Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет47/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90

ҚАРЫ

ҚАРЫ

316

1.  Адамның  жеке  басы  мен  кісілік 

қасиетін көрсететін ашық-жарқынды- 

ғы, сенімділігі мен ақпейілділігі;

2.  Әріптестерімен  жалпы  тіл  тауып 

сөйлесіп, бірін-бірі жете түсінісе алуы 

сияқты ұнамды сапалар.

Қатынас жасау адамның даралық мі- 

нез  қасиеті.  Ол  келесі  сатылардан 

тұрады: 1-ші сатысы өзгелермен Қ.-қ. 

орнатуға ниет білдіруі; 2-ші сатыда 

қатынас жасайтын әріптестерінің кім- 

дер екенін танып білуге ықылас біл- 

діріп, олар жайында қажетті мәлімет- 

тер  алуға  ұмтылады.  Әрбір  әріптесі 

мен  өзінің  өзара  қатынасының  нен- 

дей  рөлдер  атқаруы  жайлы  елестері 

пайда болады. Әріптестерінің кімдер 

екенін, танып білуге мән беріп, мен 

олардың арасында қандай орын ала- 

мын  деп,  өзгелердің  пікірімен  сана- 

сады. Өзін өзгелердің орнына қойып, 

ішкі  жан  дүниесінің  сырына  барлау 

жасайды.


Мұның  бәрін  ол  өзінің  ақыл-мөл- 

шерімен таразылап көреді де, ұжым 

ішінде  өзімнің  атқаратын  ісім  мен 

мінез-қылығым  қалай  болуы  керек 

деген міндетті шешеді. 3-ші сатыда 

қатынас жасаушы серіктері жайында 

өзара  тілдесіп,  ұғынысудың  жолын 

іздестіреді. Егер олар тіл табыса ала- 

тын  белгілі  іс-әрекеттерді  атқаруға 

кіріседі. Іс-әрекет үстінде ұжым ішін- 

дегі  әріптестерінің  кімдер  екенін 

аңғарып, оларды да, өзін де танып бі- 

летіндей  деңгейге  көтеріледі.  4-ші 

сатыда Қ.-к. жасап, тілдескен әріп- 

тестер  нендей  істерді  атқара  алады 

және  олардың  іс-әрекеті  мен  мінез-

қылығында,  қабілетінде  нендей  жа- 

ғымды істері бар, ұнамды қасиеттері 

мен  олқылықтары  кездеседі  деген 

жайттарды анықтап, кімнің кім еке- 

нін білетін болады.

Егер тіл табысып кете алмайтындай 

жайттар байқалатын болса, онда қа- 

тынасқа түскен адамның өзгелермен 

онан әрі Қ.-қ. жасаудың пайдасыз еке- 

нін аңғарып, солардан өзін аулақ ұс- 

тауға  әрекеттенеді.  Дегенмен  адам- 

ның өзгелермен тілдесіп Қ.-қ. жасай 

білуі жалпы адами қасиеттердің аса 

қажет түрінің бірі. Қ.-қ. – қажеттілік- 

тері  әртүрлі  адамдардың  бір-бірі- 

мен  пікір  алмасуы,  бірлесіп  шешім 

қабылдауы,  әңгімелесушіні  түсіну 

және  қабылдау  және  де  басқа  әре- 

кеттестіктерді жасау түрлері.

Қарым-қатынастың адекватты стилі – 

адамның  алдына  қойған  мақсатына 

оңай және тез жетуіне және адамдар- 

ға  қажетті  түрде  әсер  етуіне,  олар- 

мен жақсы қарым-қатынасын сақтау- 

ға  ықпал  ететін  адамдардың  басқа 

адамдармен  қарым-қатынас  жасау 

стилі.  Қатынастың  жетекші  типі  – 

ортадағы адамдармен нақты жас ша- 

ғында жетекші болатын қатынастың 

типі.  Қатынастың  жетекші  типінің 

ықпалымен  адамда  негізгі  тұлғалық 

сапалы қасиеттері қалыптасады.

ҚАШҚАРИ  МАХМУД  (ХІ  ғ.). 

Түркі  тектес  халықтарға  ортақ  ілкі 

ортағасырлық  ғұлама.  «Диван  лұғат 

ат түрк» деген еңбегінде де «Құдатғу 

білік»  дастаны  сияқты  ақыл,  білім 

мен  ғылымды,  мейірімділік  пен  мі- 

незділікті  дәріптейді.  Мұның  тәлім-

тәрбиелік  мәні  күні  бүгінге  дейін 

аса-маңызды, өнегелі ақыл-кеңестері 

аз емес.


Зерттеушілер  бұл  еңбекті  ХІ-ғасыр- 

дағы  Орта  Азия  мен  Қазақстан  тер- 



ҚАШҚ

ҚАШҚ

317

риториясын  мекендеген  халықтар- 

дың  тарихы  мен  әдет-ғұрпы,  салт-

санасы,  әдебиеті  мен  мәдениеті  жө- 

нінде қызықты мағлұмат беретін та- 

маша  мұра,  деп  жоғары  бағалайды. 

Расында да автор сөздікке халықтың 

ауыз  екі  шығармаларын,  фольклор- 

лық  материалдарды,  әсіресе,  нақыл 

сөздерді,  мақал-мәтелдерді  мол  ен- 

гізген. Ерекше ескерерлік бір жайт – 

ондағы  кейбір  сөз  тіркестері  мен 

мақал-мәтелдердің,  қанатты  сөздер- 

дің  осы  күнгі  тілімізден  де  көптеп 

кездесетіндігі.

Бұл  жөнінде  профессор  Е.С.Малов 

былай  дейді:  «Диван...»  –  халық 

сөздерінің (өлеңдерінің) мол қойма- 

сы...  Онда  үш  жүзге  жуық  халық 

өлеңдерінің  төрт  жолдық  шумағы, 

термелер  мен  жұмбақтар,  көптеген 

мақал-мәтелдер  бар.  Осы  тұрғыдан 

қарағанда  «Диван...»  жай  сөздіктен 

гөрі  әдейі  құрастырылған  ғылыми 

хрестоматияға көбірек ұқсайды. Бұлар- 

дың бәрінен де Махмуд Қашқари за- 

манындағы  түркі  тілдес  халықтар- 

дың қоғамдық өмірі мен рухани бей- 

несінің сан-саласын қамтитын мате- 

риалдар,  атап  айтқанда,  этнография 

мен халық медицинасы, материалдық 

ескерткіштер  мен  географиялық  су- 

реттеулер, астрономиялық атаулар та- 

ғы басқа осы іспеттес ғылыми мәлі- 

меттер көптеп кездеседі.

Ғалымдарымыз «Сөздіктің» осы күн- 

гі түркі тілдеріне қандай қатысы бар 

деген  сұраққа  «Диванды»  да  қазіргі 

туысқан түркі тілдерінің бәріне бір- 

дей  ортақ  мұра  деп  қараған  дұрыс,  

деп жауап береді. 

«Диванда» да «Құдатғу білік» сияқ- 

ты  моралдық  –  этикалық  дүние  та- 

ным, саясат мәселелеріне байланыс- 

ты  ортақ  пікірлер  кездеседі  дедік. 

Мәселен, «Құдатғу біліктегі»: «Сараң- 

дықтан кедей болған адамды телегей 

теңіздей дүние де байыта алмайды», 

«Өлімнен қашып құтылмайсың» дей- 

тін нақыл сөздерге «Диваннан» «тас 

жүрек, без бүйрек адам тоймайды да, 

дүние  қоңыздылығын  қоймайды», 

«Өлім  желкелеп  тұрса,  одан  қалай 

қашып құтыларсың», деп келетін осы 

іспеттес  ұқсас  баламаларды  көптеп 

табуға болады. Зерттеушілер «Құдат- 

ғу білік» пен «Диванның» тіл ерекше- 

ліктерін  салыстырғанда  екеуінің  де 

түркі тіліне, әсіресе, фольклор үлгісі- 

не сәйкес келетінін ерекше атап өте- 

ді. Мәселен, «Дивандағы» өлеңдерде 

батырдың  күші  –  қасқырға,  момын- 

дар  қойға  теңелсе,  «Құдатғу  білік- 

те»  де  батырдың  күші  –  қасқырға, 

айбары – аюға, табандылығы – өгіз- 

ге теңестірілген. Ал бұлардың мораль- 

дық-этикалық  мәселелерге  байла- 

нысты тақырыптарында да бірін-бірі 

қайталайтын ұқсастықтар баршылық.

Мәселен,  «Дивандағы»,  «Ешкім  де 

мәңгі  өмір  сүрмейді»,  «Адамға  дәу- 

летпен  даңқ  дұшпан»,  «Жақсы  киім 

болса өзің ки», «Жоғалған затқа қай- 

ғырма», «Құрмет қылсаң қонаққа, аса- 

ды даңқың халқыңа», «Тіліңе сақ бол- 

ғайсың», «Әдеп алды – тіл», «Ұлым 

менен үгіт үйрен, тәлім ал», «Ел іші- 

не білім тарат, ғалым бол», «Қеңесті  

іс  келісе  береді,  кеңессіз  іс  кері  ке- 

теді», «Үлкен кісі шақырса, тез бар», 

«Ата-анаңды  тыңда,  сөзін  жерге 

тастама», «Кісі аласы ішінде, жылқы 

аласы  сыртында»  т.б.  осы  іспеттес 

тәлім сөздер мағына жағынан да, фор- 

ма  жағынан  да  «Құдатғу  білікпен» 

егіздің сыңарындай ұқсас.



ҚАШҚ

ҚАШҚ

318

Жоғарыда  келтірілген  жекеленген 

фактілердің өзі «Диван лұғат ат түрк- 

ті»  орта  ғасырдағы  қазақ  халқының 

қоғамдық ой-пікір тарихына да қаты- 

сы бар елеулі шығарма деп тұжырым 

Л.Н.Гумилев еңбектерінде «түркілер- 

де  сөздің  күші  ақиқатты,  шынайы 

күш болып есептеледі, айтылғанның 

айғағы деп тегін айтылмаған. «Құдат- 

ғу білікте» де, «Диванда» да тіл жай- 

лы айтылған түйіндер, тіл немесе сөз 

қадірін  білу  –  кісінің  тәрбиелілігі- 

нің көрсеткіші дейтін Қашқари қағи- 

дасы аса маңызды. «Әдептің басы – 

тіл», «Тіл – тәрбиелік пен қайырым- 

дылықтың басы», «Ақылды сөз – ал- 

тын  табаққа  жеткізер»,  т.б.  қазіргі 

кезде де ерекше мәнге ие боп отырға- 

ны белгілі. «Диван» қазіргі түркілер- 

дің бәріне ортақ рухани асыл қазына 

болумен  бірге  қазіргі  қазақтардың 

тәлім-тәрбиелік,  психологиялық  ой- 

пікірлерінің де түп-төркіні, ілкі бас- 

тауының бірі екендігіне шүбә келті- 

руге болмайды.



ҚИЯЛ – 1.психикалық үрдіс: а) мә- 

селелі  жағдай  белгісіз  болғанда  мі- 

нез-құлық  бағдарламасын  жасайды; 

ә)  іс-әрекетті  бағдарламайды,  бірақ 

оның орнын ауыстыратын бейнелер- 

ді  жасайды;  б)  объекттің  суретте- 

луіне сәйкес бейнелерді жасайды.

Қиялдың  маңызды  мәні  –  іс-әрекет 

басталғанға  дейін  нәтижесін  көруге 

мүмкіндік беріп, адамды сол арқылы 

іс-әрекет  үрдісіне  бағдарлайды.  Қ. 

басқа да психикалық үрдістер сияқ- 

ты  аналитикалық-синтетикалық  си- 

патқа  ие.  Қ.  айқын  болмысты  жаңа, 

күтпеген, әдеттен тыс басқаша байла- 

ныспен  үйлесімділікте  бейнелейді. 

Қ. нысандары: сұлбалау, агглютина- 

ция, типтендіру, әсірелеу, гиперболи- 

зациялау;  түрлері:  белсенді  Қ.  және 

енжар Қ.

2. психологияда сыртқы дүние затта- 

ры мен құбылыстарының субъектив- 

ті  бейнелерін  қайтадан  өңдеп  бей- 

нелеуде көрінетін тек адамға ғана тән 

психикалық үрдіс. Адамның миында 

Қ.  пайда  болған  кезде  ми  қабығын- 

да  бұрын  жасалған  уақытша  байла- 

ныстар  түрлі  өзгерістерге  түседі  де, 

жаңа  заттар  мен  құбылыстардың 

бейнесі туып отырады. Уақытша бай- 

ланыстарды  қайта  тудырып,  өңдеу 

үрдісінде  екінші  сигнал  жүйесі  ше- 

шуші  рөл  атқарады.  Әрбір  адамның  

Қ. ерекшеліктері сол адамның құмар- 

тып қызығуына, жекелік ерекшелік- 

теріне,  алдына  қойған  мақсатына 

байланысты. Сондай-ақ қиялдың маз- 

мұны мен түрі адамның жас ерекше- 

ліктері  мен  білім  тәжірибелеріне  де 

байланысты. Қ. адамның барлық пси- 

хикалық  құбылыстарымен  ұштасып 

жататын  үрдіс.  Сонымен  бұрын  біз 

қабылдамаған  заттар  мен  құбылыс- 

тардың  бейнелерін  жасаудағы  пси- 

икалық үрдісті қиял деп атайды.

Қ. адам бұрын өзі көріп-білмеген нәр- 

селерінің бейнесін көз алдына елес- 

тету,  олардан  жаңа  бейне  жасау  не- 

месе  бұрынғы  қабылданған,  жинал- 

ған  бейнелерге  сүйене  отырып,  өз 

басында  тың,  жаңа  элементтер  мен 

идеялар тудыру. Ырықсыз қиял адам- 

ның  алдына  мақсат  қоймай-ақ,  ба- 

сындағы елестердің ағытылып, бірі- 

нен соң бірі өтіп жататын кезінде тууы. 

Ырықты  қиял  адамның  алдына  са- 

налы түрде мақсат қоя отырып, әдейі 

бейнелер  жасау  мен  қажетті  бейне- 

лер тудыруы.



ҚИЯЛ

ҚИЯЛ

319

ҚИЯЛДЫҢ  ЖАСАЛУ  ЖОЛДА- 

РЫ.  Қиял  түрлі  елестеулердің  өзге- 

ріп,  өңделуінің  арқасында  жасалып 

отырады. Қиялда анализ, синтез әдіс- 

тері, агглютинация, схематизация түр- 

лі  схемалар  мен  суреттердің  акцен- 

тировка  (образдың  типтік  басты 

белгілерін  жасау)  тәсілдері  қолда- 

нылады. Қиялдағы елестерді топтас- 

тырудың қарапайым түрі агглютина- 

ция  деп  аталады.  Осы  әдіс  арқылы 

мифологиялық  бейнелер  (кентавр, 

сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі меха- 

низмдердің машиналардың конструк- 

циялары (амфибия – танк, судан өте 

алатын  жеңіл  танк,  аэро-шана  –  су- 

ға қонып, ұша алатын самолет) құрас- 

тырылады.

Қиял бейнелерін жасауға қатысатын 

әдістердің  бірі  –  гипербола.  Гипер- 

бола  деп  нәрсенің  жеке  сипаттары, 

белгілері  үлкейтіліп  көрсетілуін  ай- 

тады. Сөйткенде образ ашық, мәнер- 

лі болып шығады, гиперболада бел- 

гілі бір бейнелердің алға шығып ай- 

қын  байқалуына  жағдай  жасалады. 

Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелер- 

ді  жасауда  гипербола  көп  қолданы- 

лады.  Мәселен,  Д.Свифтің  «Гулли- 

вердің саяхатындағы» ергежейлілер- 

дің,  В.Маяковскийдің  «150000000» 

поэмасындағы  капиталистердің  кө- 

семі В.Вильсонның бейнелері гипер- 

бола  әдісімен  жасаған.  Мұнда  сон- 

дай-ақ  тұтас  заттың  жеке  бөліктері- 

нің  саны  өзгертіледі,  олардың  орны 

ауыстырылады. Мәселен, үнді мифо- 

логиясындағы  көп  қолды  құдайлар 

мен  жеті  басты  айдаһардың  бейне- 

лері осылайша құрастырылған.

Қиял  бейнелерін  жасаудың  енді  бір 

әдісі  –  нәрсенің  бір  жағын  ерекше 

әсерлей көрсету. Карикатуралар мен 

достық әзілдер осылайша жасалына- 

ды.  Егер  заттардың  айырмашылық- 

тарын  ескермей,  оның  ұқсастықта- 

рына  көбірек  көңіл  бөлетін  болса, 

схематизация әдісі қолданылады. Су- 

ретшінің  өсімдіктер  дүниесінің  эле- 

менттерінен  ою  қиыстыруы  осыған 

мысал бола алады.

Қиял  образдарының  күрделі  түрі  – 

типтік образдар жасау. Типтік образ- 

дар  жасауда  бірінші  орында  нақты 

адамның ортақ бейнелері көзге түсе- 

ді:  «Бір  жұмысшының,  поптың,  дү- 

кенші  саудагердің  портретін  дұрыс 

суреттеп жазу үшін, жүз, екі жүз ша- 

малы  поп,  жұмысшы,  саудагерлерді 

қадағалап қарауымыз керек», – дейді 

М.Горький.  Типтік  образдар  жасау 

дегеніміз тұтас бірқатар объектілер- 

дің барлығына бірдей, ортақ белгіле- 

рі  бар  бір  образ  жасап,  жанастыру. 

Жазушының осылайша жасаған тип- 

тік  образы  бір  жағынан  жеке  адам- 

ның даралық ерекшеліктерін білдіре- 

тін образ болып та есептелінеді. Мә- 

селен,  «Абай»  романындағы  Құнан- 

бай  образы  сол  кездегі  үстем  тап 

өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, 

сонымен  қатар,  ол  өзіндік  психоло- 

гиялық қасиеттері бар жеке адамның 

да образы.

Осы әдістер арқылы айтарлықтай ма- 

ңызды  шығармашылық  қиял  образ- 

дарын үнемі туғызу қиын. Мәселен, 

агглютинацияда жеке фактілерді зерт- 

теу, жинақтау, мәселелердің түпкі ние- 

тін  көздеу  дегендер  жетіспей  жата- 

ды. Сондықтан да творчестволық қиял- 

дың  жоғары  формаларында  ғылы- 

ми-техникалық  көркем  әдебиет  т.б. 

онша көп қолданылмайды. Шығарма- 

шылық  әрекетте  адамдар  көбінесеі 

интуицияға жүгініп отырады.

ҚИЯЛ

ҚИЯЛ


320

ҚОзҒАЛЫСТЫ  ҚАБЫЛДАУ  – 

бұл  объектілердің  кеңістіктегі  орны 

мен  қалпының  өзгерісін  бейнелеу. 

Қ.қ. өмірлік маңызға ие. Қозғалысқа 

көру  жүйесінің  перифериялық  бөлі- 

мі  сезімтал  келеді.  Объект  табыл- 

ғанда, көру аумағының шет жағында 

оның түскен бейнесі көздің рефлек- 

торлық бұрылысын тудырады, нәти- 

жесінде объект бейнесі көру аумағы- 

ның орталығына ауысады, осы жер- 

де  бұл  объектіні  ажырату  мен  тану 

жүзеге  асады.  Заттың  қозғалысын 

қабылдау, негізінен, оның қандай да 

бір фонда орын ауыстыру немесе жыл- 

жи  отырып,  көз  торының  түрлі  жа- 

сушаларының  кезекті  қозуын  туды- 

рады.


Қ.қ.-да  көру  және  кинестезиялық 

анализаторлары  негізгі  рөл  атқара- 

ды. Объект қозғалысының параметр- 

лері  болып  табылатындар:  жылдам- 

дық, үдеу және бағыт. Адам объекті- 

лердің кеңістіктегі орын ауыстыруы 

жөніндегі  мағлұматты  екі  жолмен: 

орын  ауыстыру  немесе  қозғалысты 

тікелей көру, қабылдау арқылы және 

белгілі  бір  уақытта  басқа  орында 

болған  объекттің  қозғалысы  жөнін- 

де ой қорытындысы негізінде алады.

Қорғану  рефлекстері  –  организмді 

ішкі  және  сыртқы  ортадан  келетін 

қауіп-қатер  және  зиянды  заттардан 

сақтайтын, биологиялық маңызы күш- 

ті  шартсыз  рефлекстер.  Құндылық- 

тар – адамдардың тарихи тәжірибені 

және белгілі бір этнос мәдениетінің 

мағынасын  шоғырландыра  көрсете- 

тін,  осы  мәдениортада  қалыптасқан 

мінез-құлық  пен  іс-әрекет  түрлері, 

мақсаттар  мен  нормалар  жөніндегі 

жалпыланған түсініктер. Бұл – әрбір 

адамның санасында болатын бағдар- 

лар. Белгілі бір қоғамда қабылданған 

құндылықтар  жағдайды  бағалаудың 

сыртқы сындық белгілері болып та- 

былады. Осы белгілерге субъект түрт- 

кіні таңдау процесінде сүйенеді.

Құндылықтарда әрбір адамның қай- 

таланбас  өмірлік  тәжірибесінің,  қы- 

зығушылықтары мен қажеттіліктері- 

нің, әдеттерінің ерекшеліктері жинақ- 

талған.  Құндылықтық  бағдарлар  – 

бұл бекітілген бағдарлардың жүйесі. 

Олар  тұлғаны  берілген  мәдениеттің 

құндылықтарына көңіл аудартады жә- 

не тұлғаның өмірлік, мінез-құлықтық 

таңдауларын елеулі анықтайды. Осы 

бағдарларға сүйене отырып, индивид 

белгілі бір мінез-құлықты атқарады. 

Қысымға адаптация – белгілі бір қы- 

сымға үйрену, бейімделу. Мыс: адам 

үстіндегі киімінің ауырлығына үйрен- 

гендіктен, оны сезбей, тек киген кез- 

де ғана байқауы мүмкін.

ҚОзУ  –  тірі  организмдердің  қасие- 

ті,  қозатын  ұлпаның  тітіркендіруге 

белсенді жауабы. Жүйке жүйесі үшін 

қозу – негізгі функция. Жүйке жүйе- 

сін құрайтын жасушалардың қозуды 

ол  пайда  болған  телімнен  басқа  те- 

лімдерге  және  көрші  жасушаларға 

өткізу қасиеті болады. Осының нәти- 

жесінде  жүйке  жасушалары  сигнал- 

дарды  организмнің  бір  құрылымда- 

рынан  басқа  құрылымдарына  беру 

қабілетіне ие болды. Мұның барысын- 

да қозу сырттан келетін тітіркендіру- 

лердің  қасиеттері  туралы  ақпаратты 

тасымалдаушы және тежелумен бірге 

организмнің  барлық  органдары  мен 

жүйелерінің  белсенділігін  реттеуші 

болды. Қ. процесі сыртқы стимулдың 



ҚОзҒ

ҚОзУ

321

берілген органға тән абсолюттік қо- 

зу табалдырығынан асып түсетін бел- 

гілі бір қарқындылығында ғана пай- 

да  болады.  Қ.-дың  негізінде  физи- 

калық-химиялық процестер жатады; 

қозуға қабаттасатын жасушалық дең- 

гейде де, сондай-ақ жануар мен адам 

денесінің бетінен де тіркеуге келетін 

биоэлектрлік  құбылыстар  да  осы 

процестермен байланысты. Қ-дың та- 

ралу әдістері жүйке жүйесінің ныса- 

нына  байланысты:  ең  қарапайым 

(диффузиялық)  жүйке  жүйесінде 

белсенділік  әртүрлі  бағыттарда  бір- 

келкі өтіп, біртіндеп өшеді.

Эволюция барысында жүйке жүйесі- 

нің  күрделіленуімен  қатар,  қозудың 

берілу  әдістері  де  жетілдірілді,  бұ- 

лар арқылы осы процесс жолдың ая- 

ғына дейін қандай да болсын бәсен- 

деусіз таралады; осының өзі қозудың 

тұтастай организмге реттеуші функ- 

цияны  іске  асыруына  мүмкіндік 

береді. Қ. процесі тежелумен бірге жо- 

ғары жүйке қызметінің негізін құрай- 

ды.  Олардың  динамикасы  ең  күрде- 

лісіне  дейін  барлық  мінез-құлық 

актілеріне әсер етеді, ал олардың ин- 

дивидуумдық ерекшеліктері жоғары 

жүйке  қызметінің  типін  анықтайды. 

Қозу  табалдырығы –  нейронды  қоз- 

дыратын стимулдың минималды энер- 

гиясы. Психологиялық сезгіштік та- 

балдырықтары тек статистикалык өң- 

деумен ғана анықталады.



ҚОЖАХМЕТОВ  СҰЛТАНБЕК 

(1912-1945)  –  Ұлы  Отан  соғысына 

дейінгі  кезеңде  Қазақстанда  педаго- 

гика, психология ғылымдарын жұрт- 

шылыққа кеңінен насихаттаушылар- 

дың  алдыңғы  қатарында  жүрген  ға- 

лымдардың  бірі.  Ол  Көкшетау  об- 

лысындағы  қазақ  ауылдарының  бі- 

рінде шаруа отбасында дүниеге кел- 

ген.  Ресей  қалаларында  оқып,  білім 

алған.  Ол  1937-38  жылдары  Қазақ 

мемлекеттік университетінде педаго- 

гика  теориясы  мен  тарихынан,  пси- 

хологиядан сабақ береді.

1938  жылы  Абай  атындағы  Қазақ 

педагогика  институтына  ауысады, 

мұнда  да  аталмыш  пәндерден  дәріс 

оқиды. Мұғалімдік қызметімен қоса 

Қазақ КСР Оқу халық комиссариаты- 

на  қарасты  мектеп  Ғылыми-зерттеу 

институтында  педагогика  бөлімінің 

меңгерушісі  болып  қызмет  істейді. 

Ұлы отан  соғысына  қатысып, сонда 

ерлікпен қаза табады. С.Қожахметов – 

педагогика ғылымы саласында дидак- 

тика теориясынан қазақ тілінде алғаш 

диссертация қорғаған қазақ зиялыла- 

рының бірі (1939), кейіннен оны «Пе- 

дагогика  мәселелері»  деген  атпен 

жеке кітап (1940) етіп шығарды. Мұн- 

да шәкірт меңгеретін білімнің сана- 

лылығы  мен  жинақтылығының  өл- 

шемдері  баланың  өз  бетімен  кітап 

оқу  дағдысын  қалыптастыру  мәсе- 

лелері,  оқушының  эстетикалық  (сұ- 

лулық)  талғамдарын  дамытып,  қа- 

лыптастыру,  оның  алған  білімі  мен 

дағды, іскерлігін бағалай білудің ғы- 

лыми негіздері қарастырылады. Мы- 

салы:  «Түйсіксіз  білімнің  тиянақты 

болмайтындығы жұрттың бәріне мә- 

лім. Түйсік субъектив пен объектив- 

тің қолма-қол туралай байланысы. Біз 

түйсік  арқылы  ғана  барлық  заттар 

туралы және олардың процесі жөнін- 

де  ұғым  ала  аламыз.  Түйсік  барлық 

ғылыми  түсініктің  және  ұғымның 

негізі. Міне, сондықтан білімді тия- 

ҚОЖА

ҚОЖА


322

нақты ету үшін ең алдымен балалар- 

дың түсінуі, ұғымы анық және берік 

болуын қамтамасыз ету керек.

Ал, түйсіктің анық және берік болуы 

үшін  сезім  мүшелерін  сергек  етуге 

тырысу  керек.  Қабылдау  –  өмір  та- 

нудың екінші сатысы, құбылысты тұ- 

тасынан  ұғу.  Бірақ  түйсік  пен  қа- 

былдау бірімен-бірі өзара тығыз бай- 

ланысты,  арасында  алшақтық  жоқ. 

Қабылдаудың  ашық  айқын  болуына 

сол заттың мағынасы, мазмұны және 

сол  затты  түсіну  үлкен  әсер  етеді. 

Мағынасы  түсінікті  болған  нәрсені 

терең  қабылдаймыз.  Оқушылардың 

білімі  тиянақты  болу  үшін  олардың 

қабылдауының  берік  және  айқын 

болуына  ерекше  көңіл  бөлу  керек. 

Оқытушының  сөзін,  ұғындыруын 

балалар айқын қабылдамаса, олар ма- 

териалды терең есте қалдыра алмай- 

ды,  сондықтан  дұрыс  жауап  бере 

алмайды.  Олай  болса  білімді  берік 

ету үшін сабақ үстінде барлық сезім 

мүшелерін қатыстыру керек.

Психологияның  мәліметтеріне  қара- 

ғанда, оқушы бүкіл сөйлемді тұтасы- 

мен қабылдайды. Жақсы оқушы сөй- 

лемнің мазмұнына, сөз құрылысына 

қарап тез түсінеді. Ол кейде, тек осы 

жолда жазылған сөздердің ғана емес, 

бұл  жолдың  жоғарысында  қандай 

сөздер  бар,  төменгі  жолда  қандай 

сөздер болуы керек екенін де түсініп 

алады.  Олай  болса,  жақсы  оқи  бі- 

лушілік  кітапты  пайдалану  ісінде 

шешуші рөл атқарады.

Біздің сезім мүшелерімізге әсер ете- 

тін құрылыстар біздің миымызға өзі- 

нің  белгілі  ізін  қалдырады,  сондық- 

тан біз оны екніші рет сезіне танимыз. 

Маңайдағы құбылыстар біздің миы- 

мызға белгілі ізін қалдырғандықтан, 

біз  ол  құбылыстарды  қазір  көріп 

тұрмасақ та есімізге аламыз, көз ал- 

дымызға  елестетеміз.  Адамның  бұл 

сияқты тамаша қасиеті ес процесіне 

жатады. Ал ес деп біздің тәжірибеміз- 

де  кездескенді  ойда  толық  тануды 

және білгенімізді іс жүзінде қолдану- 

ды айтады. Ес адам тұрмысында өте 

үлкен маңыз алады. Егер ес болмаса 

біз көрген, білген, оқыған естігеніміз- 

ді миымызға ұстап қала алмас едік» – 

дейді. Мәселен, осы кітаптың «Эсте- 

тикалық тәрбие» атты тарауында ға- 

лым былайша ой толғайды: «...Эсте- 

тикалық  тәрбиенің  ең  бірінші  мақ- 

саты    оқушылардың  сезім  мүше- 

лерін тәрбиелеп, дамыту және олар- 

дың қабілеттілігін күшейту... Тамаша 

көркемдікті, сұлулықты байқау үшін 

оны көре және есіте білу керек». Бұл 

жерде автор сұлулық, көркемдік тәр- 

бие  үшін  шәкірттің  сыртқы  бес  се- 

зім мүшесі (көз, құлақ, иіс, дәм, си- 

пай  сезу)  ойдағыдай  жетіліп,  дені 

сау  болуына  ерекше  көңіл  бөлу  қа- 

жеттігін, ата-ана мен тәлімгерлердің 

есіне салады.

С.Қожахметов көркемдік, әсемдік тәр- 

биесі  тек  сыртқы  сезімдер  арқылы 

адам жанын рахат пен ләззатқа бөлей 

алатындығын, бұл үшін шәкірттің ой- 

лау, қиял сияқты қуаттарын да дамыту 

қажеттігін былайша тұжырымдайды: 

«Ойлампаздық қасиеті өсіп-жетілме- 

ген адамның тамаша, сұлу көркем зат- 

тарды қабылдауы нашар болады. Эс- 

тетикалық көркемдікке шаттанудың, 

рухтанудың  жоғарғы  түрі  адамның 

ақыл-ойының дамуымен байланысты».

Педагогикалық және психологиялық 

мәселелерді  талдағанда  автор  жеке- 

леген  тәлім-тәрбиелік  тақырыптар- 

ды өрісі тар өткінші нұсқау, жарлық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет