03 астана ажары 11 спорт қазақ күресі — белбеу күресі



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата08.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#3672
1   2   3   4   5   6   7

Темірбек Асан

2050: ҮМІТ ПЕН КҮДІК

Ендігі елу жылда әлем қандай болмақ?

Әлем қазіргі таңда инновациялық және технологиялық өзгерістерге қауырт дайындық үстінде. Бұл 

кезеңде тың инновациялық өнімдер шығарып, соны бастамалар көтерген елдердің мерейі үстем 

болмақ. Ендеше, өткен ғасырда өнеркәсіптік төңкерістің арқасында көшбасшыға айналған мемлекеттер 

инновациялық жобаларды қолға алған дамушы елдерге бірте-бірте жол беруі де ғажап емес. Әйтсе де, 

қол созым жерде тұрған келешек кезеңнің өзіндік қауіп-қатері де жетерлік. 

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ТҮРКІ ДҮНИЕСІ



05

ҚАМШЫБАСАР-ТҰЖЫРЫМ

7 ҚАРАША ЖЫЛАН ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 



АЙТЫЛМАСА, 

СӨЗ ЖЕТІМ

ДАХАН 

ШӨКШИР

АР МЕН 

ҰЯТЫМЫЗҒА СЫН

ЕРМЕК 

САХАРИЕВ 

АСЫЛБЕК 

АБДРАХМАН

Кезінде  Елбасы  зор  маңыз  бер-

ген  этникалық  қазақтардың  тарихи 

Отанына  оралуына  жәрдемдесу  са-

ясатын  жүзеге  асыруда  Үкімет  кей-

інгі  кезде  салғырттық  танытып,  оны 

дұрыс  ұйымдастыра  алмай  отырғанын 

жасырудың реті жоқ.  Бұл жәйт Парла-

мент  қабырғасында  да  қозғалып,  «Ақ 

жол» партиясының Парламенттік фрак-

циясы  Қазақстан  Республикасының 

Үкіметіне осы этникалық көші-қонды рет-

теу  мәселелеріне  қатысты  депутаттық 

сауал жолдаған-ды. Аталған партияның 

депутаттары  көші-қонның  тоқырап 

қалғандығына  алаңдаушылық  білдіріп, 

оралмандардың Қазақстандағы жергілік-

ті елмен етене жақын араласып, мүлдем 

кірігіп  кетуіне  кедергі  келтіріп  отырған 

мәселелерді  жіліктеп  атап,  Үкіметтен 

отандастарымыздың  елге  оралуының, 

ел өміріне тезірек бейімделуінің жүйелік 

шараларын  қабылдаудың  қажеттілігін 

талап еткен болатын. Осы сауалға жау-

ап қайтарған Бас уәзір: «Депутаттардың  

көтеріп  отырған  мәселелері  орынды,  

бұл іске мүлдем жаңаша келу қажет еке-

ні рас. Елдің заңнамасында аталған сая-

сатты іске асыру жылдарында оралман-

дарды  қатаң  түрде  әкімшілік-аумақтық 

бөлініс бойынша орналастыру жүргізілген 

жоқ.  Қазақстан  аумағында  тұрғылықты 

тұратын  жерді  тек  оралмандардың 

өздері 


өз 

қалаулары 

бойынша 

таңдады.    Оралмандарды  тиімді  ор-

наластыру  мәселесін  шешудің  бірден-

бір  жолы  «Нұрлы  көш»  бағдарламасы 

болғандай  еді.  2009-2011  жылдар 

ішінде  бағдарлама  бойынша  2604  үй 

тұрғызылған.  Алайда,  бағдарламаның 

пилоттық  жобаларын  іске  асыру 

қорытындылары 

оралмандардың 

көбінің  табыстары  болмағандықтан 

немесе 


жеткіліксіз 

болғандықтан, 

олардың ипотекалық несие алу тетігіне 

қолжетімсіздігін  көрсеткен  еді.  Сондай-

ақ, оралмандарды бір жерге жинақы ор-

наластыру тиімсіз болып шықты: өйткені 

бұл  қағидат  олардың  оқшаулануына, 

қазақстандық 

ортаға 

әлеуметтену 



процесінің  қиындауына  әкеліп  соқты. 

Бұл,  бір  жағынан,  жергілікті  халықтың 

көшіп  келген  этникалық  қазақтарды 

әркелкі  қабылдауына,  екінші  жағынан,  

оралмандардың  психологиялық  тұр-

ғыдан  дайын  болмауына  және  өздері 

келген  елдердің  салт-дәстүрі  бойынша 

өмір  сүруді  жалғастыруына  байланыс-

ты-тын.  Осыларды  ескере  келе,  қазіргі 

таңда  Үкімет  оралмандарды  тиімді 

орналастыру  өңірлерін  айқындауды, 

оралмандардың  көшіп  келу  квотасын, 

квотаға  енгізілгендер  үшін  төленетін 

ақшалай  төлемді  белгілеуді  алып  тас-

тауды,  Қазақстан  азаматтығын  тек 

Қазақстан  Республикасы  аумағында 

кемінде бес жыл заңды негізде тұрақты 

тұрып  жатқан  этникалық  қазақтарға 

беруді  көздейтін  этникалық  көші-қон 

саласын  реттейтін  жаңа  тәсілдерді 

әзірлеуде»,  —  деген-ді.  Үкіметтің  аса 

маңызды  ұлттық  мәселелердің  бірінің 

тиімді шешілуіне ұмтылып, жаңа әдістер 

мен тәсілдемелер қарастырып жатқаны 

көңілге  жылылық  ұялатады,  әлбетте. 

Дегенмен,  сенат  мақұлдаған  көші-қон 

туралы заң жобасы өз күшіне енер бол-

са,  көшіп  келуші  қазақ  азаматтарына 

квота берілмеуі өз алдына, тіпті, оларға 

азаматтық алу үшін басқа шетелдік келім-

сектер секілді  5 жыл күтуіне тура келмек. 

Шетелдегі  қандастарды  Отанға  оралту 

мәселесі еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 

Елбасының  басым  бағыттағы  саясаты 

ретінде  жүзеге  асырылып  келе  жатқан 

еді.  Сонау  1990-1991  жылдары  «Еңбек 

шартымен»  Моңғолиядан  10  мыңдай 

қандастарымыз  елге  оралып,  көштің 

алғашқы легін бастаса, 20 жылдан берi 

атажұртқа  оралған  қандастар  саны  1 

миллионға жетер-жетпес шамада. Өз от-

андастарын  қабылдаған  Германия  ше-

телдегi 3 миллион немiстiң 2,3 миллио-

нын көшiрiп алған. Отандастарына есiгiн 

айқара ашқан Ресей мен Израиль көшiп 

келген азаматтарын түгел баспана және 

жұмыспен  қамтып,  барлық  жағдайын 

жасап  отыр.  Олай  болса,  мына  жаңа 

заң жобасына қарасаң, ол оралмандар-

ды елге қайтаруды Ата заң арқылы бе-

кiтiп,  «дүниежүзiндегi  қазақтың  жалғыз 

отаны – Қазақстан» деген Президенттiң 

өз  аузынан  шыққан  сөзді  әдіре 

қалдыру  ма  деп  қаласың.  Мемлекеттің 

нығаюы мен ұлт саясатының үстемдігін 

әрқашан  негіз  еткен  Елбасымыз  Н.На-

зарбаев  Дүниежүзі  қазақтарының  IV 

құрылтайында сөйлеген сөзінде: «Бүгінгі 

алқалы 

жиында 


қандастарымызға 

қолдау  көрсетіп,  қамқорлық  жасаудың 

нақты жолдарын айқындап алуымыз ке-

рек. Сондықтан, алдағы мақсат-міндет-

терді бірлесіп белгілеп алғанымыз жөн. 

Кеңінен  талқыланып,  қабылданатын 

жаңа заң қандастарымыздың жағдайын 

жақсартуға септігін тигізеді деп есептей-

мін.  Ол  қандастарымыздың  құжат  тап-

сыруда, тіркеуге тұруда, азаматтық алу-

да  кездесетін  түрлі  кедергілерді  жоюы 

тиіс»,— деген еді. Ал, сенат мақұлдаған 

Заң  жобасы  Елбасының  осы  сеніміне 

селкеу  түсіретіндей  әсер  қалдырады. 

Мұны  мемлекет  басшысының  тікелей 

қолдауымен  басталған  саясаттың  іске 

асуын  тежеу,  Елбасы  ұстанған  ел  сая-

сатына жасалған қиянат деп бағалаған 

жөн.  Ел  Президенті  Нұрсұлтан  На-

зарбаев  бір  сөзінде:  «Қазақтың  та-

рихта  ұялар  жері  жоқ»,—  деген  еді. 

Бұл  —  рас,  өте  орынды  айтылған 

сөз.    Аталған  мәселеге  қазақ  зиялы-

лары  да    үн  қосып,  оралмандардың 

құқығын  шектейтін  заң  жобасына  Пре-

зиденттің  қол  қоймауын  сұрады.  Себе-

бі,  жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  егер 

заң жобасы қабылданатын болса, елге 

оралған  қандастарымыз  бес  жыл  бойы 

азаматтық  ала  алмайды,  оған  тыйым 

салынған: тіпті тіркеуге тұру, үй, жер са-

тып алмақ түгілі, емін-еркін көшіп-қонуға 

құқығы  жоқ  болады.  Шетте  жүрген  5 

миллион  қандасымыздың  елге  қазақ 

емес,  келімсек  болып  оралуы  бүтін  ел 

болып отырған қазақ жұртының ары мен 

ұятына сын. 

Бұл — Елбасы ұстанған ел саясатына қиянат

Үн  қататын  бұл  кімдер?  Шен-шекпенді,  әлде 

азуын айға білеген аузы дуалы ақсақалдар, оп-

позиция ма деп отырған боларсыздар. Бұлар 90-

жылдың басында Монғолиядан алғашқылардың 

бірі болып көшіп келген, өз жыртығын өздері жа-

мап, өз күндерін өздері Алланың берген несібесі-

мен айырып жүрген ағайындар. 

Көкшетаудың  іргесінде  Ақадыр  деген  шағын 

ауыл бар. Бұрын Шағалалы ауылының бөлімшесі 

болған.  Өтпелі  кезең  басталып,  ауыл  тұралап, 

бөлімше  бос  қалып,    елі  қалаға  көшеді.  Бос 

ауылға  күнкөрістің  қамымен  алыс  ауылдағы 

ағайындар  келіп  қоныстанады.  Қазақ  қарға  та-

мырлы.  Тамыр-таныс,  ағайын-туыс  болып  жи-

налып,  ауылды  аман  алып  қалады.  Әйтпесе 

бұндай бөлімшелер солтүстік өңірде әлдеқашан 

құрыған немесе құрығалы тұр.  Көкше өңіріндегі 

жаппай қазақша сөйлейтін жалғыз ауыл. Мекте-

бі  қазақша,  мұғалімдері  қазақ,  дәрігері  қазақ, 

қысқасы,  барлығы    қазақ.  Бұрынғы  оралман, 

қазір  толыққанды  Қазақстан  азаматтары.  Бір 

орыс отбасы тұрады. Оның өзі сары қазақ болып 

кеткен.  Балалары  қазақша  оқиды.  Бөлімшенің 

бұрынғы  аты  Водопяновка  еді,  қазір  Ақадыр 

болып өзгерген.  Жүзден астам отбасында 600-

ге  тарта  жан  тұрады.  Мәдениет  ошағы  жұмыс 

жасайды.  Мал  ұстап,  жер  ырыздығын  қаузап, 

жем-шөп,  отын  дайындап  сату  арқылы  күн 

көріп  отыр.  Шағын  кәсіпкерлікпен  айналысып, 

шаруашылығын түзеп жатқандары да баршылық. 

Жұмысқа жарамды азаматтардың тең жартысы 

тұрақты  жұмыссыз.  Дегенмен,    күнкөріс  деңгейі 

жаман емес. Шаруашылықтарына арнаған трак-

тор, жүк машинасы, қой жаятын «Москвич», «Жи-

гули», үкілеп мінетін шетелдік көліктер әр үйден 

табылады. Осы ағайындардың жаңадан бекітіл-

гелі жатқан  көші-қон заңына айтар уәждері  бар. 

Ауыл тұрғындарының сөзіне құлақ түрелік.

Солтанбек  Абилхасұлы,  Монғолияда  көп 

жыл мектеп директоры, осындағы ауыл мек-

тебінде  көп  жыл  ұстаз  болған,  қазір  зейнет-

кер:

—  Біз  Монғолиядан  күн  көре  алмай  келген 

жоқпыз.  Қазақ  елі  тәуелсіздік  алып,  жеке  ел 

болған  соң,  атажұртымыз,  отанымыз  деп  кел-

дік.  Бастапқыда  кеңестің  көп  дүниесінің  көбесі 

жаңа  сөгіле  бастаған,  елдің  жағдайы  жақсы, 

есеп-қисапсыз  шашылған  дүниенің  ортасында 

жүргендей болдық. Одан қиын жағдай басталды. 

Сол қиыншылықты жергілікті ағайындармен бір-

ге көрдік, көтердік. Ауыл күре жолдан 9 шақырым 

қашықтықта  орналасқан.  Сол  кезде  қыста  жол 

жабылып, ұн, шайымызды жаяу шанамен сүйреп 

әкелген кездеріміз әлі есімде. Енді міне, Құдайға 

шүкір, ел қатарлы күн кешіп жатырмыз. Ешкімге 

өкпе-ренішіміз жоқ. Балаларымның бәрі қызмет 

істейді. Көші-қонның жаңа заңы бойынша квотаға 

қаржы бөлінбейтіні, бес жылсыз азаматтық бер-

меу  көңілге  қонбай  тұр.  Қандас  бауырларымыз 

келсе, қалай күн көреді, оқуға, жұмысқа  орнала-

са ала ма, Қазақстан азаматы болмаса, мектеп 

бітіргенде  ҰБТ-ға да қатыстырмайды ғой деген 

ойлар  мазалайды.  Үкімет  бірдеңе  ойластырар. 

Бірақ, квотаны қысқартып, азаматтықты 5 жылға 

созу 


— 

қазаққа жасалып отырған зор қиянат.



Жұқай  Ғайсаұлы,  Монғолияда  әкімшілік 

және  партия  саласында  жауапты  қызмет 

атқарған, зейнеткер: 

— Мен Монғолияның ішкі аймақтарында жауап-

ты қызмет атқардым. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

шеттегі  қазақтарды  отанына  шақырған    үндеуі  

«Шалқар»  газетіне  жарияланды.  Елбасының 

сол үндеуі әлі күшінде деп есептеймін. Шеттегі 5 

млн. қазақтың бірі қалмай Отанына оралмайын-

ша, үндеу күшін жоюы мүмкін емес. Бұл шеттегі 

қазақты Отанына, атажұртына шақырған басты 

құжат  болып  табылады.  Бұл  құжаттың  күшін 

жоюға  талпынып  жүргендер  қазақты  жоюды 

ойластырып  жүргендер  ме  деп  қорқамын.  Кері-

сінше  көшті  жетілдіру  керек.  Үкімет  пен  мәжіліс 

депутаттарының  шеттегі  ағайынға  қолайлы  бір 

шешім  шығарарына  сенемін.  Келгендерге  квота 

бермеу,  азаматтықты  созу 

  қазақты  тоздыру. 



Бұл  заң  қабылданса,  қандастарымыздың  ойын  

үрей, қорқыныш, күдік билеп, көш сирейтіні рас. 

«Оралмандар оңбағандар» деген қаңқу сөзді жиі 

естиміз. Бес саусақ бірдей емес. Оралмандар да 

пенде. Бес оралман қателік жасады деп, 5 млн. 

қазақты шеттету 

 адамгершілікке жат қылық. 



Заңды қайта қараған жөн. Біз, қара халық, қатты 

алаңдаулымыз.  Елбасымызға  әрқашан  сенеміз, 

саясатын,  әсіресе  қазақты  Отанына  жинаймын 

деген ұлы мақсатын қолдаймыз.



Түйін. Заң мәжілісті аттап кеткен бе, қалай сып 

етіп сенатқа жеткен? Осының өзі нені аңғартады? 

Өріп жүретін журналистер қайда? Заң халық үшін 

жазылады.  Оны  халық  неге  білмейді?  Шеттегі 

қазақ сиыр құрлы болмағаны ма?!  Асылтұқымды 

бір сиыр бір млн. тұрса, бір отбасыға да шамамен 

бір  млн.  теңге  беріледі.  Сол  асыл  деп  әкелген 

сиыр қазақтың жеріне жетпей, аспанда қырылып 

жатыр.  Келген  сиырдың  паспорты  да  дайын.  

Адамды  сиырмен  салыстыру 

— 

әбестік.  Бірақ 



жан  ауырған  соң  айтамыз.Ендігі  айтар  уәжіміз 

  Көші-қон заңын қайта қарап, келгендерге кво-



та беру, азаматтықты созбау, керісінше оңтайлы 

жетілдіру  жағын  дұрыс  шешсе  деген  халықтың 

тілегі  бар.  Біздің  мақсат 

  ел  сөзіне  үн  қосып, 



билікке  жеткізу.  Мәселенің  дұрыс  шешілгенін 

қалаймыз. Елбасының үндеуін аяқ асты етпейік. 

Үнімізді қосып, барша қазақты Отанына 

— 

қазақ 



еліне жинауға ел болып жұмылайық,  ағайын!

Күйінсін жауың, сүйінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, ерім,

Ояншы елім, жиылсын есің...

Құрметті  қазақ  елінің  тұңғыш 

Президенті,  Елбасы  Н.Назарба-

ев  мырза!  Халқымыз  XXI  ғасыр  — 

жаһандану  дәуірінде  жан-жақтан 

анталаған  озбырлық,  әлімжеттік, 

түрлі кереғар көзқарастарға толы 

заманды  басынан  өткізіп  жатыр. 

Бұған  дейін  әлемдегі  көптеген 

ұлттар  жойылып  та  кетті.  Бүгінде 

жаһанданудың  екпіні  тіптен  күшті 

сезілуде. 

Қазақ  халқының  үштен  бірі  алыс 

шетелдерде,  жат  жұртта  өгей  ба-

ланың  күйін  кешіп  жатыр.  Оны  әр 

қазақ жүрегімен сезініп, біліп отыр 

деп  ойлаймын.  Оларды  ұлт  ретін-

де  сақтап  қалу  әрі  атажұртына 

оралту  үшін  азды-көпті  жұмыс-

тар  атқарылғанымен,  жақында 

үкімет  пен  сенаттың  оралман 

қандастарымызға  берілетін  кво-

таны  тоқтату,  оларға  азаматтық 

беруде  5  жыл  сергелдеңге  салып 

күттіретін,  ұлтқа  жаны  ашымай-

тын  керағар  заңды  сізге  жолда-

уы  қалың  қазақ  жұртын  ашынды-

рып  отыр.  Шетелдегі  атажұртына 

оралуға  буынып-түйініп  отырған, 

өздерінің  болашағын  қазақ  елі-

мен 

байланыстыра 



қарайтын  

қандастарымызға 

бұл 

үлкен 


соққы.  Бұндай  бассыздықты  ұлтқа 

жасалған 

қастандық 

ретінде 


бағалаймыз.

Құрметті Елбасы! Ата 

Заңның кепілі ретінде 

сізден өтінеріміз:

1. Үкімет пен сенаттан өтіп, сіздің 

қол  қоюыңызға  жолданған  «Еңбек 

миграциясы туралы» заң жобасын 

кері қайтаруыңызды сұраймыз.

2.  «Бос  жер  жау  шақырады»  де-

ген атадан қалған асыл сөз бар.

Ұлан-байтақ  жеріміз  әлем  кар-

тасында  9-орында,  ал  халқымыз 

16-ақ  миллионнан  асады.  Осы  ки-

елі  жерімізді  қорғайтын  әрі  қазақ 

елінің  дамуына  қасықтай  қаны  

қалғанша  өз  үлестерін  аямауға 

ант  етіп  отырған  жат  жұрттағы 

қандастарымыздың    атажұртына  

оралуына  неге  кедергі  келтірмек-

піз? 

3.  Үкімет  жанынан  арнайы  көші-



қон 

жұмысымен 

айналысатын 

агенттік  немесе  комитет  құрып, 

елге  оралған  қандастарымыздың 

жемқорлық пен қағазбастылықтан 

арылуына  жол  ашсаңыз,  көш 

көлікті болар еді. 

4.  «Нұрлы  көш»  бағдарламасын 

жалғастырып, жандандырсаңыз. 

5.  Жат  жұрттағы  5  миллион  қан-

дастарымыздың  көбісі  Қытай  мен 

Өзбекстанда,  Ресейде  тұрады. 

Бұл  елдерде  қазақтілді  мектептер  

қытай  және  өзбектілді  мектептер-

ге  қосылған.  Сөйтіп,  осы  елдерде 

ұлтсыздандыру (ассимиляция)  са-

ясаты тез әрі  қарқынды жүргізілуде. 

Бұған біз ерекше алаңдаулымыз. 

Жоғарыда  аталған  мәселелер-

дің  маңызы  зор  болғандықтан, 

сіздің  осы  хатпен  танысып,  атал-

мыш  жайға  араласуыңызды,  сөй-

тіп,  жат  жұрттағы    ассимиляцияға 

ұшырау  алдында  тұрған  5  млн. 

қандасымыздың  ұлт  ретінде  сақ-

талып  қалуына,  әрі  атажұртына 

алаңсыз оралуына көмектесуіңізді  

өтінеміз,  әрі  сізден  батыл  да 

көреген шешім күтеміз.



1. Қайрат Байтоллаұлы, 

Республикалық «Отандас – Ел» 

қоғамдық бірлестігінің бас хат-

шысы.

2.  Мақсұтқан Дәлейұлы, 

«Баркөл бау-бақша» серіктестігі, 

тұтыну кооперативінің төрағасы.

3. Қарқан Рамазанұлы,  агро-

ном.

4. Ерболат Шәріпұлы,  жеке 

кәсіпкер.

5. Бақыт Шағбанұлы, оралман.

6. Мұхаммед Құлысұлы, орал-

ман.

7. Орал Әкімұлы, оралман.

— деп үн қатады ақадырлық ағайындар

«КӨШ ТОҚТАМАСЫН, ҚҰЙЫЛСЫН, 

ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ЖИЫЛСЫН!» 

Айта алмасам, маған серт

Қайтармасаң, саған серт

Қазақстан Республикасының Президенті      

Н.Назарбаев мырзаға!

06

ЭКСПЕДИЦИЯ

7 ҚАРАША ЖЫЛАН ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 



Серік Тұрбеков, Мақтарал 

ауданының әкімі:

Мақта зауыты мен 

диқандар арасында 

қамал бар

 

Былайғы  жұрт  Мақтаралды  көбінше 

кішігірім  облыстармен  теңестіріп  жата-

ды, шынында да солай ма?     

—  Ресми  болмаса  да,  бұл  жиі  айтыла-

тын  әңгіме.  Біз  өз  мүмкіндігімізді,  тыныс-

тіршілігімізді  көбінше  Маңғыстау  облысы-

мен  теңестіріп  жатамыз.  Жалпы  алғанда, 

Мақтарал  ауданы  жер  көлемі  жағынан 

емес,  халқының  тығыздығы  жағынан 

ерекшеленеді.  Ауданда  300  мыңнан 

астам  халық  бар.  Салыстырмалы  түрде 

айтар  болсақ,  республикада  бір  шаршы 

шақырым  аумаққа  7  адамнан  келсе,  біз-

де ол 21 адамға жетеді. Айырмашылығын 

өздеріңіз  бағамдай  беріңіз.  Кейде  біз 

«Қытайдан да тығыз орналасқанбыз» деп 

қалжыңдаймыз.  Мақтаралдықтардың  бір 

қасиеті  —  жаңалыққа  бейім.  Шалғайдағы 

аудан  орталығы  шағын  қала  болып  есеп-

телсе  де,  Жетісайда  үш  бірдей  супер-

маркет  жұмыс  істейді.  Енді  төртіншісінің 

құрылысы жүріп жатыр. Екі базардың орта-

сына түскен алғашқы супермаркетті салар 

кезде  кәсіпкерді  «адамдар  келе  ме,  кел-

мей ме» деген сауалдың мазалағаны рас.  

Мен оған: «қазір елдің жағдайы жақсарып 

қалды, әуелі сал, сосын көресің», — дедім. 

Тәуекелге  бел  буып  салды,  қазір  ол  жер-

ден адам үзілмейді. Неге десеңіз, адамдар 

сапалы  қызметтің  не  екенін  түсінді.  Оның 

үстіне ондағы тауарлардың бағасы базарға 

қарағанда  аздап  қымбаттау  болғанымен, 

сапасына кепілдік бар. 

Елбасының  «Балапан»  бағдарламасы-

на  байланысты  ауданымызда  қарқынды 

жұмыстар  жүргізіліп  жатыр.  Жақында 

жаңалықтардан Жамбыл облысында биыл 

40-тан  астам  балабақша  салынғанын 

естідім.  Ал  бізде  биылғы  жылдың  өзінде 

42  балабақша  есігін  айқара  ашты.  Мем-

лекет  есебінен  бірде-бір  балабақша 

салған жоқпыз, барлығы да мемлекет пен 

жеке  кәсіпкердің  арасындағы  әріптестік 

арқылы іске асты. Оның тиімділігі жоғары. 

Мәселен,  100  орындық  балабақша  салу 

үшін  мемлекеттің  75-90  миллион  теңгесі 

жұмсалуы тиіс. Ал жекеменшікпен әріптес-

тік  арқасында  ашылған  балабақшалар 

үшін бар болғаны 25-30 миллион теңгеден 

шығын  шығардық.  Осының  арқасында 

қазір  балабақшамен  қамту  көрсеткіші  об-

лыста 62 пайызды құраса, бізде 68 пайызға 

жетті. Еліміздің жаңалыққа біртабан жақын 

деп отырғаным осы. 



Олай  болса  шағын  және  орта 

кәсіпкерліктің  де  тасы  өрге  домалап 

тұрған болар? 

—  Аудан  аумағында  орта  және  шағын 

бизнес субъектілері көп. Айталық, былтыр 

ауданда жалпы алғанда 95 миллиард 200 

миллион  теңгенің  өнімі  өндірілсе,  соның 

37,9 миллиарды орта және шағын бизнестің 

үлесіне тиесілі. Біздің есебіміз бойынша ау-

данда  129  мыңға  жуық  жұмысқа  қабілетті 

азаматтар  бар  болса,  соның  шамамен  75 

мыңға  жуығы  ауылшаруашылық  саласын-

да  жұмыс  істейді,  қалған  43  мыңдайы  не-

сібесін  орта  және  шағын  бизнестен  теріп 

жүр. Нақты мысалға жүгінер болсам, 2012 

жылы облыс бойынша жекелей адамдарға 

12  миллиард  теңгеден  астам  несие  бе-

рілсе,  соның  4  миллиарды  біздің  аудан 

тұрғындарына  бұйырды.  Несиені  қайтару 

барысында  алғашқы  кезеңдерде  біраз 

күрделі  мәселелер  болған  екен.  Елмен 

жұмыс жасаудың арқасында бұл күрмеудің 

де  шешімі  табылды.  2011-13  жылдар 

аралығында  қайтпаған  несие  жоқ.  Ел  не-

сиені уақтылы қайтарудың өздеріне тиімді 

екенін түсініп қалды. 



Демек,  жұмыссыздық  мақтаралдық-

тар үшін жат нәрсе болғаны ғой?.. 

— Әрине, ауданда жұмыссыздық мүлдем 

жоқ деп айта алмаймын. Жұмыссыздықты 

түбегейлі жою әзірге мүмкін емес, дегенмен, 

олардың қатары республикалық деңгейден 

төмен,  шамамен  жалпы  халықтың  4,7-

4,8  пайызын  құрайды.  Осы  тұста  айта 

кетейін,  «Жұмыспен  қамту  –  2020» 

бағдарламасының  орындалуы  жоғары 

деңгейде. Тағы да цифрды сөйлетер бол-

сам, биыл ауданда 2300 адамды жұмыспен 

қамту  көзделсе,  қазірдің  өзінде  олардың 

қатары 2500-ден асты. Екі қолға бір күрек 

тапқандардың  арасында  біршама  уақыт 

жұмыссыз  жүргендер  де,  аз  қамтылған 

отбасының азаматтары да, өзіне-өзі жұмыс 

тапқандар да бар. 

Мақтарал  ауылшаруашылық  өнімін 

өндіру  көрсеткіші  жоғары  аудан  екен, 

дегенмен,  шекарамен  шектесіп  жатыр-

сыздар. Ауданның әлеуетін көтеруде Ке-

ден Одағының тигізер пайдасы бар ма?

—  Шыны  керек,  кезінде  «кеден  одағы 

бізге  не  береді»  деген  сауалдың  үлкен 

талқыға түскені белгілі. Ол туралы елге та-

нымал азаматтар да, зиялы қауым өкілдері 

де  үн  қосты.  Негізінде,  біздің  аудан  осы 

кеден одағынан көп пайда көріп отыр деп 

айтуға болады. Кеден одағы құрылар тұста 

ауданда бар болғаны 12 мың гектар бақша 

бапталып, одан 250-300 мың тоннаға дейін 

өнім алынатын. Шекара ашылғаннан кейін, 

дәлірек айтсам, былтыр бақша өнімдерінің 

көлемі 500 мың тоннаға дейін жетті. Ал бұл 

жылы облыс 1 миллион 100 мың тонна өнім 

жинаған болатын. Сонда облыс көлемінде 

өндірілген бақша өнімдерінің тең жартысы-

на жуығын Мақтарал берді деген сөз. Биыл 

өнім көлемін 560 мың тоннаға жеткіздік. Ал, 

егіс  көлемі  12  мыңнан  22,5  мың  гектарға 

дейін  ұлғайды.  Өнімдеріміз  Мәскеуге, 

Санк-Петерборға,  тіпті,  Еуропа  мемлекет-

теріне  дейін  жөнелтілуде.  Салыстырмалы 

түрде  айтар  болсақ,  ауданымызда  2010 

жылы  жалпы  ауылшаруашылық  саласын-

да өндірген өнімнің құны 55 миллиард 900 

миллион  теңге  болса,  2011  жылы  74,5, 

2012  жылы  95,200,  ал,  биылғы  жылы  110 

миллиард теңгеге жетті. Ералиев ауылдық 

округінде  қауын  егумен  айналысатын  ша-

руалар өнімдерін ақшаға айналдырып, бір 

жылдың  ішінде  10  трактор  сатып  алды. 

Ауданда бүгінде 22 мың трактор бар және 

олардың  дені  шетелдік  жаңа  техникалар.  

Бұл  Маңғыстау  облысының  тракторынан 

да көп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет