Ү. Субханбердина, С. Дәуітов



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата06.03.2017
өлшемі28,49 Mb.
#7831
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

жағдайымен 
астаспай, 
жеке-дара 
тұра  алмақ  емес,  Міне  осы  орайда, 
журнал 
бетінде 
жарияланған 
өлендердің  қай-қайсысын  алсаңыз 
да  сол  кездің  әлеуметтік  келелі 
мәселелерін,  замана  жүгін  көтере 
білді.  Оған  Б.  Бейсенбековтың мына 
өлеңі  мысал:
Біз-дағы  көзді  аштық-ғой
жаңа  бастап *, 
Көрейік  надандықты  енді  тастап, 
Заманның  қаһарманы
шығып  жатыр, 
Халықтың  қамын  ойлап,
ғылым  үстап./. 
Бір-бірлеп  мүндай  рет қалып жатыр, 
Халқымыз  ілгері  аттап
барып  жатыр.
Пікірлі  жастарымыз  ғылым  үстап, 
Керегін  милләтінің  жазып  жатыр...
Журналды 
оқыған 
сайын 
жаңа 
қүбылыстарға,  тың  тақырыптарға 
кездесеміз.  Ғылымның адам  баласы- 
на  қажеттігін  жоққа  шығаруға  бол- 
майды.  Алайда  ол  пікіріміздің  күлін 
көкке  үшырған  тағы  бір  ақынға  тап 
болдық,  тың  сарын,  тың теңеуге  жо- 
лықтық.  Оның  авторы  Т.  Шахмүрат 
Назари  былай  дейді:
Көп  неге  орынсыз  сөз  жазу  керек! 
Дүниеде тірі  жүрсең оқу  керек. 
Ғылым  жоқ,  адам да бір хайуанда бір 
Достарым  оқу  керек,  оқу  керек.
Бүл  өлеңнің  қүдіреттілігінің  өзі 
сөйлей  білетін  —  адам  баласы  мен 
тілсіз  хайуанды  қатар  қойып,  салы- 
стыруында.  Н.  Ф.  Павловтың  айту- 
ынша:  #,Тіл  дегеніміз  адамның  ең 
басты  мүшесі.  Тілсіз  адамзат баласы 
ойлана  да  алмайды,  адамдар  ішінен 
сөйлеп  барып,  ой  қорытады'1  екен. 
Шынына  келгенде,  бүл  өте  дүрыс 
пікір.  Әрине,  хат  білмейтін  адам  да 
адам. 
Мысалы,  қазақ  халқының 
алып  ақыны  Жамбыл  Жабаев  пен 
жойқын  күш  иесі  Қажымүқан  да 
әріпті  таяқ  деп  танымаған  адамдар 
еді.  Біз  бүл жерде Т.  Шахмүрат Наза-
і
„Айқдп",  1911,  N5,  21-6.
2
„ А й к а п и. 
1914,  N1,  2,  6-7-беттер.
риді 
кінәлаудан 
аулақпыз. 
Ол 
оқудың қазақ халқы  үшін  керектігін 
айтпақ  болады.  Бірақ  төрт-ақ  жол 
өлеңде  қайталау  басым.  Мысалы, 
„керек“  сөзі  4  рет,  „оқу“  сөзі  3  рет 
қайталанады. 
Соған 
қарамастан, 
ырғағы  да  саздылығы  да  бүзылмай, 
екпіні  босаңсымай  әдемі  оқылады. 
Бүл  өлең  жолдарының  оқушысына 
беретін рухани ләззәті мен тәрбиелік 
мәні  де  айрықша.
Адам  өміріндегі  ең қызық та  қымбат 
балалық  бал дәурен  екенін  былайғы 
жүрт  түгіл  үлы  адамдардың  өзі  де 
баса  көрсеткені  ежелден  белгілі. 
Алайда  осы  бір  үмытылмас  түстей 
тәтті  сәтті  әр  ақын  өзінше  толғана 
жырлаған.  Оны „Айқаптың“  бетінен 
де аз кездестірмейміз.  Солардың бірі
3. 
Жаналин 
өзінің 
„Балалықты 
сағындым"  атты  жырында:
Хан,  қараны  тең  көрген^,
Асық,  топай  өңгерген.
Аңау,  мынау  ойда  жоқ,
Ж анның  бәрін  ел  көрген.
Десе  біреу:  „Қарағым“
Гүл-гүл  жанып  өңі  енген 
Қайда  қалды  тал  атың?!  —
деп  баршамызға  етене  жақын  сонау 
кездерімізді  көз  алдымызға  қайта 
елестетеді.
Күндер  үзап  өткен  сайын  арттағы 
қызық  кез  де  сағынышқа  айналады 
екен. Адам  бар жерде — өмір  бар. Ал 
өмірдің  қақтығыссыз  болмайтыны 
өздігінен 
белгілі. 
Сол 
арпалыс 
тірлікте  біреу  озбыр,  біреу  момын, 
біреу  тереңнен  ор  қазатын  зымиян 
кейпіне  енеді.  Тіршілік  толқыны 
пенденің  басын 
қайда  үрмайды 
дейсіз?! 
Өзара 
қарым-қатынасқа 
түскен  адамзат  баласы  жүз  шайыс- 
пай түра  алмақ емес.  Міне,  осындай 
тірлік  тауқыметін  көрген  жанның 
алаңсыз армансыз балалық дәуренін 
аңсауы занды.  Солай дегенмен де біз 
сөз  етіп  отырған  өлең  жолдарында 
ерекше  атап  өтуге  түрарлық  екі 
қасиет  бар.  Біріншіден,  бүл  ересек 
адамның  өткендегі  балалық  шағын 
сағынуы,  аңсауы  десек,  екіншіден, 
тікелей  бөбектерге  арналып 
жа- 
зылған  жыр  екендігі  даусыз.  7-8  бу-
і

ынды  эпостық  сарынмен  жазылған 
бұл  өлеңнің  оқылуы  жеңіл,  жас 
жеткіншектердің  ұғымына  сіңімді, 
жаттауына  қолайлы.  Бір  ғажабы, 
кішкене  ғана  үзіндіде  үлттық  ерек- 
шелік  айқын  көрініс  тауып  тұр. 
„Қайда 
қалды  тал  атың"  деген 
жалғыз жолдағы тапқырлық талды ат 
қып 
мінетін 
қазақ 
баласының 
мінезін,  қылығын  айнытпай  көрсе- 
теді.  Қазақ  елінің  жылқы  баласын 
ерте  сүйіп,  жастай  қадірлейтіні  бар- 
шаға 
мәлім. 
Сондықтан 
бала 
күнделікті  ойындарында  сол  талды 
ат ғып  мініп,  ауыл-үйді  шаңдата ша- 
бады.  „Қарағым" деген сөзге де ерек- 
ше  назар  аударуға  тиіспіз.  Бүл 
үлкеннің  өзінен  кішіге  қамқор  үні, 
жанашыр 
тілегі 
іспетті.Қазақтың 
„қарағым"  деген  сөзі  ғажап  жылы- 
лыққа, 
орасан 
мол 
толы. 
Дәл 
„қарағымның"  деген  сөзі  ғажап  жы- 
лылыққа,  орасан  мол  шуақк,а  толы. 
Дәл  „қарағымның"  мағынасын  бе- 
ретін  зат  есім  басқа  ешбір  елде  кез- 
деспейді  десек  артық  айтқандық 
болмас.  Үлкен  дастан,  ірі  эпостық 
жырлардың  жекелеген  тарауларын- 
да  аздап  кездескені  болмаса,  қазақ 
поэзиясында Абайға дейін табиғатты 
тікелей  өлеңмен  ешкім  жырламаған 
еді. 
Оның  басты 
себебі, 
жазба 
әдебиетіміздің кешеуілдеп дамуынан 
деп түжырым айтуға болады. Алайда, 
ата-бабаларымыз 
желдің  бағыты- 
нан,  бұлттың  жылжуынан,  жүлдыз- 
дың 
орын 
ауыстыруынан 
ауа 
райының  құбылысын  жіті  бақылап 
отырды  ғой.  Солай  бола  түрса  да, 
табиғаттың  өзіне  тікелей  де  осы 
орайда  үлы  Абай  бірінш і  болып 
ауыр  сапарға  жол  ашты.  Бұл  ізді 
басқалар  да  жалғастырды.
Көгертіп жердің бетін келсе егер май *, 
Көңілің  сол  уақытта  нақ  болар  жай. 
Төселіп дүние бейне көк шалғынмен, 
Хош  иіске  жанға дауа  молығар  сай!
Май  айының  тамылжыған  сәтін 
қалың  оқырманға  түсіндіріп  жату- 
дың  артық  екенін  ескеріп,,осы  жай- 
лы 
ой 
топшылауды 
оқыр;'«іанға 
қалдыруды 
жөн 
көрдік. 
Алайда, 
көктемнің  көрікті  кезін  бейнелеген
„Айқап“,  N1,  39-41-беттер. 
тАйқапм,  1912,  N1,  39-41-беттср.
і
өлең  жолдарын  өзінш е  өрген,  та- 
биғатты  өз  әсемдігін  сақтай  отырып 
бейнелеуде тың  ізденістер  танытқан 
ақын  X.  Мұхамеджановқа  қызыға 
қарайсың.  Оның  бірнеш е  себептері 
бар.  Біріншіден,  X.  Мүхамеджанов 
үлы Абай сияқты арғы-бергіні қазып 
оқыған білімді адам емес.  Екіншіден, 
жоғарыда  айтып  кеткеніміздей  сол 
дәуірде 
табиғатқа, 
жаратылысқа 
тікелей 
<байланысты 
өлең 
 
тблғаулар 
әлі 
көп 
жазылмаған. 
Үшіншіден, сөз саптауына қарағанда 
X.  Мүхамеджанов  дарынды  ақынға 
ұқсамайды. Осындай бірнеш е себеп- 
терге байланысты біз көктем жайын- 
дағы  лирикалық  өлеңін  көркемдігі 
жағынан  талдауды  тілек-мүрат  сан- 
амадық.  Алайда,  сәл,  бірер  пайдалы 
ойымызды  айта  кетуді  жөн  көрдік.
Төселіп  дүние  бейне  көк
шалғынмен,
Хош  иіске  жанға  дауа
молығар  сай.
Ақын  бүл жерде  „хош  иіске  сай  ғана 
молығады",  — дейді.  Біз де  бүл  сөзін 
қүптаймыз.  Солай  дегенмен  де  тек 
сай  ғана  иіске кенеледі,  басқа  жерде 
ондай 
ұжмақ 
болмайды 
дегенге 
сенгіңіз  келмейді.  Автор  „сай" деген 
сөзді  неге  сүйсініп  қолданды?  Оны 
тек  үйқас  үшін  алып  отыр  десек, 
міне  осыдан  келіп  өлендегі  ой түтас- 
тығы 
бұзылады. 
қазақтың 
„бір 
қарын  майды,  бір  құмалақ шірітеді" 
дегені  өнер  үшін  таптырмайтын 
кесім.  Біздің  тағы  бір  айтарымыз 
„Көгертіп  жердің  бетін  келсе  егер 
май“  деген  тармақ  түрған 
соң, 
„төселіп 
дүние 
бейне 
көк 
шалғынмен"  деген  жолдың  артық 
екендігі  белгілі.  Өйткені  көгеру  сөзі 
сол өсіп  келе жатқан  шалғынның өзі 
емес  пе?!
Енді  Ә.  Ғалымовтың  „Қыс"  атты 
өлеңіне тоқталып өтелік.  Бүл жыр да 
алдыңғы  шығарма  сияқты  табиғат 
жайлы 
жазылған 
алғашқы 
өлеңдердің  бірі.
Біздерге  міне  келді  қыстың айы^, 
Халықтың  басқаланды  енді  жайы. 
Ж инаған  тырнақтап  жаздыкүні, 
Басталды кемпірлердің қүрт пен майы.
38

Біз 
қазақ 
халқының 
түрмыс- 
тіршіліғін әдемі  суреттейтін  мүндай 
жолдарды 
айрықша 
қүптаймыз. 
Сол  кезде  шындықты  бейнелейтш 
осындай 
көркем 
иоэзияның 
болғанына  қуанамыз.  Жаздыкүнгі 
жаймашуақ  тірліктің  қыс  келіп 
сүреңі  кете  бастаған  шақ.  Жердегі 
орман-тоғай  жапырағынан  айрыл- 
саг  өзен-көл  мүзбен  көмкерілген. 
Малдың  да.  адамның  да  кең  етек 
жағдайы  мүлде  өзгеріске  үшыраған 
уақыт.  қазақтың  сары  майы  бір-ақ 
сәтте. 
бір-ақ 
күнде 
жиналатын 
дүние  емес.  Сондықтан  да  „тыр- 
нақтап"  деген  сөзде  үлкен  көре- 
гендік  жатыр.
Жоғалған  әлдеқашан  үйрек,  қаздар *, 
Қатыпты  өзен,  көлге  қалың  мүздар. 
Бөкебай  бастарында,  киіп  күпі, 
Өгізбен  мүз  тасыды  қатын,  қыздар.
Бүл  да  бізге  белгілі  картина,  белгілі 
жағдай,  көз  алдымызға  қардан аппақ 
шапан  жамылған  ну  орман  еле- 
стейді.  Барлық әлем аппақ,  әрі әдемі.
...  Шалдар жүр баса киіп түмақтарын, 
Қисайтып  елтір-бөркін  жел  жағына. 
Қорғайды жастар дағы қүлақтарын... 
Бай-жарлы  сиынуда  қүдайына.
Бір  күндей  көрінбейді  бір  айы  да 
Ол  неге  ашуланған  түсі  суық 
Қараңыз  сіздер  күннің  шырайына.
Аспан  да,  жер  де,  бәрі  де  қарбалас 
қозғалыста.  Аяз  дүниені  біткенді 
қыспағына  алыпты.  Бүл  мезгіл  ке- 
дейлерге  ауыр  соққанымен,  киімі
жылы,  тамағы  күшті,  аты  семіз  бай- 
лар үшін де оңай емес. Ал кедей-кем- 
бағалдардың 
мүндай 
тәуір 
күйі 
қайдан  болсын,  сондықтан  бір  ғана 
„қүдайына"  сиынудан басқа шарасы 
жоқ.  Содан  кейін  бағатын  тірлігі  — 
күннің  шырайы,  қас-қабағы.
Алайда,  осы  сөз  етіп  отырған  дүние- 
ден  көп  жыл  бүрын  жазған  үлы 
Абайдың  „Қыс"  туралы  өлеңінің 
деңгейі,  көтеретін  салмағы  мүлдем 
басқа. 
Онда 
жаңа 
бояу, 
жаңа 
көркемдік, 
жаңа 
сапа, 
мәңгі 
өлмейтін,  мәңгі  өшпейтін  өмірлік 
қүбылыс  бар.
і
^„Ай*ап“ , 
1912,  N1,  20-21-бсттср. 
„Айқап“ ,  1912, 
N1,  20-21-беттср.
Ақ  киімді  денелі,  ақ сақалды,
Соқыр  мылқау  танымас тірі  жанды. 
Үсті-басы  ақ  қырау,  түсі  суық, 
Басқан  жері  сықырлап  келіп  қалды.
Бүл  сурет  өмірдің  өзінен  туындап, 
өмірдің 
өзінен 
қайнап 
шығып 
жатқан  талғамды  да  терең  тамырлы 
тіршіліктің айқын  көрінісі.
Қазақ  ақындарының  табиғат  жай- 
ында  қалам  тербеп,  әр  маусымды  өз 
кескін-келбетімен 
суреттеуі 
(Үлы 
Абайды  айтпағанда)  „Айқап"  журна- 
лының  өмірге  келуімен  тікелей  бай- 
ланысты  деп  білеміз.  Бүл  журналға 
дейін  де  қазақтың  мерзімді  бас- 
пасөздері  шығып  түрғаны  анық. 
Алайда  „Айқапқа”  дейін  елдің өнер- 
білімге,  оқуға деген  қүштаолығы  со- 
ншалық  жоғары  емес  еді.  Қазақ 
халқының дүние танымының өсуіне, 
өрлеу дәуіріне осы  „Айқап" жураны- 
лының 
шығуы 
елеулі 
дәрежеде 
ықпал  етті.  Бүл  кезде  жаппай  сауат- 
тануға 
жүрттың 
бет 
бүрғаны 
бәрімізге  мәлім.  Бір  қызығы,  сол 
уақыттың  ат  төбеліндей  зиялылары 
қандай  мәселелер  төңірегінде  қалам 
тартса да,  оқиық,  білейік,  үйренейік 
деген  сөзді  қосып  айтатын  еді.  Осы 
түрғыда  Р.  Кәненовтың  „Жаз  жай- 
лау"  атты  өлеңін  мысалға  келтіруге 
болады:
Бүл түр,  үстімізде  күн  ашылмай^, 
Қазақта  өнер-ғылым  жөні  осындай, 
Оқыған талабы  бар  замандасым, 
Халық үшін ағызыңдар көздің жасын. 
Сүмірейтіп  босағада  отырғызбай, 
Милләтгің  жеткізейік  төрге  басын. 
Бай,  болыс,  жуан  қарын  билерді
айтпа,
Қампитып қарындарын жүргендерден 
Таппадық осы  күнде  ешбір  пайда!
Бүл 
шығарма 
сыртқы 
формасы 
жағынан  ғана  табиғат  көрінісін  су- 
реттейтін 
дүтше 
ретінде 
са- 
налғанымен, 
ішкі  мән-мағынасы,
өзіндік  ой  түйіндеуі  арқылы  оқу- 
білімді уағыздайды. Біздің халықтың 
осыншама  артта  қалушылығын  тек 
бойға  біткен жалқаулыққа әкеліп са- 
яды.  Өнімді еңбек, тынымсыз ізденіс 
жоқ жерде бейіл  —  береке де  болмақ
39
I

емес.  Ендігі  үміт-тілек  оқыған  жас- 
тарда  ғана.  Осы  жерде  сол  кездегі 
қаламының  желі  бар  адамдар  не  се- 
бепті  тек  оқу-ағарту  мәселесін  алға 
қойып  отырды  деген  орынды  сүрақ 
туады.  Оның  бір  емес,  бірнеш е  се- 
бептері  де  бар  еді.  Біріншіден,  ха- 
лықтың 
көбі 
хат 
танымайтын. 
Екіншіден,  жүрт  көшпенді  тірліктен 
отырықшылдыққа ауысуға енді  ғана 
бет  бүрған  түс  еді  бүл.  Үшіншіден, 
елдің  жан-жақты  жетіліп  өсу-өркен- 
деуі  де  осы  кезге  түспа-түс  келді. 
Сондықтан  да  халық  сауат  ашып 
басқа  елдер  сияқты  өнер-білімге 
қүлаш  сермеуді  өзін ің   басты  пары- 
зы,  адамдық  борышы  санады.  Басқа 
жүрттан  кейін  қалудың  себептерін 
де осы оқу-білімнің төмендігінен деп 
білді.  Бүл,  әрине,  сол  кезең  үшін 
занды  дүние,  занды  қүбылыс  еді. 
Алайда  журналда  таза  табиғат  ли- 
рикасынан  түратын  жырлар  да  аз 
емес.
Март жетті,  кетті бізден қаһарлы қыс, 
Жоғалды салқын ызғар, жылынды тыс. 
Жырлайды  „жаз  жетгі"
деп  шымшық,  торғай, 
Алты  ай  қыс  үн  шығармай
жатқан  тыныш.
Шүбарлар жердің бетін  бейне кесте, 
Әр түрлі  қызғалдақпен шебер  қүдай, 
Март  бастап,  апрель
қостар  жаздың жырын, 
Ж ерге  тәңірім  енгізер
рахмет  нүрын,
Қой,  қозы,  ешкі-лағын,  сиыр,  бүзау, 
Артынан  жылқы  малы  ертер  қүлын,
деп  бейнелейді табиғат суретін ақын 
Шалақазақтың  „Жаз"  деп  аталатын 
лирикалық  толғауында. 
Ол  осы 
шағын  жырында  алдына  қойған 
мақсатынан  ауытқымай,  мезгіл  су- 
ретін  өз  бояуымен  дәл  де  нақты  бе- 
реді. 
Қып-қысқа 
өлеңнің 
өн 
бойында  үлкен  өмір  жатыр.
Енді  табиғаТты  адам  жанынан  бірге 
қарап  екеуін  де  біртүтас  дүние 
ретінде  қарастырған  Б.  Ержанның 
„Жаңбырлы дауыл" атты лирикалық 
өлеңін  оқып  көрейік:
О ң   жақтан  қара  бүлт
шықты  қаптап *, 
Іркіліп  түр  бүлттар  төмен  ақпай,
„Бір  үлкен  дауыл
болып  кетеді",  —  деп, 
Ел-дағы  қымтанады  текке  жатпай.
Бар  дүние  қарбалас  —  қозғалыста. 
Аспандағы  қою  қара  бүл  түнеріп, 
жүтынып,  жөңкіп  жүрсе,  жердегі 
адамдар  берекеті  қашып,  асып-са- 
сып,  күйгелек  күйге  түскен.  Бір 
қараған адамға бүл екеуінің арасын- 
да  ешқандай  бірлік,  ешқандай  бай- 
ланыс жоқ сияқты.  Ал барлай  қарап, 
жіті көз жіберіп көрсек,' онда бүлттар 
да ағыл-тегіл нөсерлетер алдында бір 
тынымсыз 
қозғалысқа 
түсетін 
тіршілік  иесін  аңғартады.  Бізге  та- 
биғатты  жырлай  отырып,  адамның 
үлылығын,  ірілігін  айтатын  астары 
теренде  жатқан  нәзік  сезімді  мүндай 
өлең  керек-ақ.
Күліп  шыққан  күндей  боп  бақыт ке- 
лер,
Жоқтық  кетсе,  бір  уақыт  бүлттай 
ауып.  —
деп айтқаны қандай әсем^ қандай на- 
нымды.  Халықтың  арасында  „Күн 
жаманы  кетер,  адам жаманы  кетпес" 
.  деген 
мақал 
мәнін 
жоймайтын 
қанатты  да  дана  сөз.  „Байлық-бар- 
лық  —  қолдың  кірі,  жақсылық  ісің  
жойылмас"  дейді  атамыз.  Осындағы 
қолдың 
кіріндей 
өткінші 
дүние 
сияқты  күннің  ашылуы  мен  түне- 
руінде  мықты  байланыс  бар  секілді. 
Әрине,  дәл  осы  20  ғасырдың  бас 
кезінде  әрбір  бай  адамның  бақытты 
деп 
есептелгені 
рас. 
Мүнда 
жоқтықтың 
бүлтгай 
аумалы 
төкпелілігін  бейнелі  жеткізгені  — 
ақынның 
шеберлік 
танытқаны. 
Әйтпесе  өлең  терең  сырлы  дүние 
ретінде  адам  жанына  әсер  етпес  те 
еді.  Кедейліктен  арылған  адамды 
„күліп  шыққан  күндей  бақытқа  тап 
болады"  деуінің  өзінде  үлкен  пара- 
саттылық, 
үлкен 
идея 
жатыр. 
„Айқап"  журналының  дүниеге  ке- 
луіне байланысты табиғат лирикасы 
да  қаулап  өсе  түсті.  Алайда  бір 
қуантарлығы  бәрі  де  табиғатты  бей- 
нелегенімен, 
адамның  ішкі 
жан 
дүниесін  сол  қоршаған  ортаның 
әсерімен  әдемі  суретгейді.  Бүл  жур- 
налдың басты кредосы десе де болар- 
лық  жай.  Енді  Шалман  ақынның
„Айқап",  1914,  N11,  8-10-беттср.
40

„Биік  тау“  атгы  өдендне  назар  ауда- 
райық:
Біэ  келдік  биіх  таудың  панасына, 
Ж иһанның  симай  сахара  даласына. 
Құйын мен  жел, дауылдан  аман-есен, 
Биік  тау,  бізді  сақтап  қаласың  ба?(
Сол  кеэдегі  ішкі-сыртқы  жағдайға 
байланысты  халықтыңтүрмысының 
ауырлай  бастауы,  қонысынан  ажы- 
рауы  ақындардың да  көңіліне  сызат 
түсірмей  қойған  жоқ.  Жүрт  еңсесі 
зіл  батпандай  төмен  түскен  сайын 
ақындардың  осылай  толғап,  жыр- 
лауы  да  заңды  еді.  Қалам  күшімен 
осы  ауырлықтан  шығудың  жолын 
көрсетіп, 
алып 
тауды 
халық 
қорғаны,  арқа  сүйер  қамалы  етіп 
көрсетеді.
Тынышты  алып,  төбемізге
тас  құлатып,
Әлде  өзің тырнағыңды  саласың  ба? 
Келген  тау  панасына  соны  қылса, 
От  болып  есіл  жүрек  жанасың  ба!
ш
Біз тауды әділет түғыры деп түсіндік. 
Түбі  ел-жүртқа  бір  жақсылық  бола- 
ды,  одан  үміт  үзбейік,  сол  келетін 
әділет  мұнарасына  әркім  өзінше ты- 
рысып,  жақсы  іс  атқаруы  керек  деп 
уағыздайды  ақын.  „Айқап"  журна- 
лының  „Қазақ  газетінің  бетінде 
көптеген 
материалдары 
жария- 
ланған  білікті  адам  М.  Кәшімов  қай 
тақырыпқа  қалам  тартпасын  (мейлі 
публицистика,  мейлі поэзия)  бар жа- 
нымен, 
бойындағы 
бар 
күш- 
жігермен 
ашылып 
толғанады. 
Табиғат 
пен 
адам 
арасындағы 
ғажайып  құбылысты дәл таньш,  бей- 
нелеуге  ұмтылып,  адам  мен  табиғат 
арасындағы  беймәлім дәнекер  күшті 
іштей  сезш уге  итермелейді,  астарлы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет