23. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды оқыту технологиясы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



Дата24.05.2023
өлшемі18,65 Kb.
#96652

23. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды оқыту технологиясы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.Ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.
Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Білімгерлерге еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2. Ақпараттық мәдениет орталығы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Оқытушы ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы білім алушылармен байланысынжеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:
Коммуникация- ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық жән египер мәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.


Сәулелену поляризациясының жарықтың электромагниттік теориясы шеңберіндегі бейнеленуі.
Оптикалық сәулеленудің поляризациясы - оптикалық диапазондағы электромагниттік толқындардың көлденең анизотропиясын сипаттайтын оптикалық сәулеленудің физикалық сипаттамасы, яғни жарық сәулесіне перпендикуляр жазықтықта әртүрлі бағыттардың эквивалентсіздігі. Жарық сәулесінің көлденең анизотропиясының алғашқы белгілерін 1670 жылдары Роберт Гук, ал 1690 жылы Исландия шпаты кристалдарымен тәжірибе жасау кезінде X. Гюйгенс (Ч. Гюйгенс) алған. Оптикалық сәулеленудің поляризациясын түсіну үшін оның жарық интерференциясының әсерлеріндегі көрінісі және, атап айтқанда, өзара перпендикуляр поляризация жазықтықтары бар екі жарық сәулесінің тікелей кедергі жасамайтындығы маңызды мәнге ие болды.Оптикалық сәулеленудің поляризациясы 1865-73 жылдары Дж.К.Максвелл жасаған жарықтың электромагниттік теориясында табиғи түсіндірме тапты. 
Сәулеленуді толық сипаттау үшін бес тәуелсіз шаманы көрсету қажет: таралу бағыттары, тербеліс жиілігі (немесе спектрі), қарқындылық, тербеліс фазасы және поляризация. Поляризация - сәулеленудің маңызды сипаттамаларының бірі. Ол сәуленің таралу бағытына перпендикуляр жазықтықтағы жарық әсерінің анизотропиясын көрсетеді және сәуле шығаратын атомдар мен молекулалардың қасиеттері туралы бай мәліметтерді қамтиды. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет