Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет2/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90

АВТО

10

мен  қарым-қатынасы  жағдайында) 

орын алады. Осылайша, А. негізінде 

автоматтандырылған тізбекті рефлекс 

немесе  өздігінен  болатын  тізбекті 

рефлекс жатады. Жүру, жүгіру және 

т.б.  кезіндегі  афференттік  қозудың 

алмасып  отыруы  осыған  мысал 

болады.

АВТОРИТАРЛЫҚ (лат. аиtоritas – қаз. 

ықпал  ету,  билік)  –  тұлғаның  өзара 

әрекет пен қарым-қатынас серіктесте- 

рін өз ықпалына барынша бағынды- 

руын, өктемдігін бейнелейтін әлеумет- 

тік-психологиялық сипат. А. мынадай 

жеке  мінез-құлық  ерекшеліктерімен 

тығыз байланысты: агрессивтілік (қ. Аг- 

рессия), өзін-өзі асыра бағалау және 

талап етудің жоғары деңгейі, таптау- 

рындылыққа бейімділік, әлсіз рефлек- 

сия, т.б. А. мінез-құлықта әдетте кез 

келген тәсілмен топтағы басым орын- 

ға ие болуға, билік құрылымында ең 

жоғарғы  бағытты  ұстауға  ұмтылы- 

сы көрініс табады. Едәуір айқын түр- 

де А. басшының қол астындағы адам- 

дарды билік күшімен ұстаудан, бас- 

қа адамдардың мәнді шешімдерді қа- 

былдаудан шеттетуден көрінеді. Mұн- 

дай  басшы  кез  келген  тапсырманың 

шешімін және міндеттің орындалуын 

қатал  қадағалайды,  өз  еркін  көрсет- 

кен,  оның  өз  беделімен  өзi  өкілетті 

биліктің  беделіне  нұқсан  келтіретін 

топ  мүшелерінің  ынтасын  қатал  ба- 

сып отырады.

АВТОСТЕРЕОТИП  (автотаптау- 

рын) – этностың өз салт-дәстүрі, мі- 

нез-құлық ерекшеліктері, мәселелер- 

ді  шешу  тәсілдері  мен  сыртқы  бет-

пішіні жөніндегі тұрақты түсініктері 

мен бейнелері. Олар көбінесе жағым- 

ды пікірлер кешенінен тұрады. Әдет- 

те,  жағымды  автотаптаурындар  сан 

жағынан  басым  болады.  Сонымен 

қатар,  жағымсыз  автотаптаурындар 

да  орын  алады  және  олардың  мәні 

кейбір тарихи кезеңдерде арта түсе- 

ді.  Жағымсыз  автотаптаурындардың 

негізгі  функциясы  туралы  болжам- 

дар  екеу:  1)  өз  этносын  дискреди- 

тациялау ( өз этносына көңілі толма- 

ғандардың саны өскенде немесе бұл 

этностың  санасында  терең  кемістік 

комплексі болған жағдайда); 2) өзде- 

рі туралы жағымсыз таптаурындар өзі- 

не  деген  сыни  көзқарастың  қажет- 

тілігімен және ұлт өкілдерінің өздерін 

жетілдіру  қажеттілігімен  байланыс- 

ты  болуы  мүмкін.  Алайда  осындай 

жағымсыз автотаптаурындардың кө- 

беюі  этностың  қорғаныс  механиз- 

мінен  айырылуына,  оның  өзіндік 

дискредитациясына алып келеді. Кей- 

де  осындай  жағымсыз  автотаптау- 

рындарды  басым  этностың  өкілдері 

жасанды түрде белгілі бір этностың 

өкілдерінің санасына сіңдіреді. Мұн- 

дай  жағдайларда  берілген  этностың 

өкілдері фрустрацияға ұшырап, өзін- 

дік қадір-қасиеттің жойылуы, өзіндік 

төмен  бағалаудың  қалыптасуы,  ха- 

лықтық  рухының  төмендеуі  көрініс 

табады.  Бұл  кейде  этностардың  на- 

разылығын тудырып, ұлтаралық шие- 

леністерге алып келеді. Сонымен қа- 

тар,  автотаптаурындардың  негізіне 

сублимация (өз этносын асыра жоға- 

ры бағалау) механизмі де жатады.

АВТОСУГГЕСТИЯ (өзін-өзі сенді- 

ру) – сендіру әсерінің объектісі мен 

субъектісі  сәйкес  болған  жағдайда- 

ғы өзіне-өзі бағытталған сендіру про- 



цесі мен нәтижесі. А. адамның өзіндік 

АВТО

АВТО

11

реттелу  деңгейін  жоғарылатады.  А. 

субъектіде өзінде белгілі бip түйсік- 

терді, қабылдауларды, сезімдерді ту- 

дыруға, өзінің ес, зейін, процестерін, 

эмоциялық  соматикалық  реакция- 

ларын  меңгеруге  мүмкіндік  береді. 

Ырықты А. өзіне бағытталған сөздік 

(вербалдық) нұсқаулардың немесе та- 

лап етілетін физикалық немесе пси- 

хикалық  күйдің  өзгеруімен  байла- 

нысты  болатын  жағдаяттарды  ойша 

қайта  жаңғырту  негізінде  жүзеге 

асады.  Оның  тиімділігіне  психика- 

лық  релаксация  мен  бай  қиял  әсер 

етеді. Ырықсыз А. субъекттің өз идея- 

ларына,  тұжырымдамаларына,  баға- 

лауларына, олардың дұрыстығы мен 

шынайылығына  күмәннің  болмауы- 

мен,  сананың  қадағалау  функцияла- 

рының  төмендеуімен  сипатталады. 

Мұның  салдары  кейде  психикалық 

ic-әpeкеттің енжарлығына әкеледі. А. 

өзіндегі  белгілі  бip  аурудың  қозуын 

күту және оның міндетті түрде бола- 

тынына өзін сендірумен бipге жүре- 

тін  организмнің  түрлі  жүйелерінің 

бұзылуында көрініс табуы мүмкін. Ke- 

piciншe  оқиға  плацебо-эффект  (пре- 

паратты қабылдағаннан кейінгі) жағ- 

дайында көрініс табады.



АГГЛЮТИНАЦИЯ ( лат. agglutina- 

re – қаз. желімдеу) – түбір сөздің соңы- 

нан қосымшалардың тізбектеле жал- 

ғану тәсілі. А. (жалғамалылық) жаңа 

бейнені әртүрлі объектілердің бөлшек- 

терін біріктіріп жасау тәсілі. Қиялда 

анализ, синтез  әдістері,  агглютина- 

ция, схематизация түрлі схемалар мен 

суреттердің акцентировка (бейненің 

типтік басты белгілерін жасау) тәсіл- 

дері жиі қолданылады. Қиялдағы елес- 



терді топтастырудың қарапайым тү- 

рі  агглютинация  деп  аталады.  Осы 

тәсіл арқылы мифологиялық бейнелер 

(кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түр- 

лі  механизмдердің,  машиналардың 

конструкциялары (амфибия-танк, су- 

дан өте алатын жеңіл танк, аэрошана 

суға қонып, ұша алатын ұшақ) құрас- 

тырылады.  А.  тәсілі  ежелгі  Мысыр 

елінде, сондай-ақ Солтүстік Америка 

индеецтерінің  өнер  ескерткіштерін- 

де үлкен орын алған.

АГГРАВАЦИЯ (лат aggravatio – қаз. 

салмақ  түсіру,  ауырлату)  –  белгілі 

бір аурудың белгі нышандарын асы- 

ра бағалау. А.-ға истероидтық акцен- 

туация  (мінез-құлық  ерекшеліктері- 

нің шектен тыс айқын көрінісі) сыр- 

қатына  шалдыққандар,  психопатия- 

лық  аурулар,  сондай-ақ  түрінен  ай- 

қын психикалық өзгерістер байқала- 

тын егде жастағы адамдар бейім ке- 

леді. А-ны қара басының қамы үшін 

өзінде жоқ ауруды сылтаурату тәрізді 

айла-амалдан айыра білу керек.



АГНОзИЯ (грек. а – қаз. теріс бөл- 

шек +gnosis – қаз. білім)  бас миы 

жоғарғы бөліктерінің зақымдану сал- 

дарынан адамның қабылдауында та- 

нып білу қабілетінің бұзылуы. Таным- 

дық әрекеттердің (үрдістердің) көру, 

есту,  сипау  және  басқа  түрлерінің 

зақымдалғанын анық байқауға бола- 

ды.  Мыс.,  мидың  жұлын  алабы  за- 

қымдалса, адам өзі көріп тұрған сурет- 

терінің  бейнесін  дұрыс  пайымдай 

алмайды.  Оның  тек  жеке  бөлшекте- 

рін ғана қабылдайды. Ол сөйлей алса 

да нәрселердің мәнді белгілерін мән- 

сіз  белгілерінен  ажырата  алмайды. 

Ондай адамдардың ақыл-ойы қалып- 

ты болып көрінгенімен қабылдау үр- 

АГГЛ

АГНО


12

дісінде ақаулық байқалады. Олардың 

кеңістікті  қабылдауы  (сипап  сезуі, 

қимыл-қозғалысы)  көру  тітіркендір- 

гіштерін  күшейту  арқылы  ғана  іске 

асады.


Мидың  желке  алабы  мен  төбе  бөлі- 

гінің төменгі алаптарының зақымдалу 

салдарынан кеңістікте дұрыс бағдар 

таба  алмайды.  Ауру  өздігінен  киіне 

алмайды, киімдерінің етек-жеңін, шал- 

барының  балағы  мен  ышқырлығын, 

камзолының жағасы мен етегін шатас- 

тыра береді, өз төсегін де сала алмай- 

ды. Ұстаған заттарының тік және кө- 

беу жағдайын ажырата білмейді. Сі- 

ріңке шырпыларынан құрастырылып 

көрсетілген  геометриялық  фигура- 

ларды өздігінен құрай алмайды, әріп- 

тердің  таңбасын  оңды-солды  ауыс- 

тырып жазады, қолының саусақтарын 

дұрыс атап көрсете алмайды. Есту А.-



сына  ұшыраған  адамдар  нәрселерді 

дыбыстарына қарай ажырата алмай- 

ды, сағат механизмінің соғуын, қоңы- 

раудың сылдырын, иттің үргенін де 

ажырата білмейді.

Ондай адамдардың танып білуіндегі 

кемістіктері мидың самай алабының 

зақымдалу  салдары  екендігі  анық- 

талған. Ондай адамның есту қабілеті 

болғанымен, айтылған сөздерді ол дұ- 

рыс түсіне алмайды. Алсипау сезімде- 

рі  зақымдалған  адамдар  өздерінің 

көрген нәрселерін көздерін жұмдырып, 

сол нәрселерді сипау арқылы байқап 

көргенде оларды танып біле алмаған. 

Мұндай кемістік мидың төбелік алабы- 

ның зақымдалғанын білдіреді. Адам- 

ның  танып  білу  қабілетінен  ажырау 

себептерін зерттеу нәтижелері ондай 

адамның зақымдалған мүшелерін ем- 

деп, оқу-тәрбие істерінде арнайы амал-

тәсілдер қолданып, оның қабылдауын 

қалыпқа түсіруге болатындығын көр- 

сетеді. А. – ми сыңарларының локал- 



ды зақымдануы салдарынан адамның 

бұрын көргенін, естігенін, түйсінгенін 

қайтадан тани алмауы.

А. төмендегідей жіктеледі: 1) визуал- 

ды  А.  –  көз  өткірлігінің  сақталуы- 

ның өзінде  объектілерді, заттар мен 

олардың  кескіндерін  тұтас  тани  ал- 

мау, оларды бөлшектей алмау; 2) так- 

тилді  А.  –  заттар  мен  объектілерді 

сипап  ұстауда  оларды  тани  алмау 

немесе өз денесінің локустарын тану- 

дың бұзылуы, соматоагнозия деп ата- 

латын дене құрылымы жөнінде абер- 

рациялық, бұрмаланған түсінік; 3) ке- 

ңістіктік  А.  –  заттар  мен  олардың 

кескіндерін қабылдаудың сақталуын- 

да адамдардың түрлерін тани алмау; 

4) есту А. – естудің фонематикалық 

қасиеттерінің, яғни сөйлеудегі дыбыс- 

тарды ажыратудың бұзылуы; 5) әріп- 

тік  А.  –  оқудың  бұзылу  түрлерінің 

бірінің  негізінде  жататын  А.  түрі; 

6)  симультандық  А.  –  бір  мезгілде 

қабылданатын  заттар  мен  құбылыс- 

тардың санының күрт азаюы.

АГРАФИЯ (грек. а – қаз. болымсыз- 

дық қосымшасы және grako – жаза- 

мын– сөйлеудің әртүрлі жағдайын- 

да пайда болатын жазудың бұзылуы 

не жазу қабілетін толық жоғалтудан 

немесе  сөздерді  өрескел  бұрмалау- 

дан, буындар мен әріптерді тастап ке- 

туден, әріптер мен буындарды сөз етіп 

қосуға қабілетсіздіктен, т.б. көрінеді. 

А. балаларда мидың органикалық же- 

те дамымауымен байланысты тілінің 

жалпы  дамуы  кенжелеп  қалуының 

бір көрінісі; нашар естудің немесе са- 

ңыраулықтың  салдарынан  сөздерді 

дыбыстық талдаудағы кінәраттармен 

АГРА

АГРА


13

байланысты  сөйлеудің  бұзылуынан 

көрінуі  мүмкін.  А.  ми  сырқатына 

байланысты  сөйлеудің  түрлі  бұзы- 

лулары  салдарынан  пайда  болатын 

жазу қабілетінен айырылуы деп те ай- 

тады. А. жазу қабілетінен толық айы- 

рылу немесе сөздерді тұрпайы түрде 

бұрмалау, буындар мен әріптерді тас- 

тап кету, әріптер мен буындарды сөз- 

ге біріктіре алмауда көрініс табады.

АГРЕССИВТІЛІК  –  қастандылық, 

өшпенділік. Жеке адамның басқалар- 

ға  және  қоршаған  әлемге  шабуыл, 

қастандық жасау тенденциясын көр- 

сететін  қасиеті  немесе  мінезінің  бі- 

тісі. А. – адамның басқа адамдарға, жа- 

нуарларға және қоршаған өмірге қа- 

тынасында  өшпенділік  жағдайында 

көрінетін мінездің ерекшеліктері. А. 

әрекеттер моральдық және құқықтық 

сипаттармен түсіндірілмейтін, ешқан- 

дай объективті себептерсіз туындай- 

тын өшпенділік, көбінесе, өзін қорғау 

немесе басқа адамдарды қорғауда кө- 

рінетін сипат.

АГРЕССИЯ  (лат.  aggressio  –  қаз. 

шабуыл жасау– әлеуметтегі адамдар- 

дың арақатынас тәртібінің талаптары- 

на қарама-қайшылықты себептенген 

деструктивтік қылық. А. объектілерге 

зиян келтіреді немесе психологиялық 

қолайсыздықтар (қайғыру, қорқыныш, 

басымдық, басқаның пікірін күшпен 

басып  тастау  т.с.с)  туғызады.  А. 

бірнеше түрге бөлінеді:

1) басқаларға күш көрсететін;

2) вербалдық А. – айқай, шу, қорқы- 

ту,  табалау,  ұрысу  сияқты  вербалды 

реакцияның  мазмұны  арқылы  жа- 

ғымсыз сезімдермен танытатын; нега- 

тивті  сезімдерді  вербалды  реакция- 

лардың түрлері (ұрыс-керіс, шыңғыру) 

арқылы да, сондай-ақ мазмұны арқы- 

лы  да  (қорқыту,  қарғау,  балағаттау) 

шығару;

3) тікелей А. – нақты объектіге неме- 



се біреуге бағытталған; жанама А. – 

басқа адамға жанама жолмен бағыт- 

талған.  А.  (жаман  өсектер,  қалжың- 

дар және т.с.с.);

4) А. сондай-ақ бағытсыз, ретсіз жү- 

зеге асатын әрекеттер – айқай, аяқпен 

топырлау, үстелді жұдырықпен соғу 

және т.б. түрінде көрінетін ашу;

5) инструменталды А. – қандай да бір 

мақсатқа жетуге құрал ретінде көрі- 

ніс береді;

6) аутоагрессия – өзін-өзі кінәлау, өзін- 

өзі қорлау, өз денесіне физикалық қия- 

нат жасау, өзін кемсіту, тәнін зақымдау, 

кейбірде  өзін  өлтіруге  дейін  баруы- 

нан көрінеді;

7)  қастандық  (қастық)  А.  –  біреуге 

әдейі зиян келтіру немесе объектіні за- 

қымдау мақсатымен жасалады;

8) альтруистік А. – басқалардың ша- 

буылынан  қорғау  мақсатымен  си- 

патталады.

А. – адамдар қауымдастығында бір- 

лесіп өмір сүру нормалары мен ере- 

желеріне  қарама-қайшы  келетін,  өзі 

бағытталған өлі немесе тірі объектіге 

нұқсан келтіретін, біршама мақсатты 

түрде жүзеге асатын деструктивті мі- 

нез-құлық. Әдетте А. салдарынан ті- 

рі объектілерде қорқыныш, үрей, қы- 

сылу  туады.  А.  жаман  қалжыңдар, 

өсек, тіптен кісі өлтіру, өзін-өзі өлті- 

руге дейін және т.б. баратын қиялда- 

ғы  қастық  ойдан  шығарылған  түрлі 

қиянатты әрекеттер. А. әрекеттер қан- 

дай да бір мақсатқа жету тәсілі (ин- 

струменталдық А.), психикалық кер- 

неуді  босату  амалы,  сана  астында 



АГРЕ

АГРЕ

14

тұншыққан  қажеттілікті  қанағаттан- 

дыру жолы, өзін-өзі жүзеге асыру жә- 

не өзін-өзі бекіту түрі ретінде көрініс 

табады.

АГРЕССИВТІК  МІНЕз-ҚҰЛЫҚ 

(лат. aggressio – қаз. шабуыл жасау– 

адам  әрекетінің  ерекше  формасы, 

мұндай мінез-құлық субъекттің нұқ- 

сан келтіру мақсатымен өзінен басқа 

адамға  немесе  адамдар  тобына  өз 

артықшылығын білдіріп, қыр көрсе- 

туі немесе күш қолдануға тырысуы- 

мен  сипатталады.  А.м-қ.  қарқынды- 

лығы  мен  пайда  болу  дәрежесі  бо- 

йынша: жеккөрушілік, жақтырмаушы- 

лықтан  –  тіл  тигізуге  («вербалдық 

агрессия»)  және  дөрекі  түрде  күш 

қолдануға («физикалық агрессия») де- 

йін түрленеді. Әлеуметтік-психология- 

лық  тұрғыдан  келгенде:  жекелеген 

адамдардың агрессивті мінез-құлық- 

тары  жиынтығының,  бұқаралық  си- 

паттағы құбылыс ұғымының шеңбе- 

ріндегі  тұлғааралық  агрессияның  – 

топтық агрессияға айналуының мәні 

бар.  Шетелдік  психологияда  агрес- 

сивті  мінез-құлықтың  пайда  болуы- 

ның, себеп-салдарларының сан алуан 

түсіндірмелері кездеседі. А.м-қ. нақ- 

ты көріністерін түсіну үшін тұлғалық 

және ұжымдық әрекеттің жалпы құры- 

лымындағы оның орнын айқындап ал- 

ған жөн. Мыс., агрессивтік акт субъект- 

тің  қорғаныстық  жауабына  ұқсама- 

уына, аффекттің салдары еместігіне 

немесе  А.м-қ.  өзіндік  мақсат-мүдде 

мен мәнге ие болып, ерекше тұлғалық 

және ұжымдық іс-әрекетке (ауытқы- 

ған, теріс мінез-құлық) көшуіне және 

т.б. баса назар аудару қажеттігі.



АҒЫНАН ЖАРЫЛУ – адамның іш- 

кі сырын бүкпесіз білдіріп, болмыс- 

тың  шындығын  жасырмай  ақтарып 

салатын  мінездегі  ұнамды  қасиет. 



А.ж.  мінезіндегі  ақжарқын  жайда- 

рылықты, адал ниет пен ақпейілді, та- 

за ой мен әділдікті білдіретін ұнам- 

ды сипаттар. Мінезі ақжарқын адам 

өзінің ойы мен мақсат-мүддесін, ба- 

сынан  кешірген  оқиғаларын,  көңіл 

күйін  жасырмай  ашық-жарқын  біл- 

діреді.  Маңындағы  адамдарды  да 

өзіндей  деп  санап,  оларға  ақпейіл- 

дікпен сенеді. Ақкөңіл адал адамның 

мінез-құлқын  қастерлеп,  халқымыз 

«Ақкөңіл адамның аты арымас, тоны 

тозбас» деген мәтелмен тұжырымдап 

түсіндірген.  Ағынан  жарылып  сөй- 

лейтін  ашық  мінезді  жайдары  адам 

айналасындағыларға  ақниетімен  қа- 

райды. Оларға ақпейілі мен көңілшек- 

тігін  танытады.  Ақниетті  адамның 

жанашыр дос-жарандары да көп бо- 

лады.  Оны  үнемі  құрметтеп,  өзара 

сыйласымды қатынас жасайды. Халық 

таза ойлы да, әділ де адал адамды дос 

санап, оның турашылдығы мен шын- 

шылдығына  қолдау  көрсетіп,  оны 

өзгелерге үлгі-өнеге етеді. А.ж., кіші- 

пейілділік  көрсету  –  адамның  жеке 

басы мен бойындағы ұнамды да жа- 

ғымды  қасиеттері.  Ондай  қасиеттер 

адамның  кісілік  беделін  арттырып, 

халық  арасындағы  құрметке  ие  бо- 

луына жетелейді.



АДАЛДЫҚ  ПЕН  АРАМДЫҚ  – 

адамгершілік  құлық  талаптары  тұр- 

ғысынан бір-біріне қарама-қарсы мо- 

ральдық  ұғымдар.  Адалдық  –  адам- 

гершіліктің аса маңызды талаптары- 

ның бірін бейнелейтін моральдық қа- 

сиет. Ол шыншылдық, әділдік, прин- 

циптілік, алған міндеттемелерінен жал- 

ған сөйлеп, жалтармаушылық, уәдесін- 

АГРЕ

АДАЛ


15

де тұрушылық сияқты қасиеттерді қам- 

тиды.

А. адам мінезіндегі таза ниет, бағалы 



да ізгі қасиет. Адамның сана-сезімі- 

не,  ар-ұжданына  қайшы  келмейтін, 

адами мақсат-мүддені көздейтін, та- 

рихи шындықпен, прогреспен ұштасып 

жататын  іс-әрекеттер.  Әрбір  қоғам- 

ның  адалдығы  жайында  өзіндік  па- 

йым-түсінігі бар. Қазақ халқы әрқашан 

да адамгершілік пен адалдық қасиет- 

терін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады.

«Алдау  қоспай  адал  еңбегін  сатқан 

қолы өнерлі – қазақтың әулиесі сол», – 

дейді  кемеңгер  Абай.  А.  –  адамның 

жеке басы мен моральдық тұлғасын 

сипаттайтын қасиет. А. туғаннан пай- 

да болмайды. Ол қоғамның дамуына 

сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбие- 

сіне, оқып білім алуы мен адал еңбек- 

тену  процесінде  қалыптасып  оты- 

ратын ізгі қасиет. А. – жеке тұлғалар 

мен адамдардың абырой-атағын арт- 

тыратын ізгі қасиет, адам мінезіндегі 

аса ұнамды сапа. Адал – араб тілін- 

де «рұқсат етілген», «таза» деген ма- 

ғына беретін, білімімізге шариғат қа- 

ғидалары  арқылы  енген  сөз.  Арам- 

дық – моральдық қасиеттің адалдық- 

қа қарама-қарсы кесапатты түрі. Оған 

алдау-арбау, суайттық, жымысқылық, 

ұрлық, опасыздық, екіжүзділік сияқ- 

ты жаман қылықтар жатады. Халық 

арамдық бар жерде – сатқындық; әді- 

летсіздік бар жерде – жәбір; жалған- 

дық  бар  жерде  –  қиянат  болатынын 

өмір тәжірибесінен анықтаған.

Мұсылман халықтарында «адал, арам» 

ұғымдарына  өте  зор  мән  беріледі. 

Алғашқысы «жақсы адам» дегенді біл- 

дірсе, соңғысы «жаман, оңбаған адам» 

дегенді  ұқтырады.  Адал  –  ешкімнің 

ақысын  жеп,  ала  жібін  аттамай,  өз 

еңбегімен  дүние  жинап,  күн  көріп 

жатқан, ғайбат сөйлемейтін, кісіге қия- 

нат  қылмайтын  жан;  арам  –  дүние-

малы еңбексіз; ұрлық-қарлық, қулық-

сұмдық,  алдау-арбаудан  жиналған, 

сонымен күн көріп жатқан екіжүзді, 

обал-сауаппен санаспайтын, жымыс- 

қы адам.

Адамдар  саналы  түрде  бірге  өмір 

сүргенде, өздері орындайтын, басшы- 

лыққа алатын талаптар жасап, олар- 

ды әрі қарай да жетілдіріп, толықты- 

рып отырды. Соның нәтижесінде адам- 

дар өздерінің іс-қимылына, жеп-ішу- 

еріне, әдет-қылықтарына қатысты қо- 

йылатын талаптарды, олардың шека- 

расын  анықтаған.  Сондықтан  олар 

жеке басының қалауымен өмір сүріп, 

ойына келгенін істей алмаған. Өздері 

мойындаған, өмірде сынақтан өткізіп, 

пысықтаған, қоғамға сыйымдылығын 

қамтамасыз ететін шарттар аумағын- 

да әрекет жасаған.



АДАПТАЦИЯ – ағзаның, сезім мү- 

шелерінің ішкі және сыртқы тітір- 

кендіргіштерге,  орта  жағдайына 

біртіндеп  бейімделуі.  А.  үрдістері 

биологияның  негізгі  ұғымдарының 

бірі  –  гомеостазды  сақтауға  бағыт- 

талады.  Биологиялық  А.  ағзаның 

барлық  деңгейлерін  қамтиды:  моле- 

кулярлықтан бастап, іс-әрекетті пси- 

хикалық  реттеуге  дейін.  Экстремал- 

ды жағдайларға А. сәттілігінде жат- 

тығу  процестері,  индивидтің  функ- 

ционалдық, психикалық және мораль- 

дық күйі маңызды рөл атқарады.

А. сондай-ақ теориялық ұғым ретін- 

де  гештальтпсихология,  швейцар 

психологі Ж.Пиаже шығарған интел- 

лект  даму  теориясындағы  индивид 

пен қоршаған орта арасындағы өзара 



АДАП

АДАП

16

қатынастың  гомеостаздық  тепе-те- 

ңесу процестері ретінде түсіндіретін 

психологиялық  тұжырымдамаларда 

да кеңінен қолданылады. Талдағыш- 

тар  сезгіштігінің  тітіркендіргіштер- 

дің әсеріне икемделуі.

Нәрселердің бейнесін қабылдау кезін- 

де  көз  шағылыстыратын  жарықтың 

әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе 

қараңғы  бөлмеге  кірген  адамның 

көзі  біртіндеп  маңындағыларды  кө- 

ре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жа- 

ғымсыз естілетін дыбыстарға да бе- 

йімделу  түрліше  болады.  Адамның 

уақытты түйсініп қабылдауға бейім- 

делуі  де  әр  қилы  болуы  мүмкін.  А. 

мерзімі  бірнеше  секундқа,  ондаған 

минуттарға  созылады.  А.  орталық 

және  шеткі  жүйке  жүйесінің  қыз- 

меттері арқылы реттеледі. Адамның 

бейімделуі  биологиялық  және  пси- 



хологиялық деп екіге бөлінеді: бірін- 

шісі,  ағза  функцияларының  және 

құрылымының  ортадағы  жағдайға, 

шартқа бейімделуі; екіншісі адамның 

әлеуметтік  ивдивид  ретінде,  белгі- 

лі талаптарға, жағдайларға, принцип- 

терге,  әлеуметтегі  және  қоғамдағы 

әдептілік ережелеріне, өзіндегі жеке- 

лік қасиеттерін ескере бейімделу үр- 

дісі болып танылады.

Әлеуметтік  ортаның  талаптарына 

индивидтің  белсенді  бейімделу  үр- 

дісі  психологияда  әлеуметтік  бе- 



йімделу  (әлеуметтену),  әлеуметті 

аккомодация  деп  аталады.  Қабыл- 

даудың  нәтижелілігін  арттыру  және 

рецепторларды шектен тыс жүктеме- 

ден сақтау мақсатымен сезім мүшеле- 

рінің  әртүрлі  стимулдар  ерекшелік- 

теріне сәйкес бейімделу орын алады. 

Бейімділік – ивдивидтің өзін қызық- 

тыратын  белгілі  бір  іске  таңдамалы 

бағыттылығы.  Өмірде  кездесетін 

жағдайларға, ең жақсы түрде бейім- 

делуге ықпал ететін адам қылығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет