" коммерциялық емес акционерлік қОҒамы " Экология " кафедрасы


Жамбыл облысы бойынша "Қызыл кітапқа" енгізілген ерекше өсімдіктер мен жануарлар



бет2/3
Дата12.06.2022
өлшемі0,62 Mb.
#36730
1   2   3
Байланысты:
отчет

Жамбыл облысы бойынша "Қызыл кітапқа" енгізілген ерекше өсімдіктер мен жануарлар
1.1."Қызыл кітапқа" енген жануарлар әлемі
Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.
Қазақстанның аумағы кең және табиғи жағдайлар мен жануарлар дүниесінің ауқымы өте үлкен. Бірақ, өкінішке орай, браконьерлік және адамдардың тіршілік ету ортасындағы тым белсенділігінен көптеген жануар түрлері толықтай жойылу қатер ұшырады. Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына 40 жануар кірген. Солардың бірі - қызыл қасқыр.

1-сурет.Қызыл қасқыр
Қазақстан аумағында жойылып кеткен түр. Қызыл кітапқа енген бұл жыртқыш Тянь-Шань мен Алтайдың биік жоталарында тараған. Қызыл қасқыр негізінен таудың жоғарғы белдеуінің жартасты шатқалдарында, субальпі және альпі шалғындықтарда, сырттар, үстірт тәрізді таулы далалы және орманды учаскелерде, әсіресе теңіз деңгейінен 2500-4000 м биіктікте мекендейді. Қасқырдың бұл түрі барлық жерде өте сирек кездеседі. ХХ ғасырдың басында бірнеше рет Тарбағатай мен Жоңғар Алатауында табылған. Бірақ, соңғы 40 жылда республика аумағында осы жануардың бірде-бір кездесуі тіркелмеген.

2-сурет.Орман сусары
Жамбыл облысындағы аймақтарында орман сусары айтарлықтай сирек кездесетін түр емес, бірақ кейбір аудандарда саны азаюда. Олар тау беткейінен альпі аймағына дейінгі барлық биотоптарда кездеседі. Сондай-ақ, жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 200 бас шамасында деп есептелінеді.

3- сурет.Үнді жайрасы
Келесі бір жануар Үнді жайрасы аз зерттелген, сирек кездесетін түр. Үнді жайрасы Оңтүстік Маңғышлақта, Таласта, Қырғыз бен Іле Алатауында жәнеҚаратауда, Шу-Іле тауларында таралған. Қазақстанда олар теңіз деңгейінен 2000 метрден аспайтын биіктіктегі тау бөктерінде және аласа таулы аумақтардың қатты мезо-рельефті жерлерінде өмір сүруге бейімделген. Бұл түр барлық жерде өте сирек кездеседі, бірақ Қазақстанда бұрынғы саны туралы нақты деректер жоқ.
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілер. Республикамыздың Қызыл кітабына тіркелген омыртқасыз жануарлар (жәндіктер) туралы дерек жоқтың қасы. Табиғаттағы тіршілік иелерінің үлкен-кішісі болуға тиісті емес. Сондай-ақ омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы жануарлардың бірінсіз бірінің күні жоқ. Осы жайтты ескеріп, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілердің кейбір өкілдеріне тоқталған жөн.

4-сурет. Нәзікқұйрық инелік
Нәзікқұйрық инелік. Республикамызда Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында ғана тіршілік етеді. Бұл ерекше қорғауды қажет ететін жыртқыш жәндік. Өйткені ол басқа бунақденелілер мен масаны қорек етеді. Нәзікқұйрық инелік ғылымға тек 1979 жылы ғана белгілі болды. Толық зерттелген жоқ. Сондықтан нәзікқұйрық инеліктің тіршілігі туралы нақтылы дерек жоқ.

5-сурет.Ақтеңбіл дәуіт
Ақтеңбіл дәуіт(Богомол древесный). Бұл - Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген ең жалмауыз дәуіт. Ақтеңбіл дәуіттің (1-сурет) дернәсілі 85 күнде 147 жоңышқа бітесін, 41 жеміс шыбынын және 266 бөлме шыбыным қорек еткен. Жұмыртқадан жаңа ғана шыққан дернәсіл ересек күйге жеткенше 1 кг 300 грамға жуық бунақденелілерді жойған. Ал аналық дәуіттің қомағайлығы ерекше. Ол аталығын жеп, жұмыртқаларының дамуына қажетті нәруызды осылай толықтырады.
1.2. Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің түрлері
Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгiзiлген Талас кекіресі, Талас кайыны, Қаратау ақшешегі, Қаратау жыланбасы, Қаратау сетені, Каратау ырғайы, Қаратау ұшқаты (эндемик), Піскемі жуасы, тағы да басқалары өседі.Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы өсімдіктер дүниесінің алуан түрлiлiгiне жағдай жасайды. Жазықтар мен тау етегiндегi (800 м) шөлді сұр, қоңыр топыракты белдемді жусанды-соранды өсімдік жамылғысы алып жатыр. Такыр мен сортаң жерлерде өсетін сексеуіл тоғайлары, негізінен, жапырақсыз аласа кара сексеуілден тұрады. Сексеуілді тоғайлар арасында әр түрлі шөптесін өсімдіктер (жусан, күйреуік, изен, теріскен) көптеп өседі. Сұр топырақты тау беткейлерi мен өзен аңғарларындағы жусанды коңырбасты және бозды-бетегелі алқаптарда ак жусан, кара жусан, қонырбас, кылтық сыз арпабас, бетеге, боз, селеу, кеде, шабындык түлкi кұйрығы, жатаған бидайық кездеседі.

6-сурет.Талас кекіресі
Талас кекіресі-бұл күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы, бұлар бір жылдық та, екіжылдық та, көпжылдық та болып өседі. Кекіренің негізгі түрлері: көккекіре, қауырсын кекіре, шабындық кекіре, күрделі кекіре шілде-тамыз гүлдейді. Кекіренің кейбір түрлері әсемдік үшін өсіріледі. Әсемдікке өсірілетін кекіренің негізгі түрлері: көгілдіп кекіре , ащы кекіре(немесе кермек кекіре), шабындық кекіре — ұзындығы 1 м-ге дейін баратын көпжылдық шөптесін өсімдік. Көктемнің басынан күзге дейін гүлдеп тұрады. Балды көп беретін өсімдік. Қауырсын кекіре мен егістік кекіре де көпжылдық шөп өсімдігі. Бұлар жаздан бастап, күздің аяғына дейін гүлдеп тұрады. 

7-сурет.Қаратау ұшқаты 
Қаратау ұшқаты – ұшқаттар тұқымдасы, ұшқат туысына жататын сирек кездесетін реликт өсімдік.Ұшқат- бұта, жартылай бұта, кейде ағаш немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Ұшқаттар тұқымдасының жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, бөбе жапырақшасы ұсақ, тіпті жоқтың қасы. Гүлшоғырындағы гүлдері әр түрлі 5 мүшелі, қосжынысты. Күлтесі доңғалақша, табақша, қоңырауша, кейде түтікшеге ұқсас. 

8- сурет.Піскем жуасы
Піскем жуасы– амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын өсімдік. таралу аймағы қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Батыс Тянь-Шань эндемигі. Талас Алатауы (Кіші Ақсу, Үлкен Ақсу, Ақсу өзені аңғарларында) және Угам жотасында (Пияздысай өзені аңғары) кездеседі. Қазақстаннан тыс Өзбекстан мен Қырғызстанда таралған. Жартастар жарығында, шөгінді тастарда, малта тасты арналарда, теңіз деңгейінен 2400м биіктіктегі тасты баурайдың аршалы белдеуінде өседі. Ірі сабақты түр, пиязшығы үлкен, салмағы 70 грамға жетеді. Тағамдық және дәрілік шикізат ретінде қап-қап қылып жинаған. Қорықтар ұйымдастырғаннан кейін түр популяциялары қалпына келді. Мәдени түрде жақсы өседі, Қазақстан мен Өзбекстанның көптеген тұрғындары оны мәдени түрде бақшаларында өсіреді.Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады. Кездесетін барлық популяцияларын ерекше қорғауға алып, бақылау жасау керек, яғни түрді бұрынғы өскен жерінде қайта өсіру шараларын іске асыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет