты  екендігі  хақ. 

Адам жанының нәзік білгірі Мұхам- 

мед Хайдар Дулати тұлға қасиеттері 

туралы да сындарлы пікірлер айтып 

кеткен.  Адамның  психологиялық 

ерекшеліктері,  нақты  ілім-білімнің 

сан саласына орай айтқан келелі тұ- 

жырымдары тыңдаушысын өзіне бау- 

рап  алары  сөзсіз.  Ол  сондай-ақ,  қа- 

зақтың  ұлттық  психологиялық  атау- 

ларын жасауға да көңіл бөлген. Мә- 

селен, аталған еңбектерде «Қылық», 

«Аңсар», «Таза ой», «Оңтай», «Қиял», 

«Шыдамдылық»,  «Ұшқыр  сөз», 

«Амал» т.б. психологиялық мәнді тер- 

миндер  кездеседі.  Олардың  кейбірі 

осы  кезге  дейін  қазақ  психология- 

сында қолданылады.



ДУЛАТОВ  МІРЖАҚЫП  (1885-

1935)  –  екі  жасында  шешеден,  он 

екі жасында әкеден жетiм қалған ол 

1897  жылы  Торғайдағы  орыс-қазақ 

мектебіне  түсіп,  оның  1902  жылы 

бітіріп  шыққаннан  кейін  алты-жеті 

жылдай ауылда бала оқытады. Кейін-

нен Омбы, Қарқаралы қалаларын ара-

лайды,  Петербургте  шығатын  «Сер- 

ке» газетінде «Жастарға» (1907) де-

ген  өлеңін  бастырады.  1909  жылы 

Уфада  «Оян,  қазақты»,  содан  соң 

Қазандағы ағайынды Кәрімовтар бас- 

пасынан  «Бақытсыз  Жамал»  рома-

нын  бастырып  шығарады.  «Айқап- 

қа»  түрлі  тақырыптар  төңірегінде 

(оқу-ағарту, мәдениет, тіл, т.б.) үзбей 

мақала жазып тұрады. Осы жылдары 

А.Байтұрсыновпен бірлесіп «Қазақ» 

газетін шығаруға ат салысады. Қазан 

төңкерісіне  дейін,  сондай-ақ  Кеңес 

өкіметі жылдарында бірнеше рет түр- 

меге жабылады. Оның Алаш өкіметі 

мен  партиясының  басшыларының 

ДУЛА

ДУЛА


170

бірі  болғаны  белгілі.  Ол  1920  жыл-

дардан бастап жаңа өкіметке де аян-

бай қызмет істейді. («Ақ жол» газеті, 

облыстық сот, т.б.), 1922-26 жылдары 

Орынбордағы Қазақ ағарту институ-

тында оқытушы болады. 1922 жылы 

екі  бөлімнен  тұратын  «Есеп  құра- 

лын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын, 

қазақ  кітаптарының  библиография- 

лық  көрсеткішін  бастырады.  1928 

жылғы зобалаңда бір топ қазақ оқы- 

ғандарымен бірге тұтқынға алынып, 

ату жазасына кесіледі, онысын кейін-

нен  10  жыл  абақтыда  қамаумен  ал-

мастырады.  1935  жылы  тұтқында 

жүріп,  Балтық  каналының  бойын- 

дағы  Сосновец  деген  жерде  қайтыс 

болады. 1988 жылы Республика Жо- 

ғары  сотының  коллегиясы  қылмыс 

құрамы болмағандықтан оны біржо-

лата ақтайды.

Әмбебап  ағартушының  артына  қал- 

дырған  рухани  мұрасында  кешегі 

көшпелі  қазақ  елінің  әдет-ғұрпы, 

дәстүр-салты,  жол-жоралғысы,  тә- 

лім-тәрбиесі  мен  үлгі-өнегесі,  өзіне 

тән  этикалық,  эстетикалық  ұнам-

талғамдары  ұлттық  колоритке  толы 

сан алуан нақты деректермен безен-

діріле  баяндалған.  Осы  тұрғыдан 

«Оян, қазақ» атты туындысының ор- 

ны  бөлек.  Ұстазы  Ы.Алтынсарин- 

ның оқу-ағарту мәселесіне байланыс-

ты идеяларының әрмен қарай дамы- 

та келіп, ол да А.Байтұрсынов сияқты, 

оқу-тәрбие  мәселесіне  ғылыми  тұр- 

ғыдан қарауға, атап айтқанда оқыту- 

дың  жаңа  әдіс-тәсілдеріне,  шәкірт- 

тердің  жаңа  бағдарламалар  арқылы 

білім алуына, ғылыми-дидактикалық 

қағидаларға  сәйкес  сабақ  жүргізуге 

ерекше мән береді. Бұл айтылғандар- 

ды  оның  «Мұғалімдерге»  атты  ма- 

қаласынан  (1914),  «Қирағат»  кіта- 

бына  жазған  алғы  сөзінен  жақсы 

байқауға болады: «балаларды, – деп 

жазды  ол,  –  оқыту  өз  алдына  бір 

ғылым. Ғылым – педагогика... Мектеп 

программасында бірінші орын алған 

нәрсе  –  қирағат,  баяндап  оқыту... 

Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұ- 

ғалім  үміт  еткен  пайданы  бере  ал- 

майды... Жас балаларды оқыған нәр- 

сесі  хақында  ойлануға,  оның  мағы- 

насын,  қасиетін  сездіруге  қалай  үй- 

ретпек керек? Балаларды оқыған нәр- 

сесін  бір-біріне  ұйқастырып  ойла-

нуына,  оқып  шыққаннан  кейін  жа-

дында ретті һәм толық мағынасымен 

қалдыруға әдеттендіру керек. Ол орыс 

педагогикасының  атасы  К.Д.Ушин- 

ский  айтқандай,  оқу-тәрбие  проце- 

сіне (жазу, сызу, есептеу, оқу, т.б.) шә- 

кірттердің сезім мүшелерін (көз, құ- 

лақ және т.б.) түгелдей қатыстырып 

отыру  қажеттігін  орынды  аңғарып, 

мұны  тәлімгерлердің  жадына  салу- 

ды  ойластырады.  Осыған  орай  ол 

былай деп жазды: «Әр бір жазылған 

сөз  –  жазушының  сезімімен,  естуі- 

мен, көруімен (табиғаттан һәм адам- 

ның тұрмысынан) шыққан нәрсе».

Табиғатынан  тәлімгерлік  қасиеті 

мол жазушы қазақ арасында көбінде 

көзге түспей, түссе де еленбей жүр- 

ген  ғылым-білімге,  өнерге,  зерек, 

дарынды балаларды оқытып-тәрбие- 

леудің  мәні  жайында  сөз  ете  келіп, 

дарындылықтың  кейбір  табиғи  ас- 

тарларына үңіледі. Осы жәйт автор- 

дың  мына  төмендегі  түйіндеуінен 

жақсы  аңғарылып  тұр:  «Туысында 

қанша зеректік болса да, – деп жаз- 

ды М.Дулатов, – ғылымсыз, тәрбие- 

сіз  кемеліне  жетпейді.  Кімде-кім 

өзінің табиғатына не нәрсеге шебер-

ДУЛА

ДУЛА


171

лік барлығын сезіп, өз жолына түссе 

ғана көзге көрінеді... Жақсы суретші 

адамның сыртқы түрін айнытпай сала 

білсе, жақсы жазушы да адамның іш- 

кі  сырын,  мінезін,  әдетін  бұлжыт- 

пай көрсете біледі, оқығанын да кө- 

ріп тұрғандай боласың...».

Халқымыз  егемендік  пен  тәуелсіз- 

дікке  ие  болып  жатқан  кезде  жас 

өрендерді  жерге  шырылдап  түскен 

кезден есейіп, есі кіріп болғанға де- 

йінгі  аралықта  ана  тілінің  уызына 

жарытып қана қоймай, олардың ұлт- 

тық рухпен, дәстүр-салт, әдет-ғұрып- 

тан  мейлінше  сусындауына  ерекше 

көңіл аударуымыз қажет. Бұл жөнін- 

де  ол  мектепке  зор  міндет  жүктеле- 

тіні  жәйлі  жеріне  жеткізе  айтқан: 

«Бастауыш  мектепте  алған  тәрбие- 

нің, – деп жазды ол, – әсерлі, күшті, 

сіңімды  болуы,  қай  халықтың  мек-

тебінде болса да, оқу кітаптары ана 

тілімен,  өз  ұлтының  тұрмысынан 

һәм  табиғаттан  жазылып,  баяндап 

оқытудың  асыл  мақсатына  муафик 

үйретуден,  осылай  біліп  баяндап 

оқытқанда,  балқыған  жас  баланың 

ойына,  қанына,  сүйегіне  ұлт  рухы 

сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, кере-

кті мағлұмат алып шығады. Мұндай 

балалар  бастауыш  мектепті  бітiр-

геннен  кейін  қай  жұрттың  мектеп, 

медресесінде оқыса да, қай жұрттың 

арасында  жүрсе  де  сүйегіне  сіңген 

ұлт  рухы  жасымайды.  Қайда  болса 

да, тіршілігінде қандай ауырлық өз- 

герістер көрсе де, ұлт ұлы болып қа- 

лады.  Оқудағы  мақсат  жалғыз  құр- 

ғақ білім үйрету емес, біліммен бір- 

ге жақсы тәрбиені қоса беру...»

М.Дулатовтың  психология  ғылымы- 

ның  оқу-тәрбие  процесінде  алатын 

орны жайлы айтқандары осы айтыл- 

ғандармен шектелмейді. Бұлар арна-

улы зерттеуді қажет етеді.



ДІН  ПСИХОЛОГИЯСЫ  –  діни 

сананың  ерекшеліктеріне,  құрылы- 

мы  мен  функцияларына  негіз  бола- 

тын  психологиялық  және  әлеумет- 

тік-психологиялық  факторларды 

зерттейтін  психологая  ғылымының 

саласы. Д.п. XIX ғасырдың аяғында – 

XX ғасырдың басында пайда болды 

және діни сананың құдай (рух), жұ- 

мақ,  тозақ,  күнә  және  т.б.  ұғымдар- 

ды  қамтитын  мазмұны  туралы,  сон-

дай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және 

басқа  да  парыздарды  атқару  кезін- 

дегі  адамның  эмоциялық  күйі  мен 

сезімдері  туралы  едәуір  материал 

жинақталды.  Д.п-да  әртүрлі  теория- 

лық-әдістемелік тұрғаларға негіздел- 

ген  бірнеше  ағым  бар.  Қазіргі  Д.п.  

жалпы және әлеуметтік психология- 

ның,  әлеуметтанудың,  этнография 

мен  дін  тарихының  теориялық  ере- 

желері  мен  әдістемелерін  пайдала-

нады.  Д.п-ның  заңдылықтарын,  да- 

муы  мен  өз  функцияларын  атқа- 

руын зерттеу мына бағыттарда жүр- 

гізіледі:  1)  Д.п.-ның  жалпы  теория- 

сы  діни  сананың  мазмұны  мен  құ- 

рылымын, діни сезімдерге тән сипат- 

ты  ерекшеліктерді,  тұлға  мен  қо- 

ғамның рухани өміріндегі діннің пси- 

хологиялық  функцияларын  зерт-

тейді;  2)  дифференциалдық  психо-

логия  нақты  әлеуметтік  орта  мен 

тарихи дәуірді ескере отырып, дін ұс- 

танатындардың діни сана-сезімі мен 

сезімдерін  қарастырады;  3)  діни 

топтардың  психологиясы  діни  қа- 

уымдастықтардың  әлеуметтік-пси- 



ДУЛА

ДІНП

172

хологиялық  құрылымын,  олардың 

қарым-қатынас,  еліктеу,  иландыру, 

нұсқамалар  механизмдерін,  дінге 

сенушілердің санасына, сезіміне және 

мінез-құлқына  әсер-ықпалын  зерт-

тейді;  4)  діни  табынушылық  психо-

логиясы діни ғұрыптардың адам пси-

хикасына  әсер-ықпалын  зерделейді; 

5) атеистік тәрбиенің педагогикалық 

психологиясы атеистік дүниетаным- 

ды  қалыптастырудың  принципте- 

рін талдап белгілейді.

ДЮРКГЕЙМ ЭМИЛЬ (1858-1917) – 

фр. социологы және философы; пози-

тивист, Конттың ізбасары, Сарбонна 

университетінде проф. Д-нің пайым- 

дауынша, социология заңдары қоғам 

мен  жеке  адамның  психикалық  заң- 

дарынан  айырмашылығы  бар  ерек- 

ше  рухани  құбылыс  ретінде  зертте-

луге тиіс; Ғалым әлеум. жағдайлар – 

адам санасына әсер ететін (құқыққық, 

моральдық,  діни  сезімдер,  әдет-ғұ- 

рыптар  және  т.б.)  ұжымдық  сана, 

топтық  түсініктер  болып  табыла-

ды  дейді.  Қоғамдық  дамуды  Д.  үш 

фактордың әсері арқылы түсіндіреді: 

халықтың қоныстану тығыздығы, қа- 

тынас  жолдарының  дамуы,  бір-

лескен  ұжымдық  сана.  Кез  келген 

қоғамға  әлеуметтік  ынтымақтастық 

тән.  Қауымдық  қоғам  кезінде  ын- 

тымақтастық  пен  тектестілікке  не- 

гізделген қарапайым сана болды. Қа- 

зіргі  кезде  ынтымақтастық  қоғам- 

дық  еңбекті  бөлісіп  таптық  сипатқа 

негізделген  «органикалық  сипат» 

алды, дін қоғамдық өмірдің маңызды 

жағы. Қоғам дін арқылы өзін құдірет- 

ті  етеді.  Негізгі  еңбектері:  «Қоғам- 

дық еңбектің бөлінісі туралы» (1893); 

«Социология әдісі» (1895); «Діни өмір- 

дің қарапайым формалары» (1912), т.б.

ЕБЕДЕЙСІзДІК  –  субъекттің  өзі  

белгілеген  іс-қимыл  бағдарламасын 

жаңа  жағдайларда  өзгертуді  қиын- 

сынуы (мүлдем өзгерте алмауға дейін 

баруы). Е. Когнитивтік, аффектілік 

және  мотивациялық  Е.  деп  сарала- 

нады.  Когнитивтік  Е.  жағдаят  өз- 

гергенде қабылдаулар мен түсініктер- 

ді  қайта  құрудың  қиындықтарында 

байқалады.  Аффектілік  Е.  эмоция- 

лардың  өзгермелі  объектілеріне  аф-

фектілік  (эмоциялық)  жауаптардың 

қасаңдығынан  білінеді. Мотивация- 



лық  Е.  субъекттің  икемділікті  және 

мінез-құлық сипатын өзгертуді талап 

ететін  жағдайларда  түрткілер  жүйе- 

сін  өте  сылбыр  қайта  құрудан  көрі- 

неді. Субъект байқататын Е. деңгейі 

оның тұлғалық ерекшеліктерінің ор- 

таның  сипатымен  өзара  әрекеттес- 

тігінен туындайды; оған алда тұрған 

міндеттің күрделілік дәрежесі, субъект 

үшін оның тартымдылығы және т.б. 

қамтылады.

ЕГІзДІК  ӘДІС  –  біркелкі  (гомо- 

зиготалық)  және  әркелкі  (гетерози- 

готалық)  егіздердің  психологиялық 

ерекшеліктері  мен  дамуын  салыс- 



ДЮРК

ЕГІз

173

тыра  зерттеу.  Е.ә.  адамның  психо- 

логиялық  қасиеттері  мен  мінез-құ- 

лық ерекшеліктерінің қалыптасуына 

тегі  мен  ортаның  ықпал  деңгейі  ту- 

ралы  мәселені  ғылыми  тұрғыдан 

шешу  мақсатында  жүргізіледі.  Тұ- 

қымқуалаушылық  белгілері  бірдей 

(гомозиготалы)  және  әртүрлі  (гете- 

розиготалы)  балалардың  психоло- 

гиялық ерекшеліктерін салыстырма- 

лы  түрде  зерттейтін  әдіс.  Е.ә.  адам 

қылығы ерекшеліктерінің және пси- 

хологиялық қасиеттерінің генотиптік 

немесе ортаға байланысты мәселелерді 

ғылыми түрде шешуде қолданылады.



ЕЛЕСТЕТУ  –  бұрыннан  бар  тә- 

жірибе  негізінде  жаңа  түсініктер, 

ойлар мен бейнелер жасауға саятын 

психикалық  процесс.  Е.  субъекттің 

заттық  қарекетінің  құралдары  мен 

нәтижесін  ойша  құрудан,  мәселелік 

жағдай белгісіз сипатта болғанда іс- 

әрекет  бағдарламасын  жасаудан,  қа- 

рекетті  бағдарламай  алмастыратын, 

тәріздендіретін бейнелер шығарудан, 

объекттің  бейнелерін  жасаудан  кө- 

рінеді. Басқа да психикалық процес- 

тер (ойлау, ес, қабылдау) сияқты елес- 

тетудің  анализдік  синтездік  сипаты 

бар.  Естің  (жадының)  негізгі  бета-

лысы  –  бұрынырақта  қабылданып, 

ұғынылған жағдайларды, объектілер- 

ді  барынша  дәлме-дәл  жаңғырту.  Е- 

дің негізгі беталыстары – ес түсінік- 

терін  түрлендіру,  түптеп  келгенде, 

бұрын пайда болмаған ойлау жағда- 

йының жасалуын қамтамасыз ету. Е. – 

болмысты жаңа ұштасулар мен бай- 

ланыстарда бейнелеу.

Е-дің ең маңызды мәні сонда, ол ең- 

бек басталғанға дейін оның нәтиже- 

лерін көз алдына келтіруге мүмкіндік 

береді,  осы  арқылы  қарекет  проце- 

сінде  адамды  бағдарлайды.  Е.  ар- 

қылы еңбектің түпкі не аралық өнім- 

нің  моделін  жасау  олардың  заттық 

жүзеге  асырылуына  жағдай  жасай- 

ды.  Е.  арқылы  күтілетін  нәтижені 

көз  алдына  келтіру  адам  еңбегінің 

жануарлардың  түйсіктік  әрекетімен 

түбегейлі  айырмашылығы  болып 

табылады. Е. белсенді және енжар Е. 

болып сараланады. Енжар елестету- 

де  пәрменділік  жоқ,  оған  өмірде 

жүзеге  аспайтын  бейнелер,  іске  ас- 

пайтын  тіпті  іске  асуы  мүмкін  емес 

бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес 

енжар  Е.  сана  қарекеті  босаңсыған- 

да,  ұйықтағанда,  қалғып-шұлғып 

ұйқылы-ояу отырғанда, сананың па- 

тологиялық  бұзылуы  кезінде  бай- 

қалады. Әдейілеп енжар елестетуден 

ерік-жігермен  байланысты  емес 

бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды.

Е.  процестерінде  құрғақ  қиялдың 

басымдығы  тұлғаның  дамуында  ке- 

містіктер  бар  екенін  көрсетеді.  Бел- 

сенді  Е.  шығармашылық  және  жаң- 

ғыртушылық болуы мүмкін. Шығар- 

машылық  елестетуде  қарекеттің  бі- 

регей  және  бағалы  өнімдерінде  жү- 

зеге асатын бейнелер жасалады. Ең- 

бекте  пайда  болған  Е.  –  кез  келген 

шығармашылықтың ажырағысыз бө- 

лігі. Е. дереу практикалық іс-әрекетте 

жүзеге аса бермейді. Кейде ол тілек-

қалаудағы болашақ бейнелерді жасау- 

ға,  яғни  армандауға  саятын  ерекше 

бір іштей қарекет нысанында болады. 

Арман қарекетті түрлендірудің қажет- 

ті  шарты,  түпкілікті  орындалуы 

қайсыбір  себептермен  кейінге  қал- 

дырылған  қарекеттің  ынталандыру- 

шы  себеп-түрткісі.  Жаңғыртушы 

елестетудің негізі – сипаттамаға сәй- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет