03 астана ажары 11 спорт қазақ күресі — белбеу күресі



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата08.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#3672
1   2   3   4   5   6   7

Шекарадағы ауылдарға 

ерекше қамқорлық қажет

Қазақы  қаймағы  бұзылмаған  Қаратал 

елін  –  қазіргі  Меңдіқара  ауданының 

Қарақоға  ауылдық  аймағын  бетке 

алып  барамыз.  Құрамына  Ұзынағаш, 

Жарқайың, Байғожа, Төлеңгіт, Құлшықай 

елді  мекендері  кіретін  округ  аудан 

орталығынан  60  шақырым  жерде  болса 

да,  оған  жету  қиямет-қайым  екеніне  көз 

жеткіздік. 60 шақырымға үш сағатта әрең 

жеттік.  Жолдың  несін  айтасыз,  бетіндегі 

асфальті  үгітіліп,  әбден  иленіп,  таздың 

басындай  шұрық  тесік  шұңқырларға  ай-

налыпты.


Бізді 

ауыл 


сыртынан 

округтың 

әкімі  Тілеуқабыл  Дүйсенов  қарсы 

алып,  Ұзынағаш,  Байғожа,  Төлеңгіт 

ауылдарының  тынысымен  таныстырды. 

Айдалада  аралдағының  күйін  кешкен 

халық отыр. Жолдың жайы мынау болса, 

қазба  құдыққа  қауға  салған  ауыл  тұщы 

суды түсінде ғана көретін болса, олай де-

мей не дейміз енді. Заманында бұл арада 

5 мың адам тіршілік еткен, қазір солардан 

1,5 мыңы ғана қалды дегенге кім сенеді?.. 



Тілеуқабыл Дүйсенов, Меңдіқара ау-

даны,  Қарақоға  ауылдық  аймағының 

әкімі:

—  Округтың  ауыл  шаруашылығы 

мақсатына  пайдаланып  отырған  23775 

га жері бар. Оның 15612 гектары егістік, 

қалғаны жайылымдық алқап. Екі мыңнан 

астам  ірі  қара,  1,5  мыңға  таяу  жылқы 

мен 2,5 мыңдай қой-ешкі өсіріліп жатыр. 

Округ бойынша 5 жеке кәсіпкер, 29 шаруа 

қожалығы мен 2 ЖШС бар. Олар малдың 

қысқы  азығын  дайындап  алды.  Азамат-

тар ауылдың тұрмыс-тіршілігіне барынша 

қолғабысын  тигізіп  келеді:  мектеп,  жол, 

отын-су жағынан көмектерін аямайды. Ал 

жол  мәселесіне  келсек,  шындығы  керек, 

ол бүгін-ертең шешіле қоятын шаруа емес. 

Ол жайында аудан әкімі есеп беруге кел-

генде  де  айтылды.  Ауыл  азаматтары  өз 

күштерімен  жолға  көліктермен  қиыршық 

төсейді, ал ол жаңбыр суымен шайылып 

кетеді,  оның  үстіне  әрлі-берлі  өткен  жүк 

көліктері  де  қоймайды  екен.  Ал  қыстың 

күндері шамамыз келгенше жолды қардан 

аршып отыруға тырысамыз. Мен биыл да 

ауылдағы  кәсіпкер  азаматтарға  қардан 

тазалау жұмыстарын жүктеп отырмын.

Шалғайдағы  елді  мекеннің  түйткілдері 

мен келешегі жайында ауыл азаматтарын 

әңгімеге тарттық. 



Манарбек  Әбдрахманов,  Ұзынағаш 

ауылының тұрғыны:

—  Қазір  біз,  шындығын  айту  ке-

рек,  ауылдастарымыздың  әр  жаққа 

көшіп,  арамыздың  сиреп  жатқанына 

алаңдаулымыз.  Міне,  көріп  тұрсыз, 

өзеннің арғы беті Ресейдің аумағы. Олар 

мен  біздің  тіршілігіміз  жер  мен  көктей. 

Ақиқатын  айтсақ,  ауылда  қалған  біз 

ата-бабамыз  найзаның  ұшымен  қорғап 

кеткен  жерді  қиып  кетуге  батылымыз 

бармағаннан  ғана  отырмыз.  Әйтпесе, 

мынандай  жолы  бар  жерде  кім  отыра 

қояды?  Былтыр  қыс  өте  қатты  болып, 

жауған  қардан  қорамыз  көрінбей  қалды. 

Міне,  осындай  күндерді  бастан  өткеріп 

жатырмыз. Сондықтан мемлекет шекара-

да  отырған  қандастарын  қамқорлығына 

алса  дейміз,  ауылды  көркейтуге  жағдай 

жасасын,  көршілеріміз  біздің  кеудеміздің 

көтеріңкі, еңсеміздің тік жүргенін көрсін. Біз 

кезінде ашаршылықты да, қиыншылықты 

да бастан кешірдік қой. Ал қазір аз ғана 

малмен күн көрейін десең, етте баға жоқ. 

Әнеугүндері Қырғыз, Өзбек елдерінен ке-

ліп, арзан бағаға ет сұрап жүргендер бол-

ды. Бұл не деген басынғандық! Біз сонда 

Беларусьтің  етін  емін-еркін  сатқызып 

қойып, өз етімізді тиісті бағасына өткізе ал-

мауымыз не сұмдық! Үкімет осы мәселеге 

назар салса деген тілегіміз бар. Біз қазір 

елуге  келдік.  Бүгінгі  жастарды  аяймын. 

Ендігі  жерде  ел  басшылары  ауылға  ке-

летін жолды жөндеп, кейінгі буынның ау-

ылды  тастап  кетпеуіне,  олардың  жұмыс 

жасауына жағдай жасаса дегеннен басқа 

айтарым жоқ.

Қазір  ауылда  бар  қиындықтарға 

қарамай,  кәсібін  дөңгелетіп  жүрген  аза-

маттар  аз  емес.  Солардың  бірі  —    «Ах-

метов  А.Ж.»  шаруа  қожалығының  бас-

шысы Асқар Ахметов. 2200 гектар жерге 

бидай  мен  зығыр  өсірумен  қатар,  мал 

басын  арттырып  отырған  шаруашылық 

қазақтың ақбас тұқымды төлін көбейтуді 

қолға  алыпты.  Қазір  55  ақбас  тұқымды 

бордақыға  қойған.  Далада  бұзау-

торпағымен 300 бас сиыр және бар. Осы-

дан  екі  жыл  бұрын  инвестициялық жоба 

бойынша  ірі  қараға  арнап  мал  қораның 

құрылысын  бастап,  былтыр  сиырларды 

осы  орында  қыстатып  шығарған.  Шаруа 

қожалығы  ауыл  адамдарын  жұмыспен 

қамтып  қана  қоймай,  тұрғындарға,  мек-

тепке  әлеуметтік  түрлі  көмектерді  де 

берумен  келеді.  Шаруашылық  басшысы 

соңғы уақыттағы ет бағасының арзанда-

уы осы бағыттағы шаруалар үшін қиынға 

соғатынын  айтты.  «Біз  ет  бағасының 

қымбаттағанын  күтіп  отырғанда,  малды 

өсіруге кеткен шығын артып кетеді. Үкімет 

тарапынан осы мәселе оң жолға қойылса 

деген тілегіміз бар»,  — дейді А.Ахметов.

Кезінде  ауыл  ішінде  сорғымен  келетін 

тіршілік  нәрі  болған  екен,  бүгін  ел  қазба 

құдықтың  суын  ішіп  отыр.  Округтың 

орталығы  мен  Байғожа,  Төлеңгіт  ауыл-

дарын  аралағанымызда,  босаған  үйлер 

мен қираған мал қоралардың орындарын 

көріп,  қарнымыз  ашып  қайтты.  «О  жақ, 

бұ  жаққа,  әсіресе  қалаға  көшіп  кететін-

дер баспаналарын бұзып әкетіп жатқаны 

жаныңа батады», — дейді ауыл төрағасы. 

Әкім  келешекте  қаймағы  бұзылмаған 

елге Үкімет тарапынан үлкен қолдаудың 

болатынына  сенімді.  Біз  де  Тілеуқабыл 

Марденұлы  мен  ауыл  халқының  тілегі 

қабыл болады деген сеніммен аттандық.  

Әкімі әйел сабағасын, 

елі қайдан оңады?!

Өңірдің  аудандары  мен  қалалары 

«Қолжетімді  баспана»,  «Бизнестің  жол 

картасы»,  «Жұмыспен  қамту»  қатарлы 

мемлекеттік бағдарламаларды уақытында 

қалай орындаймыз деп жүргенде, Жангел-

дин  ауданының  Қалам-Қарасу  ауылдық 

аймағында елді дүрліктірген оқиға болды. 

Істің ұзын-ырғасы мынау.

Биылғы  жылдың  29  мамырында 

Қалам-Қарасу  ауылының  тұрғыны  Жан-

на  Ерекина  ауыл  әкімшілігінің  сыртын-

да  Елбасының  суреті  бар  билбордтың 

құлап  жатқанын  суретке  түсіріп  алып-

ты.  31  мамыр  күні  ауыл  әкімі  Қанатбай 

Тұрмағанбетов  келіншекті  кабинетіне 

шақырып  алып,  «билбордты  сурет-

ке  түсіріп,  интернетке,  газетке  бергелі 

жүрсің»  деп,  оны  қылғындырып,  басын 

қабырғаға соғып, кеудесінен жұдырықпен 

бірнеше  рет  ұрып,  тепкілеп  тастайды. 

Ж.Ерекина дене жарақаттарын алып, миы 

шайқалған,  өне-бойы  көгерген.  Сарапшы 

қорытындысына сәйкес, әйел жеңіл дене 

жарақатын алған, ауруханада емделген. 

Жәбірленуші  осы  іске  байланысты 

арыз  жазады.  Куәлердің  әкімге  қарсы 

келе  алмай,  көрсетулерін  өзгерткенін 

айтқан 

жәбірленуші 



Жанкелдин 

аудандық  сотының  қаулысын  бұзып, 

облыстық  сотқа  өзінің  апелляциялық 

шағымын  қанағаттандыруды  сұрап  арыз 

түсіріпті.  Қостанай  облыстық  сотында 

азаматшаның  апелляциялық  шағымы 

бойынша әкімшілік іс қаралып, Жанкелдин 

ауданы Қалам-Қарасу ауылдық округінің 

әкімі  әкімшілік  құқықбұзушылықтар  ту-

ралы Кодекстің 79-3 бабының 2 тармағы 

бойынша  кінәлі  деп  танылып,  50  айлық 

есептік көрсеткіш көлемінде (86550 теңге) 

жазаға кесілген.

Айтпақшы,  арызданушы  келіншек 

үстіміздегі жылдың 6 маусымында облыс 

әкімінің  блогына  болған  оқиға  туралы 

хат жазып, Нұралы Садуақасовтан ауыл 

әкімін жазаға тартуын сұраған екен.



ТҮЙІН:

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында 

өңірдегі өнеркәсіптер 400 милли-

ард теңгеден астам қаржының 

өнімдерін өндірген. Өндіріс көлемі 

99,8 пайызға жеткен. Облысымыз 

тоғыз айдағы көрсеткіш бойынша 

республикада 12-орында тұр. 

Естеріңізге салайық, былтырғы 

жылдың қорытындысы бойынша 

Тобыл өңірі 10-орында болған еді. 

Аймағымыз енді жыл аяғына дейін 

өткен жылдың көрсеткішін сақтап 

қала ала ма, оны уақыт көрсетеді.

«ҚАЗАҚСТАН-ZАМАN» ГАЗЕТІ мен «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2050: АУЫЛ — ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНЫҢ, ЖЕР ТАРИХЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ»  АТТЫ 

БІРЛЕСКЕН ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА

«ҚАЗАҚСТАН-ZАМАN» ГАЗЕТІ мен «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2050: АУЫЛ — ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНЫҢ, 

ЖЕР ТАРИХЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ»  АТТЫ БІРЛЕСКЕН ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА

ҚОСТАНАЙДА МЕМЛЕКЕТТІК 

БАҒДАРЛАМАЛАР НЕГЕ АҚСАП ТҰР?

Б.Қабылханұлы

А.Ахметов шаруа қожалығы басшысы

Қостанай облысы Елбасы саясатын қалай жүзеге асыруда, мемлекеттік бағдарламалардың 

орындалуы қай деңгейде, ауыл халқы, әсіресе шалғайдағы елді мекен тұрғындарының жай-күйі 

қалай деген сауалдар мазалап, жолға шықтық.



Мерзімі кешіккен үй

Т.Дүйсенов

М.Әбдірахманов

Бұзылған қоралар

Ми батпақ жол

Экскурсия 

барысын 

қағазға түсірген 

— Қыдырбек 

Қиысқан

Минералды  суымен,  шипажайымен 

атағы  шыққан  Сарыағаш  ауданының 

ауылшаруашылық саласында да қым-қуыт 

тіршілік. Экспедиция мүшелерін күтіп алып, 

жол бастап жүрген аудан әкімінің орынба-

сары Әшірбек Тұрдалин аудан аумағында 

өспейтін көкөніс, бақша өнімдері жоқ екенін 

алға тартты. Тіпті, лимон секілді цитрустық 

өнімдер де егіліп, өнім алынуда. 

Ауданның ахуалына қысқаша тоқталған 

аудан әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев биыл 9 

мектеп пен 4 медицина нысанының салы-

нып жатқанын айтты. Өткен жылы 6 білім 

ұясы мен 7 медицина нысаны пайдалануға 

беріліпті.  Осы  туралы  баяндаған  аудан 

басшысы  еліміздің  гүлденуіне  үлесі  зор 

бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  тығыз 

қарым-қатынаста  жұмыс  жасайтынын  да 

жасырған жоқ.



Жылыжайы 

жайнаған қожалық

Аудан  әкімінің  қабылдауынан  кейін  іс-

сапар  экспедиция  мүшелерін  Қапланбек 

ауылдық  округінде  орналасқан  «Жа-

бай  ата»  шаруа  қожалығының  жы-

лыжайын  таныстыруға  ұласты.  Іскер 

жігіт  Еркін  Қыдырбаевтың  4  гектарға 

орналастырған  жылыжайында  қызанақ 

пен қияр жайқалып тұр. Жылыжай брига-

дирі  Ергеш  Төребековтың  айтуынша,  осы 

жылыжайдың өзінен жылына 200 тоннадан 

астам өнім алады екен. Бұл шаруашылық 

бұған  дейін  де  5  гектар  жерге  жылыжай 

орналастырған.

Қапланбекпен  жапсарлас  жатқан  Жібек 

жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары 

Сейдазым  Ортаевтың  айтуынша,  округ-

те  19  ұлт  өкілдерінен  құралған  18  мыңға 

жуық халық тұрады екен. Шаруаға икемді, 

кәсіпкерлікке  бейім  халықтың  тұрмыс-тір-

шілігі тәуір. 

Өзіндік ерекшелікке 

бай білім ұясы

Аудандағы  беделі  мықты  №18  Абай 

атындағы  жалпы  орта  мектеп  осы  округ-

те  орналасқан.  Ұжым  өзіне  ғана  тән 

өзгешеліктермен  ерекшеленетінін  бірден 

байқадық.  Табалдырықты  аттай  бере 

оқушылар  да,  мұғалімдер  де  бірыңғай 

форма  киетіні  аңғарылды.  Жас  ұландар 

тағатын  жасыл  түсті  галстукты  өздері  ті-

гіпті. 540 бала дәріс алатын білім ұясында 

бала санының артуына байланысты 2011 

жылы  жаңа  ғимарат  пайдалануға  беріл-

ген.  Оның  салтанатты  ашылуына  облыс 

әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі қатысты. 

Жаңа ғимараттың іші ұлттық нақыштармен 

тамаша  безендіріліпті.  Қабырғаларға 

қолмен  салынған  суреттердің  барлығы 

да  бейнелеу  пәнінің  мұғалімі  мен  тала-

бы  бар  оқушылардың  қолынан  шыққан. 

Дәліздерде  көздің  жауын  алардай  болып 

тұрған  қолөнер  бұйымдары  жайында  да 

осыны айтуға болады.  

—  Жаңа  ғимаратқа  қоныстанғанымыз-

бен,  оқу-тәрбиеге  қажетті  құралдардың 

барлығына  өз  күшімізбен  қол  жеткіздік. 

110  орындық  «Думан»  залындағы  тере-

зеге,  сахнаға  қойылған  перде  және  өзге 

де  қажетті  бұйымдардың  барлығын  өз 

қолымызбен  тіктік.  100  орындық  шағын 

орталық аштық. Ендігі мәселе технология, 

құрал-жабдықтар алуда болып тұр. Тиісті 

басшыларға  сұраныс  жасадық,  береміз 

деп  отыр.  30  жылдан  бері  осы  мектептің 

ыстығына күйіп, суығына тоңып келемін, ал 

мектеп басшылығын 2007 жылы қолға ал-

дым. Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы 

бойынша  жыл  сайын  алғашқы  ондықтың 

құрамынан  түскен  емеспіз.  Балалардың 

білімімен  қатар  тәрбиесіне  де  ерекше 

көңіл бөлеміз. Әр сыныптан бір ұл, бір қыз 

таңдалып, жас полицейлер тобы құрылған. 

Бұлар  тәртіпті  қадағалайды.  Балалардың 

бірі  де  қалмастан  спорттың  түр-түрімен 

шұғылданады.  Осы  мақсатта  бірнеше 

үйірме  жұмыс  істейді.  Соңғы  үш  жылдың 

өзінде  100-ге  тарта  жетістікке  жеттік, 

—  дейді  өзінің  жан-жақты  басшы  екенін 

аңғартқан  мектеп  директоры  Ұлша  Расу-

лова. 

Ұлша  Ахметқызының  бастамасымен 



жуық  арада  ауыл  тарихынан  сыр  шер-

тетін  мұражай  ашу  жоспарлануда.  Ал 

келесі  айда  абайтанушы  ағамыз  Мекем-

тас  Мырзахметовпен  арнайы  кездесу 

ұйымдастырып,  оқушылардың  ой-өрісін 

кеңейтуге,  дамытуға  күш  салмақ  ниетте 

екен. 

Өзбекстанмен 



шекаралас 

жатқан 


Сарыағаш мектептің саны жағынан да об-

лыста ең алдыңғы орындағы аудан есеп-

теледі.  Халқы  еңбекқор,  ауа  райы  егін 

шаруашылығына жайлы ауданда, әсіресе 

қысы-жазы  көкөніспен  қамтамасыз  ету-

ге  мүмкіндік  беретін  жылыжай  кәсібі  өте 

жақсы  жолға  қойылған.  Елбасының  өзі 

жақында  облысымызға  жасаған  іссапа-

рында  арнайы  Сарыағаш  ауданының 

жүзім  алқаптарын  аралап,  аудан  әкімі 

Әбдібақыт Мақұлбаевтың атқарып жатқан 

жұмысына  оң  бағасын  берді.  Ауданда 

ауылшаруашылық  өнімдерін  өндіретін 

кәсіпорындармен  қатар  минералды  су-

сын  шығаратын  бірнеше  ірі  кәсіпорындар 

да  толық  қуатымен  жұмыс  істейді.  Онда 

мыңдаған  жергілікті  тұрғындар  тұрақты 

жалақысы  бар  жұмыспен  қамтылған. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  минералды  суы-

мен,  шипажайымен  атағы  алысқа  ұзаған 

Сарыағаштың  халқы  жалқаулықтың  не 

екенін білмейді. Халықтың іскерлігін ескер-

ген жергілікті билік те оларға көмек қолын 

созудан жалыққан емес.  



Минералды суымен 

танымал Сарыағаш

 

Экскурсия барысын 



қағазға түсірген — 

Шадияр Молдабек

Ергеш Төлебаев, «Жабайата» 

шаруа қожалығының бригадирі 

08

ӨНЕР

7 ҚАРАША ЖЫЛАН ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 



Қайырлы күн, Сәкен! Көңіл күйіңіз 

қалай?

— Жақсы, рақмет!



Сәкен,  қазақтың  кинорежиссер-

лері бір емес, бірнеше кино түсіріп, 

халықтың  ыстық  ықыласына  бір-

ден  бөлене  алмайды.  Ал  сіз  бір 

киноны  («Мен  және  сен»)  түсіріп, 

«Қазақтың  біртуар  азаматы»  де-

ген  теңеуді  арқалап  кеттіңіз.  Бұның 

сыры неде?

—  Менің  мақсатым  халықтың 

көңілінен шығатын кино түсіру еді. Сөз 

жоқ,  барлығы  осы  мақсатпен  түсіруі 

мүмкін.  Бірақ...  Негізі  Қазақстанда 

романтикалық  комедия  жанрында 

фильмдер жоқ. Мұндай жанрдағы филь-

мдер  халыққа  бірден  ұнайды.  Фильм 

түсіруге  қаражатымыз  айтарлықтай 

көп  болған  жоқ.  Ең  бастысы,  бізде 

осы жобаға деген сенім болды. Әрине, 

халықтың  көңілінен  шықпай  қала  ма 

деген  қорқыныш  қатар  жүрді.  Шүкір, 

бәрі жақсы өтті. 



Сәкен,  күні  кеше  отбасымызбен 

өзіңіздің «Мен және сен» фильміңізге 

бардық,  жалпы  зал  толы  болды. 

Фильм  өз  шығынын  қаншалықты 

ақтады?

—  Көрсетілім  қойылған  2  аптаның 

ішінде  60  млн.  табыс  әкелді.  Кеткен 

шығынды толықтай ақтады. Ал фильм-

нің соңғы табысы жайындағы мәлімет 

біраз күнде белгілі болып қалар.



Демек,  кинодан  түсер  қаржылай 

пайда әлі де жалғаса береді ғой?

— Әрине. 



Түскен  қаржыны  қайда  жұмсай-

сыз? Жеке басыңызға бір зат алып 

үлгердіңіз бе?

—  Жоқ.  Біраз  жоспарымыз  бар,  не-

гізі келесі жобаға жұмсаймыз ба деген 

ойдамыз. 



Өзіңіз  жайлы  қысқаша  тоқтал-

саңыз, қайда білім алдыңыз?

— Мен Шымкент қаласында тудым. 6 

сыныпқа дейін орта мектепте оқыдым 

да,  кейін  қазақ-түрік  лицейінде  білі-

мімді  жалғастырдым.  Лицейді  бітірген 

соң,  Алматы  қаласындағы  Сүлеймен 

Демирел  атындағы  университетке 

түстім де, бір жылдан кейін «Болашақ» 

бағдарламасымен АҚШ-қа оқуға кеттім. 

Негізі мамандығым — IT саласы. АҚШ-

қа барған соң, бейнеролик түсіру негізгі 

хоббиіме айналды. Сабақтан бос кезде 

ролик  түсірумен  шұғылдандым.  Бірде 

университетте  студенттер  арасында 

ролик  түсіруден  жарыс  болды.  Менің 

ролигім  7-орын  алды.  Содан  бері  бұл 

салаға аса ден қоя бастадым.

Алғаш  аталмыш  киноны  түсіруді 

жоспарлағанда 

күшім 


жете 

ме 


деп  қорқақтағаным  рас.  Бұл  біраз 

қаражатты,  қажырлы  еңбекті  талап 

етеді.  Елге  келген  соң,  алдымен  жар-

нама,  әлеуметтік  ролик  түсірумен  ай-

налыстым.  Өзінен-өзі  жалғасып  кете 

берді.   



Әйгілі миллиардер Билл Гейтс сіз-

ге 100 мың доллар жалақы ұсынған 

деген ақпарат қаншалықты рас?

— Бұл шындық. Мен жұмысқа тұрған 

кезде  келісімшартта  жалақым  100 

мың  АҚШ  доллары,  сосын  30  мың 

долларлық  акция  есебіме  жіберілетін 

болып  келісілген.  Тіптен  «Microsoft» 

компаниясы  жалақыдан  бөлек,  оқу 

ақысының жартысын төлеп беруге ке-

лісім берген.  Алайда, мен  жұмыс істеп 

те,    акцияны  алып  та  үлгермедім,  се-

бебі оны алу үшін 2 жыл жұмыс жасау 

керек. Онда 6 ай ғана жұмыс жасадым 

да,  бір  себептермен  елге  қайтуыма 

тура келді.



Туған елге оралуыңызға не себеп 

болды?

—  Отбасылық  жағдайым,  анамның 

ауыр  халге  ұшырауы,  артынан  көз 

жұмуы  басты  себеп  болды.  Әрине, 

кез  келген  азаматтың  қиын  жағдайда 

отбасының  жанынан  табылатыны 

анық.  Бастапқы  мақсатым  АҚШ-та 

магистратурада   білім алып келіп, өз 

еліме  қызмет  ету  болатын.  Оны  жа-

сырмаймын,  керісінше  мақтанышпен 

айтамын. 

Кино жайына оралсақ. Жалпы, Ал-

маты    қаласында    әдемі    кампусы 

бар  бірнеше  университеттер  бар. 

Фильмді Сүлеймен Демирел универ-

ситетінде түсіруге не себеп болды?

—  Лицейде  менің  жақсы  екі  досым 

бар  еді.  Үшеуміз  лицейде  IT  саласын 

жақсы  меңгерген  едік.  Сайт  жасаумен 

айналысатынбыз.  Екеуі  де  СДУ-ды 

таңдады. «Ақпараттық технология» са-

ласы мықты деген кеңес берді. Лицей-

де оқыған алдыңғы буынғы ағалар, со-

сын әпкем де  СДУ-да оқитын. Барлығы 

мақтаған соң, ойланбастан таңдадым.   



Кинода  СДУ-дағы  сабақтар  орыс 

тілінде  өтті.  Ғалым  профессор  да 

сабақты  орысша  түсіндірді.  Жал-

пы,  СДУ  әкімшілігі  бұны  қалай 

қабылдады?

— СДУ ұстаздары да, студенттері де 

дән риза. Қандай болса да, бұл — жар-

нама. Көп адамдар менен: «Бұл қандай 

университет?» — деп сұрайды. Тек бір 

ғана  сыни  пікір  білдірген  жері  болды. 

Кинода басты кейіпкер СДУ-да оқиды. 

Соңында  ағылшынша  оқи  алмай 

қалатын жері бар. Сол жері ұят емес пе 

деп жатыр. Мен оларға «СДУ-дың бірін-

ші курсына түсіп, бірден ағылшыншаны 

жоғары  деңгейде  меңгеріп  кетпейді», 

— деп жатырмын ( Күліп алды.). 

Өмірлік кеңесшіңіз кім?

—  Өмірлік  кеңесшім,  әрине,  анам. 

Анам көзі тірісінде ұстаз болып қызмет 

атқарған.  Көп  оқитын.  Кез  келген 

жағдайда анаммен кеңесетінмін. Сосын 

лицей  ұстаздарының,    достарымның 

кеңестеріне әрдайым құлақ түремін. Бір 

істі бастамас бұрын міндетті түрде ең 

жақын адамдарыммен ақылдасамын.   

Киноның сценарийін өзіңіз жазды 

деп естідік. Кинода біраз қазақылық 

нышаны байқалады... 

— Тарихи оқиғаларды көрсету өзіме 

қатты  ұнайды,  оған  себеп  –  тарихи 

киноға  жақындығым.  Бұл  кинода  да 

бұрынғы  заман  туралы  неге  жазбасқа 

деген ой келді. Қазақтың, оның ішінде 

қазақ  қыздарының  киімдері  ұнайды. 

«Жаужүрек  мың  баланың»  киімдерін 

қолдандық.  Ең  бастысы,  аз  да  болса  

ұлттық колоридті көрсеткім келді. 



Бүгінгі қазақ режиссерлерінің ара-

сынан кімдермен байланыстасыз?

—  Былайша  айтқанда,  ешкіммен. 

Осы  фильмді  түсіру  барысында  Фар-

хат Шариповпен ғана ақылдастым. Ке-

лешекте,  бәлкім,  ортақ  жобаларымыз 

болып қалар.



Басты  рөлде  ойнаған  Жандос  бір 

уақытта  Е.Тұрсыновтың  «Кенже» 

фильмінде  әрі  «Ограбление  по-ка-

захски» фильміне де түсіп жатқанға 

ұқсайды.  Сіз  Е.Тұрсыновтан  бұ-

рын  Жандостың  тұсауын  кесіп,  ха-

лыққа  танытып  қойдыңыз.  Жалпы, 

өз  араларыңызда  қандай  да  бір 

түсініспеушіліктер болмады ма?

—  Жоқ.  Е.Тұрсынов    —  тәжірибелі 

адам. Керісінше PR ретінде тек жақсы 

жағынан  пайдасы  тиюі  мүмкін.  Өзіме 

«Шал»  фильмі қатты ұнаған еді. Жан-

досты  қазір  біраз  халық  біліп  қалды. 

Ал  ол  кинода  қандай  персонаж  еке-

нін  білмеймін.  Бізде  Жандос  роман-

тик  болып  ойнады.  Дегенмен,  халық 

қабылдауында  басқа  бір  түрге,  басқа 

бір образға енуі мүмкін. Әрине, бұл кім-

ге де болса пайдалы.     




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет