КөРУ
КөРУ
276
дерінде шақшалар әрекет етпейді.
Олар тек таяқшалар арқылы көреді.
Ондай адамдар ымырт түскенде та-
уық сияқты ештеңе көрмейді, не өте
нашар көреді. Мұны «тауық соқыр-
лығы» дейді. Мәселен, күндіз ғана
көретін тауық, кесіртке, жылан, кеп-
тер сияқты жануарлардың көзінде
таяқшалар болмайды да, түнде ғана
көретін байғыз, үкі, жарқанат, кірпі
сияқтылардың көздерінде шақшалар
болмайды. Әрине, басқа түйсінулер
сияқты көру түйсінуінде де кемшілік-
тер кездеседі. Сонымен қатар көздің
ауруы және оның кейбір физиология-
лық кемшіліктері қалыпты көру үр-
дісіне әсер етеді.
Мәселен, кейбір адамдар заттардың
түстерін ажырата алмайды, көбіне
олар қызыл түс пен жасыл түсті көр-
мейді. Міне, көзінде осындай кем-
шілігі бар адамдарды дальтониктер
деп атайды. Бұл типтегі адамдар қы-
зыл түс пен жасыл түсті сары түс деп
қабылдайды. Сонымен қатар көру
түйсігінің кемшіліктеріне кейбір адам-
дар жақыннан жақсы көреді де, алыс-
тан көрмейді, ал енді біреулері жа-
қыннан нашар көреді де, алыстан жақ-
сы көреді. Жақыннан көрушілікке
де арнаулы көзілдіріктерді пайдала-
ну қажет. «Түстерге соқырлық» хро-
матикалық түстерді түйсіне және ажы-
рата алмаудан аңғарылады. Кейбір
адамдарда толықтай хроматикалық
түстерге соқырлық кездеседі. Барлық
түстерді ахроматикалық қоңыр түс
ретінде түйсінеді. Статистикалық мә-
ліметтер бойынша, түстерге соқыр-
лық ер адамдардың 4 пайызында жә-
не әйелдердің 0,5 пайызында кез-
деседі. Соқырлық қызыл және жа-
сыл түстерге жиі кездеседі.
Ал күлгін түстерге соқырлық сирек
болады. Түстерге соқырлықтың себе-
бі шақшалар жұмыс істемейді, істесе
де жеткіліксіз істейді. Жарыққа, түс-
терге соқырлық, әртүрлі жануарлар-
дың көру органдарын арнаулы зерт-
теулер дәлелдегендей, шақшалар мен
таяқшалар құралының жеткіліксіз
жұмыс істеуіне байланысты. Алыста-
ғы және жақындағы заттарды көздің
торына дұрыс бейнелендіру үшін
көздің хрусталигі бірде томпайып,
бірде жалпайып отыруы керек. Зат
жақындаған сайын ол томпая түседі,
зат алыстаған сайын ол жалпая тү-
седі. Көздің мұндай әрекетін акко-
мадация (латын сөзі, қазақша «көз
үйрету» мағынасында) деп атайды.
Екі көз бір көздей болып бірлесіп
әрекет етеді, заттың суретін көздің са-
ры дағына түсіру үшін олар көріне-
тін заттарға қарай бұрылады, мұны
конвергенция (латын сөзі, қазақша
«жақындату» мағынасында) дейді.
Бір көзбен көруді – монокулярлық
көру, екі көзбен көруді бинокулярлық
көру дейді. Бүкіл сырттан келетін
ақпараттың 90% көру түйсіктері ар-
қылы қабылданады, тек қана 9% есту
түйсіктері арқылы қабылданатын
болса, қалған 1% басқа түйсіктері ар-
қылы іске асатындығын психологтар
дәлелдеген болатын.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, адам-
ның көзі жарты миллионнан астам
түстердің реңін ажырата біледі. Біз-
дің тілімізде барлығы 300-ге тарта түс-
тердің аттары кездеседі. Олардың
көмегімен қоршаған дүниеден бояу-
дың барлық байлығын беру мүмкін
емес. Сезім органдарының, оның ішін-
де көру, есту түйсіктерінің адамның
КөРУ
КөРУ
277
өмірінде атқаратын рөлі орасан зор.
Мәселен, көру, есту түйсіктерінен ту-
ғаннан айырылған адамдарда өмір
барысында ол түйсіктердің қызметін
сипай сезу, тактилдік, діріл түйсіктері
атқаратындығын көзі көрмейтін, құ-
лағы естімейтін адамдардың өмірі-
нен нақты мысалдар келтіру арқы-
лы көзімізді жеткізуге болады. Бір
кезде есімі әлемге танымал болған,
дарынды дефектолог-ғалым, пси-
хология ғылымдарының кандидаты,
ерекше тағдырдың иесі, Ольга Ско-
роходова балалық шағында көз бен
құлақтан айырылды, бірақ орта
және жоғары білім алды. Бірнеше
ғылыми-психологиялық және әдеби
еңбектердің авторы, көру және есту
органдарынан толық айырылуына
қарамастан, бұл еңбектер әлемдік
ғалымдардың арасында ерекше қы-
зығушылық туғызды. Оның негізгі
еңбектеріне: «Мен қалай қоршаған
дүниені қабылдаймын» (1947); «Мен
қалай қоршаған ортаны қабылдай-
мын және елестетемін» (1954,1956);
«Мен қалай қоршаған ортаны қабыл-
даймын, елестетемін және түсіне-
мін» (1972).
Ол XVIII халықаралық психолог-
тардың конгресінде (Москва, 1966 ж.)
сөйлеген сөзінде былай деген еді:
«Көру және есту органынан айырыл-
ған адам қолымен мүсінді ұстап кө-
ре алады, осыдан өзі қанағаттанған-
дық сезімге бөлінеді. Мен бұрын да
қолдың көмегімен ерте кездің жиһа-
зын, киімдерін, өткір бұрыштармен
аяқталатын терезелерін, фигуралар
мен әртүрлі макеттерді сезіп қабыл-
дау туралы жазған болатынмын.
Осының бәрі көзі көрмейтін, құлағы
естімейтін адамға эстетикалық тұр-
ғыдан қабылдауға мүмкіндік береді.
Біз жердің, шөптердің, гүлдердің хош
иісін, теңіздің немесе өзеннің иісін,
егер олар жақын болса, түйсінеміз. Му-
зыканы тыңдау үшін ойнап отырған
адамның музыкалық аспабына қо-
лымды қойғанда, пырылдап ұйықтап
жатқан мысықтың мойнына саусақ-
тарымды салсам, мен одан ләззат
аламын». Сол сияқты ол найзағайдың
қалай күшті күркіреген дыбысын,
теңізде шомылу кезінде толқындар-
ды вибрация (діріл) арқылы қалай
түйсінетіндігін, одан қандай ләззат
алатындығы туралы тебірене айтқан
болатын. Сол сияқты Ольга Скорохо-
дова түсті ажырату, кеңістіктегі су-
реттерді, жануарлар туралы түсінік-
терді қалай елестететіндігі, оның таң-
ғажайып сыры туралы тебірене жазды.
КөРІПКЕЛДІК – адам мінезіндегі
сезімталдық пен пайымдағыш қасиет-
ті білдіретін сипат. К. білгірсініп, кө-
регендік көрсету, болжағыштықты
білдіретін адамның даралық ерек-
шелігі. К. қасиетті бір орайда кекесін-
ді түрде сипаттап білгірсу, көргенсу,
болжағышсыну деп те анықтайды.
К-ке берілген мұндай анықтаманың
мән-жайы сәуегейлік деп түсіндіріп,
К-ті сықақ етіп сынап айтқанды біл-
діреді. «Келіп қалған көңілге бұл
бір сезім, Келген сөзді бүгерлік жоқ
мінезім; Ғибрат айтар сәуегей болма-
сақ та, Құрбы-құрдас оқы да ойла өзің»
(Аманжолов).
К. алдағы болар істі, оқиғаны «осы-
лай болады екен» деп болжамдап ашу-
ды білдіреді. К. – қасиет адамның
өмір тәжірибесіне, білім деңгейі мен
КөРІ
КөРІ
278
пайымшылдығына байланысты бо-
лып отыратын сәуегейлік қасиет. «Сен-
дер әнеукүні Балқыбекке трактор жүр-
мейді деп те сәуегейлік қылғансың-
дар, деді Смайыл» (Әуезов). К. бір
жағынан адамның сезім күйіне бай-
ланысты түрлі сенімдер тудырады да,
К. адамның әулиелік, білгіштік қасие-
ті бар екеніне сенім артады. Екінші
жақтан К. шынайы адам бойындағы
қасиет, ол болашақта не болатынын да
болжап айтып, шындықты өзі барып
көріп келгендей екен деген түсінікте
боламыз. Мұның бәрі біздердің сені-
мімізді білдіретін жайттар. Адам на-
ғыз көріпкел бола алмайды. Алайда
оның өмір тәжірибесі оны білгір, әрі
ақылды әрекет деп бағалауға біздерді
сондай сенім мен сезімге икемдейді.
КөСЕМСІНУ – өзін үлкен санап,
былайғыларға ақыл-кеңес айтушы,
білгішсініп, әрбір істің мән-жайы
туралы өзгеге мәлімет беруші адам
мінезіндегі ерекшеліктерді сықақ тү-
рінде анықтау. К. көпшілікке бас-
шылық көрсетіп, өзінің ақылы мен
«даналығын» көрсетуге ұмтылуы.
Әдетте мұндай мінез ерекшеліктері
К-ген адамды халықтың күлкі-маза-
ғына айналдырып, оны келекелейтін
болады. «Жол енді құдалардан бас-
талсын деп, сөйледі көсемсініп Ұр-
қия әжей (Байзақов)».
К. көпшілік арасында жөн-жосық
пен салт-сананы білгенсіп, даурыға
сөйлеп, менмендігін, өркөкіректігін
көрсететін, жағымсыз қылықтары-
мен көзге түсетін адамды да осылай
деп бағалайды. К. адам өзін көпті көр-
ген, өмір тәжірибесімен ысылған па-
йымшыл да ақылгөй адам етіп көрсет-
кісі келеді. Ондай адамдар халық ара-
сында данышпан, кемеңгер болуды
көздеп қилы-қилы әрекеттер жаса-
ғанымен, атақ-құрметке іліге алмай-
ды. Өйткені олардың мінезінің жасан-
дылығы мен ақыл-ойының саязды-
ғын былайғы ел бірден байқайды.
Ондай мінездегі жағымсыз қылықты
Жамбыл өзінің бір туындысында
былай деп мінейді: «Құр кепкеннен
пайда жоқ, сөйлеген сөздің данасын» –
дейді. К. сынай-мінеудің өзге де түр-
лері данасыну (өзін ақылды даныш-
пан санау), дандайсу деген, өзін жо-
ғары ұстау, асып-тасу дейтін сино-
нимдер арқылы да кекесінді түрде
айтылады.
К. ұғымына қарама-қарсы түсінік
даналық. К. – кемеңгерлікті, ақылгөй-
лікті, данышпандықты білдіретін адам
мінезіндегі қасиетті игі сипаттар. «Абай-
дың өз заманында жұрттан асқан
даналығы, бүгінгі бізге қадірлілігі оның
халықты сүюшілігінде (Ақынжанов)».
Адам мінез-құлық сипаттарының кез
келген түрі мен ерекшеліктерінің қа-
рама-қарсы түсініктерінің болуы та-
биғи нәрсе.
КөШПЕНДІЛЕР ПСИХОЛО-
ГИЯСЫ – көшпелі халықтардың
әлеуметтік-психологиялық ерекше-
ліктерінің жиынтығы. К.п. алдымен
көшпелі халықтың экстенсивті мал
шаруашылығымен айналысуына
байланысты табиғатпен етенелік жағ-
дайымен ерекшеленеді. Адамдар
ұжымы мен оларды асырайтын ланд-
шафт арасында тығыз байланыс бо-
лады, адамды қоршаған табиғат олар-
дың күнделікті өмірінің бір элементі
ретінде көрініс береді. Қазақ жерінің
КөСЕ
КөШП
279
қатаң континенттік шырайы (жазы-
ның ыстықтығы, қысының суықты-
ғы) өзін мекендеген халыққа мейір-
бандық сыйлаған. Табиғаттың қатал-
дығын өз көзімен көріп, басынан кеші-
ріп жүрген адам өзгеге мұндай қа-
талдықты тілей қоймайды. Көшпелі-
лер сұлу табиғат аясында малын ай-
дап, бір орыннан екінші орынға жыл-
жып отырды. Сол жолда айбынды тау-
лар, айдынды көлдер, құрақты өзен-
дер, көз жетпес жазықтар бірінен соң
бірі алмасып өтіп жатты. Халықты
аясына алып әлдилеген сұлу табиғат
оның көкірегіне әсем ән мен тәтті
күйді ұялатпай қоймайды. Сондық-
тан көшпелі халықтар өнершіл келе-
ді және олардың фольклоры бай бо-
лады. Табиғатпен үнемі етене бай-
ланыста болу, төл өсіру, хайуанаттар-
мен жақындық адамды мейірімді-
лікке баулиды. Қоғамдық дүниета-
нымның түзілуіне халықтың рухани
өмірінде болып жататын процестер
тікелей әсер етіп отырады. Халық ауыз
әдебиетінде үлгі ретінде сомдалған
идеалдар – батырдың мәрттігі мен
аңқаулығы, отаншылдықтың жоға-
ры тұруы, ар мен намысты қастер-
леу, әлсізді жәбірлемеу, сұлудың тә-
каппарлығы, жетімнің ақылдылығы,
тазшаның тапқырлығы, қисынды сөз-
ге тоқтау ұстанымдарының жиналып
келіп, көшпенділер ұстанатын құнды-
лықтарды айқындайтын нышандар
болып табылады. Көшпенділер үшін
ар тазалығы – ең қастерлі, қымбат
бағаланатын, жоғары ұсталатын мұ-
раттың бірі. Сертте тұру, арды асқақ-
тату, сөзге тоқтау көшпелілердің қо-
ғамдық қатынастарындағы айқындау-
шы категория деңгейіне дейін көте-
рілген.
КРЕАТИВТІЛІК – тұлғаның ай-
рықша идеяларды шығару, ойлаудың
дәстүрлі схемаларынан кете алу,
проблемалық жағдаяттарды шеше
алу қабілеті К. интеллектуалдық қа-
білеттердің ішінде ерекше тип ре-
тінде бөлініп шықты. Гуманистік
психологияның көрнекті өкілдерінің
бірі Абрахам Маслоу К. пен өзін-өзі
танытудың арақатынасын зерттеуде
креативтілік тұлғаның жетістігін
емес, ол тұлғаның өзін сипаттайды
деген. Бұл пікірден жетістіктер өзін-
өзі танытатын тұлғаға қатысты екін-
ші ретті болып табылатыны көріне-
ді. Өзін-өзі танытатын тұлғаға тән
батылдық, еркіндік, спонтандылық,
тұтастылық, өзін-өзі қабылдау, ай-
қын ақыл-ой, сана сияқты мінездік
қасиеттер К.-тің генерализациясына
әкеледі. Генерализацияланған К. де-
геніміз – тұлға өмір сүретін барлық
аумақтарда көрініс табатын, тұлға-
ның креативтік бағдарлары мен креа-
тивтік өзіндік қызмет етуі. А.Маслоу
К-ті тек творчестволық қасиет емес,
ал нағыз адамгершіліктік қасиет деп
атаған.
КРОСС-МӘДЕНИЕТТІК ЭТНО-
ПСИХОЛОГИЯ – әртүрлі этностар
мен ұлттардың рухани өмірін бір-
бірімен салыстыру арқылы адамдар-
дың психологиялық және әлеуметтік
мәдени ерекшеліктерін зерттейтін эт-
нопсихологияның бір бағыты. Мұ-
ның көрнекті өкілдерінің бірі, аме-
рика этнографы Мид Маргарет (1901-
1978). Ол көптеген этнологиялық
материалдарды талдай, табиғи және
әлеуметтік факторлардың ара қаты-
насын салыстыра келіп, түрлі этнос-
КРЕА
КРОС
280
тардың тұлғалық ерекшеліктерінің
қалыптасу жолын, әсіресе баланың
әлеуметтенуін (социолизация) зерт-
теу арқылы ұлттық мінез ерекшелік-
терін көрсетті. Оның «Мәдениет эво-
люциясындағы сабақтастық» (1964)
атты еңбегінде мәдениет факторы-
ның, адамның психологиялық ерек-
шеліктеріне елеулі әсер ететіндігі ай-
тылған.
КҮДІКШІЛДІК – адамның қандай
да болсын бір іске, оқиғаға, сенім-
сіздікпен қарап шүбәлануы. Әр нәр-
сеге шек қойып күдіктене қарап, қа-
уіп-қатер жоқ па екен деп күмәнда-
нуы. «Нанасың не айтса да амалың
жоқ, Түсінде бір кәдік жоқ «алдар»
деген Абай. К. іс-әрекет пен адам-
ның сөйлеген сөзінің шындығы мен
жалғандығына ой жүгіртіп сезікте-
нуін, шүбәлануын да білдіреді. «Петр
Қожақтың «жаңа хабарына» сеніңкі-
ремеді, «шын айта ма, жоқ па» деген
күдікті кескінде тоқталып қарады»
(Ә.Нұрпейісов). К. адам болар істің,
айтылған сөздің, түрлі хабарлардың
шындығы мен ақиқатын көзімен кө-
ріп, қолымен ұстамайынша сенімсіз-
дік білдіріп күмәндана береді. «Уа-
йым, қайғы, мұң, күдік, Мәңгі кетті
көңілден» (Қ.Аманжолов). Ғылыми-
зерттеу істерімен белгілі мәселенің
дұрыс шешімін тауып шындыққа ай-
налуы адам бойындағы күдікті сергі-
тіп, ісін онан әрі жалғастыра беруін-
де сенімін, бойындағы күш-қуатын
арттырады, оптимистік көзқарасын
нығайтады. Орынсыз сезіктеніп К.
болу адамның мінез-құлқындағы се-
німсіздігін білдіретін ұнамсыз қы-
лық, әрі еркі мен жігерсіздігін біл-
діретін жағымсыз сипат.
КҮЙ – жалпылама түрінде күй кез
келген жүйе, оның ортаның коор-
динаттық объектілеріне қатысты жағ-
дайын бейнелейтін сипаттама. Адам-
ның күйін сырттай топшылауға бо-
лады. Тіршіліктің белгілі бір сәтін-
дегі организмнің жайлылық пен
жайсыздықтың, қолайлылықпен не-
месе қолайсыздықтың адам санасын-
да тіркелуі. Адамның күйі қоршаған
орта мен жағдаятқа бейімделудің
реттеушілік функциясы болып та-
былады.
КҮЙГЕЛЕКТІК – адамның көңіл
күйінің ерекшелігін білдіретін шам-
дану, ашулану, қызуқандылық. К. –
адамның жан дүниесіндегі сезімді,
эмоцияны білдіріп, оның сыртқа шы-
ғуынан байқалатын жайт. Бойын ашу-
ыза кернеген адам қызарып, бозара-
ды. Танауы желбіреп, сөйлеген сөзі
үзік-үзік болып естіледі. Шамданып
ашушаңдығын сыртқа шығарады.
К-тің айқын көрінісі стрестік жағ-
дай. Бұл күйіп-пісушілік. Қиын жағ-
дайға душар болғанда асып-тасып аб-
дырайды. Нендей әрекет жасап, қиын-
қыстау жайттан шығудың айла-тәсі-
лін шарқ ұрып іздестіреді. Басқа төн-
ген қауіп пен апаттан құтылудың жо-
лын іздеп «жанын шүберекке түй-
гендей» күй кешеді.
Мұндай жағдай әуе кеңістігінде ұшып
жүрген ғарышкерлердің, ұшқыш-
тардың, Терістік Мұз мұхитымен Ан-
тарктикадағы зерттеушілер өмірінде
жиі кездеседі. Қиын-қыстау жағ-
дайларға душар болған адамның көз
алдында апатқа ұшырап өлім қаупі
тұрса да, ол өз бойындағы күш-қуа-
тын, ерік-жігерін, білімі мен тәжі-
КҮДІ
КҮЙГ
281
рибесін жинақтап, қатерлі жағдайда
жеңуге жұмылдырады. Психология-
да К.(стрестік) жағдайды жеңіп,
қиыншылыққа төзіп, онан әр қилы
айла-амалдар жасап, қалыпты күйге
түсу дистресс деп аталады. К. сезім
күйіне берілгіш адам денсаулығын
да бұзып, жүйкелік ауруға жиі ұшы-
рап, ақыл-есінде қалыпты жағдайдан
ауытқушылық пайда болады. Төзім-
ділік пен тапқырлық, әрбір істің құ-
пия түйінін шеше білуге дағдылану
адамды К. пен дағдарысты жайттар-
дан арыла білудің тиімді амал-тәсі-
лі болып табылады.
КҮЙІНУ – адамның бойын қайғы-
қасірет жаулап алып уайымдауы. Ыза-
ланып, назаланады. Ауыр қайғыны
бастан кешіруде оның бойын ауыр
сезім билеп, қайғы-қасірет кешеді.
«Есей өзінің би білмегенін үлкен ке-
міс көріп күйінді (Ә.Нұрпейісов)».
«Күйініш күйдіргендей жердің жү-
зін, қиналып тоқтата алмай әркім
өзін, Ілініп қаралы күн қара тулар,
Әкетті бойды билеп ауыр сезім (Халық
өлеңі)». К. адамның ақыл-ойын се-
зім билеп қайғы-қасіретті басынан
кешіруде стрестік күйге ұшырайды.
Бұл орайда адам күйіп-пісіп, іс-әре-
кетінде ретсіз қимыл-қозғалыстар жа-
сап, жан дүниесінде зорлану, қина-
лу сияқты жағдайларға ұшырайды.
Ақылды сезім билеп, қайғырушылық
пен өкініштілік күйлерді басынан
кешіреді. Уайым-қайғыға беріліп,
адам бойын үмітсіздік билейді. Адам
мұндай ауыр жағдайды жеңу үшін
бойындағы күш-қуатын, ерік-жігерін
шыңдап ауыр жағдайдан сергудің
жолын іздестіруі қажет. Табандылық
пен ұстамдылық көрсетіп, өзінің
сезімімен еркін билеуге барынша ма-
шықтануы пайдалы болмақ.
КҮНШІЛДІК – мінездегі көре ал-
маушылықты білдіретін жағымсыз
қылық. Халық даналығы күншілдік-
тің жағымсыздығын әр алуан мақал-
мәтелдермен бейнелеп берген. «Оз-
быр олжа үшін өледі, күншіл күн-
деумен өледі», «Күншілдің күні қа-
раң» (Мақал). К. адамның өзгелердің
істеген ісі мен тіршілігінде қол жет-
кен табыстары мен атқарған ісінің
нәтижелі болуына қызғаныштық біл-
діріп, оларды жақтырмай, сыртынан
өтірік-өсек әңгімелер таратуды өзіне
медет санайды. Өзгелердің іс-нәти-
желерін әртүрлі саққа жүгіртіп ішкі
күйініш сезімін білдіруі. Әрбір мақ-
тан біреуден асамын деген, күншіл-
дікті білдіреді. «Менің мұнда тұр-
ғанымды көрсе, Дәулет күншілдікпен
жарылып кетер ме еді, қайтер еді? –
дейді езу тартып Жармағамбетов»
(Абай).
К. көре алмаушылық қызғанышты
білдірумен қатар, адамның күйінішін
де білдіретін жағымсыз мінез ерек-
шелігі. К. адамды сайқымазақ етіп,
оның іштарлығын мінейтін мәтел
«Ішің күйсе тұз жала» дейтін нақыл
сөз бар. Бұл нақыл әртүрлі жақта
айтыла береді. «Біздер мықты болған-
да, Достарымыз сүйінсін, Даңқымыз-
ға жер жарған, Көре алмаған күйін-
сін» (С.Мәуленов). К. жағымсыз қу-
лық ретінде маңындағы адамдар мен
қоныс-көршілерге де шарпуын тигі-
зіп, жағымсыз көршіден аулақ бо-
луын ойлайды. К. адам мінезінің жа-
ғымсыз қылығы болғандықтан кімді
КҮЙІ
КҮНШ
282
болса да абырой-атаққа жеткізбей-
ді. К. адамды ашу-ызаға, қатыгездік
пен мейірімсіздікке жетелейтін жек-
сұрын қылық. Адам К.болудан ары-
лып, өзінің бойында ізгі қасиеттерді
қалыптастырғанда ғана былайғы
жұртқа ұнайтын болуға ұмтылғаны
абзал.
КІНӘМШІЛДІК – мінездегі өзге
адамды айыптап, оның қателігін көр-
гіштік, сөйтіп оны айыпты деп санау,
өз ойындағысы болмаған соң жазғы-
ру. К. – өзімсінген адамға тағылатын
кінәрат. К. адамның бір жағынан
жағымсыз, ұнамсыз қылығын білді-
ретін мінез ерекшелігі болса, екінші
тараптан алғанда, өзімсінген адам-
ның бойындағы мінез-құлықтарын
міней отырып сынаудың көрінісі бо-
лып саналады. Өзге жұрттың, басқа
адамның тіршілігі мен мінезінің кем-
кетігін байқап көргіш, пайымдап біл-
гіштігін білдіреді де, оны кінәлайды.
К. адам мінезіндегі көңіл күйінен
туындайтын орынсыз тілек пен өкпе-
лі ойды да білдіреді.
К. өз мінезінің кем-кетігіне жете
мән бермей, өзгелерге орынсыз ті-
лек қояды. Мұндай ретте К. оның
наздануымен де төркіндес болып жа-
тады. Өзін ақылды, іскер санап, өз-
гелерді кінәраттау өзімшілдік пен
өркөкіректікті көрсететін ұнамсыз
қылық. Әдетте адам өзгелерді айып-
тап, оларды кінәлау үшін ең алды-
мен өзінің кім екеніне де сын көзі-
мен ой жүгіртіп қарағаны әдептілік
пен адамгершіліктің өнегелі жайтта-
рын білдіреді. Осы орайда ұлы Абай:
«Соқтықпалы соқпақты жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қой-
ма» дейді. Орынсыз К. адамның ақыл-
ойының өресіздігін білдіреді. Халық
даналығы: «Көрпеңе қарай көсіл»
деген ұлағатты кеңес айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |