Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет19/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151
Олар объект бойынша: 

 
Жер әлемдік 

 
Планеталық 

 
Аспандық 
Тақырыбы бойынша:  

 
Жалпыгеографиялық 

 
Геологиялық 

 
саясаттық т.б.,  
Атқаратын міндеті бойынша: 

 
оқулық 

 
навигациялық т.б., 
Өлшемдері бойынша  

 
кабинеттік 

 
үстелдік 

 
кіші  

 
кішкентай болып бөлінеді.  
Алғашқы глобустар ХV-ХVІ ғғ. Европада жасалып шыға бастады. 
Атластар  –  жалпы  атауы  бір,  бірақ  бірнеше  карталардан 
қүрастырылатын  картографиялық  шығарма  Мифология  айтады: 
Ливияның  королі  Атлас  алғашқы  болып  Аспандық  глобусты 
жасапты.  Оның  құрметіне  арнап  аса  көрнекті  голландық  картограф 
Герард  Меркатор  (1512-1594)  Атлас  атауын  ұсыныпты.  Атластар 
карталар  тәрізді  жіктелсе  де,  қосымша  нышандық  белгі  –  атластағы 
карталардың қосынды ауданы бойынша үстелдік (15 м), орта (6-14 м
2

және қалта (< 5 м
2
) форматты (пішінді) болып бөліктенеді. 
Бет-бейнелік  карталар  –  жер  телімінің  үшөлшемді  көлемдік 
сүлбісі.  Олардың  көрнекі  жэне  айқынды  болуы  үшін  вертикаль 
масштаб  горизонталь  масштабпен  салыстыруда  2-5  есе  (таулы 
аймақтарда)  жэне  5-10  есе  (жазықтарда)  іріленіп  қабылданады.  Бүл 
карталар  оқыту  процестерінде,  кейбір  іс-тәжірибелік  есептерді 
шығаруда  (мысалы,  жолдар  мен  су  қоймаларын  жобалауда)  жиі 
қолданылады. 


 
15 
Құрылымдық профилъдер  – жер  қыртысының берілген бағыттар 
бойынша  тіке  тілігі  және  онымен  қоса  тіке  бағытта  жинақы 
көрсетілетін маңайдағы құбылыстар (мысалы, геологиялық құрылым, 
топырақтар өсімдіктер т.б.). 
Блок-диаграммалар  –  бойлық  және  ендік  профильдері 
кескіндерімен  қандай  болса  да  беттің  қосарланған  үш  өлшемді 
жазықтықтағы  картографиялық  келбеттері.  Олар  тақырыбы 
бойынша былайша жіктеледі: 
– геологиялық  және  геоморфологиялық,  жер  беті  құрылымының 
жер қыртысы тіліктерімен қосарлануы; 
– топырақтық,  жер  телімінің  бедері  мен  топырақтық 
профильдердің арақатысымен қосарлануы; 
– мұхиттық  су  массалары,  сапылары  (фронттары,)  ағыстары 
мен тұздылығының қосарлануы. 
Блок-диаграммалардың  салынуы  аффиндық  және  перспективтік 
салындылармен орындалады.  
Анаглификалық  карталар  (анагифтер)  –  қос  бейнелеуден 
стереоәсер  (стереоэффект)  пайда  болатындай  қылып,  параллакти-
калық  жылжытумен  бірін-бірі  толықтырушы  екі  түспен  (мысалы, 
көгілдір  және  қызыл)  басылып  шығарылатын  карталар.  Олармен 
жұмыс  істеуде  арнайы  светофильтрлі  көзілдірік  қажет.  Бұл 
карталар жер бедерін көрнекі сүлбі етіп қарауда қажетті  оқу құралы 
болып келеді. 
Фотокарталар – фотобейнелеумен үйлестірілген карталар. Олар 
жалпыгеографиялық,  геологиялық,  тектоникалық,  ландшафтық  жоне 
ғарыштық,  сондай-ақ  Айдың  және  өңге  планеталар  бетінің 
фотобейнелері болып бөліктенеді. 
Бұлардан  басқа  транспарант,  микрофиштердегі,  цифрланған, 
электрондық  карталар,  сондай-ақ  картографиялық  анимациялар 
сияқты шығармалар да баршылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет