Тараз 2022 ж Мазмұны Кіріспе.................................................................................................................. 3
Жамбыл облысы бойынша "Қызыл кітапқа" енгізілген ерекше өсімдіктер мен жануарлар дүниесі шолу................................................................................4
1.1. "Қызыл кітапқа" енген жануарлар әлемі............................................................4
1.2. "Қызыл кітапқа" енген өсімдіктер түрі...............................................................5
Жамбыл облысының экожүйелері.......................................................................6
2.1.Тараз қаласының топырақ экологиясы ...............................................................7
2.2. Тараз қаласындағы су экологиясының жағдайы..............................................8
Қорытынды...................................................................................................................9
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................10
Кіріспе Жамбыл облысы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Прездиумының Жарлығымен 1939 жылы 14 қазанда құрылды.Облыс Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігін алып жатыр. Жерінің көлемі 144,8 мың шаршы шақырымды қамтитын мұндай аумаққа Австрия ,Бельгия ,Голландия секілді Еуропаның белгілі үш мемлекеті еркін сыйып кетер еді.Облыстың құрамына Тараз,Қаратау, Шу, Жаңатас секілді 44 қала және Байзақ ,Жамбыл , Жуалы , Қордай , Меркі , Мойынқұм ,Тұрар Рысқұлов ,Сарысу ,Талас ,Шу секілді 10 әкімшілік аудан кіреді.
Жерінің басым бөлігі жазық болып келетiн Жамбыл облысы Оңтүстік Қазақстанның орта тұсына орналасқан. Шу өзенінің солтүстігінде әйгілі Бетпакдала шөлі бар. Мұндағы жазықтардың кей жерлерінде сирек жоталар немесе аласа жондар түріндегі қырқаларды кездестіруге болады. Шөлдің шығыс бөлiгiндегi ежелгi қырқалар жақсы сақталып, жазықтық бетiнен бiрнеше жүздеген метрге көтеріліп тұр. Шудың оңтүстігінде Мойынкум кұмдары орналаскан. Олар үш жағынан таулармен қоршалғанымен, үстем желдерге барынша ашык жатыр. Үздіксіз соғатын желдер түйенің мойнын елестететiн доға пiшiндi кұм жалдарын түзеді, осыған орай халык оны Мойынкұм атаған көрінеді. Жел ұшыратын кұмдар Мойынкұмның 10 пайызын кұрағанымен, оның қалған бөлігін өсімдіктер жамылғысы бекітіп тұрады.
Облыс аумағы үш жағынан таулармен коршалған. Өлкенің оңтүстік-батысында Қаратау жоталары, шығысында -Шу-Іле таулары орналасқан.
Облыс аумағынан 250-ден астам өзендер мен каналдар өтедi. Негiзгi өзендері Шу, Талас, Аса. Қалған өзендерi Қыргыз Алатауы мен Оңтүстік Қаратаудан бастау алып, төменгi бөлiкке жетпей, кұмдарға сіңіп немесе құрғап кетедi. Балкаш көлi облыстың солтустік-шығысын алып жатса, Аккөл Тұзкөл, Билікөл iрi көлдер қатарына кіреді. Талас өзені де - мол сулы өзендердiң бiрi. Ол Кыргызстан Республикасындағы Каракөл және Үш кара деген екі өзеннің қосылуынан пайда болған. Тараз қаласынан сәл төменiректе Талас өзенінен бiрқатар iрi және күшті тармақталған арықтар мен каналдар тартылып, солтүстікке қарай желпуіш түрінде таралған. Жуалы жерiндегi Теріс өзенi мен Талас Алатауынан кұйылатын Күркіреусу өзенінің бірігуінен түзiлген Аса өзені облыстары үшінші маңызды өзен болып саналады. Бұл тау өзендерi облысты ең шеткі шекарасындағы Қаратаудың оңтүстік шығыс жиегін кесіп өтетін тар шатқалда бiр-бiрiне қосылады. Шатқалдан кейiн Аса өзені солтүстігіндегі Билікөлге карай бұрылып, Талас ауданының шекарасына жетпей бiрқатар iрi және күшті тармақталған арықтар мен каналдар тартылып, солтүстікке қарай желпуіш түрінде таралған.