0 сынып 10. В. Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда



бет28/33
Дата15.12.2023
өлшемі203,6 Kb.
#137997
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады. 1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.
Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.
1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.
Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.
Сөйтіп, саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.
Терминологиялық сөздік:

  1. Бүлік (нем. putsch — бүлік) — арандатушы шағын топ жасаған мемлекеттік төңкеріс, немесе төңкеріс жасауға ұмтылған арандатушылық пиғыл. Бүлік, әдетте, мемлекет басқару пішімін өзгерту, саяси билікке ие болып, елде жаңаша, қатаң тәртіп орнату мақсатын көздейді. 

  2. Комсомол, Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы (БЛКЖО) –КСРО-дағы жастардың қоғамдық-саяси ұйымы. 1918 ж. 29 қазанда Мәскеуде өткен Жұмысшы-шаруа жастарының 1-съезінде құрылған. 1991 ж. тамыз бүлігінен кейін СОКП-ның жұмысына тыйым салынды да, БЛКЖО жас

  3. Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

  4. Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініпСемей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. 

Сұрақтар:



  1. 1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны неге жақтамады?

  2. Қашан Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты?

  3. 1991 жылы 7 қыркүйекте болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім қай қалада қабылданды?

  4. Тамыз төңкерісі қашан болды және (ТЖМК) төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрамына неше адам кірді?

  5. Қазақстанның тәуелсіздігінің алуына ТЖМК төңкерісі қалай әсер етті? Оның салдары қандай болды?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет