«Шебер жазушылық» әдісі Күтілетін нәтиже. Оқушы жасай алады:
оқылған мәлімет бойынша өз ойына талдау жасай білу;
проблемаға өз көзқарасы тұрғысынан толғана білу;
ұсынылған проблемаға шығармашылық тұрғыда келу;
кластастарына өз елестетуін ұсына білу;
кластастарымен өз жұмысын талқылау, жұмыстарына терең талдау жасау;
таным әрекетінде коммникативтік қатынас жасау шеберлігі.
Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: тақырыптың қойылуы (немесе таңдалуы).
2 -қадам: кіріспе саты (түгендеу): белгілі бір тақырып бойынша ой мен ақпарат жұмысын жобалап түсіну; мәлімет берудің әдісі мен тәсілін ойластыру,ақпарат жалғасын қалай жеткізуді ойлау, мақсат түрлерінің түйінді бөліктерін анықтау(ойларын бөлу, шабыттандыру,ақпаратты хабарлау, ерікке әсер ету т.б.)
Түгендеу мынадай тиімді тәсілдерді мысалы, кластер құрастыру, сұхбат-тақырыпты, негізгі ойды, мақсаты, желісті айқындау мақсатында жазбаша сұрақтар беру; бастаманың үш түрлі нұсқасын жазу; еркін жазу; саз әуенімен медитация жазу т.б. сияқты әдіс-тәсілдерді қолдануды болжайды.
3 -қадам: мәтіндік саты:
мәтіннің алғашқы нұсқасын құрастыру (жоба)- жол тастап жазу-мәтіннің қатесін түзету үшін жол;
қабырғаға қарап оқу (әрбір оқушы өз жұмысын жартылай дауыстап, жарға қарап оқиды, және өзі құрастырған мәтіннің қалай шыққанын тыңдайды;
мәтінді екінші рет толықтыру және жазу;
топта, жұпта қарау; (мәтінді оқу, тыңдаушылардың сұрақтары мен ақыл-кеңесі)
Сұрақ нұсқалары: Жұмыс не туралы?
Жұмыста мәтіннің негізгі мәні толық па?
Мәтіннің мәнін ашуда кейбір сөздерді тастап кетуге бола ма?
Сіздердің сөздеріңіз жағдайдың айқын, түсінікті суретін көз алдыңызға әкеледі ме? Сіздің айтқан сөзіңіз анық па?
Сіздің қорытындыңыз әсерлі ме және мәнін ашты ма?
түзету - мәтіннің үшінші нұсқасын жазу;
редакциялау – қателерді түзету;
4-қадам: мәтіннен соңғы саты – жариялау( класс журналында, қабырға газетінде, «автордыңорындығы» - әдісі жоғарыда жазылды – аудитория алдында өз жұмысын оқу);
сұрақтар – түсініктер ( әр жұмыс тыңдалып болған соң, аудитория авторға бір сұрақ қою және жұмысқа бір пікір айту)