Сабақ кезіндегі тәртіп: Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген мұғаліммен тұрып амандасады. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Оқушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек. Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет. Күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта соңында ата-аналары күнделікке қол қояды.
Суреттер
Ортасы (20 мин)
Оқушы ережесі: Ай, күн аттарын қазақша атау, оны жүзеге асыру. Қазақша амандасу (ұлдар көшеде, мектепте, үйде «ассалаумағалейкум» деп қос қолды беріп сәлемдесу) (өыздар сәл еңкейіп «Сәлеметсіз бе?»-деу) Ысқырмау, айқайлап сөйлемеу,бәсең тіл қату. Қыздар шашты өсіру, кеспеу,ернін, бетін, көзін боямау. Үлкеннің жолын кеспеу. Үлкеннің атын атамау. Үлкенге үнемі «Сіз»-деп сөйлеу.
Оқушыларға сұрақтар қойылады
презентация
Соңы
Қорытындылау: Ереже қайда апарады? Заң, ереже жоқ болса не болады?