Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет39/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90

КЕҢІ

КЕҢІ

263

ты  заттан  айыра  алмаған.  Сондай- 

ақ,  жаңағы  бала  екі  нәрсенің  ара- 

сындағы  қашықтықты  да  ажырата 

білмеген.

Бір  нәрсені  қашықтыққа  қойып, 

оны енді ал дегенде ол қолын олай-

бұлай  созып,  дәл  ұстай  алмай,  қар- 

малап жүріп қолын нәрсеге әзер жет- 

кізген.  Бала  нәрсені  қолына  алып 

сипап  байқағаннан  кейін  ғана  оның 

үлкендігін, формасын т.б. айыра ал- 

ған.  Бұл  айтылғандар  кеңістікті  қа- 

былдауда  кинестезиялық  түйсіктер 

де қатынасатындығын көрсетеді. Ке- 

ңістікті дұрыс қабылдап үйрену кіш- 

кентай  кезден  басталады.  Мәселен, 

мектеп жасына дейінгі балалар түрлі 

нәрселерді  ұстап,  байқап,  сипап  қа- 

райды,  олардың  формасын,  үлкен-

кішілігін көреді. Кейін есейіп, тәжі- 

рибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде 

заттардың кеңістікке орналасуын жақ- 

сы аңғара алатын болады. Заттардың 

кеңістікте  орналасуын  дұрыс  біле 

алудың адамның іс-әрекеті үшін (әсі- 

ресе, шоферлерге, ұшқыштарға, сурет- 

шілерге, әскери қызметкерлерге, дәл 

аппарат  жасайтын  мамандарға  т.б.) 

қаншама маңызды екендігі түсінікті.

Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы 

материяның өмір сүруінің объектив- 

тік  реалды  формасы.  «Дүниеде  қоз- 

ғалушы  материядан  басқа  еш  нәрсе 

жоқ, ал қозғалушы материя кеңістік 

пен  уақыттың  ішінде  қозғалмайын- 

ша  басқаша  қозғала  алмайды».  Уа- 

қытты  қабылдау  да  сыртқы  дүние- 

дегі  заттар  мен  құбылыстарда  бо- 

латын өзгерістердің санаға әсер етіп 

қалдыратын бейнесі. Уақыт  дүние- 

дегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан 

екінші  қалыпқа  көшіп,  ескі  заттар- 

дың жоғалып, олардың орнына жаңа 

заттардың  пайда  болып  отыруының 

көрсеткіші.  Шындық  құбылыстар- 

дың  тізбегі,  бір  ізділігі,  объективтік 

ұзақтылығы  уақытты  қабылдау  ар- 

қылы белгілі болып отырады. Сыртқы 

дүниедегі  оқиғалардың  бәрі  бір  ба- 

ғытта,  яғни  өткен  шақтан  осы  шақ- 

қа,  одан  келер  шаққа  қарай  ағады. 

Осылай бір бағытта ағу  сыртқы дү- 

ниедегі  оқиғалардың  объективтік 

белгісі.

Бұлар  жеке  адамның  түйсігінен, 

қабылдауынан  тыс  болып  отыратын 

реалды  құбылыстар.  Уақытты  қа- 

былдау  бірнеше  компоненттерден 

тұрады. Соның бірі  уақыттың рит- 

мі. Уақыттың ритмі  құбылыстардың 

белгілі  ырғақпен  өтіп  жататын  бір 

ізділігі. Уақыт темп арқылы өлшене- 

ді.  Темп    құбылыстардың  бір  із- 

ділігінің, тездігінің не баяулығының 

көрсеткіші. Уақыттың шақтарын қа- 

былдауда  субъективтік  моменттер 

де орын алады. Мәселен, өткен шақ 

адамға өте қысқа мерзімді болып кө- 

рінеді.  Өткен  шақты,  әсіресе  бізден 

алыс  дәуірді  минуттап,  сағаттап  са- 

нап отырмай, айлап, жылдап, ғасыр- 

лап, дәуірлеп есептейміз. Осы соңғы- 

ларға  байланысты,  өткен  оқиғалар 

адамға  көмескілеу  болып  та  көрі- 

неді.  Уақыттың  өтуінің  түрліше  қа- 

былдануы  сол  кезеңде  өткен  оқиға- 

ларға байланысты. Осы шақтың (үс- 

тіміздегі  дәуір)  бізден  алысырақ 

мерзімдері  ғасыр,  жыл,  ай  ұғымда- 

рымен белгіленсе, оның бізге жақы- 

нырақ  кезеңдері  күн,  сағат,  минут, 

секундпен есептелінеді. Осы шақ әр 

кез объективтірек болып қабылдана- 

ды,  өйткені,  бұл  кезең  нақтылы  ісі- 

мізбен, сөзімізбен, тікелей қабылда- 

уымызбен  ұштасып  жатады.  Өткен 

КЕҢІ

КЕҢІ


264

шақтың  тез  өткеніндей,  келер  шақ- 

тың  өте  ұзақ  тәрізденіп  көрінуі   

субъективтік жағдайлардың нәтиже- 

сі. Егер адамның уақыты мағыналы, 

қызықты істермен толы болса, ол уа- 

қыттың  қалай  өткенін  байқамай  да 

қалады.


Адамның көңілі қаншалық шат бол- 

са,  уақытта  соншалықты  тез  өткен- 

дей  болып  қабылданады.  Мәселен, 

қызық ойын үстінде уақыт тез өтеді. 

Ал, керісінше, адамның уақыты мән- 

сіз  өтсе,  ол  кезең  бітпейтіндей  бо- 

лып  көрінеді.  Мәселен,  поезды  кү- 

тіп  отырған  адамға  уақыт  өтпейтін- 

дей көрінеді. Уақыттың қабылдануы 

оның  қандай  мазмұнда  болуымен 

де  шарттасып  жатады.  Егер  ұсақ-

түйек  әрекетпен  өткен  уақыт  ұзақ 

болып көрінсе, пайдалы әрекетке то- 

лы уақыт тез өтеді. Көбінесе уақыт- 

ты  субъективтік  болжау  дұрыс  бол- 

май шығатындықтан, оны объектив- 

тік өлшемдермен (минут, сағат, тәу- 

лік, апта т.б.) өлшеген дұрыс болады.



КЕСЕПАТТЫЛЫҚ  –  адам  міне- 

зіндегі  кесірлі,  зиянкес,  қаскүнем 

әрекеттері арқылы ерекшеленетін си- 

паттар.  К.  қырсық,  пәле  ретінде  де 

мінездің жағымсыз, жексұрын ерек- 

шеліктерімен де көрініс береді. К-ты 

Абай  былай  анықтайды:  «Қазақтың 

малын  сыпырып,  Көп  пәлеге  шаты- 

лып, Кесепатқа жолықты, Өзінен шық- 

қан  жақсылар,  Түзей  алмай  зорық- 

ты». Мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі 

К. бар адамды әлеуметтік өмірде мі- 

неп, сынап өзгелерді олардан қорға- 

ған. К. көрсеткен адамды жөнге салу 

үшін  оны  дұрыс  жолға  салып  қайта 

тәрбиелеу шараларын қолданған. Адам 

баласы  мен  қоғамға  жауыздық  әре- 

кет жасағандарды кесепатты деп са- 

наған. К. мінездегі зиянкестік, жексұ- 

рындық сипат болғандықтан, ондай қы- 

лықты  жойып,  қайта  тәрбиелеу  ісі- 

не  қоғамдық  өмірде  ерекше  көңіл 

аударылады.

КЕСТЕ  (Ж.Пиаже  теориясында- 

ғы)  –  ағзаның  сыртқы  орта  жағдай- 

ларына бейімделу әдістеріндегі опе- 

рациялар  мен  әрекеттердің  қарапа- 

йым және қайталану реті. Өмірдің түр- 

лі  жағдай-ларында  адамның  ойла- 

нуы  мен  қылығын  ұйымдастыруды 

басқаратын ішкі интеллектуалды пси- 

хологиялық  құрылым.  Практикалық 

және  эксперименталды  психология- 

да  алынған  материалдардың  статис- 

тикалық  өңдеулерінде  қолданылып 

зерттеу  нәтижелерін  тиімді  жария- 

лауға дәнекер болады.



КЕШІРІМДІЛІК  –  адамның  оқыс 

істері мен әлеуметтік өмірде, қоғамға 

зиянды  іс-әрекет  жасап,  залалды  іс- 

терінің  мән-жайын  түсіндіріп,  оған 

гуманистік тұрғыдан қамқорлық көр- 

сетіп кеңшілік көрсету. Белгілі қоғам- 

дағы мемлекеттік жоғары билік орын- 

дары  әлеуметтік  өмірдегі  зиянды 

әрекеттермен,  қылмысты  істермен 

айналысқан  адамдарға  лайықты  жа- 

за қолданумен бірге, оны қайта тәр- 

биелеп жөнге салуға болады деп тап- 

са, оған кешірім жасалады. Ал күн- 

делікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, 

іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз 

қылықтарына  да  К.  жасалып  оған 

дұрыс жол-жосық көрсетіледі. Айы- 

бын  мойнына  алып,  қатесін  дұрыс 

сезініп, оған өкініш білдіретін адам- 

ға  да  К.  жасалады.  Кешірім  сұрау  – 

әрбір  адамның  өзі  жіберген  қатесін 

КЕСЕ

КЕШІ


265

мойындауы.  «Қатемді  кейін  аңға- 

рып, командирден кешірім сұрадым – 

деді ол (Мұқанов)». Кешірім сұрау – 

ақылдылық пен кісілік қасиет. Ал К. – 

гуманистік  көзқарас.  Адамның  өзі 

жіберген қатесі мен оғаш істерін ой-

санасымен сезініп мойындауы оның 

мінезіндегі  ерлігі  мен  батылдығын 

білдіретін  ерік-жігер  қасиетін  біл- 

діреді.  К.  қоғамдағы  азаматтардың 

болашағына саналы түрде сенім ар- 

тып,  олардың  қайта  тәрбиеленуіне 

мүмкіндік  беріп,  болашағына  сенім 

артудың көрінісі.

КИНЕСТЕзИЯ  –  грек  сөзі,  қаз. 

қозғалыс  түйсігі  деген  мағынаны 

білдіреді.  К-лық  түйсіктер  дененің 

жеке  мүшелерінің  бір  күйдегі  қал- 

пын,  қозғалысын  білдіреді.  К-лық 

түйсіктерді  кейде  қозғалыс  түйсігі 

деп  те  атайды.  Оның  рецепторла- 

ры – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйке- 

лердің  ұштары.  Адамның  қозғалыс- 

қа  түсетін  мүшелерінің  барлығы  да 

осы түйсікке сүйенеді.



КЛИЕНТ  ПСИХОЛОГИЯСЫ  – 

қандай  да  бір  мәселені  шешу  үшін 

кәсіби психологтан кеңес алуға кел- 

ген  адам.  К.-ті  вербалды  қолдау  – 

психологиялық  кеңес  жүргізіп  жат- 

қан  уақытта,  клиентті  психолог-ке- 

ңесшімен  бірлесіп  белсенді  жұмыс 

істеуіне  ықпал  ететін  сөйлеу  әдісі; 

клиенттегі психологиялық  күйзеліс- 

терді,  әсіресе  оны  ашық  әңгімеге 

тартқанда психолог-кеңесшінің түр- 

лі  сөздер  мен  сөйлемдерді  қолда- 

нуы.  К.  әрекетінің  базистік  мотива- 

циясы  –  клиенттің  алдына  қойған 

мақсаттарына жету үшін, психология- 

лық  кеңес  кезінде  алынған  ақылды 

іс  жүзіне  асыру  үшін  мотивация- 

лауға  және  стимул  беруге  болатын 

клиенттің  қызығушылықтары  мен 

қажеттіліктері. К-ке көмек – клиент 

өздігінше кеңес кезіндегі алған ұсы- 

ныстарды  орындауды  бастағанда 

психолог-кеңесшінің беретін көмегі. 

К-ке  оперативті  көмек  –  кеңестен 

жылдам нәтижелі жетістікке үміттен- 

діретін психолог-кеңесшінің клиентке 

көрсететін кезектегі шұғыл көмегі.

К. қылығының альтернативті әдісте- 

рі  –  клиенттің  мәселесін  іс  жүзінде 

шешуге байланысты, оның түрлі, си- 

рек,  қарама-қайшы  келетін  қылығы. 

К-тің максимализмі – клиенттің өзін 

өнегелі адам етуге, барлық кемшілік- 

терінен арылуға, өте аз күш пен уа- 

қыт  жұмсап,  өзі  үшін  жағымды 

нәтижелерге  жетуге  ұмтылыстары 

мен тілектері. К-тің – Мен бейнесі – 

клиенттің  өзі  туралы,  өзінің  психо- 

логиялық  ерекшеліктері  туралы  тү- 

сінігі (елесі). К-тің мнемикалық мә- 

селесінің даралық ерекшелігі – нақ- 

ты  клиентпен  жұмыс  істеуде  оның 

есімен (жадысымен) байланысты ар- 

найы  және  жекелік  ерекшеліктердің 

күрделілігі.  К.  мәселесін  уақытша 

шешу  –  клиентті  толғандырған  мә- 

селенің өзектілігін тек аз уақытқа ға- 

на  шешу,  бірақ  ол  мәселені  толық 

шешпейді және оның келешекте қай- 

таланбауына  немесе  туындамауы- 

на кепілдік берілмейді.

К-тің  мәселесін  шешуге  конструк-

тивті қатынас – психолог-кеңесшінің 

клиентті мәселелі уайымнан құтқару 

ғана емес, сондай-ақ клиенттің энер- 

гиясын  сақтап  немесе  ұлғайтып, 

оларды мәселені шешуге (конструк- 

тивті ағымға) бағыттауға әрекеті. К-

тің өзіне сенімсіздігі – клиенттің өз 

КИНЕ

КЛИЕ


266

өмірінің  мәселелерін  нәтижелі  ше- 

шуіне, өз күшіне және мүмкіндікте- 

ріне  сенімділіктің  жоқтығымен  си- 

патталады. К-тің тәубеге келуі – клиент- 

тің тәубеге келу барысындағы психо- 

лог-кеңесші қойған сұрақтарына жа- 

уап  беріп  отыру  арқылы  өз  мәселе- 

сін егжей-тегжейлі әңгімелеуі. К-тің 

тәубеге  келгенін  интерпретациялау 

клиент  мәселесінің  психологиялық 

мәнін  және  оның  туындау  себебін 

анықтау  үшін,  сондай-ақ  іс  жүзінде 

бұл  мәселенің  тиімді  шешімін  табу 

үшін  психолог-кеңесшінің  клиент- 

пен бірге, оның тәубеге келіп айтқан 

әңгімесін саралап талдау.

Қандай да бір ғылыми теорияға бағ- 

дарланып,  оның  толық  емес  және 

біржақты  екенін  аңғармай  клиентте 

пайда  болған  мәселенің  шешімін 

тәубеге  келуін  интерпретациялау- 

дағы психолог-кеңесшінің қатесі. Мұ- 

ның нәтижесінде клиенттің мәселесі 

және  оны  шешу  жолдары  туралы 

психолог-кеңесшінің  қорытындыла- 

ры толық емес және біржақты бола- 

ды.  К-тің  тұлғалығын  зерттеу  – 

психолог-кеңесшінің  клиентті  тұлға 

ретінде  даралық  ерекшеліктерін 

анықтау  мақсатымен  психодиагнос- 

тикалық  зерттеулері,  мұндай  зерт- 

теулер  клиенттің  кеңес  алуға  мәсе- 

лелі өтінішін терең түсіну үшін жүр- 

гізіледі.

К.-тің тұлғалығын зерттеу – клиент- 

тің  санасына  мәселенің  мәнін  жет- 

кізу  үшін  және  өзінің  белсенді  қа- 

тысуымен  мәселені  нәтижелі  шешу 

жолын табу үшін қажет. Психология- 

лық кеңесте тек қызмет бабымен қол- 

данылатын арнайы картотекалар бо- 

лады. Бұл картотекаға клиент туралы 

мәліметтер (кеңеске кім, қашан, қан- 

дай мәселемен келгені туралы, кеңес- 

ті  кім  жүргізгені,  оны  шешу  үшін 

қандай  ұсыныстар  берілгені,  беріл- 

ген  ұсыныстардың  клиенттің  іс  жү- 

зіне асыру тиімділігі және тағы бас- 

қа) енгізіледі.



КЛИЕНТТІҢ  КЕРІ  БАЙЛАНЫ- 

СЫ  –  психологиялық  кеңестен  ке- 

йінгі,  кеңес  барысында  алынған 

ұсыныстарды клиенттің орындау үр- 

дісінде, психолог-кеңесшінің клиент- 

пен  қарым-қатынасы.  Мұндай  қа- 

тынастар  психолог-кеңесшіні  өзінің 

ұсыныстарының  клиентке  ықпалы 

туралы  мағлұматпен  қамтамасыз- 

дандырады.  Сонымен  бірге  клиент 

өз  мәселесін  шешуіне  байланысты 

қылықтарын  түзетуге  де  мүмкіндік 

туғызады.  Клиентті  бағаламау  – 

психолог-кеңесшінің  клиенттің  тұл- 

ғалығына немесе қылығына «жақсы» 

немесе  «нашар»  деген  баға  беруден 

бас  тартуы;  психолог-кеңесшінің 

клиентті  сол  күйінде  тұлға  ретінде 

қабылдауға ыңғайы. Клиентке сенім – 

психолог-кеңесшінің  клиентке  бар- 

лық  жағдайда  сенуге  дайындығы 

мен  қабілеті;  психолог-кенесшінің 

клиенттің  өз  мәселесін  өз  бетімен 

шеше алуына сенімі. Клиентпен кез- 

десу  –  клиент  мәселесін  толық  ше- 

шуге психолог-кеңесшіге қажетті (ап- 

та, айлар немесе жылдар) белгілі бір 

уақыт  ішіндегі  психолог-кеңесшінің 

клиентпен  кездесулерінің  жалпы 

саны. Клиентпен бейресми жағдай – 

психолог-кеңесші мен клиенттің бір- 

бірімен  қатынасы  мен  бір-бірін  қа- 

былдаулары  барлық  жағынан  тең 

құқылы адамдар ретінде, бір-бірімен 

ресми  түрде  емес  бұрыннан  жеткі- 

лікті  дәрежеде  жеке  таныс  адамдар 

КЛИЕ

КЛИЕ


267

сияқты өтетін жағдай. Клиентті қол- 

дау  –  психолог-кеңесші  тарапынан 

клиентті эмоционалдық, сөздік қол- 

даулар. Мұндай қолдаулар ниет біл- 

діру,  есіркеу,  жан  ашу,  уайымына 

ортақтасу, мақұлдау, ұнату, көңіл ай- 

ту, тілектес болу, мадақтау т.с.с. ар- 

қылы  білдіріледі.  Интерперсонал- 

дық  сапалар  –  клиентпен  жекелік 

қатынасында көрініс беретін психо- 

лог-кеңесші  мінезінің  психология- 

лық қасиеттерінің жиынтығы.

КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ – 

медициналық  психологияның  ауру- 

лардың пайда болуы мен барысының 

психикалық  факторларын,  аурулар- 

дың  тұлғаға  ықпалын,  емдік,  шипа- 

лық  ықпал  әсердің  психологиялық 

аспектілерін зерттейтін саласы.

Клиникалық  психологияның  мақса-

тымен  міндеттері  психиатриялық, 

неврологиялық, соматикалық клини- 

каның  практикалық  қажетсінуле- 

рімен  анықталады.  Осыған  сәйкес,  

К.п.  патопсихология,  нейропсихоло- 

гия,  соматопсихология  проблемала- 

рының тобына тұлғаны зерттеу, нев- 

рологиялық  және  психикалық  ауру- 

ларға  жатпайтын  әр  түрлі  аурулар- 

мен ауырған науқастардың диагнос- 

тикасының,  емдеудің,  сараптаудың 

психологиялық  мәселелері  қамты- 

лады.

Соматопсихологияда психосоматика- 



лық  кінәраттары  –  шығуы  мен  өтуі 

барысында  психикалық  факторлар 

жетекші  орын  алатын  ішкі  аурулар- 

мен  (мыс.  Гипертониялық  аурулар, 

бронх  демікпесі,  созылмалы  коро- 

нарлық жетімсіздік және т.б.) ауыра- 

тын  ауруларды  зерттеудің  ерекше 

маңызы бар. Клиникалық психология- 

ның пато-, нейро-, және стоматопси- 

хология  болып  бөлінуі  өте  шартты 

түрде  және  аурулардың  дәстүрлі 

медициналық  топтастырылуын  бей- 

нелейді.

К.п.  салалары  зерттеу  міндеттері, 

қолданылатын  әдістері  арқасында, 

сондай-ақ  клиникалық  психология- 

ның бірнеше тарауының зерттеу пә- 

ні  болып  табылатын  шекаралық  па- 

тологияның  болуымен  байланысты 

бір-бірімен  жақындайды.  Клиника-

лық  патологияның  теориялық  және 

қолданбалы  мән-маңызы  диагнос- 

тикалық және сараптамалық жұмыс- 

ты  жетілдіру,  емдеу  шараларының 

психологиялық әлеуетін күшейту, ау- 

рулардың  өзара  қарым-қатынаста- 

рын  зерттеу,  емдеу  мекемелері  қыз- 

меткерлерінің  жұмысын  ұйымдас- 

тыру және клиникалардың емдік ор- 

тасын оңтайландыру, емдеудің нәти- 

желігін және оң нәтижелерінің ұзақ- 

тығын  арттыру,  науқастардың  ауру 

барысындағы  пайда  болған  тұлға- 

лық  өзгерістерін  түзеу  мәселелерін 

шешуде жан-жақты ашылады. Шетел- 

дерде,  атап  айтқанда,  АҚШ-та  кли- 

никалық психологияның көлемі «ме- 

дициналық  психология»  ұғымының 

мазмұнына сәйкес келеді.

КОГНИТИВТІК  ДИССОНАНС 

ТЕОРИЯСЫ  –  америкалық  психо- 

лог Л.Фестингер ұсынған (1957) жә- 

не адамның мінез-құлқына когнитив- 

тік  элементтер  (сенімдер,  пікірлер, 

құндылықтар, ниеттер және т.б.) жү- 

йесінің  ықпалын  түсіндіретін  батыс 

әлеуметтік  психологиясы  тұжырым- 

дамаларының бірі. Когнитивтік дис- 

сонанс  теориясының  бастау  қағида- 

сы:  диссонанс  деген  субъектіде  бір 



КЛИН

КОГН

268

объект  туралы  бір  мезгілде  қарама-

қайшы екі психологиялық «білімдер» 

(пікірлер, ұғымдар) болатындай жағ- 

даятта пайда болатын жағымсыз ын- 

таландырушы  күй.  Диссонанс  күйі 

субъективтік тұрғыдан қолайсыздық 

болып  ұғынылады;  одан  диссонанс- 

тық  білімдер  элементтерінің  бірін 

өзгерту,  не  жаңа  элемент  енгізу  ар- 

қылы арылуға тырысады. Бертін ке- 

ле Л.Фестингер диссонансты таңдау- 

ды  жете  ақтамаудың  салдары  деп 

анықтады.

Өз қылығын ақтауды күшейтуге ты- 

рысып, адам не өз мінез-құлқын өз- 

гертеді, қылық соған байланысты объек- 

тіге көзқарасын өзгертеді, не қылық- 

тың  өзі  және  басқалар  үшін  маңы- 

зын  кемітеді.  70-жылдары  бірқатар 

зерттеушілер ақпараттық терминдер- 

дегі  «диссонанстық  эффектілерді» 

қайта қарап, каузальдық жүйелердің 

функция  атқаруының  жеке  бір  жағ- 

дайы деп көрсетті. Бүкіл когнитивис- 

тік  бағдарға  тән  когнитивтік  диссо- 

нанс теориясының басты кемшілігі – 

зерттеулердің  субъектіге,  оның  сана 

әлеміне  шоғырлануы,  субъект  қам- 

тылған және оның қоршаған болмыс- 

пен байланысына негіз болатын зат- 

тық іс-әрекетін жете бағаламаушылық.



КОГНИТИВТІК ПСИХОЛОГИЯ – 

қазіргі  психологиядағы  таным  әре- 

кеттерін  зерттейтін  жетекші  бағыт- 

тарының  бірі.  Әуел  баста  когнитив- 

тік  психологияның  басты  міндеті  – 

сенсорлық  ақпараттың  стимулдың 

рецепторлық  бетке  түскен  сәтінен 

жауап алынғанға дейінгі өзгерулерін 

зерттеу болды. К.п. бихевиоризм мен 

психоанализді  интеллектуалистік 

немесе  менталистік  позициялардан 

сынайтын  барлық  бағыттарды  қам- 

тиды. К.п. – білімдер негізінде адам- 

ның  қылықтарын  түсіндіретін  жә- 

не сол білімдердің үрдістері мен қа- 

лыптасу динамикасын зерттейтін пси- 

хологиядағы  зерттеу  бағыттарының 

бірі.  Өзі  және  дүние  туралы  білім- 

дері жөнінде дамыған танымдық үр- 

дістер  мен  санаға  байланысты  адам 

психологиясының бір бөлімі.

КОГНИТИВТІ  ПСИХОЛОГИЯ- 

ЛЫҚ КЕҢЕС – бұл бағыт 60-жыл- 

дары  АҚШ-та  пайда  болды.  Ол  не- 

гізінен  бихевиоризмге,  танымдық 

үрдістер мен танымдық дамуды жоқ- 

қа шығаруға қарсы бағытталды. Ког- 

нитивтік психологияның белгілі өкіл- 

деріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фес- 

тингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лидн- 

сей, Г.Саймон жатады. Қазіргі кезде 

бұл  бағыттың  бірнеше  нұсқалары 

қалыптасты. Кеңінен тараған бағыт- 

тарының бірі – есептеу нұсқасы. Он- 

да  ішкі  когнитивтік  үлгі  мен  тану 

үрдісінің  белсенділігінің  рөлі  ерек- 

ше атап өтіледі. Бұл бағыттың шығуы 

ақпараттық  қатынастардың  ықпа- 

лымен байланысты. Когнитивтік пси- 

хологияның  негізгі  зерттеу  саласы 

таным үрдістері – ес, тіл мен сөйлеу- 

дің психологиялық негіздері, қабыл- 

дау,  есептерді  шешу,  ойлау,  зейін,  

қиял және когнитивтік даму.



КОММУНИКАТИВТІ  ҚАБІ- 

ЛЕТТЕР – басқалармен қатынасын- 

да  көрінетін  адамның  қабілеттілік- 

тері.  К.қ.  адамдарды  тыңдау  және 

түсіну, оларға ықпал ету, олармен жақ- 

сы  байланыстар  орнықтыру  және 

іскерлік  арақатынастары  арқылы 

көрінеді.  Басқа  адамдармен  қаты- 

КОГН

КОММ


269

насында  көрініс  беретін  мінез  қа- 

сиеттерінің  жиынтығы.  Коммуни- 

кативті  интеллект  –  адамның  адам- 

дармен  қарым-қатынасында  пайда 

болатын мәселелерді шешуде көрініс 

беретін ақыл-ой қабілеттерінің жиын- 

тығы.


КОНВЕРГЕНЦИЯ  –  лат.  конверге- 

ре деген сөзі, қаз. жақындату деген 

мағынаны  білдіреді.  Қашықтықпен 

заттардың  көлемін  қабылдауда  көз- 

дің  конвергенциясы,  яғни  екі  көздің 

көрілетін затқа бір көздей болып әре- 

кет етуі қажет болады. Бұл құбылыс 

жақындағы  нәрсені  ажыратуда  бай- 

қалады.  Көз  тіккен  нәрсе  неғұрлым 

жақын тұрса, конвергенцияда сонша 

күшті  болады  да,  көз  ішке  бұрыла 

береді. К. – 1.Көру психологиясында 

өте жақындағы затты көру үшін оның 

білігін  (осін)  екі  көздің  ішкі  бұл- 

шық  еттерінің  жәрдемімен  жақын- 

дату кезіндегі екі көздің көру жолы- 

ның  бір  нүктеде  түйісуі.  Орталық 

жүйке жүйесіне келетін қозу аралық 

нейрондарда қосылып кетуін конвер- 

генциялық принцип деп атайды; 2.Ой- 

лау  психологиясында  ойлаудың  тә- 

сілдерінің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет