Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет46/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90

ҚАзАҚСТАНДАҒЫ  ҰЛТТЫҚ 

ПСИХОЛОГИЯ  ОРТАЛЫҒЫ. 

Академик  Т.Т.Тәжібаев  атындағы 

этнопедагогика мен этнопсихология- 

ны оқыту және зерттеу орталығы 1998 

жылы  құрылған  ұлт  психологиясы- 

ның мәселелерін зерттейтін Қазақстан- 

дағы  ғылыми  мекеме.  1991  жылы 

құрылған Алматы облыстық «Ұлттық 

тәлім-тәрбие» қауымдастығының заң- 

ды  мұрагері.  Ол  халқымыздың  ұлт- 

тық психологиясының қалыптасу жә- 

не даму жолын зерттейтін бірден-бір 

ғылыми  мекеме.  Оның  «Мектептегі 

психология»  атты  басылымы  ай  са- 

йын шығып тұрады.

Орталық  Қазақстандық  ұлттық  пси- 

хология  мен  педагогиканың  өзекті 

мәселелерін  зерттеумен  айналыса- 

ды, республика көлемінде, сондай-ақ 

Орталық  Азия  аймағындағы  халық- 

тардың осы саладағы ғылыми зерттеу- 

лерін үйлестіруге жәрдемдеседі. Ор- 

та  арнаулы  оқу  орындары  мен  жо- 

ғары  мектепке  арналған  оқулық- 

тармен  оқу  құралдарын,  бағдарла- 

малар шығарады. Еліміздің бірнеше 

университеттерінде  оның  филиал- 

дары бар. Орталық жанында жалпы- 

қалалық әдіснамалық ғылыми семи- 

нар  жұмыс  істейді.  Мұнда  жыл  са- 

йын республикалық, аймақтық, халық- 

аралық  теориялық  конференциялар 

ұйымдастырады,  «Этнопсихология 

және  этнопеда-гогика»  атты  серия- 

лық ғылыми жинақтар шығарды, қа- 

зірде оның 20 томы жарық көрді.

Орталықта «Ұлттық және жалпы адам- 

заттық  мәдениеттің  субъекті  болып 

табылатын ұлттық тұлғаның қалып- 

тасу  жолдары»  атты  тұжырымдама 

жасалынып,  ол  ғылыми  айналысқа 

түскен. Оның нәтижелері қазақ этно- 

психологиясы  мен  этнопедагогика- 

сының  теориялық-әдіснамалық  не- 

гіздерін жасау ісі жүргізілуде. Ғылы- 

ми  орталықтың  жұмысына  жоғары 

оқу  орындарының  ғалымдары,  оқы- 

тушылары  мен  мектеп  мұғалімдері, 

білім  беру  саласының  өкілдері  қа- 

тысады.


ҚАзАҚ

ҚАзАҚ

310

ҚАзДАУЫСТЫ  ҚАзЫБЕК  ӘЛІ- 

БЕКҰЛЫ (1667-1764). Орта жүздің 

биі. Оның толғауларында қазақ пси- 

хологиясына қатысты көптеген мәсе- 

лелер  сөз  болады.  Мәселен,  ол  жас 

ұрпақтың  тегіне,  тұқымына  тартып 

туатынын сөз етеді, («Бір бала бар – 

атаға жете туады, бір бала бар – ата- 

дан өте туады, бір бала бар – кері ке- 

те  туады»,  «Атадан  жақсы  ұл  туса, 

ерінің туы болады, Атадан жаман ұл 

туса, көшінің ең соңы болады» т.б.).

Ол халқымыздың ағайын-тума, жек- 

жат-жұрағат  қарым-қатынастарына 

байланысты  терең  түйіндер  айтқан 

(«Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы 

болса,  апайың  жақын,  Бауырмал 

болса,  інің  жақын,  Инабатты  болса, 

келінің жақын, Алдыңа тартқан адал 

асын,  Қимас  жақын  –  қарындасың, 

Сыбайлас  болса,  нағашың  жақын, 

Адал болса, досың жақын» т.б.). Ор- 

та жүздің ұлы биі отансүйгіштік, пат- 

риотизм  мәселелеріне  ерекше  көңіл 

бөлген («Алтын ұяң – Отан қымбат, 

Құт  берекең  –  атаң  қымбат,  Туып 

өскен елің қымбат, Кіндік кескен же- 

рің  қымбат,  Ұят  пенен  ар  қымбат» 

т.б.). Қазыбек бидің 15 жасында Қал- 

мақ  еліне  барғанда  айтқан  отансүй- 

гіштік сөзінің өзі қазіргі біздерді қай- 

ран қалдырады («Сен қалмақ болсаң, 

біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, Сен 

темір болсаң, біз балқытқалы келген- 

біз, Қазақ-қалмақ баласы табысқалы 

келгенбіз,  Танымайтын  жат  елге  та- 

нысқалы келгенбіз...Сен қабылан бол- 

саң,  біз  арыстан,  алысқалы  келген- 

біз, Берсең жөндеп бітіміңді айт, Бер- 

месең  дірілдемей  жөніңді  айт,  Не 

тұрысатын жеріңді айт т.б.).



ҚАЙТА  ЖАҢҒЫРТУ  –  (бейнелеу, 

елестету, еске түсіру)

1)  қайта  жаңғырту  еріксіз  және  ар- 

найы  болып  екіге  бөлінеді.  Еріксіз 

қайта  жаңғырту  –  мақсатсыз.  Мыс., 

музыканттың белгілі ән-күйлерді күн- 

де орындауы. Арнайы қайта жаңғыр- 

туда белгілі мақсат болады. Оған адам 

өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы 

әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қа- 

былдағандарын  қайта  жаңғыртып, 

жүзеге  асырады.  Жаңғырту  бейне 

түрінде де болады. Бұрын қабылдан- 

ған нәрселер мен қазір жоқ көрініс- 

тің  бейнесі  еске  түседі.  Соған  орай 

көрген  нәрсенің  бейнесі  көзге  елес- 

тейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құ- 

лаққа келеді. Қабылдау үрдісіне бір- 

неше  талдағыштар  қатысады.  Елес- 

теулерді  сөзбен  айтып  та,  пікірлер 

мен  ой  қорытындылары  арқылы  да 

тудыруға болады.

2) Елестету ес үрдісі. Біз бұрын қа- 

былдаған, ал қазір оймен қайта жаң- 

ғыртып  отырған  заттар  мен  құбы- 

лыстардың бейнесі елес деп аталады. 

Елестетулер жалқы және жалпы си- 

патта  да  болады.  Бір  ғана  нәрсені 

елестету – жалқы, ал жалпы елесте- 

ту  –  тектес,  ұқсас  нәрселерді  жеке- 

жеке  қабылдау  нәтижесінде  пайда 

болатын бейнелер. Жалпы елестету- 

лердің тұрақтылығы, анықтығы жал- 

қы елестетулерге қарағанда, солғын, 

көмескі болады.

Адамның тікелей сезімдік танып бі- 

луі  мен  абстрактілі  ойлау  арқылы 

танымы арасындағы жалғастырушы 

көпір – елес деуге болады. Өйткені, 

елес ойлау әрекетінде нәрселер мен 

құбылыстардың  сан  алуан  қасиет-

белгілерінен  елестеген  жалқы  нәр- 

сенің  қасиет  ерекшеліктерін  ғана 

жалпылап тануға бейімдеп отырады. 

Қайталау – қандай да бір материал- 



ҚАзД

ҚАЙТ

311

ды  есте  сақтау  немесе  жаттап  алу 

мақсатымен  бірнеше  рет  пысықтау. 

Есте  сақтауға  арналған  тәсілдердің 

жетекші  орындағысы  ретінде  пай- 

даланылады.



ҚАЙТА  ЖАСАУ  ҚИЯЛЫ  –  бұл 

біреудің  жазған-сызғанына  қарап 

адамның  соны  өңдеп,  толықтырып, 

қиялында  жаңғыртуы.  Қ.ж.қ.  арқы- 

лы  адам  шындыққа  сай,  дұрыс  бей- 

нелейді. Бұл үшін түрлі сипаттау, кес- 

те  сызықтарын  дұрыс  түсіне  білу- 

мен  қатар,  адамда  өмірден  алынған 

көрнекті  бейнелердің  жеткілікті  қо- 

ры  болуы  қажет.  Қ.ж.қ.  тәрбиелеу- 

дің басты жолы – көркем әдебиеттер- 

ді  оқу.  Бірақ,  тек  оқи  бергенмен 

қиял өспейді. Мәселен, үстіртін, тек 

«қызық»  жерін  теріп  оқудан  қиял 

дамымайды.  Қиялды  өсіру  үшін  кі- 

тап  мазмұнын  ойға  түйіп,  оны  көр- 

гендей, естігендей болып отыру қажет. 

Мәселен,  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай» 

романын қиялы бай адам оқитын бол- 

са, ондағы кейіпкерлер мен түрлі оқи- 

ғалар оның көз алдында елестеп, гал- 

лереядағы  суреттей  жайнап  тұрады. 

Бұл – қайта жасау қиялының көрінісі.

Мұндайда адам авторлардың сурет- 

теп жазғандарын көз алдында тұрған- 

дай  көріп,  тіпті  сөйлеген  сөздерін 

есіткендей  де  болады.  Өзін  роман- 

ның кейіпкерлерімен бірге жүргізіп, 

бірге тұрғандай сезінеді. Қ.ж.қ. өріс- 

тетіп,  тәрбиелеудің,  екінші  шарты, 

оның  тамаша  мектебі  географиялық 

карталарды  оқып  үйрену,  алда  көр- 

сетілген объектілердің (өзен-көл, жер 

атаулары, мелекет, қала атаулары т.б.) 

жер  шарының  қай  бөлігінде  орна- 

ласқанын бұлжытпай таба білуге ма- 

шықтану. Карта бетінде «саяхат» жа- 

сай  білу  адам  қиялына  планетаның 

түпкірөтүкпірлерін  елестете  алады, 

кісіге адам аяғы баспаған талай алыс 

жерлерді  «көргізіп»  қиялын  шарық- 

татып, ойлауын дамытып, түрлі кеңіс- 

тіктен бағыт-бағдар іздестіруге мүм- 

кіндік туғызады.



ҚАЙТА  ТӘРБИЕЛЕУ  –  баланың 

қоғам  нормалары  мен  талаптарына 

қайшы  келетін  кейбір  теріс  пиғыл- 

дарды  және  жат  қылықтарын  түзе- 

туге бағытталған педагогикалық ық- 

пал  ету  жүйесі;  жалпы  тәрбие  про- 

цесінің бір бөлігі. Қ.т. тәрбиеші мен 

тәрбиеленушінің  өзара  әрекеті  ре- 

тінде ұйымдастырылады. Қайта тәр- 

биелеудің  негізгі  мақсаты  –  деке 

адамды жөнге салу. Қ.т. – күрделі де 

ұзақ процесс. Тәрбие процесінің ба- 

рысында  түрлі  себептермен  кейде 

педагогикалық  мақсат  толығымен 

орындалмайды (ортаның теріс ықпа- 

лы, ата-ананың, педагогтардың қате- 

лігі,  тәрбие  жұмысының  нашарлы- 

ғы).  Осыған  байланысты  жас  өспі- 

рімдердің тәртібінде кейде нормадан 

ауытқулар  байқалады.  Дегенмен,  ол 

ауытқу  дағдыға  айналып,  қалыптас- 

паған. Мұндай жағдайда ол ауытқу- 

ларды  жалпы  тәрбие  жұмысының 

барысында тиісті ықпал ету тәсілде- 

рі арқылы түзетуге болады.

Ал,  уақытында  қолға  алынбаса,  ол 

ауытқулар тұрақты дағдыға айналуы 

мүмкін.  Бұл  жағдайда  Қ.т.  үшін 

дербес  міндет  қойып,  ерекше  шара- 

лар қолдану қажет. Қайта тәрбиелеу- 

дің  бірінші  талабы  –  балаға  теріс 

ықпал  етуші  жағдайды  өзгерту.  Ол 

үшін  отбасындағы  жағдайды  өзгер- 

ту  немесе  баланы  үй  жағдайынан 

мүлдем аулақтату қажет. Кейде оқу- 

ҚАЙТ

ҚАЙТ


312

шыны  басқа  сыныпқа  не  мектепке 

ауыстыруға  тура  келеді.  Жағдайды 

өзгертумен бірге қайта тәрбиеленуші- 

нің  сезімін  оятып,  жалпы  тәртібіне 

әсер ететіндей жұмыстар жүргізіледі. 

Педагог-тәрбиеші  баланың  құпия 

жатқан  сырын  ашып,  оның  көмескі 

қызықтайтыны не нәрсе екенін анық- 

тайды.  Оқшау  мінез,  дағдылардың 

қалай, неліктен пайда болғандығына 

көз  жеткізеді.  Қайта  тәрбиелдеуде 

сендіру  тәсілі,  ұжымның  үзілді-ке- 

сілді  талабы  және  т.б.  маңызды  рөл 

атқарады.  Осылай  ықпал  етудің  нә- 

тижесінде пайда болған ішкі өзгеріс 

қайта  тәрбиелеудің  бастамасы  бо- 

лып табылады. Кейінгі өзгерістер пе- 

дагогтардың,  ұжымның  қайта  тәр- 

биелеушіні қалай дұрыс бағытқа са- 

лып  еліктіріп  әкетуіне  байланысты. 

Тәрбиенің  нашарлығынан,  ортаның 

кері  ықпалынан  теріс  жолға  түскен 

адам  тәртібі  кейде  қоғам  мүддесіне 

қарсы сипат алады. Мұндай жағдай- 

да  ықтиярсыз  Қ.т.  жұмысы  жүргізі- 

ліп,  арнаулы  мекемелерде  педагоги- 

калық  ықпал  етудің  арнайы  шара- 

лары  қолданылып,  ерекше  педаго- 

гикалық режим жасалады.



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – бұл халқы- 

мыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Қа- 

зақтардың, – деп жазды, осы халық- 

тың  өмірін,  тұрмыс-салтын  алғаш 

зерттеушілердің  бірі  А.И.Левшин, 

(1799-1879) – басқа Азия халықтары- 

на қарағанда... қайырымдылық, адам- 

ды аяу, қарттарға құрмет көрсету, ба- 

ланы аялап, жанындай жақсы көруі – 

айрықша қасиеті». Біздер  «жылуы 

жоқ  үйден  без,  қайырымы  жоқ  би- 

ден без» деп, осынау қасиеттен жұр- 

дай  адамның  жұртқа  қадірі  болмай- 

тынын  бірден  кесіп  айтатын  халық- 

пыз. Адам өміріндегі ең игі істің бі- 

рі  қаріп-қасірге, кедей-кепшік, жар- 

лы-жақыбайларға  қамқорлық  жасау. 

«Құран кәрімде» де қайыр-садақа бе- 

ру  –  әр  адамның  мұсылмандық  па- 

рызы делінген. Қайырымдылық  кең 

мағыналы  ұғым.  Мәселен,  отбасын- 

дағы үлкеннің кішіге қамқорлығы, кі- 

шінің үлкенге ізеті, баланың ата-ана- 

ға,  әке-шешенің  бала-шағасына  ме- 

йір-шапағаты, ұл мен қыздың ер жет- 

кен  соң  еліне  қызмет  етуі    қайы- 

рымдылықтың түрлі көріністері мен 

қайнар  көздері.  Халқымыз  өз  ұрпа- 

ғына осы қастерлі қасиетті ес біліп, 

етек  жаба  бастаған  кезден  үйретіп, 

мұны тұрмыстық салтқа, адамгерші- 

лік  дәстүрге  айналдырып  отырған. 

Халық  «бір  үйлі  жансың,  бір-біріңе 

меймансың», «бір-біріңді сыйласаң – 

жан  семіреді»    деп,  қайырымды- 

лық  қасиетті  ұрпағына  мирас  етіп, 

ерекше  қадір  тұтып,  қастерлеп  кел- 

генін біздер еш уақытта естен шығар- 

мауымыз қажет.

ҚАРАПАЙЫМ  ЭМОЦИЯЛАР  – 

адамның  көбінесе  органикалық  қа- 

жеттерінің  орындалуына  байланыс- 

ты туындайды. Мысалы, күрделі түр- 

леріне: көңіл, аффект, құмарлық эмо- 

циялары  кіреді.  Айтылған  эмоция- 

лардың  барлығына  ортақ  басты  бір 

ерекшелік – оларда сан алуан мәнер- 

лі қозғалыстардың болып отыратын- 

дығы.  Ч.  Дарвин  осы  күнгі  адамда 

байқалатын мәнерлі қозғалыстардың 

біразы  біздің  ерте  кездегі  ата-баба- 

ларымыздың тіршілігінде елеулі орын 

алған  әрекеттің  қалдығы  екендігін 



ҚАЙЫ

ҚАРА

313

айтады.  Мәселен,  қатты  ашу  керне- 

ген  адам  кейде  жұдырығын  түйіп 

тістенеді,  қабағын  түйіп  булығады, 

демін әзер алып, танауы делдиіп ке- 

теді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осын- 

дай  мәнерлі  қозғалыстардың  әрқай- 

сысының  өзінше  шығу  тарихы  бар. 

Жоғарыда келтірілген мысалдан жа- 

уымен  (жабайы  аңдармен)  айқасқа 

түсейін  деп  тұрған  адамның  келбе- 

тін, даярлық белгісін байқауға бола- 

ды. Ертедегі адамдар жабайы аңдар- 

мен арпалысқа түсердің алдында де- 

несін соған бейімдеп алып, сонан ке- 

йін айқасатын болған.

Қазіргі адамдар үшін мұндай көрініс- 

тер дөрекі, ебдейсіз қимылдар болып 

танылады.  Мұндай  ебдейсіз  қимыл- 

дар  мәдениетті  адамның  қылығына 

ешбір  сыйымсыз  сипат.  Бұған  көбі- 

несе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар 

бір табан жақын тұрады.

ҚАРАПАЙЫМ  ЭТНИКАЛЫҚ 

БІРЛІК.  Негізгі  этникалық  қауым- 

дастықтың  ең  кіші  құрамдас  бөлік- 

тері. Бұларға шағын этникалық топ- 

тар, әртүрлі деңгейдегі (толық, толық 

емес) отбасылары жатады. Этнопси- 

хологиялық  зерттеулерде  Қ.э.б.  нақ- 

ты объект ретінде қарастырылады.

ҚАРАШЕВ  ҒҰМАР  (1876-1921)  – 

қазақтың рухани мұрасының дамуы- 

на  елеулі  үлес  қосқан,  педагогика, 

психология  ғылымдары  саласында 

сындарлы ой-пікір айтқан ғұлама тә- 

лімгер ақын, кезінде ишан, ақын, қа- 

зы атанғанымен, өмірінің соңғы жыл- 

дарында ол ағартушылық жолға түсе- 

ді. Оның демократиялық көзқарасы- 

ның  қалыптасуына  1905-1907  жыл- 

дардағы бірінші орыс буржуазиялық 

төңкерісінің,  сондай-ақ  орыс,  қазақ 

ағартушы-демократтарының идеяла- 

ры елеулі әсер етеді.

1910-1918  жылдары  Ғ.Қарашевтың 

«Ойға  келген  пікірлерім»,  «Өрнек», 

«Қарлығаш», «Тұмыш», «Балатұлпар», 

«Аға тұлпар», «Көксілдер», «Шайыр», 

«Бөдел  қажы»,  «Тұрымтай»,  т.б.  кі- 

таптары,  өлең-жырлары  Орынбор, 

Уфа, Қазан қалаларында татар, қазақ 

тілдерінде басылып шықты.

Ғ.Қарашев тіл үйрену, білім алу мә- 

селелеріне ерекше маңыз береді. Бұл 

жайында  ақын  пікірлерін  қысқа  да 

нұсқа афоризм түрінде келтіріп оты- 

рады. Олар: Тіл – көңілдің ашқышы, 

Көңіл  –  жарық,  жан  –  қиял,  Бі- 

лім – бақтық, Қараңғыда жол қия, т.б.

1919  жылы  Орда  қаласында  «Мұға- 

лім» журналы шыға бастағаны белгі- 

лі. Оны шығарушылардың бірі және 

әдеби  редакторы  Ғ.Қарашев  болды. 

«Мұғалімнің» бірнеше нөмірінде оның 

«Педагогика»  атты  еңбегі  басылды.  

Ол тәлім-тәрбие мәселесін өз ұғымын- 

ша  қалай  болса  солай  жаза  салмай- 

ды.  Ескі  заманда  педагогикалық  пі- 

кірлер айтқан түрлі ойшылдарға (Арис- 

тотелъ,  Сократ  т.б.)  назар  аударып, 

олардың еңбектерін екшеп, талдап жи- 

нақтайды.  Оның  педагогикалық  қи- 

сындары Сократтан гөрі Аристотель- 

ге  көбірек  жанасады  дейтін  пікірі 

талас тудырмайды.

Ол  адамның  мінез-құлқын  қалып- 

тастыруда  еңбектің  маңызына  ерек- 

ше мән береді, кімде-кім өзінің міне- 

зі және істейтін жұмысы туралы ыл- 

ғи  да  ойланбай  тұра  алмайды,  адам 

іс-әрекет үстінде өсіп-жетіледі, мінез-

құлықты  дұрыс  қалыптастыру  үшін 



ҚАРА

ҚАРА

314

жалаң  ой  мен  жел  сөзден  аулақ  бо- 

лып, бала тәрбиелеу ісіне ерекше кө- 

ңіл аудара қарап, ақтара тексеріп оты- 

ру қажет, «ата-ана бала мінезін жақ- 

сы жолға салуда, кей нәрсенің себе- 

бін түсіндіріп, ерте бастан мынау жақ- 

сы,  мынаны  істеуге  болмайды  деп 

үйретуі тиіс» дейді. Баланың ақылы 

бірте-бірте өспекші, міне осы мезгіл- 

де оған жолбасшылық ету тәрбиенің 

басты  бір  шарты.  Үйретудің,  жол 

көрсетудің  қай  орында  тұрғандығы 

осыдан көрінсе керек.

Балаға ұрсу, жекіру жолымен үгіттеу- 

дің пайда бермейтіндігін айта келіп: 

«Бала өзіне жаза күтіп тұрған кезін- 

де, иә болмаса жаза тартып болысы- 

мен  үгіттеуден  сақтану  керек.  Мұн- 

дай  кезде  берілген  үгіттің  тудыра- 

тын  әсері  жақсы  сөзден  жиренуден 

басқа ештеңе емес!» – деп мәселенің 

психологиялық астарына үңіледі.

Ғ.Қарашев жас ұрпаққа тәлім-тәрбие 

беруде  мұғалім  негізгі  тұлға  екенін 

әр кез естен шығармайды. Ол мұғалім- 

ге  қойылатын  талап-тілекке  оқыту, 

үйрету,  тәрбиелеу  ісіне  жеңіл-желпі 

қарамай,  оған  аса  жауаптылық  пен 

тиянақтылық керек екенін ескертеді. 

«Жансыз түсіндіру, – дейді ол, – тың- 

дауға тартымсыз және де естуге ауыр 

болудың үстіне тез ұмытылатын бо- 

лады. ...Мұғалім болған адамның шә- 

кірттері риза боларлықтай мінезі, олар- 

ды  толық  қанағаттандырарлықтай 

білімі болуы керек. Ондай білімі жоқ 

ұстаздан шәкірт тәлім көре алмайды. 

Мұны мықтап есте ұстау керек. Шә- 

кірт  өзі  жан-тәнімен  сүйген  мұға- 

лімінен ғана тиянақты білім ала ала- 

ды», – деп өз ойын тұжырымдайды. 

Ғ.Қарашев баланың үйдегі тәлім-тәр- 

биесіне де ерекше мән береді. Тәлім-

тәрбие ісі әулеттің ортақ мүддесі екен- 

дігін  айтады.  Сондай-ақ,  іскерлігі 

мол  адамдардың  да  өнеге  үлгісінің 

үлкен маңызы бар. «Бір адам өзінің 

жағымсыз  мінез-құлықтарын  түзе- 

тетін болса, – дейді ол, – мұның әсері 

тіпті семьясынан да асып, туысқан ұр- 

пақтарына, онан да кеңейіп отандас- 

тарына да жұғады».

ҚАРТАЮ  –  организм  мен  психи- 

каның инновациялық өзгерістері (да- 

мудың тежеліп, кері жүруі). Қарттық 

шақта (75-90 жас) денсаулықтың өр- 

шіген  әлсіреуі,  физикалық  күштің 

сөнуі,  жаңғалақтық  пен  ұмытшақ- 

тық пайда болып, басқа да жағымсыз 

мінез бітістері күшейеді. Кейбір қарт- 

тарда авторитарлық (өзбеткейлік) кү- 

шейсе,  ал  басқаларында  ауыру  сал- 

дарынан  физикалық  жәрдемсіздік, 

сентималдылық  пайда  болады.  Егер 

адам  өзінің  өткен  өмірін  жағымды 

бағаласа, онда ол қанағаттылық сезі- 

мін, міндет пен парыздың орындал- 

ғандығы және өз тәжірибесімен бөлі- 

су сезімін бастан кешіреді.

Ал егер адам өз өткен өмірінде өзін-

өзі  жүзеге  асыра  алмаса,  қойылған 

мақсаттарға жете алмаса, сүрген өмір- 

дің пайдасыздығы, сезімі, күдер үзу 

пайда  болады.  Шығармашылық  ма- 

мандықтардағы адамдар қарттық шақ- 

та  да  жоғары  ақыл-ой  қабілеті  мен 

еңбек өнімділігін сақтай алады. Қарт- 

тық шақ – қоғамның өндірістік өмі- 

ріне тікелей қатысудан айырылумен 

байланысты өмірдің соңғы кезеңі. Қ. 

кезеңін  кемелдік  кезеңнен  бөлетін 

шекараны  хронологиялық  анықтау 

қарттық  белгісінің  пайда  болуында- 

ҚАРА

ҚАРТ


315

ғы жеке даралық айырмашылықтар- 

дың  көптігінен  әрқашан  расталмай- 

ды.  Бұл  белгілер  адам  организмінің 

функционалдық  мүмкіншіліктерінің 

біртіндеп  азаюынан  көрініс  табады. 

Денсаулықтың  үдеген  әлсіреуі  мен 

күштің  азаюынан  басқа,  қарттық 

шақ  психологиялық  өзгерістермен 

де сипатталады: мыс, ішкі өмірге ин- 

теллектуалдық және эмоциялық «ке- 

йіп»  өткен  өмірді  бағалау  мен  ма- 

ғынасын  түсінумен  байланысты  бо- 

латын бастан кешірулер.

Қарттық шақта қабылдау процестері 

мен қозғалыстық белсенділік біртін- 

деп  әлсіреуі  интеллект,  ес  және  т.б. 

психикалық функциялардағы бірмән- 

ді емес өзгерістерді суретімен үйле- 

седі. Қарттық шақты тек регрессивті 

процестермен  ғана  байланыстыру 

дұрыс  емес.  Бұл  шақтың  өзінің  же- 

тістіктері болады: адамда өмірлік да- 

налық, тұлғалық интеграция қалып- 

тасады.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС  –  біріккен  іс-

әрекет қажеттілігін туғызатын, адам- 

дар  арасындағы  байланыстың  да- 

муын орнататын күрделі көп жоспар- 

лы  үрдіс.  Адамдардың  танымдық 

хабарлар  алмасуы,  өзара  түсінісуі, 

бір-бірін  қабылдауы.  Қ.-қ.-тың  үш 

жағы  бар  –  интерактивті,  комму- 



никативті,  перцептивті.  Қ.-қ.  дең- 

гейлері  –  мезо,  макро,  микро,  стан- 

дартты, шаблонды, жабайы, рухани, 

іскер,  ойын,  т.б.  Қ.-қ.  түрлері  – 



әлеуметтік бағдарлаушы, жеке бас- 

тық  бағдарлаушы,  топтық,  топ- 

аралық және т.б.

Адамдар  арасындағы  Қ.-қ.  жасау  да 

аса  қажетті  шарттың  бірі  –  сөйлеу- 

шілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге, 

тыңдаушыларға  қалайда  жеткізіп, 

оларға  әсер  етуді  көздесе,  ал  тың- 

даушылардың  Қ.-қ.  орнатудағы  сөй- 

леуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғы- 

нып, оны іс жүзіне асыра білу мәде- 

ниеттілігіне  байланысты.  Бұл  жайт- 

тан біз Қ.-қ. жасаудың үнемі екіжақ- 

ты үрдіс екендігін түсінеміз. Арнайы 

жүргізілген  зерттеу  нәтижелері  бо- 

йынша адамдардың басым көпшілігі 

өзінің  70%  (уақытын  өзара  тілдесіп 

қарым-қатынас  жасауға  жұмсайды 

екен. Ал жетекші қызмет пен басшы- 

лық ететін адамдар өздерінің жұмыс 

мерзімінің  80%)  уақытын  осы  Қ.-қ. 

жасауға жұмсайды.

Тілдесу арқылы адамдар өзара Қ.-қ. 

жасап  біріне-бірі  білдірмек  болған 

ойын жеткізіп пікір алысады. Қатынас 

орнатудың нәтижесінде өзара ықпал 

етіп,  адамдардың  өмір  тәжірибесі, 

іс-әрекеті,  теориялық  ой-пайымда- 

ры  дамиды.  Қ.-қ.  орнатудың  тиімді 

болуы басқарушылар мен бағынушы- 

лар,  жетекшілер  мен  атқарушылар 

арасындағы  түсіністіктің  ереже-қа- 

ғидаларын  қалыптастырып,  әрбір 

іс-әрекеттің өнімді де, пайдалы да бо- 

лып бітуіне әсер етеді. Қ.-қ. орнату- 

дың бірнеше түрлері бар: ресми жә- 

не ресмисіз (бейресми). Ресми Қ.-қ. 

нақты  іске,  қызметке  байланысты 

тілдесулерде  адамның  шын  пиғы- 

лы мен сырын ашып көрсетеді. Ресми- 

сіз  қатынастардың  түрлері  адамдар 

арасындағы  достық,  сүйіспеншілік 

сезімдерге  негізделеді,  әріптестер 

арасындағы  шынайы  ниеттерді  де 

көрсетеді.  Шын  пиғылды  ресмисіз 

қатынас орнатудың өзіндік белгілері 

бар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет