Көмекші бейімдеулерарқылы легенда – аңыз (шартты белгілер)
зерделеуде пайдаланылған материалдар, анықтамалық деректер,
карта және морфометриялық сызбалар түгенделеді.
Толықтырма деректерде кірме карталар, цифрлы деректер,
кестелер, тіліктер, профильдер, суреттер, фототүсірімдер, диаграммалар,
мәтіндік жазбалар беріледі.
Тақырыптық және арнайы карталар үшін жоғарыда қаралған
жалпыгеографиялық картаға тән мазмұндамаларға қоса тақырыптық
немесе арнайы мазмұнның элементтері орын алады. Мысалы, жер
танабының геологиялық құрылымы немесе навигациялық жағдай.