0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары


Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие Мақсаты



бет2/22
Дата15.11.2023
өлшемі260,83 Kb.
#123702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
8 сынып 22-23 тәрбие жоспары

5. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту
Міндеттері:.
мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;
экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне; «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;
кәсіби білім мен өнімді еңбекке; нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру; экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;
еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.





Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

17

«Экологиялық білімнің адам өміріне әсері

Ағаш отырғызу
Тәрбие сағаты

Сынып жетекші
Сынып оқушылары

+

18

"Мамандықтың бәрі жақсы»

пікірлесу

Сынып жетекші
Сынып оқушылары

+

19

«Алуан алуан кәсіп бар, таңдай білде талап қыл»

Дөңгелек үстел

Сынып жетекші
Сынып оқушылары.

+

20

«Ахмет Байтұрсынов»150 жылдығы

Тәрбие сағаты

Сынып жетекші
Сынып оқушылары

+

6. Бағыты: Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.

Міндеттері:.
өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;
сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;
зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпарат көздерін сыни іріктеуге;
Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;
Интернет-сауаттылық қалыптастыруға; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға; жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.



Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

21

«Интернетке қаншалықты тәуелдісің?

Танымдық сабақ

Сынып жетекші
Сынып оқушылары




22

«Қазақтың салт –дәстүрі”»

Тәрбие сағаты

Сынып оқушылары




23

«Құқық және заң жауапкершілігі»»

Сайыс сабақ

Сынып жетекші
Сынып оқушылары




24

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»
шығарма

шығарма

Сынып жетекші
Сынып оқушылары




7. Бағыты: көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.

Міндеттері:.толеранттық және ғаламдық пікірге; көпмәдениеттілік және көптілділікке; мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу; мәдениетаралық әрекетке; қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына;қарым-қатынас мәдениетіне; эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына; шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық-эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту





Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

25

«Көше тәртібі – өмір сүру тәртібі»

Дөңгелек үстел

Сынып жетекші
Сынып оқушылары




26

«Қазақстанның жеті кереметі»

Тәрбие сағаты

Сынып жетекші
Сынып оқушылары




27

«Роза Бағланованың 100 жылдығы»

Тәрбие сағаты

Сынып жетекші
Сынып оқушылары




28

«Жол ережесін сақтаймыз»

Эссе байқауы

Тарих пәні мұғалімі




29

«Ғарышкерлер күні» Талғат Бигелденовтың 100 жылдығы»

Сынып сағаты

Сынып жетекші




8. Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Міндеттері:.
денсаулық жағдайының скринингіне; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;
денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез- құлыққа; өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа; қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіру.



Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

30

«Нашақорлық пен маскүнемдіктің себептері мен салдары»

Сынып сағаты

Сынып жетекші
Сынып оқушылары




31

«Денсаулығыңды ойласаң,ауырмайтын жол іздейік»

Сынып сағаты

Сынып жетекші
Сынып оқушылары




32

«Денсаулық зор бойлық»

Тәрбие сағаты

Сынып жетекші
Сынып оқушылары




33

«СПИД ғасыр дерті»

Маман кеңесі

Сынып жетекші
Сынып оқушылары




34

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»

Сынып сағаты

Сынып жетекші
Сынып оқушылары



Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Мамандық таңдау ертеңді ойлау»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)



Мамандықтың бәрі жақсы

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту. Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.



Құндылықтарды дарыту

· Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу
· Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту



Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Дәйексөз
«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»
К. Д. Ушинский
Ж.Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.




Оқушылардың мамандық туралы ойлары тыңдалады



презентация

Ортасы (20 мин)



Әңгімелесу айдары
1. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
3. Мамандық таңдамаудың себебі неде деп ойлайсыңдар?
4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
5. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындау керек деп ойлайсыз?
6. Мамандық таңдауыңа кім кеңес берді?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
8. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?



Сұрақтарға жауап береді

суреттер

Соңы



 Оқушыларға ескерту ережелер:
Өз болашағың өзіңнің қолыңда! Ендеше өз болашағыңды анықтауда мына
ережелер назарыңда болсын:
· Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс.
· Өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істегеуді игергенің аса пайдалы.
· Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта!
· Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген ойдан аулақ бол!
· Сен үшін өзіңнің қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалы екенін есіңде ұста!
· “Жақсы адам”- бұл мамандық емес.Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қортынды жасауға болмайды.



«Қай мамандық лайықты?» ойыны.
Ойынның шарты бойынша бес саусақты қағазға бастырып, ортасын дәлдеп табады. Сол нүктеден әрбір саусаққа сызық жүгізеді. Сызықтың ұзындығына қарай лайықты мамандықты таңдай алады.
І саусақ- басқарушы
ІІ саусақ-заңгер, қорғаушы, әскери адам
ІІІ саусақ- дін адамы, саясаткер, тарихшы
ІҮ саусақ-өнерге бейім, архитектор, әнші, биші, суретші, дизайнер
Ү саусақ - дәрігер, шипагер



презентация


Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Мектептің ішкі тәртіп ережесі»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет