Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет16/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   151
Картографиялық  бейнелеу.  Бұл  бейнелеу  тәсілдерінде 
пайдаланылатын белгілеулермен діттелген (бедерленген, өрнектелген) 
жер  келбеттері.  Бұлардың  құрамы  алуан  түрлі  ландшафтар, 
құбылыстар мен процестер (тәсірлер), обьектілер. 
Ландшафт  (нем.  Lапd  –  ел  +  sсһаft  –  өзара  байланыстылық) – 
бұл  дербес  ерекшеліктермен  сипатталған  жер  бедерінің,  жер 
келбетінің,  ауа  райының,  жер  қыртысының,  өсімдіктер  мен  жануарлар 
дүниесінің, өзен-су айдындарының табиғи байланыстылығы. 
Гидрографиялық  объектілер,  яғни  құрлықтағы  өзен-сулар, 
мұхиттар мен теңіздер, көлдер. Олардың жағалаулық сызықтары. Бұл 


 
13 
объектілер  карта  бетінде  көгілдір  түспен  реңделіп  нақтылы 
тұлғаларымен  шектеледі.  200  метрлік  изобат  (тереқцік)  құрлықтық 
қайранның шекарасы болып есептеледі. Өзендер шартты белгілермен 
бейнеленеді,  олардың  салалық  тармақгануы  айқын  да  анық  болу 
керек. Есте болар жай: Қара теңіздің ең үлкен тереңдігі 2210 м, Балтық 
теңізіндегі  «Ботанический»  шығанағының  тереңдігі  124  м,  Тынық 
мұхиттағы  «Курило-Камчатский»  науасының  (желоб)  ең  үлкен 
тереңдігі 9717 м. екен. 
Карта мазмұны элементтерінің бейнелеуде ең күрделісі – ол жер 
бедері.  Әсіресе  оның  көлемді  елестетілуі  мен  өлшемді  болуы,  яғни 
беткей  еңістігін,  нүктелердің  бір-бірінен  көрінулігін,  өзара  биіктікті 
жэне  басым  қыраттылыкгы  анықгаудың,  қүрылымдық  профиль  (тіке 
тілік)  салудың  мүмкіндіктерінің  болуы.  Жер  бедерінің  деңгейлік 
беттен орналасу биіктігі 200 м дейін болса ойпат, 1000 м дейін жетсе, 
таулы үстірт (плоскогорье), қырат немесе тау деп атайды. 
Топырақтар  мен  өсімдіктер  жамылғысы  жалпыгеографиялық 
картада жинақы, ал тақырыптық картада бөлектеніп кескінделеді. 
Елді  мекендер  жинақталу  мен  сұрыптаудан  өткен  соң,  пунсон 
дөңгелектерімен көрсетіледі (фр. роіпсоп немесе лат. рипсtio – шаншу, 
түйреу – металл бетінде таңба басу үшін құрал ретінде пайда болған). 
Жол  қатынастары:  олар  құрлықтағы  жолдар  (далалық,  орман-
тоғайлық, сүрлеу) сондай-ақ теңіздік, өзендік, ауалық және құбырлық 
қатынас  жолдары  болып  келеді.  Жалпыгеографиялық  шолулық 
карталарда  ең  маңызды  деген  темір  жолдар  мен  автотрассалар 
бейнеленеді.  Сирек  қоныстанған  аудандарда  бұрынғы  керуен 
жолдарымен қоса соқпақтар да көрсетіледі. 
Теңіз бетіндегі жол қатынастары порттармен байланыстырылып, 
кеменің жүзу сызықтарының бойында «км»-лер саны жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет