Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.
Дәрігер: Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді,
Өзім жақсы сүйемін.
«Дәрігермін» мен деймін,
Кәрі әжемді емдеймін.
«Көп – көп ішіп дәріні,
Кәрілікті жең» деймін.
Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған
Жүректе сыр жаттаған
Жан тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келеді
Инженер: Мен инженер боламын
Жерден алтын табамын
Жолын қуған әйгілі
Академик ағаның
Ақын: Ал мен ақын боламын
Сусылдаған қаламым
Адамдардың жүрегін
Жырмен жаулап аламын
4. Ойын: «Кім жылдам?»Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).
5. Ойын: «Қай мамандық иесі?» - Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (шаштараз)
- Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)
- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)
- Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Диқан)
ІІІ Қорытынды бөлім / тәрбие сағатын бекіту/
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
«Ұшқыр ой алаңы» 4 «В» сынып Жумашова Ш. А
2022-2023 оқу жылы Тақырыбы: Ұшқыр ой алаңы Мақсаты:— оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу;
математикалық тапсырмалар мен логикалық тапсырмалардың ерекшеліктерін бағдарлап,
мәдени түрде жауап беру, ой ұшқырлығы мен шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу.