Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп «Ана өмірдің шуағы» 4 «В» сынып


Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



бет4/13
Дата28.06.2023
өлшемі66,33 Kb.
#103620
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ана омирдин шуагы

Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп


«Ер есімі – ел есінде»
4 «В» сынып
Жумашова Ш. А
2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»


Мақсаты: 1. Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін,туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.


Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.


Көрнекілігі: Мәңгі алаудың макеті жасалып, гүл шоқтары қойылған, оның тұсына әсем безендірілген «Мұны ұмытуға болмайды» тақырыбы бойынша плакат ілінген. Онда ерлік жайында түрлі – түсті суреттер, буктемелер, мақал – мәтелдер ілінген.

«Батыр туса – ел ырысы,


Жаңбыр жауса – жер ырысы».

«Батыр – елдің сәулеті,


Бал құрақ – жердің сәулеті».

«Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі».


«Ер — елдің ық жағының қаласы,
Жел жағының панасы».

Барысы: Ұйымдастыру.


Кіріспе. Мұғалім сөзі.


Сабақтың тақырыбын хабарлап, жоспарымен таныстырып, мақсатын айту.


Еліміздің қорғаны, халқымыздың қалауы болып…

Биыл даңқты мереке жылы болып отыр, сондықтан да егемендік пен тәуелсіздік алып өркениетті демократиялық қоғам орнатуға батыл қадам басқан ұлттар мен ұлыстар мекендеген халқы бар, ынтымағы жарасқан, ой парасатты азаматтары бар, Қазақстан Республикасында, сондай – ақ Созақ ауданындағы бұл мейрамды терең жан толғанысымен, жүрек сыздауымен, мақтаныш сезіммен, қуаныш сезіммен атап өтпейтін бір де бір адам және отбасы жоқ.


Иә, Отан – ана өзінің 27 миллион ұлдары мен қыздарынан айырылды. Олар дала төсінің ерлері, инжинерлер мен ғалымдар, қысқасы адамдардың зор бақытын жасаушылары бола алатын еді. Өмір мен өлім арасында отты майдандарда қазақстандықтар, солардың ішінде өзіміздің осы Раң ата ауылының өрімдей азаматтары қыршын кетті. Зұлым жауға қарсы күреске 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысты.Олардың 200 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен награтталды. Ал, 500-і Кеңестер Одағының Батырлары атағына ие болды.


65 жыл толып отырған Жеңісті жақындатуға біздің ауылымыздың халқы да өзіндік үлес қосып, тарих шежіресінде өз іздерін қалдырды.


Қазіргі ұл қыздарымыздың қызығын көріп отырған ардақты ақ шашты әжелеріміз тылда еңбек етіп, соғысқа өз үлестерін қосты. Жауынгерлерді киіммен, азықпен, қарумен қамтамасыз етуде жанқиярлықпен үлестерін көрсетті.


Мінеки, бұл күндері соғыстың аяқталғанына 65 жыл уақыт өтті, бірақ соғыс әкелген қайғы мен азапты біздің халқымыз ешуақытта есінен шығармайды.
Аудан бойынша әлі де болса, санын анықтауды қажет ететін деректерге жүгінсек, 2000 – ға жуық жауынгер майдангерлердің елге оралмағаны, белгісіз кеткені байқалады. Оның ішінде біздің аталарымыз, туыс бауырларымыз бар екендігін естен шығармаймыз. Бұдан артық қайғы мен қасірет бар ма?

Құрметті балалар, келер ұрпақ! Енді соғыс өрті жанбасын, еліміз тыныш болып, бейбіт өмір сүрейік дей келе сендерді 9 – мамыр Жеңістің 65 жылдық мерекесімен құттықтаймын.


Ән: «Катюша»

9- оқушы: Оқ борады күні – түн,


Жапты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ Тоқтаров.
Туын жықпай қолдағы,
Өжет болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Ар намысын елінің.
10- оқушы: Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар тапталды.
Қасиетті жері үшін,
Қастерлеп батыр елі үшін.
Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Жаудың көзін жойды олар.

1 – оқушы: Даламыздың гүлісің,


Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан.
Сенің балғын бейнеңді,
Жасап қойдық мәрмәрден.

2-оқушы: Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін,


Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қыр қызы орындады берген антты,
Халқына адал болу ердің салты.
Елі үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді. Мәншүк аты.

3-оқушы: Бақыт деген келер дәйім күреспен,


Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.
Бақыт үшін арпалысты әкелер.

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.


4-оқушы: «Көк түтінге көмемін деп көгімді,


Ес жидырмай еземін», — деп елімді.
Келді фашист – жеңе алмады бірақ – та,
Бақыт үшін қаншама қан төгілді.
Көрші үйіне қара қағаз келіпті,
Қайран аға қан майданда өліпті.
Ерлігіне ескерткішті орнатып,
Жолдастары басына гүл қойыпты.

5-оқушы: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, ата – бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, әруақтарына бас иеміз.


6-оқушы: Ер есімі – ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер – азаматтар естен мәңгі шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.

Бастаушы: Халық тыныштық үшін, бақытты өмір үшін күресті. Сондықтан да, әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты.


Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген».


Ән: «Ана туралы баллада».


Бастаушы: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті. Кеңес халқының алдында, соғыс зардаптарын жою, экономика мен мәдениетті, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын ғылым мен техниканыдамыту міндеті тұрды.


Ән: «Қазағым менің!»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет