8
Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса,
үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.
Балаларға көп үйретем деп,
асығып шала-шарпы
үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал.
Бала бастауыш мектепте бар пəнді тек ана тілінде
ғана оқуы керек.
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста
сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
Сөз жазатын адам əрі жазушы, əрі
сыншы болуы
керек.
Жастардың оқу-тəрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі
түзелмейді.
Қандай
сəулетті
сарайлар
болсын,
қандай
сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай əдемі
əн-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге,
таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан
келмейді.
Біз əуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден
бастауымыз керек.
Жақсы əліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей
тігілген о
жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап,
солбырап, тұрған кең киім сияқты артық əріптері
9
көп əліпби де қолайсыз. Бойыңды қысып, тəніңді
құрыстырып тырыстырып тұрған тар киім сияқты
əрпі кем əліпби қолайсыз болады.
Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей,
сөздің
тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету
керек. Сөздің тұлға, мағына жағын тануға керегі
жоқ нəрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс.
Əліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына
арналған таңбалардың жұмағы.
Неғұрлым тіл
дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дəл
келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай
болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға
қолайлы болса, соғұрлым əліп-би жақсы болмақшы.
Тілдің міндеті –
ақылдың аңдауын аңдaғанынша,
қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін
түйгенінше айтуға жарау.
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын
қаруының бірі.
Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың
ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
Адамға тіл, құлақ қандай керек болса...
білім де
сондай керек.