021– 2022 оқу жылынның І жартыжылдығында «Б» сыныбындағы арнайы оқуды қажет ететін оқушыға жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарының сараптамасы



Дата10.11.2022
өлшемі20,01 Kb.
#48988
түріСабақ
Байланысты:
Инклюзив сараптама


2021– 2022 оқу жылынның І жартыжылдығында 1 «Б» сыныбындағы арнайы оқуды қажет ететін оқушыға жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарының сараптамасы.

1 «Б» сыныбында 14 оқушы бар,олардың 9-ы ұл бала, 5-і қыз бала. Денсаулығына байланысты 1 оқушы (Детский церебральный паралич.гиперкинетическая форма. Инвалид с детсва).


Оқушының білім деңгейі денсаулығына байланысты қанағаттандырылық. Сабақта жеңілдетілген тапсырмалар яғни реттік санау, кері санау, сандар, салыстыру, сандар орнын тап сияқты ауызша тапсырмалар берілді. 1-10ға дейін тура санай алады, бірак кері санақ жүргізгенде сандардан шатасады. Сауат ашу пәнінен суреттермен жұмыстар, суреттерді ретімен қой, сурет бойынша әңгіме құрау сияқты тапсырмалары берілді. Бала өтілген А,Н,Р,Т,О,Л әріптерін де меңгерді. Бірақ сөйлеу тілінің толық еместігінен кейбір әріптерді айта алмайды. Осы әріптерді орнына қою арқылы екі әріпті сөздерді әріп суреттерімен таба алады . Күнделікті қосымша жұмыстар жүргізілуде.Берілген тапсырмаларды толық орындауға тырысады. Алинураның саусақ моторикасы толық дамымағандықтан әріп элементтерін дұрыс жаза алмайды. Саусақ моторикасына байланысты «Құм терапиясы, ширатпа терапиясы» сияқты тапсырмалар жүргізіп отырдым, осы тапсырмалар арқылы суреттерді орта деңгейде бояуға дағдыланды. Д оқушы жеке сыныпта жұмыс істеуді қажет етеді. Д оқушы оқытумен қатар сыныптан тыс тапсырмалары да қолға алынған . Жиі қолданылған «Мен өзім», «Тыңда да, қайтала», «Мынау не?», «Дұрыс ата», «Қарап ал да есіңе сақта», «Аудармашы», «Дұрыс көрсет», «Мынау кім?», «Не жоқ?», «Тыңда, қайтала, көрсет» кез келген тақырыпқа байланысты «Қоянды көрсет», «Доп қайда?» деген сияқты ойындар түрі жүргізілді. Тоқсан бойы сабақта Д оқушы жеке тапсырмалар, жеке жұмыстар жүргізілді. Олар«Түспен ажырату» оқушы өзінің мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды, жақтарын түспен ажыратты. “Мен ғажаппын” оқушы өзінің жағымсыз эмоциясын тежеуге тырысуға , ұрысысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйренуге,бір апта бойы барлығын кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға, ескерту айтпауға, кінәламау мақсатында ойын түрі жүргізілді. “Мен басқалардың көзімен” Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен өзіңнің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай көрінетініңді елестетуге тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды? сияқты ауызша сауалнамалар қойылып, оқушы өз жауаптарын айтты. Аптасына 1 рет психолог мамандары арнайы ойындар жүргізіп отырды.I тоқсанда Баланың ата – анасымен жеке жұмыстар жүргізілді. I тоқсан қорытындысы бойынша Оқушының оқу-тәрбие деңгейі-қанағаттанарлық.
Пән мұғалімі:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет