● Оймақтай ой Талпыныс тəжі – табандылық. Əбу Насыр Əл-фараби


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ



Pdf көрінісі
бет12/39
Дата01.01.2017
өлшемі5,72 Mb.
#889
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

2) мемлекеттік сатып алу саласындағы уəкілетті орган (бұдан əрі – уəкілетті орган) – мемлекеттік 

сатып алу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде 

ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу тəртібі 

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі ерекше жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге 

асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды екі жылдан аспайтын мерзімге белгілеуге құқылы. 

5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу мақ-

сат тары үшін ерекше жағдайларға, оның ішінде мыналар үшін шаралар қабылдау қажеттілігі жа тады: 

1) адам өмірін жəне денсаулығын сақтау; 

2) қоғамдық моральды жəне құқықтық тəртіпті қорғау;

3) қоршаған ортаны қорғау; 

4) жануарлар мен өсімдіктерді, мəдени құндылықтар мен мəдени мұраны қорғау; 

5) халықаралық міндеттемелерді орындау;

6) мүше мемлекеттің ұлттық қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

7) орны толмайтын табиғи ресурстардың сарқылуын болғызбау;

8)  халықаралық  төреліктің,  халықаралық  коммерциялық  төреліктің  жəне  шетелдік  сот 

органдарының шешімдерін орындау;

9)  тиісті  сатып  алу  рəсімін  өткізуге  қажетті  уақыттың  болмауына  байланысты  белгілі  бір 

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу;

10) техникалық тұрғыдан аса қауіпті, күрделі жəне бірегей объектілерді салу, реконструкциялау, 

күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды орындау. 

6. Мемлекеттік орган мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тас-

тауды белгілеу қажет болған жағдайда, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұлт тық 

режимнен алып тастауды белгілейтін қаулысының жобасын (бұдан əрі – қаулы жобасын) əзірлейді.

7. Əзірлеуші мемлекеттік орган əзірлеген қаулы жобасы Үкіметке енгізілгенге дейін, барлық 

мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін уəкілетті орган келіседі. 

8. Мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілейтін қаулы жобасын 

əзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізген 

жəне басқа мемлекеттік органдармен келіскен кезде мыналарды:

1) қаулы жобасын;

2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 

кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қажеттілігінің негіздемесін;

3) Заңда көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) 

туралы мəліметтерді;

4) егер мұндай қаулы жобасына қатысты реттеушілік əсерді талдау рəсімі көзделген болса, 

реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік əсерді талдау рəсімдерін сақтауы туралы уəкілетті 

органның қорытындысын қоса алғанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық 

режимнен  алып  тастауды  белгілеу  қажеттілігінің  негіздемесі  болуы  мүмкін  өзге  де  құжаттар 

(материалдар) мен мəліметтерді;

5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша қаулы жобасын қабылдау қажеттілігін 

негіздеу үшін ұсынылатын көрсеткіштер мен мəліметтердің тізбесін ұсынады.

9. Əзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін 

оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен 

бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде белгіленген тəртіппен Қазақстан 

Республикасының Үкіметіне енгізеді.



3. Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы хабарлау тəртібі

10. Уəкілетті орган күні бұрын, бірақ алып тастауды белгілеу туралы акт қабылданған күнге дейін 

күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей Еуразиялық экономикалық комиссияға жəне Еуразиялық 

экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің əрқайсысына хабарлама мен осы Қағидалардың 

8-тармағында көзделген құжаттар тізбесін жібереді. 

11.  Егер  Еуразиялық  экономикалық  комиссия  уəкілетті  органнан  осы  Қағидалардың 

8-тармағында көзделмеген өзге мəліметтерді сұратса, уəкілетті орган бір жұмыс күні ішінде аталған 

сұрау салуды əзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.

12. Əзірлеуші мемлекеттік орган осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сұрау салуды 

қарайды жəне уəкілетті органнан осындай сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде 

тиісті ақпарат ұсынады.

13. Уəкілетті орган осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сұрау салуға бір жұмыс 

күнінен аспайтын мерзімде жауап береді.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен 

алып тастауды белгілеу қағидаларына 1-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды 

белгілейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

Р/с 



Негіздемеде көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі 

Әзірлеуші мем-

лекеттік орган -

ның ақпараты 

1.  Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

2. Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

3. Жағдай ерекшелігінің негіздемесі

4. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аяқталғанға дейін әлеуетті өнім беру-

ші лер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау қажеттілігіне байланысты мем-

лекеттік салып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін белгілеу қажеттілігінің негіз-

демесі (егер қабылданатын актіде осындай ерекшеліктер белгіленетін болса)

5. Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу қажеттілігінің 

негіздемесі (егер қабылданатын актіде жалғыз өнім беруші айқындалатын болса) 

6. Заңда көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі 

(тапсырмасы) туралы мәліметтер

7. Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімдері 

мен болжамды тиімділігі 

8. Егер мұндай қаулы жобасына қатысты реттеушілік әсерді талдау рәсімі 

көзделген болса, реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді талдау 

рәсімдерін сақтауы туралы уәкілетті органның қорытындысын қоса алғанда

мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастау-

ды белгілеу қажеттілігінің негіздемесі болуы мүмкін өзге де құжаттар (матери-

алдар) мен мәліметтер

Мемлекеттік органның бірінші басшысы 

__________/_____________________ 

 

 

 



 

     қолы,  

қолдың толық жазылуы

Күні ________________



Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен 

алып тастауды белгілеу қағидаларына 2-қосымша

Қаулы жобасын қабылдау қажеттілігін негіздеу үшін

ұсынылатын көрсеткіштер мен мəліметтердің

ТІЗБЕСІ

1.  Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) тұтыну көлемі*

2.  Мүше мемлекетке жəне қажет болса үшінші елдерге қатысты тауарды (жұмысты, көрсетілетін 

қызметті) əкелу жəне əкету көлемі*

3.  Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) мемлекеттік сатып алу көлемі*

4. Тауарды өндіру (жұмысты орындау, қызметті көрсету) көлемі**

5. Тауар өндірушілердің өндірістік қуатының жүктемесі**

6. Тауар өндірудің рентабельділігі**

7. Тауар (жұмысты, көрсетілетін қызметті) бірлігін өндіру шығындары**

8. Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндірушілер бағаларының орташа деңгейі**

9. Инвестициялар көлемі**

10. Ұлттық режимнен алып тастауға рұқсат берілуі мен оның қажеттілігі туралы тұжырым 

жасауға мүмкіндік беретін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) ерекше сипаттамалары

____________

* Көрсеткіштің мəні тұтас алғанда Қазақстан Республикасы бойынша ұсынылады. 

** Көрсеткіштің мəні тұтас алғанда Қазақстан Республикасының өндірушілері бөлінісінде ұсынылады. 

Ескертпе.  Көрсеткіштер  мен  мəліметтер  алдыңғы  үш  жылдық  кезеңге  ұсынылады  жəне 

қажеттілігіне қарай статистикалық есептіліктің немесе бухгалтерлік теңгерімнің деректерімен 

расталады, сондай-ақ ағымдағы кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштер ұсынылады. 

Көрсеткіштер мен мəліметтер бойынша деректер болмаған жағдайда, мұндай деректердің 

болмау себептері көрсетіледі. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2015 жылғы 31 желтоқсан                №1177                Астана, Үкімет Үйі



Этил спирт мен алкоголь өнімінің өндірісі, сондай-ақ мұнай өнімдерінің 

өндірісі мен мұнай өнімдері айналымы саласында есептеуіш бақылау 

аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін жəне айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 

жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 3-1) бабының 5-2) тармақшасына жəне (Мұнай 

өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді жəне олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 

2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-5) тармақшасына 

сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 



қаулы етеді:

1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы:

1) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі;

2)  «мұнай  өнімдерінің  өндірісі  мен  айналымы  саласында  есептеуіш  бақылау  аспаптары 

деректерінің операторы болып белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2015 жылғы 31 желтоқсан                №1178                Астана, Үкімет Үйі



Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып 

тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 

Заңы 14-бабының 3-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып 

тастауды белгілеу қағидалары бекітілсін.

Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс. 



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 

№1178 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен 

алып тастауды белгілеу қағидалары 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан 

Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) 14-бабына сəйкес əзірленді.

2. Осы Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып 

тастауды белгілеу тəртібін айқындайды.

3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастау – Еуразиялық 

экономикалық  одаққа  мүше  мемлекеттердің  бірі  Үкіметінің  актісінде  белгіленген  басқа  мүше 

мемлекеттердің əлеуетті өнім берушілерінің (мердігерлеріне, бірлесіп орындаушыларына) нақты 

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу рəсімдеріне қатысуға 

қол жеткізуін шектеу не экономиканың белгілі бір салаларында жүзеге асырылатын мемлекеттік 

сатып алуға қол жеткізуін шектеу;



   Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2015 жылғы 31 желтоқсан                №1179                Астана, Үкімет Үйі



«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және 

Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың 

мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 

2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске 

асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысына өзгерістер енгізу және 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 

еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы 

қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі

сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, 

Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, 

ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан 

Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және 

қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы 

қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы 

ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы 

Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларын 

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 

27 тамыздағы № 953 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі 



қаулы етеді: 

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында 

тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау 

туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір 

мәсе лелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулы сы-

на (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 537-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында 

тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау 

туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы  1-бабының 3) тармақ-

шасына,  7-бабының 6-тармағына және  12-бабына сәйкес» Қазақстан Республикасының Үкіметі 

қаулы етеді»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы 

ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында 

тұруға  ықтиярхаты  бар  адамдарға  олардың  мүлікті  жария  етуіне  байланысты  рақымшылық 

жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 

7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның 

(бұдан әрі – комиссия) өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды белгілейді.»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру 

қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары осы 

қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді 

ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық 

IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, 

Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық 

даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын 

және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы 

орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» 

акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу 

арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларын бекіту туралы» 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы №953 қаулысының күші жойылды 

деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 536-құжат).

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 

№1179 қаулысына 1-қосымша 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы 

 № 959 қаулысымен бекітілген

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген

 Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің 

жүргізілуін ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан 

Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілуін ұйымдастыру 


4 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

14

(Соңы. Басы 13-бетте).

(Cоңы 15-бетте).

қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға 

және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне 

байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының 

Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының 

заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын 

мүлікті жария етудің жүргізілу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1)  мүлікті  жария  етуді  өткізу  жөніндегі  комиссия  (бұдан  әрі  –  комиссия)  –  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  айқындайтын  тәртіппен  жергілікті  атқарушы  органдар  жанынан 

құрылатын  және  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдардың  өкілдерінен  тұратын,  Қазақстан 

Республикасы  азаматтарының,  оралмандардың  және  тұруға  ықтиярхаты  бар  адамдардың 

мүлкін (ақшадан басқа) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға 

уәкілетті комиссия;

2) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда 

белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және 

Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

3) аттестатталған сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс 

саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиiстi аттестаты бар жеке тұлға.

2. Жария етуді өткізу тәртібі

3. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан 

Республикасының  аумағындағы  жылжымайтын  мүлікті  жария  етуді  жүргізу  үшін  жария  ету 

субъектілері комиссияға мынадай құжаттарды:

1) Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтінішті (бұдан 

әрі – өтініш);

2) өтініш берген кезде түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың 

көшірмесін;

3) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне 

техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын;

4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.

Құжаттарды қабылдау аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық 

маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

4.  Жария  ету  субъектілері  осы  Қағидалардың  3-тармағында  көрсетілген  құжаттарды 

жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға ұсынады.

5.  Аудан,  қаладағы  аудан,  аудандық,  облыстық  және  республикалық  маңызы  бар  қала, 

астана әкімі аппаратының кеңсесі құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 

ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуге 

өтініш берген жария ету субъектісінің өтінішін тіркейді.

6. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан 

Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттар мынадай:

1) Заңда белгiленген құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған;

2) ұсынылған құжаттарда өшiрулер мен түзетулер болған;

3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын 

талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, себептері көрсетіле отырып қайтарылуға жатады.

Жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негiз болған себептердi 

жойған кезде жария етуші субъект Заңда белгiленген құқықтары Қазақстан Республикасының 

заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын 

мүлiктi жария ету мерзiмі iшiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы.

7. Жария ету мерзімі ішінде берілген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына 

сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария 

ету туралы өтініш комиссияға берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.

8.  Өтініш  беруші  ұсынған  құжаттарды  алған  кезде  хатшы/орындаушы  осы  Қағидаларға 

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті жария ету бойынша өтініштерді есепке алу журналын 

(бұдан әрі – журнал) толтырады. Журнал нөмірленуі (беттері), тігілуі және тиісті жергілікті атқарушы 

органның, салық органының мөрімен бекітілуі тиіс.

Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 

тізімдемеде (бұдан әрі – тізімдеме) тіркеледі.

Тізімдеме 2 данада ресімделеді, бірінші дана өтініш берушіге беріледі, екінші дана өтініш беруші 

ұсынған құжаттарға қоса тігіледі. Бұл ретте, өтініш пен тізімдеменің реттік нөмірі сәйкес келуі тиіс.

9. Құжаттарды қарау нәтижесі бойынша комиссия мүлікті жария ету туралы:

1) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан 

Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы;

2) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан 

Республикасының  аумағындағы  жылжымайтын мүлікті жария  етуден  бас тарту туралы  (бас 

тартудың себептері көрсетіле отырып) екі шешімнің бірін (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.

10. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан 

Республикасының аумағындағы мүлікті жария ету туралы не мүлікті жария етуден бас тарту 

туралы  комиссияның  шешімі  осы  Қағидаларға  3-қосымшаға  сәйкес  комиссия  отырысының 

хаттамасымен ресімделеді.

  Құқықтары  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  ресімделмеген  Қазақстан 

Республикасының аумағындағы объектіні – жеке тұрғын үй құрылысын (шаруашылық-тұрмыстық 

құрылыстарды қоса алғанда) жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдайы бойынша 

құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы 

регламенттеріне, өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін 

белгілеу арқылы қабылданады.

  Құқықтары  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  ресімделмеген  Қазақстан 

Республикасы аумағындағы объектіні – өндірістік немесе басқа мақсаттағы объектіні жария ету 

туралы комиссияның шешімі нақты жағдай бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін 

объектіні  орналастыру  (орналасу)  бөлігінде  қала  құрылысы  регламенттеріне,  өртке  қарсы, 

санитариялық, экологиялық, радиациялық және басқа нормативтік талаптарға сәйкестігін белгілеу 

арқылы қабылданады.

11. Комиссия құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген 

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тартуды 

Заңның 2, 3 және 7-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде шешім қабылдау 

арқылы жүзеге асырады.

Жария етуден бас тартқан немесе құжаттар топтамасын қайтарған кезде хатшы комиссияның 

төрағасы қол қоятын ілеспе хат дайындайды және журналға тиісті мәліметтерді енгізеді.

Теріс шешім қабылданған жағдайда, комиссия хатшысы түпнұсқаларды қайтаруы қажет, бұл 

ретте көрсетілген түпнұсқалардың көшірмелері өтініш берушінің ісінде тігілуі тиіс.

12. Шешім әрбір жария ету объектісі бойынша жеке қабылданады.

13. Комиссияның шешімі туралы тиісті мәліметтер журналға/жария етілген мүліктің тізіліміне 

белгіленген нысан бойынша енгізіледі.

14. Мүлік орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты жария етілетін жеке 

тұрғын үй құрылысы объектілерін және саяжай құрылыстарын техникалық тексеру үшін сарапшыны 

(сарапшыларды) тартуды ұйымдастырады.

 Өзге құрылыстың жария етілетін объектілерін техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшыны 

тартуды өтініш беруші дербес жүзеге асырады.

Жария ету субъектісі жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін, саяжай және 

өзге құрылыстарын техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшының қорытындысын алу үшін 

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен әкімнің аппаратына жүгінеді.

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген 

Қазақстан Республикасының аумағындағы  жылжымайтын мүлікті жария етудің 

жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет