11
есiлiп, Ахаңша көсiлiп бiр толғап бердi. Бұл – сөз өнерiнiң
басы, “əлiп-биi”. Өйткенi сөз өнерiнiң тек ұлттық қана
емес, күллi адамбаласылық ұлы проблемалары əдебиеттiң
болмыс-бiтiмiн
белгiлеумен ғана шектелмейдi, бұдан əрi
бiрiне-бiрi тұтасып, əдеби шығарманың сыры мен сипатын
парықтау, ақыр-аяғында əдеби дамудың мағынасы мен
мəнiн анықтау жатыр. Бұларды жүзеге асыру жолын “Сөз
өнерiнде” былай белгiлеймiз: əдебиеттiң теориялық
мəселелерiн бiрыңғай қисынға ғана айналдырып, оны
əлдебiр қасаң ереже, кейде тiптi қатал заң ретiнде ұсынбай,
теориялық толғамдарымызды жазушылық шеберлiк
мəселесiмен, қажет жағдайда қаламгерлiк өнердiң қиын
иiрiмдерiмен
ұштастыра,
көркем
творчествоның
психологиясымен байланыстыра жүйелеп
отыруымыз
керек.
Сәкен СЕЙФУЛЛИН:
...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде,
қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың
қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған
патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол
уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына
күш салып, тілмəш болып,
кейбірі арын сатып ұлықтық
іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет
қылды. Халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір
басын бəйгеге тікті.
Рәбиға СЫЗДЫҚОВА:
А. Байтұрсынов – араб графикасына негiзделген
қазақ жазуының реформаторы. Бұл жазу да үстiмiздегi
ғасырдың 10- ншы жылдарынан бастап 20-ншы
жылдардың соңына дейiн (латынға көшкенше) қазақ
12
мəдениетiне,
оқу-ағартуына
жақсы
қызмет
еттi.
Байтұрсынов жасаған жаңа жазу күнi бүгiнге дейiн
қолданыс тауып келедi: Қытай Халық Республикасы,
Ауғанстан, Иран сияқты елдердегi қазақ бауырластарымыз
сауаттарын
осы жазумен ашып, баспа дүниелерiн осы
графикамен шығарады. Шетелдiк бауырлас қазақтарға
арнап, осы күндерде өзiмiз шығаратын “Бiздiң Отан” атты
газетiмiз де Байтұрсынов реформалаған араб жазуын
пайдаланады, ол ұсынған емле ережелерiн ұстайды.
Зәки АХМЕТОВ:
Ахмет Байтұрсыновтың “Əдебиет танытқыш” атты
кiтабын алсақ, бұл еңбек Ахмет Байтұрсынов қазақ тiлi
ғылымының негiзiн салумен қатар, қазақ поэзиясының
теориялық мəселелерiн ғылыми тұрғыдан баяндауда да көп
жаңалық ашқанына дəлел бола алады. “Əдебиет
танытқышта”
негiзiнен поэтика, стилистика, өлең
құрылысына қатысты мəселелер көбiрек сөз болады. Автор
үлкен тiлшi-ғалым болғандықтан, оның қазақ поэзиясының
ерекшелiктерiн осы мəселелерге байланысты тексерiп
талдайтыны түсiнiктi. Автор поэзия тiлiнiң бейнелiлiгiн,
сөз қолдану тəсiлдерiн мұқият зерттеп теңеу, ауыстыру
(метафора), алмастыру (метонимия), шендестiру, арнау,
қайталақтау, дамыту, бүкпелеу секiлдi ұғымдарды əдеби
термин ретiнде қолданады. Сөйлемдердiң синтаксистiк топ
болып
бiрiгуiн оралым, қайшы оралым деген сияқты
түрлерiн ажыратып көрсетедi. Қазақ өлеңiнiң ырғақтық
құрылыс-жүйесiн айқындай бунақ, тармақ, шумақ
ұғымдарын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: