Зайырлылық дегеніміз



Дата16.11.2022
өлшемі16,49 Kb.
#50603

Зайырлылық дегеніміз — діннің мемлекеттен дербестігі. Зайырлылықтың конституциялық негіздері Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда қалыптаса бастаған. Оның теориялық алғышарты ағылшын философы Джон Локктың либералдық мемлекет идеясы болатын.
Қазіргі дамыған Батыс елдерінде зайырлылық қағидаты іске асып отыр. Зайырлылыққа теңдес секуляризация деген түсінік бар. Ресейде билікке келген большевиктер 1918 жылы өздерінің Декретімен шіркеуді мемлекеттен бөліп, оларға тиісті қаражат-мүлікті мемлекеттің қайтарымсыз жалға алу меншігіне айналдырды. Бұл зайырлылық емес, секуляризация еді (секуляризация [лат. saecularis] —саясаттың діннен азат етілуі деген мағынада).
Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының Конституциясында заң жүзінде бекітілген: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Әлемде зайырлы, теократиялық және атеистік принциптерді де ұстанатын мемлекеттер бар. Зайырлы мемлекеттерде дін мемлекеттен ажыратылған. Олардың көбі Батыс Еуропа елдері, айталық, АҚШ, Франция, Англия, Дания т.б. Теократиялық мемлекеттерге Сауд Аравиясы, Ватикан,
Иран т.б. жатады. (Теократия — гр. theos — құдай, kratos — билік — саяси билік шіркеу басшысының, дін басының қолы да шоғырланатын басқару түрі.)
Атеистік мемлекетке өткен тарихымыздан мысал келтірсек, Кеңес Одағы және оның құрамында болған Қазақ Советтік Социалистік Республикасында атеистік қоғам болды. (Атеизм (көне грекше: — «құдайдан ауытқу») дін атаулыны жоққа шығару). Атеистік мемлекетке социалистік қоғамда күн кешіп жатқан Солтүстік Кореяны жатқызуға болады (халықтың 68% — атеистер, елде діни тәрбие жоқ).
Тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытта діннің қоғам өміріне қайта оралуына байланысты елімізде атеистік көзқарас мемлекеттік мәртебесінен айрылды. Егеменді қазақ елі — зайырлы мемлекет.
Тәуелсіздік әр адамның еркіндігі, бостандығы. Тәуелсіздік адамның діни сеніміне, бостандығына еркіндік береді. Бұл қағида Ата Заңымыздың 22-бабының тармақтарында белгіленген:

  1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.

  2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

Қазақстан халқы — зайырлы мемлекеттің азаматтары. Президент Н.Назарбаев 2014 жылғы 18 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінде былай деген:
«Мемлекеттің зайырлылығы Қазақстанда бар барлық діндердің ұлы рухани мұраларына құрмет көрсетуден, әркімнің таңдау еркіндігінен арқаулық табады. Конфессияаралық толеранттылықтың мұндай ахуалы, сірә, әлемде еш жерде жоқ. Сонымен бірге, біздің еліміз зайырлы және дін мемлекеттен бөлінген. Біз сондай-ақ діни ұрандар ұстанган экстремизмді, діни ілімдерді сырттан саясиландыруға деген талпыныстарды, біздің халқымызға біз үшін бөгде діни көзқарастар мен идеяларды күштеп таңуды барынша теріске шығарамыз.
Пайдаланылған әдебиет: Зайырлылық және дінтану негіздері: Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған оқулық / Ғ. Есім, Е.Смағұлов. — Алматы: «Білім», 2016- 270 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет