03 астана ажары 11 спорт қазақ күресі — белбеу күресі



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата08.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#3672
1   2   3   4   5   6   7

Расул  Жұмалы, 

саясаткер: 

— Әлем елдерінің 

ішінде 

Қазақстан 



үшін  ең  жақыны 

әлбетте түркі тілдес 

халықтар.  Көршілес 

өзбек, 


қырғыздан 

бастап, Ресейдегі башқұрт пен татарға, 

шалғайдағы  Түркияға  шейін.  Жақыны 

дегенде тарихи, рухани байланыстары-

мыз былай тұрсын, бүгінгі геосаяси ахуал 

тұрғысынан  аталмыш  жақындастыққа 

мардымды  еш  балама  жоқ.  Түрлі  се-

бептерге  қатысты  арамыз  ажырап, 

жеке-дара  жүрудің  нәтижесінде  бөтен 

күштердің  ығына  тәуелді  болғанымыз 

қай жағынан алғанда да сорақы дүние. 

Осындай  зор  қателіктің  алдын  алатын 

жалғыз  жол  —  заманында  Алашорда 

қайраткерлері  нұсқаған  Түрік  Одағын 

құру.  Әлбетте  бұл  тұрғыда  Түрік 

әлемінің  ең  қуатты  мемлекеті  болып 

табылатын  Түркияның  орны,  онымен 

арада  қазақтың  тығыз  ынтымақтастық 

орнатуы  —  маңызы  ерекше  мәселе. 

Егемендік  алған  жылдарда,  рас, 

әжептәуір  алға  басу  орын  алды,  саяси 

және мәдени салада, экономикалық жо-

баларда  т.б.  Алайда  олардың  деңгейі 

қанағаттанарлық  деңгейде  деп  айту 

қиын.  Айталық,  сауда  айналымы  не-

месе  инвестициялар  бойынша  Ресей 

мен Қытай әрбірі Түркиядан он есе ар-

тып  түседі.  Бұл  өз  алдына  сөз  болып 

отырған  тәуелділікті  арттырмаса,  ке-

мітпесі  анық.  Қазақтың  Түркиямен  не 

ортаазиялық көршілермен жақындасуын 

Мәскеу  мен  Бейжіңнің  жақтырмайтыны 

да сондықтан, ондай жағдайда елімізге 

көрсетіп отырған сесі біршама әлсіремек. 

Түркияның өзіне келсек, 1990-жылдарда 

Түрік Одағын құру ісіне Анкара құлшына 

кірісіп  еді.  Алайда  Орталық  Азиядағы 

ағайындары бұл науқанды айтарлықтай 

қолдамауы салдарынан ондай ұстаным 

біраз  саябырсыды.  Тиісінше  бүгінгі 

Түркияның  негізгі  басымдықтары  Еу-

ропа  және  Таяу  Шығыспен  байланы-

сты.  Демек,  бірігу  маңызын  әлдебіреу 

сөз  жүзінде  мойындағанымен,  тіп-

ті  солай  ойлағанымен,  толыққанды 

ынтымақтастық  үшін  саяси  ерік-жі-

гер  біздің  тарапымыздан  да,  қарымта 

Түркия  тарапынан  да  жеткіліксіз. 

Бұндай  жағдайда  ағымдағы  ортақолды 

ықпалдастық  келешекте,  әрине,  өз 

жалғасын табады. Алайда ахуал өзгеріп, 

қарапайым 

ынтымақтастық 

Түркі 


одағына  айналуы  тарих  пен  саясатқа 

қатысты  ұстанымдары  өзге  келешек 

ұрпақтың  еншісінде  болуы,  не  болма-

са  Еуразиядағы  геосаяси  ахуал  күрт 

өзгеріп,  саяси  сахнада  жаңа  тұлғалар 

пайда болған жағдайда қалыптаспақ. 



«Айқап» газетіне 

жазылып тұрған 

ыстамбұлдық 15 түрік

Қазақ-түрік    тарихи  байланыстары 

Кеңес  Одағының  ыдырауынан  кейін 

пайда бола бастады десек, қателесеміз.  

Тұрғыт Өзалдың егемендік алмай тұрып  

1991  жылдың  наурыз  айындағы  рес-

ми  сапарлары  өз  алдына,  қазақ-түрік 

байланыстарының  алғаш  дәнін  еккен 

оқиға  1710-1715  жылдар  арасындағы 

Османлы  падишахтарымен  саяси  бай-

ланыс  орнатқан  қазақ  ханы  Ғайып 

Мұхаммедтің қалмақ, башқұрт  ұлттары 

және Ресеймен арадағы мәселені шешу 

үшін  жасалған  қадамдары  бүгінде 

ортаға шығып отыр. Осы уақыттан кейін 

Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін екі ел 

арасындағы  байланыс  туралы  жайлы 

деректер жоқ. Дәл осы кездегі Қазақстан 

жерінде  пайда  болған  «жәдитшілдік» 

ағымын  таратушылардың  Түркия  та-

рапынан  қолдау  тапқандығы,  Түркияға 

арнайы  білім алуға жіберілген 25 қазақ 

студентінің  өмірі  жайлы,  «Айқап»  га-

зетіне    жазылып  тұрған  ыстанбұлдық 

15  түрік  хақында,  сонымен  бірге 

Т.Рысқұлов,  М.Жұмабаев  турасындағы 

тарихи деректерді бүгінде түрік ғалымы,  

профессор 



Ахат 

Андижан мырзаның 

зерделегені  белгілі. 

Астанадағы  Түркі 

а к а д е м и я с ы н ы ң 

түркі халықтарының 

жалпы 


тарихын 

жазу 


мәселесі 

қолға  алынғандығы  жайлы  ғалым 

Шәкір  Ыбыраев  жеткізді.  Ендігі  кезек-

те  түркі  халықтарының  ортақ  тарихы 

жазылмақ.  

ТҮЙІН.

Түркі халықтарының басын 

біріктіретін басты күш — ортақ 

мәдениет пен әдебиетіміз, діл 

мен дініміз, салт-дәстүріміз. Бұл 

жөнінен Түркі академиясының 

атқарған еңбектерін бағалауға 

тұрарлық. Тұтас бір мо-

дельмен жазылып, 6 тілде 

жарыққа шыққан «Түркілер 

тәрбиесі»,  Түркі дүниесінің 

ең  таңдаулы классикалық 

шығармалар жинағы «Асыл 

мұра» туындыларының берері 

көп.  Сонымен бірге түркілік 

өркениетті әлемге таныта-

тын түркі елдері арасында 

бірнеше тілдерде хабар 

таратылатын ортақ телеарна 

құрудың қажеттілігі, пайда-

сы зор екендігі, бүгінгі күннің 

сұранысы екендігі назардан 

тыс қалмады. Әзірге түркі 

халықтарының мәдениетін 

насихаттайтын «TRT Avaz» 

телеарнасының тек Түркия 

елінде ғана көрсетілетіні 

жеткіліксіз екеніне көз жет-

кізді сарапшылар. Түйіндеп 

айтсақ, екі ел қазіргі екі 

жақты қатынастар деңгейіне 

қанағаттанбайтындықтары, 

байланыстарды ары қарай 

дамытуға мүдделі екендіктерін 

білдірді. Солай тарқасты. 

Екі жақ Мәулананың «Бір 

тілде сөйлейтіндер емес, бір 

жүйеде ойлайтындар ғана 

өзара санаса алады» деген  

сөзімен тарқасты. 

Бауыржан Карипов

«Анадолу Маркетинг» компаниясына Кеңсе-менеджері қажет. Компьютерлік 

бағдарламаларды білетін, кеңсе құжаттарын жүргізе алатын, қазақ, орыс тіл-

дерінде еркін сөйлесетін (түрік тілін білсе, ескеріледі) сауатты адам қажет.

***

Аймақтық  өкіл.  Көшбасшылық  қасиет,  сауда  саласындағы  басшылықтағы 



жемісті тәжірибесі, іскерлік келіссөздерді жүргізу негіздері, Қазақстан Респу-

бликасы сауда нарығын білуі, ҚР территориясында дистрибьюторлық компа-

ниялармен жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек.

Тел: +7 727 247 88 87, +7 727 247 88 45. e-mail: anadolu-mark@yandex.ru

«ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ІРГЕТАСЫ 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ БОЛУЫ КЕРЕК»

1-2 қараша күндері Алматы қаласында Стратегиялық 

ойлау институтының (SDE) бастамасымен Ахмет Иаса-

уи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне 

қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты (ERI) және 

Ататүрік зерттеу орталығының (ATAM), Астанадағы 

Түрік академиясы басшыларының қатысуымен 

өткізілген халықаралық симпозиумда Қазақстан-Түркия 

қатынастарының дипломатиялық, экономикалық, 

қоғамдық, тарихи, геосаяси және мәдени қырлары 

сөз болып, ертеңгі күннің еншісіне тиесілі маңызды 

мәселелер талқыланды.  Аталмыш жиынға екі елден 

60-қа жуық ғалым, сарапшылар қатысып, ұтымды ойла-

рымен бөлісті. Сонымен қатар  симпозиумда  тарихи 

мұра және екі елдің ортақ келешегі және халықаралық 

қатынастар, дүниежүзілік стратегиялық ахуал, білім-

ғылым жайында да тың тұжырымдамалар жасалын-

ды. Әсіресе түрік сарапшылары екі ел арасындағы 

қалыптасқан қатынастардың жеткіліксіз екендігін ай-

тып, әлеует пен мүмкіндіктерді оңтайлы пайдаланудың 

маңыздылығына тоқталды. Стратегиялық ойлау 

институтының директоры Ясин Ақтайдың ойынша, 

«Жаһандану жағдайында қазақ және түрік халықтары 

өзара жақындасуға мүдделі болып отыр. Осы симпозуим 

Түркия қоғамының Қазақстанға деген қызығушылығының 

айқын дәлелі». 



10

ОТБАСЫ

7 ҚАРАША ЖЫЛАН ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Құмырсқа су астында 14 күн өмір 



сүре алады.

Өсімдіктер фотосинтез про-



цесін жасауды бір сағатқа тоқтатса, 

дүниедегі бүкіл жандылар өледі.

Ұлудың 4 мұрны бар.



Секундтың жүзден біріндей 

уақытта 100 шақырым жылдамдыққа 

жететін бүрге оқтан да жылдам.

Аюлар қыс ұйқысында 



салмақтарының 25%-ын жоғалтады.

Бір мұз қалыбының ішінде үш апта 



көлемінде мұздалған шаян, мұз ерітіл-

генінде еш нәрсе болмағандай жүріп, 

қалыпты жағдайын жалғастырған.

Құстар ұяларында демалады, 



бірақ басқа жерлерде ұйықтайды.

Түйеқұс – аяғында екі саусағы бар 



жалғыз құс.

Мегапод құсы күрікке жатпайтын 



құстың жалғыз түрі.

Түйелер 15 минут ішінде 200 литр 



су іше алады.

«

Мен  Африканың  мешеу  да-



мыған елдерінің бірінде ауыл-

дық  емханада  жұмыс  жасай-

тынмын.  Бірде  ауруханаға  жағдайы 

нашарлаған екіқабат әйел жеткізілді. 

Мезгілсіз  келген  толғаққа  байланыс-

ты  қолдан  босандыруға  тура  келді. 

Әупірімдеп  жүріп  баласын  өмірге 

әкелдіргенімізбен, анасын аман алып 

қала алмадық. Бейшараның артында 

жылап  екі  жарым  жасар  қызы  жетім 

қала  берді.  Мұнда  экватордың  бойы 

күндіз ми қайнатар ыстық болғанмен, 

түнде  табаныңнан  өтер  ызғарға 

айналады.  Шала  туылған  баланы 

сақтайтын  еш  құрал  жоқ,  инкубатор 

орнатуға электр қуаты да жоқ-тын бұл 

кедей елде. Баланы жаялыққа орап, 

медбикенің  бірін  грелка  алып  келуге 

жұмсадым. Баланы суық түннен аман 

алып  қалудың  басқа  жолы  жоқ  еді. 

Сәлден соң ол жанары жасаурап кел-

ді. Грелкаға ыстық су құйып жатқанда 

жарылып  кетіпті,  оның  өзі  ең  соңғы 

грелка  екен.  «Жарайды,  бір  амалын 

қарастырамыз», – деп қала бердік. 

Сол  түні  отқа  жақын  отырып,  ке-

зекпен  қызылшақа  баланы  денеміз-

ге басып, таңды атырдық. Ертеңіне 

аурухана жанындағы балалар үйіне 

соғып,  намаз  оқитын  балалар-

ды  ертіп,  мешітке  қарай  беттедік. 

Оларға  түнде  болған  оқиғаны,  ба-

ланы  суықтан  сақтау  үшін  грелка 

керек екенін, әйтпесе сәл суық өтсе 

баланың  шетінеп  кете-

тінін,  оны  денемізбен 

ж ы л ы т қ а н ы м ы з д ы 

және екі жарым жасар 

әпкесінің  жетім  қалып 

жылап  жатқанын  да 

айттым. Олар мұңайып 

қалды.  Сосын  намаз 

оқуға  кірістік.  Намаз 

оқып болып тұра бергенім-

де  шетте  қос  қолын  жайып, 

дұға етіп жатқан он жасар қызға 

көзім түсіп кетті. Бүлдіршін кіршіксіз 

көңілден шыққан балғын тілімен:

– Иә, Алла, сенен өтініп сұраймын, 

кеше  осында  кішкентай  бала  туы-

лып,  анасы  қайтыс  болыпты.  Егер 

грелка  болмаса,  ол  суықтан  өліп 

қалуы  мүмкін.  Бізге  грелка  жіберші, 

Алла!  Және  бүгін  жіберші,  әйтпесе 

ертеңге  дейін  жаурап  өліп  қалады. 

Сосын оның апасына бір қуыршақ жі-

берші,  ол  анасынан  айрылып,  жетім 

қалып, жылап жатыр. Қуыршақ беріп 

қуантшы, Сенің оны жақсы көретініңді 

білсін.  Иә,  Алла,  өтінемін,  тілегімді 

орындашы,  –  деп  жалбарынып  дұға 

етіп жатыр. Менің жаным еріксіз езіліп, 

жас қыздың жасаураған көзіне қарап, 

оның аппақ қардай көңіліне таңданып 

қарай  бердім.  Еш  күмәнсіз  орын-

далатынына  сеніп,  шын  жүрегінен 

ақ  тілектері  төгіліп  жатыр.  Бірақ    ті-

герге  тұяғы  жоқ,  бір  жапырақ  нанға 

зар  мұндай  кедей  елде  бұл  тілектің 

орындала  қоюы  екіталай  секілді 

көрінді.  Аллаһтың  шексіз  құдіретіне 

шәк  келтірмеймін,  бірақ  тілектің  де 

қолжетімдісі,  қол  жетпейтіні  болады 

ғой.  Бір  жағынан,  қыздың  шынайы 

тілегі  санамда  тұрып  алып,  дүдамал 

күйде  мешіттен  шықтым.  Жұмысыма 

барып,  оқушыларыма  медициналық 

жәрдем  туралы  сабағымды  бастап 

кеттім. 

Бірер  сағаттан  кейін  бір  адам  ке-

ліп,  менің  үйімнің  тұсына  машина 

келіп,  бір  зат  тастап  кеткенін  айт-

ты.  Үйім  жақын  болған  соң  жүгіріп 

барсам,  машина  кетіп  қалыпты.  Өз 

көзіме  өзім  сенбей  тұрып  қалдым: 

салмағы  22  келіден  асатын  үлкен 

сәлемдеме  тастап  кетіпті.  Біреуден 

бірдеңе  сұрап  хат  жібермеген  едім, 

ешкім  де  маған  сәлемдеме  жіберем 

демеп  еді.  Сәлемдеменің  аузын  ше-

шем  дегенше  жаныма  әлгінде  бірге 

намаз оқыған балалар жиналып, топ-

талып қалды. Арасында бағанағы он 

жасар қыз да бар. Көңілім алабұртып 

толқып,  босай  бастағанын  сездім. 

Аузын  шешіп,  ішіне  қолымды  салып, 

сыртқа  шығара  бастадым,  балалар 

әр қимылымды қалт жібермей қарап 

тұр. Алдымен қолыма іліккені киімдер 

болды. Оны балаларға үлестіріп бер-

дім,  олар  шат-шадыман  қуанышты 

күйге  бөленді.  Сонымен  қоса,  біраз 

медициналық  құралдар,  жабдықтар, 

азықтар  салып  жіберіпті.  Қолымды 

қайта  салғанымда,  бір  затқа  тие  бе-

ріп, бүкіл денем суып сала берді. Жоқ, 

бұл  мүмкін  емес!  Қолым  қалтырап, 

суырып  алып  шыққаным  жап-жаңа 

резеңке  грелка  еді.  Көзімнен  еріксіз 

жас сорғалап аға берді. 

Грелканы  көрген  балалар  шуыл-

дасып,  қуанып  кетті.  Өз-өзімді  ұстай 

алмай грелканы ұстаған қалпы қатып 

тұрып  қалсам  керек.  Ана  қыз  жүгіріп 

келіп: «Айттым ғой! Айттым ғой, Алла 

жібереді деп. Әне, айттым ғой!» – деп 

грелканы  ұстай  берді.  Мен  көзімнен 

аққан жасты сүртумен әлекпін. Бір кез-

де  қыз:  «Айтпақшы,  қуыршақ  қайда, 

қуыршақ?»  –  деп  қолын  қаптың  іші-

не  сүңгітіп  жіберіп,  кішкентай  әдемі 

қуыршақты  суырып  алса  бола  ма! 

Жүрегім толқып кетті. «Ей, Алла, рах-

мет! Айттым ғой жібереді деп!» – деп 

қуыршақты  ұстай  берді  де:  «Тәтей, 

қуыршақты  кеше  туылған  баланың 

әпкесіне  апарып  берсем  бола  ма? 

Алла  оны  да  жақсы  көретінін  біл-

сінші»,  –  деді.  «Айналайын,  әрине, 

бере  ғой»,  –  деп,  көңіліне  еш  күдік 

ұяламаған  қыз  балаға  қарап  егіле 

бердім.  Ол  қуыршақты  құшақтаған 

күйі  қуанып  жүгіріп  кетті.  Мендей 

дап-дардай әйелге кім қуыршақ сала 

қойсын.  Таңданысымды  жасыра  ал-

май,  кімнен  келгеніне  қарай  бердім. 

Сәлемдемені  Оңтүстік  Африкадағы 

оқушыларым  салыпты.  Оның  келіп 

жетуі  үшін  жарты  жылдай  уақыт  ке-

тетін.  Грелканы  алыстағы  басқа  бір 

әріптесім,  қуыршақты  бір  оқушым 

салған  екен.  Екеуінің  тура  керек 

уақытында,  дәл  мезгілінде  келге-

нін  қарасаңшы.  Құдайдан  шынайы 

жүрекпен  тілеген  он  жасар  қыздың 

тілегінің  орындалып,  қуыршақ  пен 

грелканың  сол  күні-ақ  келіп  жеткені 

мен  үшін  өмірімдегі  бір  таңғажайып 

керемет оқиға болды».

Мейірімді Аллаһ Тағала 

қасиетті Құранда: «Сен-

дер дұға жасамай жатып, 

мен сендердің тілектеріңе 

жауап берем», — деген. 

Ендеше, біз де шын көңілден 

тілей білсек, Жаратушының 

сарқылмас қазынасының 

қақпасы айқара ашылатыны 

осы оқиғадан-ақ көрініп 

тұрғандай.

Мирас 

Кесебаев 

Бұл оқиға Орталық Африканың кедей 

елдерінің бірінде дәрігер болып жұмыс жасайтын 

мұсылман әйелдің басынан өткен екен. Оқиғаны 

қаз-қалпында оқырманға жеткізгенді жөн көрдім. Енді оқиғаны 

дәрігер әйелдің өз аузынан естісек:



ИМАНДЫЛЫҚ НҰРЫ

• Шекерді шамадан тыс қолдану – қандағы қанттың мөлшерін өте 

жылдам түрде арттырады және ұйқы безі инсулин секретін көбейтіп, 

шамадан тыс шығарады. 

•  Алдымен  тістің  шіруіне,  семіруге  (майдың  ағзада  шамадан 

тыс  жиналуы),  диабет,  жүрек  және  қан  айналым  жүйесі  аурула-

рына,  бүйрек  тастарының  пайда  болуына,  рак,  гепертония  (қан 

қысымының артуы), паралич, язва, астма, ревматизм, созылмалы 

әлсіздік синдромы, сүйектің еруіне себеп болады.

•  Қанның  айналуымен  дененің  әр  тарапына  жайылған  шекер, 

әсіресе кіндікте, сандарда, кеуденің және аяқтың үстіңгі жағына жи-

налады.


•  Иммунитет  жүйесін  әлсіретеді.  Дене  суық,  ыстық  немесе 

микробтарға қарсы тұра алмайды.

Кекс,  торт,  печенье  сияқты  тәтті  тағамдардың  ішінде  шекер  бо-

латынын  онсыз  да  білеміз.  Алайда  шекер  дайын  азықтардың 

барлығына дерлік орынды, орынсыз түрде беталды қосылуы зиян-

ды. Сәбидің тамағы, жүгерінің қауызы, сосиска, майонез, кетчуп, пиц-

ца, гамбургер, кола,  дайын жеміс шырындары сияқты тағамдарға 

шекер қосылып, қолданушыларға өте тартымды қылып ұсынылуда. 

Сәбилерге берілетін дайын тамақтарда ана сүтімен салыстырғанда 

шекер 60 пайызға көп болады.

Шекермен байланысты өте маңызды тағы бір қауіп бар. Генети-

касы  өзгертілген  жүгеріден  «Жүгері  шекері»  өндірілуде.  «Крахмал 

қоспалы сұйық шекер» деп те аталатын «өзгертілген» шекер шо-

колад, вафля, газды сулар, жүгері қауызы сияқты өнеркәсіпті 

азықтарда ең көп қолданылады.

Азықтарда «құрамындағылар» тізімінде әртүрлі есім-

дермен жасырынғанын көре аласыздар. Бұл есімдер 

қайсылар  дейсіз  бе?  Сахароза,  қоңыр  шекері, 

жүгері  шырыны,  крахмал  қоспалы  сұйық  ше-

кер,  декстроз,  сорбит,  маннитол,  ксилит, 

жеміс  шырыны,  глюкоза,  глюкоза  шы-

рыны,  бал,  инверт  шекер,  лактоза, 

мальтоза,  үйеңкі  шырыны,  ме-

ласса, шекер шырыны т.б. 

Шекер зиянды ма?

«British Medic-

al Journal» атты 

медициналық жур-

налда жарияланған 

бір мақалада: «Ше-

кер темекідей зиян-

ды, зиян келтіретін 

және тәуелділік 

тудыратын болғаны 

үшін есірткі тобына 

жатқызу керек», 

— делінді. Қорыта 

айтқанда:



СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

—  Құрметті  Жаз  көке,  сен  келу-

ге  асықпашы,  мына  дүние  құлпырып, 

жапырақ жайып гүлденіп тұр. Осы қызықты, 

сұлулықты  көріп,  халық  ұзағырақ  қуанса 

деймін, — деп, Көктем Жазға хат жазыпты. 

Хатты оқыған Жаз ашулана: 

— Әй, желікпе Көктем, ақылың қашан кі-

реді?! Ертең Күз мені ызғар лебімен келіп 

тықыртып  тастаса,  не  ағаштағы  жемістер 

пісіп  үлгермейді,  не  халық  егінін  жинап 

үлгермейді,  сонда  не  бетімді  айтам?!  — 

деп жауап беріпті. Жауапты оқыған Көктем 

Жазға ренжіп, Күздің өзіне хат жолдапты. 

—  Қадірлі  Күз  көке,  менің  мойнымдағы 

жүк ауыр. Себебі мені миллиондаған халық 

Көктем  қашан  келеді  деп  тағатсыздана 

күтеді.  Жыл  құстары  күтеді,  оны  қойшы, 

миллиондаған  махаббаттар  күтеді  ғой, 

сондықтан  Жазды  асықтырмаңызшы. 

Жағдайдың бәрі сізге тіреліп тұр,  — депті. 

Көп ұзамай Күзден де хабар жетті.

—  Әй,  Көктем,  сен  неткен  ақымақ  едің: 

мінезің  бірде  олай,  бірде  бұлай,  мен  сон-

да Қыс келіп қысқанда не деймін? Көктем 

сұрап еді деймін бе?! Оның бәрі өзіңе бай-

ланысты, сен егер Қысты қыспаққа алмасаң 

болғаны, маған бәрібір. Бірақ халыққа, мал-

жанға қиын болады ғой, уақытымен егінде-

рі,  жемістері  піспей  қалса,  мен  келгенше 

астықтарын  жинап  үлгермесе,  қар  астын-

да  астық  қалып  қойса,  аш  халыққа  сенің 

сұлулығың мен махаббатыңнан не пайда?!  

—  депті.  Оны  оқып  алып  әбден  ойланған 

Көктем:  «Расында,  менікі  көктемнің  желігі 

екен ғой», — деп қателігін мойындапты.



Төлеген Ильяшев

БЕЛГІЛІ ЗАТТЫҢ БЕЙМӘЛІМ СЫРЫ 

Шəй ќалталары 

кездейсоќ пайда болєан

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

КҐКТЕМ 


СЎЛУДЫЅ ХАТТАРЫ

1904 


жылы  американдық  көпес 

Томас  Саливан  тапсы-

рыс  берушілеріне  шәй  сорттарын  жібек 

қалталарға салып беріп жіберуді бастаған. 

Әрбір    қалтада    бір  шыныаяқ  шәй  дем-

деуге  ғана  жететін  жапырақтар  салынды. 

Бұл  көпеске  де,  басқаларға  да  оңай  бо-

латын,  ауыр  қораптарды  ешкім  көтеріп 

жүргісі келмеді. Сатып алушылар осы шәй 

жапырақтары  арқылы  керектерін  оп-оңай 

таңдайтын.

Кейіннен  Томастың  тұтынушылары  осы 

әдісті  ұнатып,  жібектің  ыңғайсыз  екендігін 

айтады.  Олар  дәкемен  орауды  ұсынады. 

Бірінші  Дүниежүзілік  соғыс  жылдарында 

Дрездендегі  Teekanne  атты  фирма  осы 

әдісті “ұрлап” алды. Олар майданға дәкеге 

оралған шәйді жіберіп отырды. Сарбаздар 

оған “шәй бомбасы” деген ат тақты, себе-

бі олардың арқасында кез келген уақытта, 

орын  таңдамастан  шәй  ішіп  алуға  бола-

тын.


Өткен  ғасырдың  жиырмасыншы  жыл-

дарында  жібек  те,  дәке  де,  мақта  да 

ысырып  тасталып,  жапсырылған  перга-

ментті  қағаздар  қолданысқа  енді.  Онан 

кейін  фильтр  қағаздарға  көшті.  Желім 

де  қолданылмайтын  болғандықтан,  шәй 

дәмі  жақсара  түсті.  Бұлардың  тағы  бір 

ерекшелігі  –  қораптағы  қалталарға  өңдеу 

нәтижесінде пайда болған жапырақтардың 

аяқ  жақтарының  қиындылары  салына-

ды.  Жапырақтың  бұл  тұсында  хош  иістер 

мен  пайдалы  заттар  көп  кездеседі.  Шәй 

қалталарының шыны аяққа және шәйнекке 

арналған түрлері де бар.



Ғаламтордан әзірлеген — 

Күміс Қалтыкей

Бетті дайындаған 

— Нұргүл 

Жамбылқызы

ӘЛЕМДЕ ТАЛАЙ 

ҚЫЗЫҚ БАР

Қазіргі таңда көп адамдар шәй қалталарын пайдаланғанды жөн 

көреді. Өте оңай әдіс. Қалташаны шыны аяққа саласыз да, ыстық 

суды құясыз, бес минуттан кейін шайлы сусын дайын тұрады.

Білесіз бе, Томас Салливан болмаса, біз мұның бірін де 

жасап көре алмас едік. Бір қызығы, қалта шәйі қателіктен, 

кездейсоқтықтан туындаған.

Бәрі де былай басталды.



11

7 ҚАРАША ЖЫЛАН ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 



ШЕМПИОН

ҒАЛАМТОРДАҒЫ МЕКЕНІМІЗ:

  

www.kazakhstanzaman.kz 

E-mail:

 kazakistanzaman@mail.ru

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ, ТАНЫМДЫҚ 

ГАЗЕТ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ ЖӘНЕ МЕНШІК ИЕСІ: 

“ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN” ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ АХМЕТ АЛЯЗ

БАС ДИРЕКТОРДЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ СӘУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ

БАС РЕДАКТОРЫ ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ



ИНДЕКС: 65977

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:  050000, Алматы қаласы, Наурызбай батыр, 31, 

Гоголь көшесінің қиылысы. Тел



.: 279-80-22, 279-94-99 факс: 279-80-77

Астана қаласындағы тілшілер: тел./факс: 8 (7172) 50-24-45;  

№29 бөлме, Журналистер үйі. 

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнде тiркелiп,  

№ 9429-Г куәлiгi 01.08.2008 ж. берiлген. Газет бетiнде жарияланған материалдардың көзқарасы мен 

фактiлердiң нақтылығы үшiн редакция жауап  бермейдi. Қолжазба авторға қайтарылмайды. Жарнама мен 

хабарландырулардың мазмұны мен мәтiнiне жарнама берушi жауапты. “Қазақстан-ZAMAN” газетiнiң 

компьютер орталығында терiлiп,  беттелдi. Газет аптасына бiр рет — бейсенбі күндерi шығады. Газет 

материалдарын көшiрiп басу үшiн мiндеттi түрде редакцияның рұқсаты қажет. Суреттердiң сапасына 

редакция жауап бередi. Газет ЖШС “Гамма-Принт” баспасында басылған. МЕКЕНЖАЙЫ: 050061, 

Алматы қаласы, Райымбек батыр даңғылы,  369. ТАРАЛЫМЫ: 15 000. Газетіміздің электрондық нұсқасы 



www.kazakhstanzaman.kz апталық тиражы: 8335.  ТАПСЫРЫС № 1547

Бас рeдактордың орынбасары: ЖАНБАҚЫТ БОРАНТАЕВ 

Жауапты хатшы: ТӨЛЕГЕН ИЛЬЯШЕВ 

Кезекші редактор: МИРАС КЕСЕБАЕВ

Қамшыбасар-тұжырым: ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ

Әлеуметтік сын: ЖАНБАҚЫТ БОРАНТАЕВ; Тел.: +77013623807

Ақпарат, білім-ғылым: НҰРГЕЛДІ ӘБДІҒАНИҰЛЫ

Экономика, спорт, туризм: ЕРМЕК САХАРИЕВ 

Саясат, тарих: ҚҰРМАНҒАЛИ НҰРҒАЛИЕВ 

Түркі дүниесі, жастар мәселесі, дін: МИРАС КЕСЕБАЕВ

Демография, экология, денсаулық: АРАЙ САХАРИЕВА

Мәдениет-өнер: БАУЫРЖАН КАРИПОВ

Отбасы, әдебиет, тіл, тарих:  НҰРГҮЛ ЖАМБЫЛҚЫЗЫ

Фототілші: ЕЛНАР БЕЙМІШ

Корректор: ГҮЛФИЯ ЕЛЕМЕСОВА

Беттeуші: ГҮЛШАТ АБУОВА

Терімші-хатшы: ДАНА КЕРІМБЕКОВА

Маркетинг бөлімінің менеджері 

ҚАНАТ ЕСЖАНОВ; Тел.: +77051369856



Халықпен байланыс бөлімінің  директоры: СЕРІК ӨМІРТАЙ

Меншікті тілшілeрдің бастығы: СӘУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛEР: 

АСТАНА:  

Тілшілер қосыны бастығының орынбасары: 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК, Тел.: +77023148143



АҚМОЛА ОБЛЫСЫ: ДАХАН ШӨКШИР; Тел.: +77014509057

АЛМАТЫ: НҰРИЛА  БЕКТЕМІРОВА; Тел.: +77017258534

АҚТӨБЕ: ЖЕТПІСБАЙ ЖАНАХМЕТОВ; Тел.: +77029570870

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ: ЖҰЛДЫЗ ТОЙБЕК;  Тел.: +77013329834

ҚЫЗЫЛОРДА: БЕЙБІТ БҮРКІТБАЙҰЛЫ; 

Тел.: +7 (7242) 225695, +77771863040      



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: ШАДИЯР МОЛДАБЕК; Тел.: +7705 987 77 99

ЖАМБЫЛ: БОЛАТ МӘУЛЕН; Тел.: +77711586161

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: НҰРСАЙЫН ШӘРІП; Тел.:+77779623740

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ: СВЕТЛАНА МУНЬЯНОВА; 

Тел.: +77015184682,  +77713422208



ҚОСТАНАЙ: ҚЫДЫРБЕК ҚИЫСҚАН; Тел.: +77751365757

Қазақстандық боксшы Генадий Головкин Нью Йорк қаласында 

америкалық Кертис Стивенспен қолғап түйістіріп, өзінің 

чемпиондық атағын абыроймен қорғап қалды. Гена қарсыласын 

шаршы алаң төрінде қуып жүріп соғып, Стивенстің бапкерлері 

тоғызыншы раундтан кейін рингке ақ орамал тастап, шәкірттерін 

нокаутқа түсуден сақтап қалды. 

Жекпе-жектен кейін сұхбат берген Головкин: «Бапкерлерім кездесу қызықты 

өтсін  деген  соң  ғана  жұдырықтасуды  тоғызыншы  раундқа  дейін  создым, 

әйтпесе,  Стивенсті  алғашқы  раундтарда-ақ  сұлатып  салуға  мүмкіндігім  де, 

шамам да жеткілікті еді. Менің жұмысым бокстасу болғандықтан, кез келген 

боксшыны менімен шаршы алаң төрінде жекпе-жекке шығуға шақырамын»,— 

деді.  Осылайша,  кәсіпқой  бокста  ринг  төрінде  осымен  28  кездесу  өткізген 

Головкин қатарынан 28-і рет жеңіске жетіп, орта салмақта (72,574 кг дейінгі) 

WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) 

тұжырымдары  бойынша  әлем  чемпионы  атағын  сақтап  қалды.  Бұған  дейін 

Гена қаңтар айында тағы бір америкалық боксшы Габриэль Росадомен кез-

десіп, онда да Росаданың бапкерлері рингке орамал лақтырған болатын. Ал 

наурызда  жапониялық  Нобухиро  Ишиданы,    маусымда  британдық  Мэттью 

Маклинді нокаутқа түсірген-ді. 

Аталмыш  кездесудің  бас  қаҺарманы 

да  сол  болғаны  анық.  Ақтөбеліктер 

осымен  бесінші  рет  чемпиондық 

атақты жеңіп алып, бұл көрсеткіш бой-

ынша  кезінде  дәл  осындай  жетістікке 

қол  жеткізіп,  пентакампеон  атанған 

Павлодардың  «Ертіс»  командасының 

рекордын  қайталады.  Ақтөбеліктерден 

бір  ұпай  ғана  қалып  қойған  «Астана» 

күміс,  «Қайрат»  қола  жүлдегер  атан-

ды.  Ең  соңғы  турдың  қалған  ойында-

ры  төмендегіше  аяқталды.  «Шахтер»-

«Астана» — 4:1; «Ертіс»-«Қайрат» — 2:3; 

«Жетісу»-«Тобыл»  —  1:0;  «Ақжайық»-

«Атырау»  —  2:0;  «Тараз»-«Восток» 

—  1:1.  Соңғы  турда  жеңіске  жеткеніне  

қарамастан, «Ақжайық» келер жылы бі-

рінші  лигада  ойнайды.  Ол  команданың 

орнын Қызылорданың «Қайсары» баса-

ды. Ал Өскеменнің «Востогы» премьер-

лигадағы  жылы  орын  үшін жерлесте-

рі  —  Семейдің  «Спартак»  клубымен 

бақтарын  сынайтын  болады.  Маусым 

шымылдығын  «Шахтер»  мен  «Тараз» 

Қазақстан  Кубогы  жолындағы  кездесу-

мен жабады.                   



Ерғали Мұхиддинов, п.ғ.к. профессор, 

Қазақстанның еңбек сіңірген 

жаттықтырушысы   

Қазақ күресі — 

белбеу күресі 

немесе ережеміз нық болмай, ұлттық өнеріміздің 

көсегесі көгермейді

Қазақ күресінің тарихы 

ұлтымыздың өмір тарихы-

мен тығыз байланысты. 

Сондықтан, күрес ұлттық 

мәдениетіміздің маңызды 

бір саласы болып табы-

лады. Қазақ топырағында 

балуандық өнер ежелден 

келе жатқанына тарихи 

жәдігерлер куә. Мәселен, 

осыдан 18 ғасыр бұрын 

371-381 жылдар арасында 

ғұндар патшасы Балам-

бер (Атилланың алдындағы 

патша) өзінің жеңістері мен 

мемлекеттік шешімдерінен 

кейін үлкен той-жиын өткізіп, 

оның негізгі бір бөлігі ретінде 

ат жарыс, балуан күресі, 

садақ ату, найза лақтыру, 

аударыспақ, теңге алу т.б. 

ойын түрлерін өткізген. Сол 

кездегі ғұндар тілімен осы 

ойын түрлері: Ээр-хүреш, Ат-

хуреш, Ланса-хуреш, Шабар-

ман-хүреш, Жебе-хүреш т.б. 

Ээр – ер күшті мағынасында, 

Хүреш – балуан күресі 

мағынасын білдіреді.

Біздің  дәуірімізден  3000  жыл  бұрын 

салынған  Бени-Гассан  жеріндегі  пер-

ғауынның  табытындағы  суреттерден 

Мысыр  жауынгерлерінің  ең  маңызды 

жаттығуларының бірі күрес болғандығын 

көруге  болады.    Көне  грек  жазушысы 

Эллиан (б.з.б. II-III ғасырлар) сақтардың 

әдет-ғұрыптары      туралы      жаза  келіп:  

«...егер  сақ  жігіті  үйленгісі  келсе,  ал-

дымен  өзінің  болашақ  қалыңдығымен 

күресіп  жеңуі  қажет.  Олай  болмаған 

жағдайда,  жігіт  сол  қыздың  қол  асты-

на  күтуші  құлы  ретінде  өтеді»,—  деген 

деректер келтіреді. Кіндік Азия елдерін 

шарлап,  жиһангерлігімен  аты  шыққан 

итальян  саяхатшысы  Марко  Поло  да 

күрес  өнері  сақ  елдерінде  өркендеп 

өсіп,  әскери-қолданбалы  жаттығудың 

бір түріне айналғанын және жігіттермен 

бірге қыздардың да күреске түсетінін ай-

тып, тарих шежіресіне тіркеген. Тағы бір 

саяхатшы Рей Гонзалес Клавдио даңқты 

қолбасшысы  Темірдің  сарайында  ең 

күшті  балуандардың  белбеуден  ұстап 

күрескенін  тамашалайды.  Қазақтың 

ұлттық  спорты  –  күрес  ешқашан  тірші-

ліктен тыс қалмай, бірге жасасып келеді. 

Қазақ күресі тұңғыш рет 1938 жылы Ал-

матыда өткізілді.  Бүгінде қазақ күресін 

әлемнің  көптеген  елдері  танып  білді. 

Қазақ  күресінен  өткізілетін  жарыстар 

республикалық  дәрежеден  асып,  Азия 

және  Әлем  біріншіліктері  деңгейінде 

өткізіле  бастады.  Бүгінгі  таңда  қазақ 

күресінен  үш  Әлем,  екі  Еуропа,  алты 

Азия біріншіліктері болып өтті. Соңғы үш 

жыл көлемінде елімізде қазақ күресінен 

«Қазақстан  барысы»  атты  байрақты 

бәсеке  өткізу  дәстүрге  айналды.  Бұл 

— болашағы зор, ұлт күресін дамытуға 

айтарлықтай игі ықпал ететін спорттық 

шара  екені  күмән  тудырмайды.    Рас, 

қазақ  күресі  олимпиадалық  спорт  түрі 

емес.  Десек  те,  ата  спортымызды 

Олимпиадаға  кіргізу  үшін  атқарылатын 

жұмыстарды  тоқтатпаған абзал. 

Енді 

көңілде 


жүрген 

түйткілді 

мәселелер төңірегінде ой бөліссем дей-

мін.  Мәселен,  менің  түсінігімде  қазақ 

күресі ұлттық спорт түрі болғандықтан, 

бозкілем  үстінде  белдесу  кезіндегі  бе-

рілетін төреші командалары таза қазақ 

сөзі  болғаны  абзал  дер  едім.  Айталық 

жапондар дзюдода командаларды «хад-

жиме»  (баста),  «иппон»  (таза  жеңіс), 

«ваазари»  (жартылай  жеңіс),  «коко» 

(ескерту)  деп  өз  ана  тілдерінде  бер-

мей ме, бізге неге солай етпеске? Сон-

дай-ақ,  балуандардың  жасаған  айла-

тәсілдерін  бағалап,  оған  тиісті  ұпай 

беру  де  баршаға  ұғынықты,  мағынасы 

толық  сөздерден  тұрса  дейміз.  Мыса-

лы,  бүк,  шік,  жамбас  т.б.  осы  сияқты 

атаулар  басқа  спорттық  ойындар 

түрінен  алынғандықтан,  көкейге  қона 

бермейді.  Сосын,  күрес  қазақ  ұлтынікі 

болғандықтан,  балуандар  үстіне  киетін 

күрес киімінде де ұлттық нақыш болуы 

қажет. Әйтпесе, бозкілемге қазіргідей не 

дзю-до, не самбода қолданылатын курт-

ка  киіп  шығу  қазақ  күресінің  абыройын 

арттырмайды.      Қазақ  күресі  –  нағыз 

текті  күрес  түрі.  Балуандардың  жауы-

рыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс 

болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші 

бұлқынған,  қарсыласының  жігерін  құм 

қылған  апайтөс  алыптардың  күресі. 

Бұрындары  ол  салмақ  дәрежесіне 

қарамастан  өткізілсе,  бертінде  білікті 

мамандардың  араласуымен  оның  ере-

желеріне біраз өзгертулер енгізіліп, бекі-

тілді. Осы жұмыстың бастауында КСРО 

және  Қазақ  ССР-інің  еңбек  сіңірген 

жаттықтырушысы, доцент П.Ф.Матущак 

тұрғанын  бөле-жара  атап  өткен  жөн. 

Осы  маманның  күш  салуымен  Қазақ 

ССР  Министрлер  Кеңесі  жанындағы 

денешынықтыру және спорт комитетінің 

коллегиясында  1971  жылдың  27 

қаңтарындағы қаулысы бойынша қазақ 

күресінен «спорт шебері» деген атақ енгі-

зіліп, куәлік және төсбелгі тағайындалып, 

берілетін болды. Ал, 1991 жылғы колле-

гияда  қазақ  күресі  федерациясының 

президенті  болып  тұрған  кезімде  мен 

мамандарға  ережеге  белбеуден  ұстап 

күресу мен тізерлеп тұрып әдіс жасауды 

алып тастау туралы өзгерістер енгізуге 

ұсыныс жасап, басқалар көп қарсылық 

жасағанына қарамастан, осы ұсынысты 

бекіткіздім.  Өкінішке  орай,  сол  ереже-

лер бүгінгі күні сақталмай, қазақ күресі 

дзюдо  иә  самбоның  көшірмесіне  айна-

лып кетті. Өйткені, бұрындары қазақ ба-

луандары  белдескенде  үстеріне  қазіргі 

дзюдо, самбодағыдай кимоно мен курт-

ка,  бұтына  труси  киіп  шықпаған.  Олар 

бұлдан  тігілген  шапан  иә  түйе  шекпен 

киіп,  белдеріне  белбеу  байлап,  со-

дан  ұстасып  күрескен.  Мәселен,  қазақ 

күресіне  ұқсас  ұлттық  күрес  түрлері 

басқа  мұсылман  халықтары  мен  Қап 

тауы  өңіріндегі  кейбір  елдерде  де 

бар.  Айталық,  татарларда  «куряш» 

(белбеу  күрес),  өзбектерде  «кураш», 

қырғыздарда  «куреш»,  түркімендерде 

«гуреш» т.б. Оларда осы ұлттық күреске 

тән ерекшеліктер бұлжытпай сақталып, 

күрес тек белбеуден ұстасу арқылы ғана 

өтеді.  Ендеше  біз  де  түбіміз  бір  түркі 

халықтарының  күресінде  қалыптасқан 

ұлттық  ерекшеліктерден  алшақтамай, 

қайта  солардан  үлгі  алуымыз  керек. 

Әйтпесе  қазақ  күресінің  ұлттық  ерек-

шелігі мен айшығы, ұлтқа тән реңі жой-

ылып,  ол  басқа  бір  жекпе-жек  түрінің 

сүреңсіз  қайталамасы  иә  көшірмесіне 

айналғандай 

әсер 


қалдырады. 

Шындығына келсек, қазақ күресі — бел-

діктен төмен ұстамай, аяқтың көмегімен 

тік  тұрып  күресетін  спорттық  өнер. 

Оның әдіс-тәсілдері де сан алуан. Қазақ 

күресінде  алды-арттан  шалу,  қырқа 

шалу,  іштен  шалу,  жамбасқа  салу,  ке-

удеден асыра лақтыру, арқадан асыра 

тастау  сияқты  көптеген  әдіс-тәсілдер 

қолданылады.  Базбір  мамандар  қазақ 

балуандары  үстеріне  жеңіл  ақ  кеуде-

ше, желбегей, ұзын қызыл иә көк түсті 

белбеу (ол қазақ өрнегімен нақышталуы 

тиіс),  бұтына  трико,  бандаж,  спорттық 

ішкиім кигені дұрыс деген пікірде. Қалай 

болғанда  да,  ұлттық  қазақ  күресі  курт-

ка иә труси киюмен өтпеуі тиіс. Ұлттық 

калоритімен  көз  тартатын  спорттық 

киім түрі қандай болуы керектігін нақты 

бекітіп,  ортақ  бір  шешімге  келу  — 

болашақтың  еншісіндегі  шаруа.  Бірақ, 

оны  «сен  салар  да  мен  салар,  атқа 

жемді кім салар» деп, тым ұзаққа соза 

берудің  де  қажеті  шамалы.  Әйтпесе, 

ұятқа  қаларымыз  әбден  мүмкін.  Ұят 

демекші,  соңғы  «Қазақстан  барысы» 

жарысында  бұрын-соңды  болмаған 

тосын  оқиға  орын  алып,  бұл  аталған 

байрақты бәсекені көптеген елдерге та-

ратып  жатқан  теледидар  арқылы  өзге 

жұрттарға аян болып, абыройымыздың 

айрандай  төгілгені  бар.  Сондағы  кем-

шілік  —  Б.Ыстыбаев  пен.  Е.Шынкеев 

арасындағы  белдесуде  төрешілердің 

жеңісті  алдымен  Бейбітке,  сосын 

Ержанға  беріп,  қалың  көрермендерді 

де,  балуандарды  да  әуре-сарсаңға 

салғандығы болатын. Егер күрес ереже-

сі дұрыс болса, ұпай беру нақты болса, 

мұндай  келеңсіздікке  жол  берілер  ме 

еді? Меніңше, мұның бәрі аталған спорт 

саласының басында білікті мамандардың 

отырмағандығынан  туындады.  Себебі, 

қазақ  күресі  федерациясының  прези-

денті  болып  отырған  Серік  Төкеевтің 

негізгі  мамандығы  —  бастауыш  мектеп 

мұғалімі, оның қазақ күресіне үш қайнаса 

сорпасы қосылмайды. Осы спорт түрінен 

мемлекеттік  жаттықтырушы  —  Марат 

Жақитов болса, агроном.  Қазақ күресінің 

ережесінің иісі бұлардың мұрындарына 

да  бармайтынын  ескерсек,  мұндай 

кемшіліктерге  алдағы  уақыттарда  да 

жол  берілері  күмәнсіз.  Спорт  және 

денешынықтыру  агенттігінің  төрағасы 

Ерлан  Қожағапанов  мырза  анау  бір 

жолы:  «Әр  саланың  тізгінін  білікті  ма-

ман  ұстауы  керек»,  —  деді.  Жанкүйер 

қауым  бұл  сөздің  шығарыпсалма  уәж 

болмағанын  қалары  анық.  Жалпы,  әр 

елдің  ұлттық  спорт  түрі  өз  қазанында 

қайнап,  халыққа  патриоттық  рух  бе-

ретін  бренд  деңгейіне  көтерілуі  керек. 

Мәселен,  жапондарда  ең  бірінші  орын-

да  сумо, 

екінші  орын-

да  дзюдо  тұрса, 

кәрістер таэквон-

до  десе  ішкен 

асын  жерге 

қояды.  Ен-

деше,  біз-

де  де  төл 

к ү р е с і м і з 

—  қазақ  күресінен  өткізілетін  тур-

нирлер  әділ,  дау-дамайсыз  өткізілуі 

қажет. Өкінішке қарай, елімізде сөзбен 

айтқанда  бәрі  «тастай»  да,  іс  жүзінде 

спорттың қай түрін алып қарасаңыз да, 

бәрі былыққа белшесінен батқанына көз 

жеткізесіз. Спорт төңірегінде қыруар мол 

ақша айналымға түсетіндіктен, оған жем-

тікке  үймелеген  күшігендей  жан-жақтан 

мойын  созатындар  көбейеді.  Содан 

да  болар,  аталған  салада  жемқорлық 

белең  алған.  Биыл,  яғни  2013  жылдың 

5 наурызы күнгі  «Жас Алаш» газетінің 

№17  (15787)  санында  бір  мақалаға 

көзім түсті. Сонда оңтүстікқазақстандық 

мақала  авторы    Е.Ысқақов  аталған 

өңірде 

ауданаралық, 



облыстық, 

республикалық  жарыстарда  (әсіресе, 

мектеп  оқушылары  арасында)  спорт-

шыларды таразыға тартуға ақша төлеу 

дәстүрге айналғанын мысалға келтіріпті. 

Сөйтсек, жемқорлардың спортшыларға 

айтатын  уәжі:  «Бұл  ақшалар  қазақ 

күресінің  дамуына  жұмсалады»,—  деу 

көрінеді. Не деген мырзалық десеңізші! 

Шындығын  айтсақ,  қазақ  күресінің 

көсегесін 

көгертетін, 

қарсыласын 

тулақша лақтыратын жүректі де білекті, 

дарынды  қарадомалақтардың  меселі 

осындай    жарысқа  қатысуға,  таразыға 

тартылуға  төлейтін  ақшасы  жоқтықтан 

қайтып  жатқаны  жасырын  емес.  Ендігі 

бір кесел — бұратартушылық, яғни әділ 

қазылық  жасамаушылық.  Себебі    жа-

рыс қай ауданда иә облыста өтсе, сол 

о б л ы с т ы ң 

б а л у а н д а -

ры  міндетті 

түрде 

бас 


бәйгені  ием-

денуі  керек 

деген  заңмен 

бекітілмеген 

қасаң  қағида 

с а л д а р ы -

нан 

жеңіп 


тұрған  балуан 

әлсізге 


«жол» 

береді. 


Бұл 

«ереженің»  тамырына  балта  шаппай-

ынша, қазақ күресінің ағзасын ашкөздік 

пен  жемқорлық  жегі  құрттай  жалмап 

құрта берері сөзсіз. Сосынғы бір өзекті 

мәселе — бізде қазақша күрестен білікті 

мамандар тапшы. Егер сол азын-аулақ 

мамандар  бас  қосып,  ұлттық  күрестің 

ажарын  ашып,  оған  айрықша  ұлттық 

калорит  беретін  ерекшеліктерін  сақтау 

бойынша  осы  қазақ  күресі  ережесіне, 

балуандардың үстеріне киетін киімдері-

не қатысты ортақ бір шешім қабылдап, 

нақты пәтуаға келсе, бұдан қазақ күресі 

ұтпаса, ұтылмасы кәміл. Олай болмаған 

жағдайда  ұлттық    нышаннан  жұрдай 

басқаның  қаңсығын  таңсық  көріп, 

оларды  қазақ  күресіне  әкеліп  таңсақ, 

бұдан  ұлттық  күресіміздің  көсегесін 

көгертпейді.  Қазақ күресінің күнгейі мен 

көлеңкесіне  жан-жақты  талдау  жасап, 

оның қалың жанкүйер қауым қолдауына 

ие болар ұлттық спорт түрі ретінде әрі 

қарай дамып, нығаюына ҚР Спорт және 

денешынықтыру  агенттігі  де  барынша 

атсалысып,  өзіндік  үлесін  қосады  деп 

сенемін.  «Кемедегінің  жаны  бір»  деген-

дей,  бәріміздің  илегеніміз  бір  терінің 

пұшпағы  болғандықтан,  төл  күресімізді 

дамытуға  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен 

қол шығарып атсалысайық демекпін.

КӘСІПҚОЙ БОКС:

Гена Стивенсті де 

«тәубесіне» түсірді  

ФУТБОЛ:

«Ақтөбе» — чемпион! 

Өткен аптаның сенбісі күні футболдан Қазақстан біріншілігінің 

биылғы маусым ойындары аяқталып, ел чемпионы мен жүлдегер 

командалар анықталды. Чемпион ең соңғы ойында «Ақтөбе» мен 

«Ордабасы» футбол клубтары арасындағы кездесуде анықталды. 

Сырт алаңда ойнағанына қарамастан алаң иелеріне айтарлықтай 

қарсылық көрсеткен шымкенттіктер ақтөбеліктерді қапы қалдыра 

жаздады. Екінші таймның аяқ шеніне дейін алаң иелерін 2:1 есебімен 

ұтып тұрған «Ордабасы» жеңісті уысынан шығарып алып, чемпиондық 

атақты «Ақтөбе» командасына сыйлады.  Алтын доптың авторы — 

Абат Әйменов.

Бетті дайындаған 

— Ермек 

Сахариев


БАСПАСӨЗ — 2014

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

СҮЙІКТІ БАСЫЛЫМЫҢЫЗ —  

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

«ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» ГАЗЕТІНЕ

 2014 ЖЫЛҒА ЖАЗЫЛУҒА 

АСЫҒЫҢЫЗ, АҒАЙЫН!

ИНДЕКС 65 977

«Қазпошта» бойынша:

Мерзімі

Алматы 


қаласы

Басқа 


қалалар

Аудан/


ауыл

1 айға

305,07


321,52

334,26


3 айға

915,21


964,56

1002,78


6 айға

1830,42


1929,12

2005,56


12 айға

3660,84


3858,24

4011,12


Сүйікті басылымыңыз 

— Халықаралық «ҚАЗАҚСТАН-

ZAMAN» газеті алдағы 2014 

жылы да өздеріңізбен қуана 

қауышуға асығады.

«ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» 

газеті келер жылы қоғамдағы 

саяси-әлеуметтік мәселелерді, 

өздеріңізді толғандырып жүрген 

көкейтесті проблемаларды өткір 

жазып, халыққа қажет танымдық 

және рухани материалдарды 

жиі жариялауды, сондай-ақ түркі 

халықтарының ынтымағын үзбей 

насихаттауды алдына міндет 

етіп қойып отыр.

Біздің мақсат — Сіздердің 

сенімдеріңізді ақтап, дер кезінде 

ақпарат беру. «ҚАЗАҚСТАН-

ZAMAN» газетіне 2014 жылға 

жазылуға асығыңыз, ағайын!

Қазан  айында  кезекті  маусымының  есігін 

айқара  ашқан  М.Әуезов  театрына  жаздық 

маусымды сағынышпен өткерген көрермен лап 

қойды. Босағадан кіргеннен күмбірлетіп күймен 

қарсы  алуы  керемет!  Театрдың  88  маусымы 

“Бейбарыс  Сұлтан”  (авторы  —  Р.Отарбаев) 

қойылымымен  ашылды.  Бейбарысты  (рөлдегі 

Азамат Сатыбалды) құлдықта жүрген жерінен 

Мысыр  елінің  әміршісінің  бас  уәзірі  сатып 

алады.  Қайсарлығымен  Мысыр  әміршісінің 

сеніміне кірген Бейбарыс еліне зарығып, Жайық 

жағасы,  Қыпшақ  даласын  аңсап,  жусан  иісін 

ерекше сағынады (Осы тұста жүрек ерекше күй 

кешеді  екен,  көргендер  ғана  түсінетін  шығар). 

Ерлігімен бірге туған елге, жерге, Отанға деген 

махаббаты мен сағынышы шынайы көрсетілген 

Бейбарыс Сұлтанның қойылымы түп-тереңдегі 

көңіл пернелерін қозғайды.

«Қыз 


мұңы». 

И.Сапарбайдың 

бұл 

қойылымына  тақырыбы  дұрыс  таңдалмаған 



деген  ой  келеді.  Себебі  ә  дегеннен  махаббат 

майданында  жолы  болмаған  жеңілтек 

қыздың  зары  ма  екен  деп  қаласың.  Алайда 

қойылым  мүлдем  басқаша.  Бүгін  мен  өткенді 

байланыстыра  отырып,  ар  мен  намысты 

ту  еткен  керемет  кейіпкердің  ақиқат  үшін 

күресі  мен  ойда-жоқта  оянған  сырлы  сезімі 

көрсетілген  спектакль  еріксіз  орындығыңа 

байлап,  елеңдетіп  алады.  Алматының 

Арбатындағы  суретші  Ғазиз  бір  топ  қыздың 

ішіндегі 

бейтаныс 

бойжеткенді 

біреуге 


ұқсатады. Тіпті «Ләззат» деп те атайды. Онысы 

кешегі бодандыққа қарсы бұлқынып, еліміздің 

тәуелсіздік  алауының  тұтануы  жолында 

Желтоқсанда  құрбан  болған  Ләззат  Асанова 

екен. Ләззат пен Ғазиз Желтоқсан ызғарында 

қиындық-қорлықты бастарынан бірге өткізген. 

Құрбыларымен  қыдырған  Сағынышты  ақын 

жанды  суретші  Ғазиз  бір  көргеннен  ұнатып 

қалады. Сағыныштың туған күніндегі кәсіпкер 

Жәкеңнің  әйелі,  бала-шағасы  бола  тұра 

Сағынышты  қолына  түсіргісі  келуі,  құрбысы 

Айгүлдің  қылықтары,  қызғанышы,  қалталы 

азаматқа  жабыса  кетуі  —  бәрі-бәрі  өмірде 

орын  алып  жатыр.  Ал  Желтоқсан  кезіндегі 

бұйрықты  орындаушы  капитанның  кейін 

Ғазизбен шенді генерал болып қайта жолығуы 

ше? Ғазизбен «генералмын» деп көкірегін кере 

сөйлеген бұрынғы жай ғана капитанның ақыры 

майдаланып:  «Мен  ол  кезде  тек  бұйрықты 

орындадым  ғой,  мәжбүр  болдым»,  —  деген 

бейшара  дауысы  адамға  кәдімгідей  әсер 

етеді.


“Жаужүрек” қойылымында ел ішінде “Балуан 

шолақ”  атанған  халық  композиторы,  ат 

ойынының  түрлі  тәсілін  меңгерген  өнерпаз, 

күш  өнерін  көрсеткен  спортшы,  жауырыны 

жерге 

тимеген 


балуан 

Нұрмағамбет 

Баймырзаұлының  ел  үшін  күресімен  қатар 

жұдырықтай  жүрегі  селт  етіп  ғашық  болған 

тұстары айқын әрі әдемі көрсетілді. Жарының 

қызғанышы,  Балуанның  көз  алдындағы 

Ғалияның  елес  бейнесі,  губернатордың  қызы 

Татьянаның  (рөлде  Салтанат  Бақаева)  әдемі 

ерке қылықтары еріксіз баурайды.

Орыстың  көрнекті  жазушы-драматургы 

А.Чеховтың  «Апалы-сіңлілі  үшеу»  пьесасы 

адамдарға  өмір  сүруді  үйретеді.  Апалы-

сіңлілердің  де,  олардың  ағасының  да  өмірде 

жолдары  болмаған  жандар.  Тіпті  Вершинидің 

де,  Соленыйдың  да  өмірлері  мәз  емес.  Ал 

Тузенбах туралы айтудың да қажеті жоқ, өйткені 

ол  шығарма  соңында  адам  қолынан  қаза 

табады.  Қойылымдағы  барлық  кейіпкерлер 

өзіне  жақын  жандардан  айырылады.  Өмірде 

жолы  болған  —  жалғыз  Наталья  (үш  қыздың 

жеңгесі).  Дегенмен,  оның  да  өмірі  өтірікке 

құрылған.  Драма  оқиғасы  губерндік  қалада, 

зиялылар  отбасы  —  Прозоровтардың  үйінде 

өтеді.  Андрейдің  қарындастары,  апалы-

сіңлілі  Ольга,  Ирина  және  Машаның  бар 

арманы  —  өздері  туып-өскен  Мәскеуге  кету. 

Бірақ, олар қанша орайы келіп тұрса да кете 

алмайды.  Бір  кездері  Мәскеу  университетінің 

профессоры  болады  деп  үміт  еткен  ағалары 

болса, отбасының билігін қолына алған әйелі 

Наташаға жалтақтайды.

Жексенбі күні көрерменге С.Асылбекұлының 

«Империядағы» кеш» деп аталатын 2 сағаттық 

драмасы  көрсетілді.  Қоюшы  режиссері 

—  А.Кәкішева.  Мейрамхана  иесі,  кәсіпкер 

Айдардың  туған  күн  кеші  өтеді.  Бұрынғы 

ғалым әріптестерінің туған күн иесіне ақжарма 

тілектері,  ағынан  жарылған  көңілдер,  мол 

дастархан.  Бәрі  керемет.  Алайда...  бір-біріне 

тілектес,  әріптес,  дос-  жарандай  көрінетін 

жандардың  шын  бет-бейнесі  бірте-бірте 

сұлбалана бастайды да, бұл кеш Шекспирдің 

атақты  «Өмір  —  театр,  адамдар  —  оның 

актерлері»  деген  қанатты  сөзі  мағыналана, 

ашыла  түсетін  кеш  болып  шығады.  Достары 

безініп, бауыры өкпелеп кеткен кәсіпкер Айдар 

өлесі  мас  боп  жатқан  жерде  әйелі  басқа 

еркекпен  көңіл  қосады.  Мұны  көрген  жалғыз 

ұлдары ашумен көлікке отырып, жолда... Міне, 

бір сәтте барынан айырылған кәсіпкердің өмірі 

быт-шыт  болады.  Қойылым  заманауи,  айтар 

ойы терең әрі ойнақы көріністерге толы.



М.Сәрсекенің “Тендерге 

түскен келіншек” драмасында 

Бекжан Тұрыстың актерлік 

шеберлігі көрерменді тағы да 

тәнті етіп, сомдаған бейнесі 

жанды ауыртады. Тұңғышбай 

әл-Таразидың режиссерлігімен 

«Қазақтар» тарихи драмасынан 

патриоттық рухтың бойды 

кернегенін көрермендердің 

ысқырып, ұзақ қол соғуынан 

байқадық. Шәмші Қалдаяқовтың 

өмірінен бір көріністі «Сыған 

серенадасын» толғанбай, 

тебіренбей көру мүмкін емес. 

Көрермен театрға лық толы. 

Қазақтың даласын әсем әуенімен 

тербеткен ұлы композитордың 

сыған қызы Изольдаға ғашық 

болуынан туған ғажайып әннің 

тарихы беріледі.

Қорытындылап айтарымыз, 

құрметті оқырман, бір сәт 

бітпейтін күйкі тірлікті ысырып 

қойып, театрға келіңіз. Жаныңыз 

рухани байлықпен сусындасын. 

Көркем қойылымдардан қапы 

қалмаңыз.

Мирас Кесебаев

КҮЙБЕҢ ТІРЛІКТІ ҚОЙЫҢЫЗ, ТЕАТРҒА БАРЫҢЫЗ!

Театр – адам жанын рухани байытып, қайталанбас қайнарымен 

сусындататын қасиетті орда. Мұнда өмір атты алып театрдың мың 

сан қойылымдарынан бір үзігі көрермен назарына ұсынылады. Үздігіп 

тамашалаған әрбір жанның өзіндік түсінігі, пайымы бар. Әр қойылым 

даралығымен танылады. Жүрек толқиды, сезім кернейді, көңіл құбылады, 

дене бір ысып, бір суиды. Көзге еріксіз қуаныш пен қайғы жастары тұнады. 

Тіршілік түйткілдері, өмір толқындары...



ТҮЗЕТУ

«Қазақстан Zaman» газетінің 2013 жылғы №43 нөмірінде жарияланған «Казинвестбанк» 

Акционерлік Қоғамының Қаржылық Есебінде басылым тарапынан техникалық  қате кетуіне 

байланысты оқырман назарына төмендегі түзетулерді ұсынамыз. 

1.«Казинвестбанк» Акционерлік Қоғамының 01 қазандағы 2013 жылғы жағдайы бойынша 

(аудит жасалмаған) қаржылық жағдайы туралы есебінің (1-форма)  екінші колонкасындағы 

«2012  жылдың  01  қаңтарындағы  жағдай»  сөйлемін    «2013  жылғы  01  қаңтардағы  жағдай»  

деп оқу керек.

2. «Казинвестбанк» Акционерлік Қоғамының 30- қыркүйекте 2013 жылғы аяқталған кезең 

үшін (аудит жасалмаған) жиынтық табысы туралы есебінің (2-форма) үшінші  колонкасындағы 

«30-қыркүйекте 2013 жылы аяқталған кезең» сөйлемін  «30-қыркүйекте 2012 жылы аяқталған 

кезең» деп оқу қажет.

Апайымыздың  өмірден 

қайтқанына  біраз жылдар 

өтті. 

Уақыт 


зымырап 

өтіп  жатыр.  Бұл  күнде 

апайымыз  тірі  болса,  осы 

жылдың  12  қарашасында 

75  жасқа  толар  еді. 

Апайымыз, яғни Ахметова 

Бэла 

Ғабдолғалиқызы 



КСРО Мемлекеттік сыйлы-

ғының  иегері,  физик-

профессор, 

әл-Фараби 

атындағы  Қазақ  Ұлттық 

университетінде  адал  еңбек  атқарған, 

аяулы ана, ардақты ұстаз.  Ұстаз ретінде ол 

кісі ұрпақ тәрбиелеу жолында тынбай еңбек 

еткендігін, келешек ұрпаққа үлгі болуы, жас 

жеткіншектерді  ғылым  мен  білім  жолына 

баулитын  қамқоршы  қасиеттерін  атап 

кеткен  жөн.  Ядролық  физика  саласында 

тынбай еңбек етіп, элементар бөлшектердің 

затпен  әсерлесуін  тереңінен  зерттеп,    ең 

алғаш  Қазақ  әйелдерінің  арасында  дара 

шығып, 1972 жылы «Монокристалдардағы 

ядролық  реакциялар  кезіндегі  көлеңкелер 

эффектісін  ашу  және  зерттеу»  деп  ата-

латын ғылыми зерттеу жұмысында жоғары 

нәтижелерге  қол  жеткізгені  үшін  Кеңес 

Одағының 

мемлекеттік 

сыйлығының 

Лауреаты атанған ғалым ана.  Қызмет жо-

лында  өз  саласына  байланысты  60-тан 

аса  еңбектің  иегері  және  ғылыми  зерттеу 

жұмысына  орасан  зор    үлесін  қосты.  

Білім  және  ғылым  министрлігінің  құрмет 

грамоталарымен,  Бүкілодақтық  «Білім» 

қоғамының  медалімен  ма-

рапатталған.    Ол  кісінің 

толағай  теңіз  білім  иесі 

болғанын  төменгі  әріптесі-

құрдасы  Әділхан  ағайдың 

Бэла 

апайға 


арнаған 

өлең  жолдарынан  көруге 

болады.

Қыпшақтың Отаны екен 



                    байтақ дала,

Сол елден бір қыз 

          шыққан жеке-дара.

Ғажайып ақылы мен 

                                                  парасаты,

Адамда туады екен мұндай дана.

Сұрасаң осы арудың Бэла аты,

Келіскен сәні менен салтанаты,

Ғылымда бұл қыз шыққан биіктерге,

Қазақтың жете алмай жүр азаматы.

Тағы  бір  ерекше  атап  өтер  қасиеті,  ең 

бірінші,  адалдықты,  қарапайымдылықты 

бірінші  орынға  қоятын,  жаны  таза  аяулы 

ұстазымыз еді. Сонымен қатар жанұясына 

асыл  жар,  екі  баланы  тәрбиелеп,  өмір 

жолына  салған  аяулы  ана.  Біз  Бэла 

апаймен  әріптес  болғанымызды  мақтан 

тұтамыз.


Ойымызды  қорыта  келе  айтарымыз  — 

Ахметова Бэла Ғабдолғалиқызының жүріп 

өткен жолында қалдырған мұрасы, тәлім-

тәрбиесі  шәкірттерінің,  әріптестерінің  жү-

регінде мәңгі сақталады.

 

Физика-техникалық факультетінің



 Теориялық және ядролық физика 

кафедрасының ұжымы

ЕСКЕ АЛУ

  

АЯУЛЫ АНА, АРДАҚТЫ ҰСТАЗ ЕДІ

«Қазақстан-ZAMAN» газетінің ұжымы белгілі 

жазушы, публицист Мереке Құлкеновке 

туған 

ағасы Мәдештің қайтыс болуына байланысты 

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның 

иманы саламат, жаны жәннатта болсын!

«Қазақстан-ZAMAN» газетінің ұжымы басылымымыздың 

жанашыры,  қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері Сабыр 

Адайға 


анасы Ұмсынның қайтыс болуына байланысты 

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері 



жайлы, иманы жанында, жаны жәннатта болғай!

Document Outline

  • zaman44.pdf
    • kz_01.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет