№18 Зертханалық жұмыс 22-тапсырма. Берілген топографиялық картадағы аймақты сипаттау. Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Аймақты
сипаттауда қолданылатын жоспар: А. Жер бедері
Жер бедері туралы мәліметтер келесі ретпен сипатталады:
– аумақтың жер бедеріне жалпы мінездеме (төбелі, жазықты,
жазықт-эрозиялы және т.б.), максималды және минималды биіктік
белгілері;
– басты су айрықтар, олардың бағыттары, пішіні, өлшемдері мен
абсолюттік биіктіктері;
– басты су ағарлар мен жазықтар, олардың бағыты, пішіндері мен
еңісі;
– жыралар мен шұңқырлар, олардың қоюлығы, ұзындығы мен еңісі;
– жер бедерінің антропогенді пішіндері: пайдалы қазбалардың
ашық орындары, үйінділер, қазылған жерлер, обалар, шұңқырлар
және т.б.