“ сандуғАШ” бала бақшасы” Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты” коммуналдық мемлекеттік қазыналық КӘсіпорнының ТӘрбиешісі н. Болекбаеваның жобалық ЖҰмысының жоспары. Тақырыбы: Жасыл ел
“ САНДУҒАШ” БАЛА БАҚШАСЫ” ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНЕ ҚАРАСТЫ” КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ Н.БОЛЕКБАЕВАНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ. Тақырыбы: Жасыл ел
Жобаның өзектілігі: Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа зкологиялық білім мен тәрбие беру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.
Мақсаты: Балаларға экологияның мәдениеттілікті қалыптастыру, Табиғатты қорғауға, аялауға шақыру, табиғат байлығын қорғауға шақыру. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; • балалардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; • қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту; • экологиялық білімді насихаттау. Міндеті: өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу; •экологиялық білім және тәрбие құрамын ұйымдастыру. Балалардың ақыл-ойын дамыту, ата-аналармен зерттеу жұмыстарын жүргізу; Ата-аналар және балалармен практикалық жұмыстар жүргізу; Экологиялық мәдениет жайлы түсінік беру; Балаларды өз туған жерінің табиғатын қорғауға, аялауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап , жарысу, өлең оқу, ойыншық жасау, іздену, пікір алмасу
ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:
ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:
ТӘРБИЕШІ
БАЛАЛАР
АТА-АНАЛАР
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен , аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық , баға жетпес қазына,көз тоймайтын әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең , он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал,жасыл желек.
Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт.Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ - біз.Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші.Табиғат біз киетін киімді,оқитын кітапты,тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз.Өлкелерді көгалдандыру жұмысы жүргізілсе дейміз.Экологияны және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң,қатты суық және ыстық желдерден ,микробтар,түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады. Біз өзімнің туған өлкемізге қарағай т.б ағаш түрлерін көптеп егу керек. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек.
Табиғат – адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Табиғат біздің санамыздан тыс тірек болып тұрған болмыс, әсем дүние. Шыр етіп дүниеге келген жері мен кіндік қаны тамған киелі топырағы қандай адамды болмасын ойландырмай қоймайды. Табиғаттан ғажайып, одан сұлу, одан бай алуан түрлі жаратылған, оған тең келер ешнәрсе жоқ. Адам баласы табиғат құшағында тіршілік етіп, өмір сүреді. Жануарлар, өсімдіктер дүниесі судағы тіршілік жанды-жансыздардың бәрі адамзат тіршілігімен кіндіктес. Табиғаттың қилы сырлары, қойнауындағы бар байлығы адам игілігі, тіршілік үшін жаралған. Тіршілік көзінің төрт түрі бар: су, жер, ауа, күн. Жер – қасиетті атау. Жер – адамзаттың мәңгі мекені, ортақ үйі. Жер адамның асыраушысы, сол үшін адамның жерге деген көзқарасы, махаббаты, қадірі мен құрметі, жанашырлығы, аялы алақаны ерекше.