Бақылау сұрақтары: Географиялық карта дегеніміз не? Олардың басты түрлерін атаңыз. Картаның құндылықтарына не жатады? Географиялық картаға тән қасиеттерді айтып беріңіз. Оның оқытудағы маңызын сипаттаңыз. 2. Географиялық карта мазмұнының элементтері Карталардың мазмұнын 4 негізгі элемент (тұрық) құрады:
толықтырма деректер. Математикалық негізге геодезиялық негіз, масштаб және
картографиялық бейнелеуді математикалық айқындықпен кейіптеуге
мүмкіндік беретін салынды енгізілген. Геодезиялық негізі Жер бетіндегі мекен-жайы жазықтықтағы Х,
Y координаталары және тіке бағытта абсолюттік биіктіктер жүйесінде
айқындалған геодезиялық пункттердің шоғыры. Бұл пункттердің
қажеттілігі – топографиялық беттен жер эллипсоидінің теориялық
бетіне ауысуда математикалық «өткел» болу. Масштаб. Оның атқаратын басты міндеті – Жер эллипсоидін
қолдануға қолайлы көз жетерлік мөлшерде кішірейту. Салынды. Жер шарын (глобусты) жазықтық қалпына келтіруге
және сызбалық бейнелеуді жасауға яғни карталанатын құбылыстардың
кейіпті кескінделуіне, мүмкіндік туғызады.