Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, Төле би портреті, сыйлықтар.
Сабақ түрі: аралас сайыс сабақ
Сабақтың әдістері:сайысу, топпен жұмыс, дәлелдеу, ойлау, жапсырмалау,жүйелі сөйлеу.
Сабақтың өтілуі: (интерактивтік тақтадан көрсетіледі)
Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсатымыз:
Топпен шешім таба білу;
Жауабымызды толық әрі дұрыс шешендікпен дәлелдеу;
Шапшаң ойлап, тез жауап беру;
Түрлі тапсырмаларды түсініп, ереже бойынша орындау;
Логикалық тапсырманы тереңнен ойлау;
Барлық есептердің орындалуын есімізде сақтап қалу;
Бір-бірімізге сыйластықпен қарау;
Топтың ұйымшылдығын көрсету;
Бәріміз де қатысуға тырысу.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 10 оқушы қатысады. Ойын 8 айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер,
Өздеріңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
І -айналым «Бәйге»
ІІ -айналым «Ойлан тап»
ІІІ айналым «Айшықты сөздер»
ІV айналым «Суреттер сөйлейді»
V айналым «Кім жылдам»
VI айналым «Көрерменге базарлық»
VII айналым «Құпия сандық»
VIII айналым «Ұшқыр ой»
IX айналым
І -айналым «Бәйге»
Әр оқушыға 1 сұрақтан қойылады. 1 минут уақыт беріледі. 1 ұпай қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
1 — оқушы
Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2 — оқушы
Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
Достарыңызбен бөлісу: |