Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет36/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90

зООПСИХОЛОГИЯ – (грек. zoon – 

жануар және жан) 1) негізінен әр алуан 

биологиялық түрлердің ерекшелікте- 

рін  салыстырып,  психогенетикалық 

көзқарас тұрғысынан зерттеумен ай- 

налысатын сала. (қ. Салыстырмалы 



психология)  жануарлар  қылықтары 

мен психологиясын зерттейтін психо- 

логия ғылымының саласы. 2) объек- 

тісі жануарлар болып табылатын кез 

келген психологиялық зерттеу; 3) жа- 

нуарлар  психикасы,  осы  деңгейде 

психикалық  шағылудың  көрінісі 

мен  заңдылықтары  туралы  ғылым. 

З.  жануарлардың  психикалық  про- 

цестерінің  онтогенездегі  қалыпта- 

суын,  психиканың  эволюция  про- 

цесінде  пайда  болуын  және  оның 

дамуын,  адам  санасының  биология- 

лық алғышарттарын және оның туы- 

лу  тарихына  дейінгісін  зерттейді. 

Жануарлардың  психикалық  қабілет- 

теріне  антикалық  дәуірдің  ойшыл- 

дары  назар  аударған.  Ғылыми  З. 

XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. бас кезін- 

де пайда болды. Жануарлар психика- 

сын  ғалымдар  олардың  қоршаған 

ортамен  тіршіліктік  қажетті  байла- 

ныс  орнататын  қозғалыс  белсенді- 

лігімен  диалектикалық  бірлікте  қа- 

растырды.  Психиканың  онтогенезде 

және филогенезде дамуының алғаш- 

қы  және  жетекші  факторы  ретінде 

ширығуға,  қозғалыс  жүйесін  байы- 



зООП

зООП

243

туға  және  жетілдіруге  алып  келетін 

тіршілік қарекеттің күрделілігін зерт- 

теді.  Жануарлардың  психикалық 

қарекетін,  перцептивті  процестерін, 

бағдарлы  зерттеушілік  реакциясын, 

жадын,  эмоциясын,  дағдысын  және 

үйреніп  алудың  өзге  түрлерін,  зия- 

тын  нақты  зерттеу  жануарлардың 

өздерін  ұстануының  құрылымына 

объективті  анализ  жасау  негізінде 

және  адамға  қарағанда  жануарлар- 

дың психикалық қарекеті толығымен 

биологиялық факторлармен шарттас- 

тырылатындықтан, зерттеліп отырған 

түрдің  экологиялық  ерекшеліктерін 

жан-жақты  еске  алуды  талап  етеді. 

З-ның  этологиямен  және  басқа  био- 

логиялық  ғылымдармен  ерекше  ты- 

ғыз байланысы осымен айқындалады.



зОРЫҒУ  –  тірі  ағзаның  тіршілік 

етуіне  қажетті  қоректік  заттардың 

жетіспеуінен  немесе  ағзаның  шама- 

дан  тыс  көп  жұмыс  атқаруынан  бо- 

латын  әлсіреу  және  дене  әрекетін 

жасауға  күшінің  жетпей  қалу  күйі. 

Адам  зорығуының  психологиялық 

жағы әлі толық зерттелмеген. Адам- 

ның  зорығуының  сырын  білу  үшін, 

алдымен  оның  себебін  анықтап  алу 

керек.

ИАССАУИ ҚОЖА АХМЕТ (XII ғ.) – 

қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан  облысы- 

ның көне Испиджаб, қазіргі Сайрам 

жерінде  дүниеге  келген,  алғашқыда 

ғылым-білімді жергілікті ғұлама шай- 

қы  Арыстан  бабадан  алады,  есейе 

келе  Бұхарадағы  Жүсіп  Хамадани- 

дан сопылық білімін тереңдетіп, со- 

пы  ретінде  Иассы  (Түркістан)  қала- 

сына келіп, «Иассауишілік» діни та- 

қуалы ағымның негізін салады. Қазақ 

жерінің орта ғасырлық мәдениетінің 

дамуында  Иассауи  жазған  «Диуани 

Хикмет»  («Даналық  кітабы»)  елеулі 

орын алады. Бұл оғыз-қыпшақ тілін- 

де сол кездегі көпшілік бұхара халық- 

қа түсінікті тілмен жазылған шығар- 

ма. Кезінде Орта Азиядан бастап Еділ 

жағалауына  дейінгі  көшпелі  түркі 

тайпаларының арасына кең тараған. 

Мұнда өлеңмен 149 хикмет берілген.

Иассауидің  өсиеттерінің  толық  нұс- 

қасы  Қазан  басылымы  болып  табы- 

лады (1878). Ең ескі нұсқасы XV ға- 

сырдың орта шенінде араб қарпімен 

көшірілген.  Жыр  жолдарында  оның 

туған күнінен бастап алпыс үш жасқа 

дейінгі өмір жолы баяндалады. «Ди- 

уани Хикметте» діни-сопылық қағи- 

зОРЫ

ИАСС


244

далармен  қатар  бұл  дүниелік  жәйт- 

тер, яғни оқып, білім алу, иманды ізгі 

қасиетті болып ақыл-парасатқа жеті- 

лу, сөз бен істе шыдамды, төзімді бо- 

лу,  жақсы  мен  жаманды  айыра  алу, 

достық  пен  махаббатты  қастерлеу, 

азға қанағат тұту, кемтар, ғаріп адам- 

дарға қамқор, әділетті болу, адал жол- 

мен жүріп-тұру секілді жалпы адам- 

гершілік нормалары дәріптеледі («Ма- 

хаббатқа  берілгендер  өз  мақсатын 

табады», «Достарына төбеңмен қыз- 

мет қылғын», «Қызықпай мал-мүлік- 

ке  дүние  тепкін»,  т.б.)  ғұлама  атал- 

ған  қасиеттердің  психологиялық  ас- 

тарларына үңіледі. Надандық, сараң- 

дық, залымдық, дүниеқұмарлық («Ей, 

достар, наданменен көңіл қоспа», «Жал- 

ған  сөйлеп  имансыз  болма,  Дүние 

үшін иман мен дінін сатар», т.б.) се- 

кілді жаман қасиеттерді шенеп, міней- 

ді.  Соңғы  айтылғандардың  қай-қай- 

сысы да психологиялық жағынан кү- 

ні  бүгінге  дейін  өзінің  ғылыми  мә- 

нін жоймай келеді.



ИБА – адамның мінезінің әдеп сақ- 

тап, ізет етуін, ұялу сезімін білдіре- 

тін  ұнамды  әрі  жағымды  қасиетін 

білдіретін  ерекшелігі.  Ибалы  мінез 

көрсететін адамды халық үнемі сый- 

лап,  құрмет  тұтады.  Өзгелерге  үлгі-

өнеге етіп көрсеткен. «Алғашқы кезде 

Роза менен иба қылып жүрді (Иман- 

жанов). Ибалы мінез көрінісі кім-кім- 

нің де болса да ақыл-ойы мен әдепті- 

лігін,  білімділігі  мен  парасаттылы- 

ғын, тәрбиелігі мен өнегелілігін, көр- 

сететін  қылығы  болып  табылады. 

Көпшілік арасында әдеп сақтап, ар- 

ұятын  сақтайтын  жастарды  халқы- 

мыз құрмет тұтып, оның әрбір іс-әре- 

кетін,  жүріс-тұрысындағы  қимыл-

қозғалысын, сөйлеген сөзін, адамдар- 

мен  қарым-қатынас  жасауын  үлгі 

тұтып, өзгелерге тағылым етіп отыр- 

ған. Ізеттілік, әдептілік пен сыпайы- 

лық кімнің болса да жеке басын, ада- 

ми қасиетін асырып ондайларды өс- 

келең  ұрпаққа  үлгі  берерлік  тұлға 

деп  санаған.  «Күліп  кісі  бетіне  қа- 

рап  көрмеген,  ибалы,  атақты  асыл 

Қамарымыз жоқ жерден жалаға ұшы- 

рағанына  қайғыра-қайғыра  құр  шы- 

бын  жаны  бар  еді  (Торайғыров)». 

«Ғайшаның апасы бір-біріне айта ал- 

май, ибалық қылып отырған сөзі бол- 

са,  сөйлесін  деп,  екеуін  оңаша  тас- 

тап, ауыз үйге шығып тұрды (С.Кө- 

беев)». Ибалық көрсету, мінез-құлық- 

тың  ұнамсыз  қасиетіне  қарама-қар- 

сы сипат болып табылады да, адам- 

ның  өз  басына  тән  қылығын  неғұр- 

лым сыйласымды өнегелік пен әдеп- 

тілік  көрсету  қажеттілігін  дамытуға 

баса мән береді.



ИБН-СИНА  (980-1037)  –  Орта- 

азиялық  ғалым.  Жан  туралы,  оның 

табиғилығының  негіздері  туралы 

ілім құрушы. Ол өз Шығыс әлемінде 

әл-Фарабиден  кейін  психология  са- 

ласында  терең  мағыналы  түйіндер 

жасаған ғұлама. Мәселен, жан қуат- 

тарының  (түйсік,  ес,  ойлау  т.б.)  ми 

қызметінде  туындайтын,  оның  бір- 

тіндеп  онтогенезде  дамып  отыра- 

тындығын,  адамның  мінез,  қабілет, 

темперамент  ерекшеліктері  сыртқы 

ортаның әсерінен өзгеріске түсіп оты- 

ратындығын  нақты  тәжірибе  арқы- 

лы дәлелдеулері 5 томдық «Дәрігер- 

лік ғылымның  канондары»  атты не- 

гізгі еңбегінде көрініс тапқан.

ИБА

ИБНС


245

ИГЕРУ  –  индивидтің  қоғамдық-та- 

рихи  тәжірибе  алуының  негізгі  жо- 

лы.  И.  процесінде  адам  заттардың 

әлеуметтік  мәндерін  және  олармен 

іс-әрекет  жасау  әдістерін,  мінез-құ- 

лықтың адамгершілік негіздерін жә- 

не басқа адамдармен қарым-қатынас 

нысандарын меңгереді. Адамдық мі- 

нез-құлықтың  барлық  мазмұндық 

компоненттері  –  ынталандырушы-

түрткілік  және  операциялық  компо- 

ненттер игерілуге тиіс. Адами мате- 

риалдық және рухани мәдениет зат- 

тарының мән-мағынасын және олар- 

мен  іс-әрекет  жасаудың  амалдарын 

игеру  оқыту  процесінің  негізгі  ішкі 

мазмұны  болып  табылады.  Өнегелі- 

ліктің өзегі – мінез-құлықтың адам- 

гершілік  нормаларын  игеру.  И-де 

заттың, пәннің жаңа мағынасын анық- 

тау  жөніндегі  іс-қимылды  меңгеру 

көзделеді,  мұның  өзі  осы  іс-қимыл- 

ды  жүзеге  асыру  жағдайларын  бас- 

тапқы объективтендіруді (үлгі, құрал- 

дар,  орындау  жоспары  және  т.б.  тү- 

рінде) талап етеді.

Бұл  жағдайлар  анық  емес  түрде  де 

берілуі мүмкін (мыс., басқа адамдар- 

дың мінез-құлқына қамтылуы мүмкін). 

И-дің  пәрменділігі  –  оның  сапасы, 

беріктігі мен жылдамдығы – қалып- 

тасуға  тиісті  іс-қимылдың  бағдар- 

лаушылық  негізінің  толық  болуына, 

игерілетін мазмұнда қамтитын мате- 

риал типтерінің заттық, логикалық жә- 

не  психологиялық  әралуандылығы- 

на,  іс-қимылдың  қалыптасу  процес- 

терін  басқарылу  шамасына  тәуелді. 

Осы жағдайлардың жүзеге асырылуы 

жаңа мағынаның игерілуімен (ұғым- 

ның қалыптасуымен) қатар, осы ма- 

ғынаны қолдану жөніндегі толыққан- 

ды  іс-қимылдың  құралуына  жеткі- 

зеді. И-дің нәтижелерінің жаңа – іс-

қимылдардың,  ұғымдар  мен  мінез-

қүлық  нысандарының  –  бұдан  арғы 

тағдыры  көбінесе  игеруші  субъект 

үшін өзекті маңызы бар қарекет түр- 

лерінің құрылымындағы орнына бай- 

ланысты.


ИГІЛІК – 1) ізгі іс-әрекет пен жақ- 

сы  жұмыстың  мәнді  нәтижесі.  Игі 

әрекет жанұя үшін, ел үшін жасалады 

да, оның нәтижесі – И. деп аталады. 

Қазақ  халқының  Отандық  игілігі  – 

егемендік,  тәуелсіздік;  2)  әдеп  пен 

философияда  белгілі  бір  жағымды 

мағынасы  бардың  бәрі.  Ежелгі  за- 

манның  әдептік  ілімдерінде  әртүрлі 

ұғындырылды:  рақат  көру  немесе 

құмарлықты  тежеу,  парасатты  жа- 

ратылыстың  төменгісінен  үстемдігі 

мағынасындағы ізгілік және т.б. Пла- 

тонда  И.  болмыс  иерархиясындағы 

жоғарғы  басқышпен  ұқсастырылды. 

Аристотель  И-ті  денелік  (денсау- 

лық, күш және т.б.), сыртқы (байлық, 

ар,  даңқ  және  т.б.)  және  жандүние- 

лік  (ақыл  алғырлығы,  мінез  қайы- 

рымдылығы және т.б.) деп саралады.

Орта  ғасырлардағы  схоластикада  ең 

жоғары  И-тер  барлық  И-тердің  бас- 

тауы және адами тілек-армандардың 

түпкі  мақсаты  Құдай  атымен  бай- 

ланыстырылды. Жаңа замандағы еу- 

ропалық философияда нені болсын И. 

деп бағамдауда (адам неге ұмтылса, 

оған не қажет болса сол) субъекттің 

рөлі  баса  көрсетілді.  И-тің  енді  бір 

тұрғыдан ұғындырылуында оны ути- 

литарлық  пен  пайдалылыққа  саю 

болды. XIX ғасырдың ортасынан былай 

«игілік» ұғымын «құндылық» ұғымы 

біртіндеп ығыстырып шығарды.



ИГЕР

ИГІЛ

246

Бұл  мағынада  жағымды  материал- 

дық  және  рухани  құндылықтарды 

білдіретін бағамдаушылық сана мен 

құндылықтар туралы ілімнің (аксио- 

логияның)  жалпы  ұғымы  болды. 

Материалдық  құндылықтарға  рақат 

көру,  пайдалылық,  әл-ауқаттылық, 

қолайлылық,  рухани  жақсылық, 

әсемдік, ақиқат, көлемділік, шындық 

жатады.  И-тер  адамның  жоғарғы 

немесе сөзсіз өмір сүруінің амалы не- 

месе  шартты  И-тер  болып  саралан- 

ды:  соңғылары  ілгерідегілеріне  же- 

тудің  құралы  делінді.  Абсолют  И. 

деп  өздігінен  алғанда  бағалы  және 

қалаулы  И-тер  деп  аталды.  Әртүрлі 

философиялық және әдептік ілімдер- 

де абсолюттік И. адамның мәнін жә- 

не  оның  әлемдегі  орнын  (қоғамда- 

ғы,  ғарыштағы)  ұғына  байланысты- 

ра  баяндау  болды.  Гуманистік  дү- 

ниетаным  кемел  әрі  еркін  адамның 

басқа  адамдармен,  қоғаммен  және 

табиғатпен үйлесімді мұратын И. деп 

біледі.


ИДЕАЛ – мұрат. И. – адамның өмір- 

ден өзіне өнеге іздеуінен, біреуді үл- 

гі, ардақ тұтып қастерлеуінен туын- 

дайды. И.(мұрат) – адамның алдына 

қойған  аса  ардақты,  ең  асыл  мақса- 

ты.  Адам  осыған  жету  үшін  қолдан 

келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат- 

қа  жету  үшін,  қолдан  келетін  әдіс-

тәсілдің  бәрін  сарқа  пайдаланып,  

оған  күшті  ерік-жігер  және  қажыр-

қайратты жолдас етіп өзін тәрбиелеу- 

ге  кірісу  керек.  И.-  жақсыға  жетуді 

арман  етіп,  сол  үшін  әрекет  жасау. 

И.  дүниетаным,  айқын  сенім,  сөз 

бен істің байланысы бар жерде ғана 

болады.  Балаларды  асыл  мұраттар 

рухында тәрбиелеу – ата-аналар мен 

педагогтардың және әлеуметтің мін- 

деттерінің бірі.

ИДЕНТИФИКАЦИЯ  (лат.iden-

tificatio  –  ұқсас,  бірдей  деп  санау, 

теңестіру). 1) бір нәрсені, біреуді та- 

ну;  2)  бір  нәрсемен,  біреумен  ұқ- 

састыру,  теңдестіру.  Бірінші  мағы- 

насында  И.  термині  танымдық  про- 

цестер  психологиясында,  сондай-

ақ  инженерлік  психология  мен  заң 

психологиясында  қолданылады;  И. 

екінші мағынасында субъекттің өзін 

басқа  субъектпен,  топпен,  үлгімен 

ұғынбай  теңестіруінің  эмоциялы-

когнитивті  процесі;  3)  әлеуметтік 

психологияда индивидтің өзін басқа 

адаммен ұқсастыруы, өзін басқаның 

орнына  қоюы,  оның  жеке  бастық 

мағыналарын  игеруі.  Соған  сәйкес 

мінез-құлық  нысандары  (альтруизм, 

эмпатия,  т.б.)  пайда  болады.  И.  нә- 

тижесі бақылау арқылы объектіні үй- 

ренуі және оған еліктеуі.

И. барысында субъект объекттің сырт- 

қы  мінез-құлық  нысандарын,  басқа 

адамның ойларын, сезімдерін, әрекетін 

өзіне  көшіреді.  И.  барысында  басқа 

адамның идеалдары, құндылықтары, 

нормалары, өнеге сапалары, рөлдері 

меңгеріледі,  игеріледі.  И.  даму  пси- 

хологиясында  баланың  басқа  адам- 

дардың  психологиясы  мен  қылық- 

тарына  өзін  теңестіруінен  көрінеді. 

И-да бала өзі үлгі тұтқан басқа адам- 

дардың  қасиеттері  мен  қылықтарын 

қабылдайды (қ. ұқсастыру).

ИДЕОМОТОРИКА  (грек.idea  – 

ұғым, түсінік, лат. motor – қозғалысқа 

әкелетін) – идеялармен берілген сырт- 

ИДЕА

ИДЕО


247

қы әрекет. Бұлшық ет қозғалысының 

сол  қозғалысты  орындауға  өтуі  (не- 

месе  қозғалысты  қамтамасыз  ететін 

жүйке  серпіндерінің  пайда  болуы). 

И.  қимыл  мүшелерінен  түсетін  кері 

байланыс  сигналдарымен  басқа- 

рылады.


И. ырықсыз, ұғынылмаған әрекет, се- 

бебі әлсіз көрінетін кеңістік сипатын- 

да  болады.  И.  ойдың  қозғалысқа 

ықпалы, кез келген қимыл-қозғалыс ту- 

ралы ой дененің қозғалысқа бейімдел- 

ген мүшелерін (қолын, көзін, басын, 

немесе  денесін)  көзге  онша  көріне 

бермейтін  материалды  қозғалысқа 

жетелейтінін түсіндіреді. Ондай қоз- 

ғалыстар  көбінесе,  ырықсыз  және 

адамның  өздік  санасынан  жасырын 

атқарылады.



ИКЕМДІЛІК  (синонимдері  –  еп- 

тілік,  еп,  іскерлік,  шеберлік,  істей 

білу,  білік).  Дағдыдан  икемділікті 

айыра білу қажет. Алынған білім не- 

гізінде бір нәрсені істей білуге икем- 

ділік болады, бірақ бұл істі орындау 

дағдысын  әлі  меңгермеген  болуы 

мүмкін. Мыс., бірінші сынып оқушы- 

сы екінші тоқсанда жаза біледі, бірақ 

жазу дағдысын меңгеріп болды деуге 

болмайды, өйткені өте баяу жазады, 

әрқашан дұрыс та таза бола бермей- 

ді.  Бірақ  оқушы  одан  әрі  қарай  бұл 

дағдыны  меңгеріп,  ақырында  тез 

жазып кетеді. Бұл арада дағды үйрен- 

ген  икемділік  негізінде  пайда  бола- 

ды, ал ол білімге (қандай да бір әріп- 

терді, жазуды жаза білуге) негіздел- 

ген.  Кейбірде,  адам  дағдылануы  не- 

гізінде икемділігін жетілдіре түседі.

Мыс.,  оқу  дағдысы  бар  оқушы,  әлі 

мәнерлеп  оқи  алмайды.  Педагогтың 

басшылығымен  ол  осы  шеберлікті 

үйренеді. Бірақ оқушы егер оқу дағ- 

дысын  жақсы  меңгермеген  болса, 

әрине,  бұл  өнерді  де  үйрене  алмас 

еді. Бұл арада И. бұрыннан бар дағ- 

ды негізінде қалыптасады. Сонымен, 

И. – адамның әрекет процесінде ал- 

ған білімін немесе дағдысына негіз- 

делген қандай да бір әрекетті орын- 

даудың біршама жетілдірілген тәсілі. 

И.  –  әрекетті  орындауға  даярлық. 

И.  әртүрлі  дәрежеде  болуы  мүмкін: 

бір  жағдайларда  олар  дағдының  қа- 

лыптасуына жәрдемдессе, екінші бір 

жағдайларда  –  іс-әрекеттің  одан  әрі 

дамуы  болып  табылады.  И.  пайда 

болу  үшін  көп  жаттықпаса  да  бола- 

ды.  И.  үшін  не  талап  етілетінін, 

әрекеттің  орындалу  тәсілін  білудің 

маңызы бар. И. – адамның әрекет үр- 

дісінде  алған  білімін  немесе  дағды- 

сына  негізделген  қандай да  бір  әре- 

кетті  орындаудың  біршама  жетіл- 

дірілген тәсілі.



ИКОНИКАЛЫҚ  ЕС.  Қабылдан- 

ған материалдарды адам миында өте 

қысқа  мерзімде  ғана  сақталуы.  И.е. 

ережесі бойынша қабылдау үрдісінің 

уақытында  ғана  қызмет  етеді.  И.е. 

– мағлұматты табиғи сезім ағзалары- 

ның көмегімен нақты қабылдап тұр- 

ған сәтте есте сақтауға бағдарланған 

жады.

ИЛЛЮзИЯ    кейде  заттарды  біз, 

теріс,  өзгерген  түрінде  қабылдай- 

мыз.  Осындай  теріс,  өзгерген  түрде 

қабылдауды  иллюзия  деп  атайды. 

Көру  иллюзияларының  табиғаты 

әлі  де  анықталып  болған  жоқ.  Сон- 

дықтан  да  ол  қабылдаудың  кейбір 

ерекшеліктерінің  салдарынан  болса 

керек. Адам тәжірибесі, қызметі теріс 

ИКЕМ

ИЛЛЮ


248

қабылдауды  дұрыс  қабылдаудан  бө- 

ліп қарастыруға көмектеседі. Соны- 

мен  қатар  иллюзиялар  –  салыстыр- 

малы  түрде  сирек  кездесетін  құбы- 

лыс.  Қабылдау  –  қоршаған  дүниені 

дұрыс бейнелеу болып табылады. 1. 

Жарық пен бояудың иллюзиясы. Кей- 

де заттарды қабылдауда қателесу бо- 

лады.  Теріс  қабылдаулар  (иллюзия- 

сы)  әртүрлі  анализаторлардың  қыз- 

метінде  байқалады.  Көп  жағдайда 

көру  иллюзиясында  қателесу  жиі 

кездеседі. Жарық ашық түсті заттар 

күңгірт түсті заттарға қарағанда бізге 

үлкен сияқты көрінеді. Мысалы, қара 

көйлек киген әйелден, ақ көйлек ки- 

ген  әйел  толық  көрінеді.  Көлденең 

сызықты киім киген адамның денесі 

толық көрінеді де, ал тік сызықты киім 

киген дене ұзарады. Сол сияқты арық 

адам ақ киім кисе, толығырақ сияқты 

болып  көрінеді.  Мысалы,  көк  түсті 

бөлме көлемі қызыл түспен боялған 

бөлмеден  кеңірек  сияқты  болып  кө- 

рінеді.


Контраст (қарама-қарсы) иллюзиясы 

тәжірибеде жиі кездеседі. 3. Салмақ 

иллюзиясы – көлемі жағынан кішкен- 

тай зат, бірақ салмағы жағынан бір- 

дей үлкен затпен салыстырғанда өте 

ауыр  болып  қабылданады.  Онда 

мынадай  заңдылық  бар:  көлемі  жа- 

ғынан кішкентай зат салмағы жағы- 

нан жеңіл болу керек. Мысалы, егер 

бірінен соң бірін көлемі жағынан екі 

бірдей затты қолымызға алсақ, онда 

үлкен  зат  жеңіл  сияқты  қабылдана- 

ды, ал кішкентай затты ауыр сияқты 

қабылдаймыз. Осы заңдылыққа бай- 

ланысты металдан жасалған 1 кг кір, 

1 кг мақтаға қарағанда ауыр сияқты 

көрінеді.  Екеуінің  салмағы  бірдей 

болғанмен,  теріс  қабылданып  тұр. 

Иллюзиядан  галлюцинацияны  айы- 

ра білуіміз қажет. Иллюзия қабылда- 

натын затты теріс қабылдау.

ИМАНСЫзДЫҚ-ИМАНДЫЛЫҚ. 

Имансыздық – адамгершіліктік прин- 

циптерден  бас  тарту,  құлықсыздық 

(келеңсіз,  ұнамсыз);  адамға  жат  мі- 

нез-құлықтың  атауы.  Мұндай  жат 

мінез-құлық  иелеріне  көп  жағдайда 

шектен шыққан арсыздық тән. Ол адам 

бойында  орынсыз  қатыгездік,  нем- 

құрайдылық,  қажетті  тәлім-тәрбие 

көрмеуден  туындап  жатады,  ондай 

кісі  жағымды  эмоцияға  жұтаң,  ке- 

рісінше,  бетімен  кетушіліктің  шек- 

тен  асқан  көрінісі.  И.  түрлері  әр- 

түрлі: ашық арсыздық, адам баласын 

жек  көру,  мақсатқа  жетудің  қолай- 

сыз  тәсілдерінен  бас  тартпау  және 

т.б.  Аристотельдің  пікірі  бойынша, 

И-тың негізі, қайнар көзі саяси көз- 

қарастардың  кемшіндігінен,  қоғам- 

дық  қатынастардың  бұрмаланған 

түрлері (тирания, олигархия т.б.) әр- 

түрлі күнәһарлықты тудырады: (пай- 

дакүнемдік,  мейірімсіздік,  арамдық, 

дарақылық,  шектен  шығу,  жаулық 

т.б.). Қазіргі заманда бұл мәселе кө- 

кейтесті болып отыр. Сондықтан қа- 

зіргі  жастарға  ғылыми  әдеп  тұрғы- 

сынан имандылық пен ар-ождандық, 

адамгершіліктік  құндылықтар  мен 

принциптерді  қалыптастыру  аса  қа- 

жет.  И.  опасыздық,  ұждансыздық, 

ұятсыздық,  ұлтсыздықпен  тоқайла- 

сады.  Абай  иман  жайында  мынадай 

ой түйген: «Құдай тағала әрбір ақы- 

лы  бар  кісіге  иман  парыз  деген,  әр- 

бір иманы бар кісіге ғибадат парыз». 

Тағы бір жерде «Ұятсызда иман жоқ, 

түпке жетер» деген пікір білдіреді.



ИМАН

ИМАН

249

Имандылық  –  бұған  қарама-қарсы 

мұсылман  дінін  ұстаушылар  (әсі- 

ресе бес парызын міндетті түрде орын- 

дап  жүргендердің),  сондай-ақ  адам- 

гершіліктің  деңгейіне  дақ  түсірмей- 

тін (өтірік айтпау, кісі ақысын жемеу, 

зинақорлықпен айналыспайтын), адал 

еңбегімен күн көретін жаны жайсаң 

адамдардың психологиялық-мораль- 

дік бейнесін көрсететін категория.

ИМПЛИЦИТТІК  –  1)  тікелей  ба- 

қылауға  келмейтін,  түсініксіз  нәрсе. 

Американдық  психолог  Д.Уотсон 

(1878-1959) бұл терминді ойлау сияқ- 

ты  саналық  процестердің  негізінде 

жататын  бездер  мен  бұлшық  еттер- 

дің  нәзік  реакцияларына  қатысты 

қолданды; 2) ұғынуынсыз, жасырын, 

көрінбейтін, демек, едәуір дәрежеде 

индивидтің ұғынуынсыз өтетін про- 

цесс.  Санадан  тыс  өтетін  когнитив- 

ті процестерді сипаттауда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет