орынды.
Гаэет бепнде мәдени жаңалықтар-
мен бірге, гылым жетіспктеріне ар-
налған материалдар да жарияланып
түрды. „Нефті" (май) (1911, N2. 1
декабрь) деген хабарда Үйшік (Гурь-
ев) уеэінде 8000 шаршы км. көлемін
алып жатқан бай мүнай орнының
табылғандығы
жазылған.
Ж аңа
шыққан кітап, г-іэет туралы хабар,
мақалалар
да
кептеп
кездегеді.
„Жаңа шыққан кітап" (1913, N2, 16
ф евр.} деген хабарда „Қазақгтан"
багпаханагынан көлемі 27 беттік
„Ызың" атты жаңа кітаптың басы-
лып
шыққандығы
хабарланған.
Сөйтіп,
„Қазақстан"
газетінің
бетінде
басылған
мақалалардан
қазақ
елінің
хал-ахуалын,
тіршіліпн, шаруашылығын білумен
қатар
елді
өнер-білімге,
мәдениетке,
басқа
елдердің
әдебиетінен үлгі алуға шақырған
прогресшіл-демократиялық ізгі ни-
етп ой түйіндеуге болады. Алайда,
газетгің небәрі 14-15 саны шығып,
жабылып қалды.
„ҚАЗАҚМ
газетінің қайта оралуы
Кезінде қалың қазақ елінің айнасы,
шамшырағы
болған,
білім
мен
өнерді,
мәдениетті
насихаттап,
жүртшылыққа таныстырған „Қазақ"
газеті
Ахмет
Байтүрсынов
пен
Міржақып Дулатовтың арқасында
оқырмандарымен қайта қауышты.
„Айқап" пен „Дала уалаятының га-
зеті", „Түркістан уалаятының га-
зеті",
„Қазақстан"
беттерінде
жарияланған мақалалар мен хат-ха-
барлардың
библиографиясына
„Қаэақ"
газеті Орынборда
1913
жылғы 2 февральдан бастап шыға
бастады.
Тиражы
3000,
кейбір
мағлүматгарда 8000-ға жеткені тура-
лы деректер бар. Редакторы Ахмет
21
Байтүрсынов, бастырушы „Азамат"
серіктігі, Қүсайынов — Кәрімов бас-
паханасы*
Архивте газеттің екінші редактор-
лығына М. Дулатовты тағайындау
туралы 1914 жылғы 1 9 майда Орын-
бор губернаторына жоғарғы бас-
пасөз
басқармасының
берген
бұйрығында былай делінеді: „Орын-
борда Ахмет Байтұрсыновтың редак-
торлығымен шығып тұрған "Қазақ"
газетінің екінші жауапты редакторы
қызметін атқаруға Торғай облысы,
Сарықопа
болысы
N1
ауылдың
қазағы Мир-Якуп Дулатович Дула-
товқа рұқсат берілген. Ал газеттің
1918
жылғы 261 -265-сандарының
редакторы Ж анұзақ Ж әнібеков.
Ж азықсыз жазаға ұшыраған асыл
азаматтарымыздың
ішінде
А.
Байтұрсынов пен М. Дулатовтың
есімдерін қазір тебіренбей ауызға
алу
мүмкін
емес.
Олардың
ағартушылық қызметі, ғылымдағы,
әдебиеттегі аударма ісіндегі, оқу
құралдары
мен
әдеби
шығармаларды шығарысудағы және
журналистикадағы зерттеушілік да-
рынды қызметтерін ерекше атап
өтпеске болмайды. Тұңғыш журнал
„Айқап" пен „Қазақ" газетінің бет-
терінде жарияланған мақалаларын
оқығанда
олардың
сан
қырлы
еңбектерінің куәсі боламыз.
Өкінішке
орай
„Қазақ"
газетін
ұлтшыл, буржуазияшыл, либерал-
шыл орган, алашордашылардың ру-
поры ретінде, ал оның редакторлары
А. Байтүрсынов пен М. Дулатовтар-
ды алашордашыл „халық жауы" деп
бағалап,
газетте
басылған
халқымыздың әдебиетінен, мәдени-
етінен, тарихынан, экономикалық-
саяси жағдайларынан, әдет-ғұрпы
мен заңынан бай мағлүматтар бе-
ретін материалдардың бетін жылы
жауып қойған едік.
Қазақ
әдебиетінің
аса
түйінді
мәселелеріне тоқталған газет оны үш
кезеңге бөледі: | 1 91 5 ЫЫМ 1 1 2 , 1 1 3 )
„1. Қазақтың көне ауыз әдебиеті. 2.
Ж азба әдебиеті алғаш қалыптаса ба-
стаған
кезде
ауыз
әдебиетінің
тоқырауына
байланысты
жалпы
қазақ әдебиетінің кері кеткен дәуірі.
3. Абай, Ыбырай бастаған жаңа
әдебиет дәуірі*1. Мақалада бүл үш
дәуірдің ерекшеліктеріне тоқталып,
мысалдар келтірілген.
А. Байтүрсыновтың „Қазақтың бас
ақыны" деген мақаласында Абай
өлендерінің кітап
болып
басыл-
мағандығынан оның шығармалары-
ның
қазақ
арасына
кең
жайылмағандығын,
өзін ің
Абай
сөздері жазылған дәптерді тек 1903
ж.
оқығанын,
жалпы
Абай
өлеңдерінің
аз
сөзді,
терең
мағыналы, әрі қазақ әдебиетінде
бүрын
болмаған
жаңа
қүбылыс
екендігін өте жоғары бағалайды да
„Абай
сөзі
заманындағы
ақындардың сөзінен оқшау, үздік,
артық" деп түжырымдайды. Соны-
мен бірге Абайдың шыққан ортасы,
әкесі Қүнанбай, атасы Өскенбай,
үлы атасы Ырғызбай, шешесі Үлжан
туралы деректер келтірген. Абайдың
80-жылдары Семейге жер аудары-
лып келген
Михаэлиспен,
қазақ
елінің әдет-ғүрпы, салт-санасы тура-
лы материал жинаумен шүғылданып
жүрген Гросспен танысуы, олардың
Абайға тигізген әсері, орыстың үлы
ақындары Пушкин, Лермонтов, Не-
красов, жазушылар Толстой, Салты-
ков-Щедрин, Достаевский, сыншы-
лар Белинский, Добролюбов, Писе-
рев
еңбектерімен таныстырғаны,
қазақ халқының бағына Абайдың
менсап
қумай
ақындық
жолға
түскені, Абай өлеңдерінің әрі сын-
шыл, әрі шебер екені жазылады
(1913, N N3 9 , 40 ,43).
Ә. Бөкейханов қазақ елінің тарихы-
на
арнаған
мақалаларында
Ш.
Уәлиханов, П. П. Семенов — Тянь-
Шанский, Г. Н. Потанин туралы аса
мол мағлүматтар береді.
Шәкәрім Құдайбердіүлының „Түрік,
қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі"
деген кітабына көлемді сын мақала
жарияланған. Француз социалистік
партиясының басшысы, „Юманите"
газетін үйымдастырушы Ж ан Ж о-
рес (1859-1914) пен Герман социал-
демократия
партиясының
және
2-интернационалдың көрнекті қай-
раткері
Август
Бебель
туралы
мақалаларын жариялайды.
Сондай-ақ Ә.
Бөкейханов өзін ің
„Үят-ай" деген мақаласында қазақ
оқырмандарын Л. Н. Толстой, А. С.
Пушкин, М. Ю. Лермонтов, М. Е.
Салтыков-Щедрин, Ф. М. Достаев-
ский, Н. Г. Чернышевский, Н. А.
Добролюбов, А. И. Герцен секілді
әдебиет алыптарының өмірімен та-
ныстыра отырып, олардың халық
үшін айтулы еңбек сіңіргенін, бірақ
22
қу ғын-сүргінге, әділетсіздікке үшы-
рағанын баяндайды.
„ЕСкі һәм жаңа билер“ (1914, N59)
деген
мақалада
әділ
билерді
ешкімнің жоғарыдан қоймайтыны,
оларды
халықтың
өзі
танып,
тағайындайтыны билік жүргізудегі
әділеттілік сөз
болады.
Шәкәрім
Қүдайбердиевтің „Би һәм билік ту-
ралы“
(1914,
N65)
деген
мақаласында сонау ерте заманнан
бері халықпен бірге жасасып келе
жатқан
әдет-ғүрпы,
салт-санасы,
мақал-мәтелмен
айтылатын
би-
лердің дуалы
сөзі, әрбір
бітім,
келісім
кезіндегі
елді
тоқтамға
келтірген аталы уәж атадан балаға
мирас
болып,
ауыздан-ауызға
көшетіні сөз болады. Газеттің 1914
жылғы 50 санында басылған билік
туралы. іуіақалада қазақтың әдеттегі
заңының
ерекшеліктері
атап
көрсетіледі. Бүл материалдар қазіргі
зерттеушілер үшін қүнды дерек бо-
латыны сөзсіз.
Абайдың қайтыс болғанына 1 0 жыл
толуына арнап жазған мақаласында
М.
Дулатов
Абайды
қазақ
әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ*
тілін
қалыптастырушы
ретінде
бағалай келіп, оныЛомоносовпен са-
лыстырған (1914. N67). М. Дулатов
„Тіл қүрал" деген мақаласында А.
Байтүрсынов дайындаған оқулыққа
сын жазған. Онда қазақтың әдеби
тілі жөніндегі өз пікірін білдіре оты-
рып, қазақ тілінде сөйлегенде оны
араб,
парсы,
орыс
сөздерімен
шүбарлауға
үзілді-кесілді
қарсы
шығады (1915, N93).
Проза жанры төңірегінде мәселе
көтерген газет „Роман не нәрсе?" де-
ген
тақырыппен
басылған
мақаласында (1914, N48) оған жан-
жақты түсінік бере отырып, шет ел-
дердегі, Россиядағы романдардың
дүниеге қалай келгендігі жөнінде
мағлүматтар келтіреді. Қазақ топы-
рағында
туған
түңғыш
көлемді
шығарма М. Дулатовтың „Бақытсыз
Жамал" романы туралы деректер де
бар.
Газетте М. Жүмабаев, Ж. Аймауы-
тов, С. Дөнентаев, Б. Майлин, С.
Торайғыров,
Ғ.
Қарашев,
А.
Мәметов, Б. Серкебаев, Р. Малабаев,
Қ.
Қоңыратбаев т.
б.
көптеген
мақала, өлеңдері басылған. „Қазақ"
газетінің бетінде
сонымен
бірге
аудармалар туралы сын мақалалар
да басылып түрды. Л. Н. Толстой, А.
П. Чехов, М. Ю. Лермонтов, В. Г.
Короленко, И. А. Крылов шығарма-
ларын аударып басумен қатар, Би-
чер Стоудың „Том ағайдың лашығы"
деген кітабының қазақ тіліндегі
аудармасы туралы деректер „Қолдар
досты“ деген
мақалада
кездеседі
(1913, N N 517, 8, 9).
Оқу-ағарту мәселесіне де „Қазақ“ га-
зеті көп көңіл бөліп, қазақ даласында
жаңадан мектеп-медреселер салу-
дың қажеттілігі, осы істің барысы
туралы хабарларды кеңінен жария-
лап отырды. Сондай-ақ қазақтілінде
шыққан кітаптардыңбағыт-бағдары,
алатын орны жөнінде қысқаша сын
мақалалар өте көп жазылды. Газет-
журнал шығару ісіне де көп көңіл
аударып,
жаңа
басылымдарды
жүртшылыққа таныстыру, олардың
көтеретін мәселелеріне баға беру ба-
рысында да талай жүмыстар істелді.
Оқу-ағарту ісін қалыптастырып, да-
мытуға үлкен үлес қосқан газет бала
тәрбиесін
де
назардан
тыс
қалдырған жоқ. „Бала тәрбиесі" де-
ген мақалада (1915, N119) жалпы
адам баласын басқа да тіршілік
иелерімен салыстыра отырып, тән'
тәрбиесімен қатар адамзат үшін
алғашқы
күннен
бастап
жан
тәрбиесінің де аса қажет екенін баса
айтып көне Римде, Грецияда бала
тәрбиелеудің ерекшеліктеріне тоқ-
талған. Баланы „Бетегеден биік, жу-
саннан аласа бол", „Кем бойыңды,
жасыр ойыңды" секілді ежелден
қатып
қалған
қағида
бойынша
тәрбиелеудің дүрыс еместігін, үрып-
соғуға болмайтынын жазды. Енді га-
зеттің қандайлық қиындықтармен
шығып түрғанына тоқтала кеткен
жөн секілді. „Қазақ" газетін тек-
серіп, бақылауда Торғай облыстық
басқармасының
тілмашы,
татар
тіліндегі
мерзімді
баспасөздерді
бақылаушы
Тунганчинге
тап-
сырғаны туралы Орынбор генерал-
губернаторы
генерал-лейтенант
Сухомлиновтың бүйрығы да бар.
Архив материалдарымен танысып
отырғанда газеттің әр мақаласының
қандай қиындықтармен өмірге кел-
генін көз алдымызда елестетуге бола-
ды.
Орынбор
губернаторының
Ішкі
істер министріне жазған қатынас
қағаздарынан
„Қазақ"
газетінің
1914
жылғы
78-санындағы
23
I
„Алашқа** және 1914 жылғы 79-сан-
ындағы „Россиядағы ұйымшылдық"
деген мақалаларда үкіметке қарсы
үгіт-насихат әрекеттерінің көрініс
беретіні айтылып, патша саясатына
бас көтергені үш ін Байтүрсыновқа
екі жылға жер аударуға, ал газеттің
1914 жылғы 91 -санында басылған
„Бү қалай?" деген мақала үшін
(аударған Тунганчин) 50 сом айып
салынғаны немесе 2 апта түрмеге
жабылуға
шешім
қабылданғаны
айтылады. 1914 жылғы 80-санында
басылған „Закон жобасының баян-
дамасы" деген мақаласы (Тунган-
чиннің аудармасы) үшін Орынбор
генерал-губернаторы А. Байтүрсы-
новқа 1500 сом айып немесе 3 ай
түрмеде отыру үкімін кескен бола-
тын.
А. Байтүрсыновтың Орынбор губер-
наторына, Ішкі істер министріне,
Сенатқа жазған арыздары да осы ар-
хивте
сақтаулы.
Бүл арыздарды
тебіренбей оқу мүмкін емес.
Ақыры Сенат Орыңбор губернато-
рының үкімін бүзуға мәжбүр болады
да „Қазақ" газетінің редакторы — А.
Байтүрсынов 1500 сомды айыптөле-
мейтін болады!
Қалай дегенмен де қазақ баспасөзі
оңайшылықпен қалыптасып, дүние-
ге келген жоқ. Оған кейінгі басы-
лымдарды оқығанда анық көзіміз
жетеді.
„АИҚАП11 журналы
20-ғасырдың бас кезінде, яғни 1911
жылдың январынан бастап, 1915
жылдың сентябрь айына дейін Тро-
ицк қаласындағы „Энергия" баспа-
ханасында
қазақ
тілінде
үзбей
шығып түрған „Айқап” журналы
халқымыздың
әлеуметтік,
саяси
өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді
насихаттап, таратуда елеулі роль
атқарды. Араб әрпімен теріліп, ба-
сында айына бір рет, кейін екі рет
шығып
түрған
бүл
журналдың
нақты деректерін былайша сипат-
тауға болады:
1911 жылы N N 1-12 янв. — дек.
1912 жылы N N 1 - 1 4 янв. — дек.
1913 жылы N N 1 -24 янв. —- дек.
1914 жылы N N 1 -24 янв. — дек.
1915 жылы N N 1 - 1 4 янв. — сент.
Ғабдолғазиз
Мүсағалиев
(1880-
1933) журналдың 1912 жылғы 4-
санында
жарияланған
„Айқапты
үлкейту
хақында*'
деген
мақаласында оды басылымды бір
мың оқушының алып тұратынын
жазған еді. Бағасы 9 сомдық жур-
налға
мемлекет
тарапынан
ешқандай
көмектің
бол-
мағандығынан ол оқушылардың өз
күшімен жарық көрді. Қаржының
жеткіліксіз
болғандығын
журнал
бетінде халыққа арналып жария-
ланған мақал&лардан айқын көруте
болады. Ж урналдың шығарушысы
да, редакторы да белгілі жазушы-
журналист М. Сералин болды.
„Айқап" журналы осылай аталуы-
ның себебі мен алдағы мақсаты ту-
ралы
1911
жылғы
11 -санында
басгырушылар алқасының атынан
былайша түсінік береді: „Айқап" де-
ген
сөз
қазақтың төл сөзі,
ол
ғасырлар
бойы
мәдениеттен,
білімнен кенже қалған бүкіл қазақ
халқының өкініші ретінде адынды.
„Ай, қап!“ деп санымызды соқтық,
енді ел қатарына қосылайық деген
үнді
білдіреді”.
Ал
Бақытжан
Меңдібеков „Газеталарымыз тура-
лы“ деген мақаласында (1912, N6):
„Ай, қап! Әттеген-ай, іс өтіп кеткен
екен ғой, біз үйықтап жатқанда,
басқалар желден, аққан судан пайда-
ланып жатқанда, біздің мүндай халде
болуымыз деп өткен іске өкініп
қойған есім боларға керек'1 — деп
жазыпты. Халиолла Ғабдолжалилов
„Айқап
мағыналары*4
деген
мақаласында (1911, N2) „Айқап“ де-
ген сөздің үш түрлі мағынасына
тоқталған екен: Ай, қап — болмай
қалған іске өкінуі және қараңғы
түнді жарық еткен ай, және оның
қабы
(сауыты),
халықты
айқап-
шайқап аралау". Бүл соңғы екі үғым
Ға бдолжалило вты ң
ой-қиялының
жүйріктігінен туған дүние болса ке-
рек, бірақ нақтылы шындыққа жа-
наспайды. „Айқап“ деген үғымның
мәнін бүған түңғыш рет көңіл бөліп,
түжырымды ой түйген журналдың
редакторы М. Сералин былайша
айқындап береді: „Біздің қазақтың
“Әй, қап! демейтүғын қай ісі бар?
Газет
шығармақшы
болдық,
қолымыздан келмеді. Пүлы барла-
рымыз ынтымақтаса алмадық. Пүлы
жоқтарымыз
ынтымақтассақ
та,
ақшасыз
істің жөні табылмады.
„Қап,
пүлдың жоқтығы,
қолдың
қысқалығы-ай“ дедік. Жақсы жер-
24
лерімізді қолда сақтау үшін қала сал-
мақ болдық. Басымыэ қосылмады.
Қол&йлы жерлер қолдан кетті. „Қап,
ынтымақсыздығымыз-ай" дедік.Бо-
лыс, би, ауылнай боламыз деп тала-
стық, қырылыстық. Ж еңілгеніміз
жеңген жағымызға, „ендігі сайлауда
көреміз,
қап,
бәлем-ай!"
дедік.
Осындай біздің қазақтың неше жер-
де „қап" деп қапы қалған істері көп.
„Қап*‘
дегізген
қапияда
өткен
істеріміз көп болған соң журналы-
мыз да өкінішімізге ылайық „Айқап"
болды" (Айқап, 1911, N1).
„Айқап" журналының шығуы, ре-
дакторы жайында Ленинградтағы
Орталық
мемлекеттік тарих
ар-
хивінде
мынадай
деректер
сақталған: Орынбор губерниясы-
ның Троицк қаласында шығатын
қазақ журналы туралы 1910 жылы
18 январьда берілген куәлік бойын-
ша Қостанай облысы, Шүбар болы-
сының N 5 аулының қазағы М.
Сералиннің редакторлығымен және
жауапкершілігімен
„Айқап"
атты
журналды төменгі
программамен
шығаруға рүқсат берілді.:
1. Бас мақала.
2. Шет ел хабарлары.
3. Мүсылман өмірінен мәселелер.
4. Хроника.
5. Фельетондар мен өлендер.
6.
Библиография
және
ғылыми
мақалалар.
7. Әртүрлі хабарлар мен редакцияға
хат*.
Профессор Б. Кенжебаев „Айқап"
журналының бетінде шыққан мате-
риалдарды
тақырып,
мазмүн
жағынан
былайша
бөлімдерге
бөлген:
1. Саяси-әлеуметтік мақалалар.
Достарыңызбен бөлісу: |