Мектеп туралы ұғымдарын тереңдету. Мектепке деген сүйіспеншіліктерін ояту. Ойын арқылы өз ойларын еркін жеткізе алуға дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту.
Құндылықтарды дарыту
Болашақ мектеп туралы арман қиялдарын ұштау, алтын ұя мектебін құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Ресімдеу
Слайд,презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу
интерактивті тақта, слайд
Үлестірмелі материалдар
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
Презентация
Дайындыққа арналған әдебиет
Интернет материалдары
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
Білім арқылы адамдардығ Отанды, ғарышты, әлемді танисыңдар. Егеменді еліміздің болашағы – білімді ұрпақ. Ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерің бар. Сондықтанда білім алуларың керек.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері: Бұл ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты – мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау. Жалпы тәртіп сақтау ережелері: Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жіберген себебі туралы ата-анасының қолохатын беруі тьиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық,күнделік) сабақ кестесіне сәйкес үй тапсырмасымен келеді.